Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнының есептік санитариялық-қорғау аймағында орналасқан елді мекендердің тұрғындарын көшіруді қаржыландыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 шілдедегі № 595 қаулысы

      1997 жылғы 18 қарашадағы Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнының мердігерлік учаскесінің Өнімді бөлу туралы түпкілікті келісімнің (бұдан әрі – ӨБТК) шеңберінде Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнында алдағы уақытта іске асырылатын жаңа жобаларға (өндірістік қондырғылар және ұңғымаларды бұрғылау) және оған байланысты кен орнының есептік санитариялық-қорғау аймағын кеңейтуге байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнының есептік санитариялық-қорғау аймағында орналасқан елді мекендердің (Березовка және Бестау ауылдары) тұрғындарын көшіруді мердігердің ӨБТК шарттарында көзделген өтелетін шығындар есебінен қаржыландыруы туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ұсынысына келісім берілсін.
      2. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген елді мекендердің тұрғындарын көшіруді қамтамасыз етсін.
      3. Мүдделі мемлекеттік органдар заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов