Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 611 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының
2015 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1421 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 88-89, 730-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2015 жылға арналған жоспарында:
      реттік нөмірі 23-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

23

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ДСӘДМ

Шілде

Тамыз

Қазан

С.Қ. Жақыпова

                                                                 ».

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов