"Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің жән

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 593 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 31, 330-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде:
      «Магистралдық мұнай құбырлары» деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 20-жолмен толықтырылсын:
      «

20.

«Туймазы-Омбы-Новосибирск 2» (ТОН-2) мұнай құбырының қазақстандық учаскесі

».

      2. «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамына осы қаулыға қосымшада көрсетілген стратегиялық объектілерді тендерде сату жолымен иеліктен шығару жөнінде мәмілелер жасасуға рұқсат берілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2015 жылғы 27 шілдедегі
№ 593 қаулысына    
қосымша       

«ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының иеліктен шығаруға рұқсат етілген стратегиялық объектілерінің тізбесі

Р/с

Стратегиялық объект

Объектінің мекенжайы (орналасқан жері)

1

2

3

1

«Туймазы-Омбы-Новосибирск 2» (ТОН-2) магистральдық мұнай құбырының қазақстандық учаскесі объектілерінің құрамына кіретін жалпы ауданы 472,6 ш.м. байланыс торабының ғимараты (кадастрлық нөмірі 15:234:027:1106:14:А/А)

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ., Тимирязев көш., 14
 

2

«Туймазы-Омбы-Новосибирск 2» (ТОН-2) магистральдық мұнай құбырының қазақстандық учаскесі объектілерінің құрамына кіретін жалпы ауданы 142,6 ш.м. доға қойма (кадастрлық нөмірі 15:234:027:1106:14:Б/Б)

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ., Тимирязев көш., 14

3

«Туймазы-Омбы-Новосибирск 2» (ТОН-2) магистральдық мұнай құбырының қазақстандық учаскесі объектілерінің құрамына кіретін ауданы 0,6 га жер учаскесі (кадастрлық нөмірі 15:234:027:1106)

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ., Тимирязев көш., 14