Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тауардың шығарылған елін айқындау, шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" 2014 жылғы 16 ші

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 627 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 шілдедегі № 459 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 01.07.2021 № 459 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 07.09.2018 № 553 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2) "Қауіпті өндірістік объектілерді декларацияланатын объектілерге жатқызу критерийлерін айқындау және қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздігі декларацияларын әзірлеу қағидаларын, қауіпті өндірістік объектілерді декларацияланатын объектілерге жатқызу критерийлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 864 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 48, 496-құжат):

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қауіпті өндірістік объектілерді декларацияланатын объектілерге жатқызу критерийлерін бекіту туралы";

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 76-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ":;

      1-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов