"Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1456 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 588 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 17 шілдедегі № 437 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 17.07.2018 № 437 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1456 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 12, 116-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдалану қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жер қойнауын пайдалану қағидасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 27 шілдедегі
№ 588 қаулысына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1456 қаулысымен
бекітілген

Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидалары
1. Негізгі ережелер

      1. Осы Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Жер қойнауы туралы заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын беру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) жер қойнауының аз зерттелген учаскелері - болжамды ресурстарының перспективалары алдын ала бағаланған жер қойнауы учаскелері;

      2) аукцион - аукционға қатысуға өтінім берген конкурсқа қатысушылар арасынан жеңімпазды айқындаудың оңайлатылған рәсімі;

      3) барлауға арналған үлгілік келісімшарт - барлау құқығы Жер қойнауы туралы заңға сәйкес оңайлатылған тәртіппен берілетін тұлғамен құзыретті орган бекітетін нысан бойынша жасалатын келісімшарт;

      4) жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткізу жөніндегі комиссия - конкурс өткізу және оның жеңімпазын айқындау мақсатында құзыретті орган құратын, тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган;

      5) конкурс - жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жасасуға құқығы бар жеңімпазды айқындауға арналған тендер немесе аукцион;

      6) тендер - конкурстық ұсыныстар берген конкурсқа қатысушылар арасынан жеңімпазды айқындау рәсімі.

      3. Жер қойнауын пайдалану құқығы мынадай операцияларды жүргізу:

      1) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу;

      2) барлау;

      3) өндіру;

      4) бірлескен барлау мен өндіру;

      5) барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшін беріледі.

      4. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге жер қойнауын пайдалану құқығын беру жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісімшарт (шарт) жасасу арқылы жүргізіледі.

      Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған келісімшарт (шарт) жасасу тәртібін жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.

      5. Кең таралғандарды қоспағанда, пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беруді құзыретті орган жүзеге асырады.

      Мыналар:

      1) көмірсутек шикізатты, уранды және көмірді барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге - Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі;

      2) уран мен көмірді қоспағанда, жерасты суларын, емдік балшықтарды және қатты пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі құзыретті органдар болып табылады.

      6. Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беруді облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.

      7. Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беруді облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.

      8. Жер қойнауы туралы заңға сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығы мынадай тәсілдермен:

      1) жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс өткізу жолымен;

      2) конкурс өткізбей, тікелей келіссөздер негізінде;

      3) Жер қойнауы туралы заңның 35-бабының 5, 6 және 9-тармақтарында белгіленген жағдайларда, уәкілетті органның жазбаша рұқсаты немесе шарт негізінде;

      4) жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісу бойынша жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, темір жолдар мен гидроқұрылыстарды салу (реконструкциялау) және жөндеу кезінде пайдаланылатын кең таралған пайдалы қазбаларға арналған жер қойнауын пайдалану құқығына облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының жазбаша рұқсатының негізінде беріледі.

      9. Жер қойнауын пайдалану құқығы Жер қойнауы туралы заңда және осы Қағидаларда көзделген жағдайларды қоспағанда, келісімшарт күшіне енген кезден бастап берілді және туындады деп есептеледі.

      10. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурсты құзыретті орган немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы Жер қойнауы туралы заңға және осы Қағидаларға сәйкес өткізеді.

2. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс өткізу арқылы жер қойнауын пайдалану құқығын беру тәртібі
Жер қойнауын беруге арналған конкурс өткізуді ұйымдастыру

      11. Конкурс құзыретті орган бекіткен жер қойнауы учаскелеріне немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары бекіткен кең таралған пайдалы қазбалары бар жер қойнауы учаскелеріне қатысты өткізіледі.

      12. Құзыретті орган немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары кен орындарының қорларына қатысты жер қойнауының мемлекеттік сараптамасынан және бекітілген қорлардың болуы расталғаннан кейін ғана өндіруге арналған конкурс өткізіп, келісімшарттар жасасады.

      13. Конкурс өткізу және оны өткізу шарттары туралы ақпарат Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында бір мезгілде қазақ және орыс тілдерінде, сондай-ақ конкурс өткізетін мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында жарияланады.

      Конкурсқа қатысуға ниет білдірген барлық тұлғалардың конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер берудің соңғы мерзімінен кешіктірмей конкурс өткізу тәртібіне байланысты ақпарат алуға құқығы бар.

      14. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған тендер өткізу туралы хабарламада:

      1) өткізілетін күні, уақыты мен орны, сондай-ақ өтінімдер беру мерзімі мен орны;

      2) тендердің негізгі шарттары;

      3) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін берілгелі отырған жер қойнауы учаскелерінің орналасқан жерін көрсету және оның қысқаша сипаттамасы;

      4) тендерге қатысу үшін жарна мөлшері туралы ақпарат және оны төлеу үшін банк деректемелері;

      5) қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшері;

      6) кадрлардағы жергілікті қамтудың ең төмен мөлшері;

      7) тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамтудың ең төмен мөлшері;

      8) қазақстандық кадрларды оқытуға арналған шығындардың ең төмен мөлшері;

      9) келісімшарт бойынша жұмыстарды орындау үшін қажет, Қазақстан Республикасының аумағындағы ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар мөлшері қамтылуға тиіс;

      15. Аукцион өткізу туралы хабарламада:

      1) өткізілетін күні, уақыты мен орны, сондай-ақ өтінімдер беру мерзімі мен орны;

      2) аукционның негізгі шарттары;

      3) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін берілгелі отырған жер қойнауы учаскелерінің орналасқан жерін көрсету және оның қысқаша сипаттамасы;

      4) геологиялық ақпарат топтамасының құны;

      5) аукционға қатысу үшін жарна мөлшері туралы ақпарат және оны төлеу үшін банк деректемелері;

      6) қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшері;

      7) кадрлардағы жергілікті қамтудың ең төмен мөлшері;

      8) тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамтудың ең төмен мөлшері;

      9) қазақстандық кадрларды оқытуға арналған шығындардың ең төмен мөлшері;

      10) өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытуға және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстар мөлшері;

      11) келісімшарт бойынша жұмыстарды орындау үшін қажет, Қазақстан Республикасының аумағындағы ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар мөлшері қамтылуға тиіс.

      Осы тармақтың 3), 7), 8), 9), 10) және 11) тармақшаларында көрсетілген аукцион шарттары, сондай-ақ аукцион қорытындылары бойынша айқындалған қол қойылатын бонустың мөлшері келісімшартқа енгізіледі.

      Қажет болған жағдайда, жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурсты өткізу туралы хабарламада конкурсқа қатысушы Қазақстан Республикасының аумағында өңделуін қамтамасыз етуге міндеттенетін өндірілген минералдық шикізаттың ең төмен мөлшері туралы талап қамтылуы мүмкін.

      Конкурсқа қатысушы Қазақстан Республикасының аумағында өңделуін қамтамасыз етуге міндеттенетін минералдық шикізаттың ең төмен мөлшерін құзыретті орган айқындайды.

      16. Кең таралған пайдалы қазбаларды қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурсқа қатысуға өтінімдер беру үшін конкурсқа қатысушыларға берілетін мерзім конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап бір айдан кем болмауы керек.

      Конкурстың шарттары жарияланған күн мен конкурс өткізілетін күн (қорытындыларын шығарудың басталуы) арасындағы мерзім төрт айдан келе болмауға, ал кең таралған пайдалы қазбалар бойынша - үш айдан кем болмауға тиіс.

      Аукционның шарттары жарияланған күн мен оның өткізілетін күні арасындағы мерзім үш айдан аспауға тиіс.

      17. Конкурсқа қатысуға арналған өтінімде:

      1) заңды тұлғалар үшін - өтініш берушінің атауы, оның орналасқан жері, мемлекеттік тиесілігі, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі және мемлекеттік кіріс органдарында тіркелуі туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы үлестерінің мөлшері (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) көрсетілген, өтініш беруші заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, бағалы қағаздардың жалпы саны көрсетіле отырып, заңды тұлғаның осындай қағаздарының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығындағы айналымы туралы мәліметтер, өтініш берушінің еншілес ұйымдары туралы мәліметтер;

      2) жеке тұлғалар үшін - өтініш берушінің тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда), заңды мекенжайы, азаматтығы, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттары, өтінім берушінің мемлекеттік кіріс органдарында тіркелуі, өтініш берушінің кәсіпкерлік қызмет субъектісі ретінде тіркелуі туралы мәліметтер;

      3) өтініш берушінің мүддесін білдіретін басшылардың немесе өкілдердің өкілеттіктері туралы мәліметтерді қоса алғанда, мұндай тұлғалар туралы деректер;

      4) өтініш беруші соңғы үш жылда өз қызметін жүзеге асырған мемлекеттердің тізімін қоса алғанда, оның бұрынғы қызметі туралы мәліметтер;

      5) өтініш беруші үміттеніп отырған жер қойнауы учаскесінің атауы және жер қойнауын пайдалану құқығы;

      6) өтініш берушінің конкурсқа қатысу үшін жарна төлегені туралы құжат қамтылуға тиіс.

      Конкурсқа қатысу жарнасы қайтарылмайды.

      Өтінімде көрсетілген мәліметтерді растайтын, тиісті түрде куәландырылған құжаттар өтінімге қоса беріледі.

