Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.10.2018 № 691 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) және 4) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.10.2018 № 691 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті:
1) мыналар:
жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, жасау, жөндеу және өткізу;
ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеу;
ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыратын лицензиар;
2) "Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын өткізуге (оның ішінде өзгеше беруге) рұқсат" екінші санаттағы рұқсат беруге уәкілетті орган болып айқындалсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.10.2018 № 691 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің лицензиялау саласындағы кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 6 наурыздағы № 223 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 19, 330-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Ұлттық кауіпсіздік комитеті көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 мамырдағы № 600 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 37, 362-құжат).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К.Мәсімов |