      18. Аукционға қатысуға арналған өтінімде:

      1) кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған аукционға қатысуға өтінімді қоспағанда, Қазақстан Республикасындағы өндіруші салалар қызметінің ашықтығы бастамасын іске асыруға қатысты өзара түсіністік туралы меморандумға қосылу бойынша өтініш берушінің міндеттемелері;

      2) осы Қағидалардың 15-тармағының 3), 7), 8), 9), 10) және 11) тармақшаларында көрсетілген аукцион шарттарымен және оларды аукцион жеңімпазымен жасалатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа енгізуге өтініш берушінің келісімі қамтылуға тиіс.

      19. Аукционға қатысуға өтінім берген адам аукцион өткізілетін күнге дейін оған қатысудан бас тартуға және өз өтінімін кері қайтарып алуға құқылы.

      20. Өтініш беруші осы Қағидалардың 17 және 18-тармақтарының талаптары сақтаған жағдайда, өтінім қарауға қабылданады. Мұндай талаптарға сәйкес келмейтін өтінімді қабылдаудан бас тартылады.

      21. Құзыретті орган немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары конкурсқа қатысуға берілген өтінімнің қабылданғаны және оған жіберілгені туралы өтініш берушіні:

      тендерге қатысуға өтінімдерді қабылдау аяқталған күннен бастап бір ай мерзімде;

      аукционға қатысуға өтінімдер беру мерзімі аяқталған күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми түрде хабардар етеді.

      22. Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган конкурсқа шығарылатын жер қойнауы учаскелері бойынша геологиялық ақпарат топтамаларын конкурс туралы хабарламаға дейін дайындайды және оның құнын айқындайды. Топтама қолда бар геологиялық, тау-кен-техникалық, технологиялық және өтініш берушінің конкурсқа қатысу туралы шешім қабылдауы үшін қажетті өзге де ақпарат көлемін қамтуға тиіс.

      23. Өтініш беруші жүгінгеннен кейін бір ай ішінде жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган конкурсқа қатысуға жіберілген өтініш берушіге конкурсқа шығарылатын жер қойнауы учаскесі бойынша геологиялық ақпарат топтамасын ақылы түрде береді.

      Геологиялық ақпарат топтамасының құны тарихи шығындар мөлшері негізге алынып айқындалады. Геологиялық ақпарат топтамасын сатып алу үшін төленген құн қайтарылмайды.

      24. Өтініш берушінің алынған геологиялық ақпаратты кез келген нысанда жария етуге немесе үшінші тұлғаларға беруге құқығы жоқ.

Конкурстық ұсыныс

      25. Тендерге қатысуға жіберілген өтініш беруші тендер шарттарында белгіленген мерзімде барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурстық ұсыныс жасайды.

      26. Құзыретті орган немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары тендер жарияланған күннен бастап үш ай ішінде тендерге қатысушылар ұсынатын конкурстық ұсыныстарды қабылдайды.

      Конкурстық ұсыныс берген тендерге қатысушының конкурстық ұсыныстарды беру мерзімі аяқталған күннен бастап оны кері қайтарып алуға немесе өзгертуге құқығы жоқ.

      27. Конкурстық ұсыныста:

      1) қол қойылатын бонустың ұсынылатын мөлшері;

      2) мәлімделген қол қойылатын бонусты толық көлемде төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындау мүмкіндігін растайтын құжаттар (жеке қаражат, банктердің кепілдігі);

      3) өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытуға және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстар мөлшері;

      4) қазақстандық кадрларды оқыту мен олардың біліктілігін арттырудың міндетті бағдарламаларының іске асырылу шамасына қарай өсіп отыруға тиіс кадрлардағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелер;

      5) қазақстандық кадрларды оқыту жөніндегі міндеттемелер;

      6) келісімшарт бойынша жұмыстарды орындау үшін қажет тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту жөніндегі міндеттемелер;

      7) келісімшарт бойынша жұмыстарды орындау үшін қажет, Қазақстан Республикасының аумағындағы ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар мөлшері;

      8) кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты сулары бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурстық ұсыныстарды қоспағанда, келісімшартқа қол қойылғанға дейін Қазақстан Республикасындағы өндіруші салалар қызметінің ашықтығы бастамасын іске асыруға қатысты өзара түсіністік туралы меморандумға қосылу жөніндегі міндеттемелер;

      9) геологиялық ақпаратты сатып алғаны үшін ақы төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі қамтылуға тиіс.

      28. Конкурс өткізу туралы хабарламада конкурсқа қатысушы Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделуін қамтамасыз етуге міндеттенетін минералдық шикізаттың ең төмен мөлшері белгіленген жағдайда, конкурстық ұсыныс немесе аукционға қатысу үшін өтінімдер осындай талапқа сәйкес келуге тиіс.

      29. Осы Қағидалардың 28-тармағында, сондай-ақ 27-тармағын 2), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген талаптарға сай келмейтін конкурстық ұсыныс қабылданбайды.

      30. Өтініш беруші мәлімделген қол қойылатын бонусты толық көлемде төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындау мүмкіндігін растау мақсатында мынадай құжаттарды қоса береді:

      егер төлемді меншікті қаражат есебінен жүзеге асыру көзделген жағдайда, өтініш берушінің банк шотында тиісті соманың бар екендігін растайтын құжатты қоса береді;

      егер қаржыландыруды қарыз қаражаты есебінен жүзеге асыру көзделген жағдайда, өтініш беруші кредиттік ұйымнан растаушы құжаттардың түпнұсқаларын немесе олардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса береді.

      Өтініш беруші өзінің қаржылық мүмкіндігін растайтын қосымша құжаттарды ұсына алады. Бұл ретте, ұсынылатын құжаттар жеңімпазды айқындау кезінде артықшылық болып табылмайды.

      31. Конкурстық ұсыныстың түпнұсқасы мен өтініш беруші куәландырған көшірмесін өтініш беруші қазақ немесе орыс тілдерінде береді. Конкурстық ұсыныс пен оған қоса берілетін құжаттар тігілуге, өшірілмейтін сиямен нөмірленуге, өтініш берушінің қолымен, ал мөр болған жағдайда - өтініш берушінің мөрімен куәландырылуға тиіс.

      32. Конкурстық ұсыныстың түпнұсқасы "Түпнұсқа" деген жазуы бар мөр басылған жеке пакетте ұсынылады. Конкурстық ұсыныстың көшірмелері "Көшірме" деген жазуы бар мөр басылған жеке пакеттерде ұсынылады.

      33. Конкурстық ұсыныстың ұсынылуға қажетті көшірмелерінің санын тендерге қатысуға өтінім қабылдау туралы ресми хабарламада құзыретті орган немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары айқындайды, бірақ ол Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткізу жөніндегі комиссия (кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурстық комиссия) мүшелерінің санынан артық болмауға тиіс. Өтініш беруші конкурстық ұсыныстың түпнұсқасы мен барлық көшірмелері мәтіндерінің сәйкестігін қамтамасыз етеді.

      34. Конкурстық ұсыныстың түпнұсқасы мен көшірмелері, аукционға қатысу үшін өтінім салынған пакеттерге өтініш беруші пакетке салынған құжаттардың өзі куәландырған тізімдемесін салады.

      Пакеттерде мынадай ақпарат:

      1) конкурс атауы;

      2) конкурстық ұсыныс немесе аукционға қатысушы үшін өтінім беріліп отырғандарға қатысты конкурсқа шығарылған жер қойнауы учаскесінің атауы;

      3) өтініш берушінің атауы (тегі, аты, әкесінің аты) және пошталық мекенжайы;

      4) "Ашуға болмайды. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткізу жөніндегі комиссияның қарауына" деген жазу көрсетілуге тиіс.

      35. Конкурстық ұсыныста өтініш беруші ұсынған міндеттемелер мен ниеттер келісімшартқа енгізіледі.

Тендер қорытындыларын шығару

      36. Тендер жеңімпазы:

      1) қол қойылатын бонустың;

      2) өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстардың ұсынылған мөлшерлерін негізге ала отырып, конкурстық ұсыныстарды қарау қорытындылары бойынша айқындалады.

      Кең таралғандардан басқа пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурстық ұсыныстар берген өтініш берушілер арасынан тендер жеңімпазын Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткізу жөніндегі комиссия айқындайды.

      Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурстық ұсыныстар берген өтініш берушілер арасынан тендер жеңімпазын кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурстық комиссия айқындайды.

      37. Тендер қорытындыларын шығару Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткізу жөніндегі комиссияның (кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурстық комиссияның) қатысып отырған барлық мүшелері қол қоятын хаттамамен ресімделеді.

      Тендер қорытындыларын шығару мерзімі конкурстық ұсыныстарды беру мерзімі аяқталған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен аспауға тиіс.

      Тендер қорытындыларын шығару мерзімі Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткізу жөніндегі комиссияның (кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурстық комиссияның) шешімі бойынша, бірақ бір айдан аспайтындай етіп ұзартылуы мүмкін.

      38. Тендер нәтижелері тендер қорытындылары шығарылған кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей ресми баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялауға жіберіледі, сондай-ақ тендер өткізетін мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады. Тендер нәтижелеріне оған қатысушылар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.

Аукционды ұйымдастыру және өткізу

      39. Аукционды Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткізу жөніндегі комиссия, ал кең таралған пайдалы қазбаларға қатысты - кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі өңірлік конкурстық комиссиялар ұйымдастырады және өткізеді.

      40. Аукционға қатысуға жіберілген және аукцион өткізілетін күні оған қатысушы ретінде тіркелген кез келген өтініш берушінің оған қатысуға құқығы бар.

      41. Қол қойылатын бонустың ең көп мөлшері үш рет жарияланғаннан кейін аукционға басқа қатысушылардан оны арттыруға ұсыныстар түспесе, оны ұсынған қатысушы аукцион жеңімпазы болады.

      42. Аукцион нәтижелері ол өткізілген күні хабарланады және Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткізу жөніндегі комиссияның (кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурстық комиссияның) қатысып отырған барлық мүшелері қол қоятын хаттамамен ресімделеді.

      43. Аукцион қорытындыларына оған қатысушылар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.

      44. Аукцион нәтижелері аукцион қорытындылары шығарылған кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей ресми баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялауға жіберілуге, сондай-ақ аукцион өткізген мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс.

Конкурсты өтпеді деп танудың тәртібі мен негіздері

      45. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурсты Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткізу жөніндегі комиссия мынадай жағдайларда:

      1) екіден кем өтінім берілгенде;

      2) егер конкурсқа қатысуға екіден кем қатысушы жіберілгенде, өтпеді деп таниды.

      Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурстық комиссия жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурсты қабылданған конкурстық ұсынысы бар, конкурсқа жіберілген жалғыз қатысушы болмаған жағдайда ғана өтпеді деп таниды.

      Конкурсты өтпеді деп тану туралы шешім жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткізу жөніндегі комиссияның немесе кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурстық комиссияның хаттамасымен ресімделеді.

      Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткізу жөніндегі комиссияның немесе кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурстық комиссияның конкурсты өтпеді деп тану туралы шешімі конкурсқа жіберілген барлық қатысушыларға хабарланады.

      46. Конкурсты өтпеді деп тану туралы хабарландыру Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын ресми баспасөз басылымында қазақ және орыс тілдерінде, сондай-ақ тендер өткізген мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында жариялануға тиіс.

Қайталама конкурс өткізудің тәртібі мен негіздері

      47. Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурс өтпеді деп танылған жағдайда, құзыретті орган немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары Жер қойнауы туралы заңның 53-бабына сәйкес:

      1) конкурсты қайтадан өткізу туралы;

      2) конкурстың шарттарын өзгерту және конкурсты қайтадан өткізу туралы шешімдердің бірін қабылдауы мүмкін.

      48. Қайталама конкурс Жер қойнауы туралы заңда көзделген тәртіппен және мерзімдерде өткізіледі.

      49. Егер конкурс бір ғана өтінімнің немесе конкурстық ұсыныстың келіп түсуіне байланысты өтпеді деп танылған жағдайда, қайталама конкурс кезінде осындай конкурстық ұсыныс берген өтініш берушіден конкурсқа қатысу жарнасы және геологиялық ақпарат топтамасын бергені үшін төлем алынбайды.

      50. Егер қайталама тендер жіберілген бір ғана қатысушының болуы себебінен өтпеді деп танылған жағдайда, құзыретті орган немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары осындай конкурстық ұсыныс берген тендерге қатысушымен конкурстық ұсыныста жазылғаннан нашар болмайтын шарттарда тікелей келіссөздер арқылы келісімшарт жасасуға міндетті.

Конкурсты жарамсыз деп тану

      51. Жер қойнауы туралы заңның және осы Қағидалардың талаптарын бұза отырып өткізілген конкурс сот шешімінің негізінде жарамсыз деп танылуы мүмкін.

      Мыналар:

      1) конкурс жеңімпазын айқындауға ықпалын тигізген, Жер қойнауы туралы заңда белгіленген конкурс өткізу қағидаларының бұзылуы;

      2) құзыретті органға немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарына оның конкурсқа қатысуға жіберу немесе конкурс жеңімпазы туралы шешіміне әсер еткен көрінеу жалған ақпарат беру фактісінің анықталуы;

      3) конкурс жеңімпазы болып танылған заңды тұлғаның қатысушылары не акционерлері құрамының келісімшарт жасасқан күнге дейін өзгеруі;

      4) конкурсты өткізуге қатысушы лауазымды тұлғалардың конкурста жеңімпаз болып танылған тұлғаға конкурстың басқа қатысушылары (өтініш берушілері) алдында заңсыз артықшылықтар беру және (немесе) талаптарды ырықтандыру фактісінің анықталуы конкурсты жарамсыз деп тануға негіз болып табылады.

      52. Келісімшарт жасасқанға дейін конкурс жарамсыз деп танылған жағдайда, келісімшарт жасалмайды. Келісімшарт жасалғаннан кейін конкурс жарамсыз деп танылған жағдайда конкурс жеңімпазымен жасалған келісімшарт сот тәртібімен жарамсыз деп танылады.

      53. Осы Қағидалардың 51-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген негіз бойынша конкурс жарамсыз деп танылған жағдайда, осындай конкурс жеңімпазы деп жарияланған тұлға төленген, қол қойылатын бонусты қайтаруды талап етуге құқылы.

      Құзыретті орган салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға конкурс жеңімпазы болып жарияланған тұлғаның кінәсінсіз конкурсты жарамсыз деп тану фактісі туралы хабарлайды.

      Мынадай жағдайларда:

      1) конкурс жеңімпазы деп танылған заңды тұлғаның ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналыста болатын акцияларын немесе акцияларға меншік құқығын растайтын өзге де бағалы қағаздарын не акцияларда айырбасталатын бағалы қағаздарын иеліктен шығару жөніндегі мәмілелер жасалғанда;

      2) осындай заңды тұлғалардың әрқайсысында қатысу үлестерінің (акциялар пакеттерінің) кемінде тоқсан тоғыз пайызы белгілі бір тұлғаға тікелей немесе жанама түрде тиесілі болған жағдайда, сондай-ақ егер қатысу үлесін (акциялар пакетін) сатып алушы салық салуда жеңілдігі бар мемлекетте тіркелмеген болса, мұндай басқа тұлғаның пайдасына конкурс жеңімпазы деп танылған заңды тұлғадағы қатысу үлесі (акциялар пакеті) берілгенде;

      3) конкурс жеңімпазы деп танылған заңды тұлғадағы қатысу үлесі (акциялар пакеті) берілгенде, егер мұндай беру нәтижесінде тұлға тікелей немесе жанама түрде (үшінші тұлғалар арқылы) конкурс жеңімпазы деп танылған заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің (акциялар пакетінің) 0,1-ден аз пайызына билік ету құқығын алатын болса, осы Қағидалардың 51-тармағы 3) тармақшасының ережесі қолданылмайды.

3. Тікелей келіссөздер негізінде келісімшарт жасасу жолымен жер қойнауын пайдалану құқығын беру
Тікелей келіссөздер негізінде келісімшарт жасасу жолымен жер қойнауын пайдалану құқығын беру тәртібі

      54. Конкурс өткізбей-ақ, тікелей келіссөздер негізінде:

      1) барлауға арналған келісімшарт негізінде коммерциялық табумен байланысты өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға айрықша құқығы бар тұлғамен өндіру;

      2) барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану;

      3) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қызметтің аражігін ажыратуға сәйкес ұлттық компаниямен барлау және (немесе) өндіру;

      4) қызметі (технологиялық процесі) жер қойнауын пайдаланумен байланысты индустриялық-инновациялық қызмет субьектілерімен "Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес пайдалы қазбаларды барлау, өндіру және бірлескен барлау мен өндіру;

      5) егер қайталама конкурс бір ғана жіберілген конкурстық ұсыныстың болуы себебінен өтпеді деп танылған жағдайда, барлау және (немесе) өндіру;

      6) қойнауында жерасты сулары бар жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушысы осы учаскеде арнаулы су пайдалану құқығын иеленген жағдайда, онымен халықты ауыз сумен немесе шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау үшін тәулігіне екі мың текше метрден астам көлемдегі жерасты суларын өндіру;

      7) оңайлатылған тәртіппен ұсынылатын жер қойнауы учаскелерінде барлау;

      8) мемлекет меншігіндегі техногендік минералдық түзілімдерді қайта өндеу немесе өзге де пайдалану бойынша операцияларды жүргізуге келісімшарттар жасалады.

      55. Кең таралғандардан басқа пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздерді құзыретті органның жұмыс тобы жүргізеді.

      56. Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздерді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы жүргізеді.

      57. Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздерді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының жұмыс тобы жүргізеді.

      58. Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру тәртібін жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.

      59. Барлауға арналған келісімшарт негізінде коммерциялық табумен байланысты өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын алуға айрықша құқығы бар тұлғамен өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін берілетін жер қойнауы учаскелерін қоспағанда, тікелей келіссөздер негізінде кең таралғандардан басқа пайдалы қазбаларды барлау, өндіру, бірлескен барлау мен өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін берілетін жер қойнауы учаскелерін құзыретті орган айқындайды.

      60. Тікелей келіссөздер негізінде кең таралған пайдалы қазбаларды барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге берілетін жер қойнауы учаскелерін облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары айқындайды.

      61. Ұлттық компанияға барлау және (немесе), өндіру жөніндегі операциялар жүргізуге жер қойнауын пайдалану құқығы берілген жағдайда, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөнінде тікелей келіссөздер жүргізу туралы құзыретті органнан хабарлама алған кезден бастап жер қойнауын пайдалану мақсаты үшін жерді резервтеуді Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізеді.

      62. Келісімшарт жасасуға үміткер тұлға тікелей келіссөздерге қатысу үшін Жер қойнауы туралы заңда белгіленген талаптарға сәйкес құзыретті органға немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарына өтінім жібереді.

      63. Тікелей келіссөздерге қатысуға өтінім қабылданғаннан кейін жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган берілетін жер қойнауы учаскесі бойынша геологиялық ақпарат топтамасын өтініш беруші жүгінгеннен кейін бір ай ішінде ақылы түрде береді.

      64. Құзыретті орган немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары Жер қойнауы туралы заңның 59-бабына сәйкес өтініш берушіні тікелей келіссөздерге қатысуға арналған өтінім келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде тікелей келіссөздер жүргізу немесе тікелей келіссөздер жүргізуден бас тарту туралы шешімнің қабылдағаны жөнінде хабардар етеді.

      Құзыретті орган немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары өтініш берушіні тікелей келіссөздер жүргізілетін күн туралы хабардар етеді.

      65. Тікелей келіссөздер Жер қойнауы туралы заңның 58-бабының талаптарына сәйкес ресімделген өтінім келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде жүргізіледі. Тікелей келіссөздер жүргізу мерзімі құзыретті органның немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының шешімімен ұзартылуы мүмкін.

      66. Тікелей келіссөздер негізінде жер қойнауын пайдалану құқығын беру туралы шешім қабылданған жағдайда, өтініш берушімен келісімшарт Жер қойнауы туралы заңның 60-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, Жер қойнауы туралы заңда белгіленген тәртіппен және шарттарда жасалады.

      67. Өтініш беруші тікелей келіссөздер барысында ұсынған және құзыретті орган немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қабылдаған жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу шарттары міндетті түрде тікелей келіссөздер хаттамасына, ал кейіннен келісімшартқа қосылады.

Барлау сатысынан өндіру сатысына ауысу кезінде жер қойнауын пайдалану құқығын беру ерекшеліктері

      68. Барлауға арналған келісімшарт негізінде кен орнын тапқан және бағалаған жер қойнауын пайдаланушының конкурс өткізбей-ақ, тікелей келіссөздер негізінде өндіруге арналған келісімшарт жасасуға айрықша құқығы болады.

      69. Барлауға арналған келісімшарт негізінде кен орындарын табуды және бағалауды жүргізген тұлға Жер қойнауы туралы заңның 60-бабына сәйкес барлауға арналған келісімшарт қолданысының мерзімі ішінде не барлауға арналған келісімшарт аяқталған күннен бастап үш айдан кешіктірмей өндіруге арналған келісімшарт жасасу жөнінде тікелей келіссөздер жүргізу туралы өтініммен құзыретті органға немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарына жүгінуге құқылы.

Барлау үшін оңайлатылған тәртіппен жер қойнауын пайдалану құқығын беру ерекшеліктері

      70. Барлау үшін оңайлатылған тәртіппен жер қойнауын пайдалану құқығы аз зерттелген жер қойнауы учаскелеріне беріледі.

      Барлау үшін оңайлатылған тәртіппен берілетін аз зерттелген жер қойнауы учаскелерінің тізбесін жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның ұсынысы бойынша құзыретті орган қалыптастырады және ол құзыретті органның ресми интернет-ресурсында жарияланады.

      Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган аз зерттелген жер қойнауы учаскелерінің тізбесін қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу кезінде жалпы геологиялық түсінік, ғылыми теориялық алғышарттар, сондай-ақ іздестіру жұмыстары сатысына дейін жүргізілген өңірлік геологиялық, геофизикалық және геохимиялық зертеулер негізінде бағаланатын пайдалы қазбалардың болжамды ресурстары туралы қолда бар геологиялық ақпараты негізге алады.

      71. Барлау үшін оңайлатылған тәртіппен берілетін жер қойнауы учаскесі он блоктан аспауға тиіс, олардың әрқайсысы географиялық координаталар жүйесінде бір минутқа тең.

      Блоктар мынадай қағидат бойынша айқындалады:

      жердің бүкіл үстіңгі қабаты параллельдермен қатарларға (4о арқылы), ал меридиандармен бағандарға (6о арқылы) бөлінеді; пайда болған трапециялардың қырлары 1:1000000 парақтарының шекаралары болып саналады. Қатарлар экватордан екі полюсқа қарай А-дан V-ға дейін бас латын әріптерімен, ал бағандар 180о меридианынан бастап батыстан шығысқа қарай араб сандарымен белгіленеді. Карта парағының номенклатурасы қатар әрпі мен баған нөмірінен тұрады.

      1:100000 масштабындағы карта парағы миллиондық карта парағын 144 бөлікке бөлу арқылы жасалады; оның номенклатурасы 1, 2, 3,... 144 сандарының бірін қоса отырып, 1:100000 карта парағын белгілеуден тұрады.

      1:50000 масштабындағы карта парағы 1:100000 масштабындағы карта парағын төрт бөлікке бөлу арқылы жасалады; оның номенклатурасы жүз мыңдық картаның номенклатурасы мен орыс әліпбиінің А, Б, В, Г бас әріптерінің бірінен тұрады.

      Әрқайсысы бір минутқа тең блоктар елу мыңдық картаны сол жақ үстіңгі бұрышынан төменгі оң жақ бұрышына дейін 150 бөлікке (10 қатардан тұратын параллельдер мен 15 бағаннан тұратын меридиандар) бөлу арқылы жасалады. Оның номенклатурасы 1, 2, 3,... 150 сандарының бірін қоса отырып, 1:50000 карта парағын белгілеуден тұрады.

      72. Оңайлатылған тәртіппен барлау үшін жер қойнауын пайдалану құқығын алу үшін өтінім беруші құзыретті органға өтінім жібереді, онда мыналар қамтылуға тиіс:

      1) заңды тұлғаның атауы, оның орналасқан жері, мемлекеттік тиесілілігі, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі және уәкілетті мемлекеттік кірістер органдарында тіркелуі туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы үлестерінің мөлшері (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) көрсетіле отырып, өтініш беруші заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, бағалы қағаздардың жалпы саны көрсетіле отырып, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында заңды тұлғаның осындай қағаздарының айналымы туралы мәліметтер, өтініш берушінің еншілес ұйымдары туралы мәліметтер;

      2) барлау үшін оңайлатылған тәртіппен берілетін жер қойнауы учаскелері арасынан өтініш беруші үміттеніп отырған, блоктар түрінде ұсынылған жер қойнауы учаскесін көрсету;

      3) өтініш берушіде үлгілік келісімшарт жасалғаннан кейін алғашқы жыл ішінде сұралып отырған учаске шегінде орындалуы қажет шығындар мен жұмыс түрлерінің ең төмен мөлшері туралы талаптарды орындау үшін жеткілікті ақшаның бар екендігі туралы банк кепілдігі немесе өзге де растау.

      73. Өтінімге салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларымен бір мезгілде құжаттардың көшірмелері не өтінімде көрсетілген мәліметтерді растайтын, нотариат куәландырған көшірмелер, сондай-ақ қол қойылған үлгілік келісімшарт қоса беріледі.

      74. Үлгілік келісімшарт нысанын құзыретті орган бекітеді және онда мынадай негізгі ережелер қамтылуға тиіс:

      1) жыл сайын өсіп отыратын төлемдер түрінде берілген, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстар мөлшері;

      2) қол қойылатын бонусты төлеу жөніндегі міндеттемелер;

      3) үлгілік келісімшарт қолданылатын бүкіл кезеңде бір блок шегінде орындалуы қажет шығындар мен жұмыс түрлерінің жылдар бойынша ең төмен мөлшері.

      75. Өтінім құзыретті органның кеңсесінде келіп түскен күні мен уақыты минутына дейінгі дәлдікпен көрсетіліп тіркеледі.

      76. Құзыретті орган өтінім келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде ресми интернет-ресурста:

      1) өтініш берушінің атауын;

      2) сұралып отырған учаскенің координаталарын;

      3) өтінім берілген уақытты көрсете отырып, ол туралы мәліметтерді орналастырады.

      77. Егер құзыретті органның ресми интернет-ресурсында берілген өтінім туралы мәліметтер орналастырылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде сұралып отырған жер қойнауы учаскесіне блоктар бойынша толық сәйкестікпен біреуден артық өтінім берілген жағдайда, мұндай учаске барлау үшін оңайлатылған тәртіппен берілетін учаскелер тізбесінен 20 жұмыс күні ішінде алып тасталады, ал мұндай блок бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы Жер қойнауы туралы заңда аукцион үшін көзделген тәртіппен беріледі.

      78. Аукционның өткізілетіні туралы хабарлама осы Қағидалардың

      15-тармағына сәйкес барлау үшін оңайлатылған тәртіппен берілетін учаскелер тізбесінен жер қойнауы учаскесін алып тастау туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмейтін мерзімде осындай жер қойнауы учаскесіне өтінім берген тұлғалар арасында ресімделеді.

      79. Егер құзыретті органның ресми интернет-ресурсында берілген өтінім туралы мәліметтер орналастырылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде сұралып отырған жер қойнауы учаскесіне блоктар бойынша ішінара сәйкес келетін өтінім берілген жағдайда, құзыретті орган мұндай өтінімді келіп түскен кезінен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтару себептерін көрсете отырып, қайтаруға тиіс.

      80. Өтінім құзыретті органға келіп түскен күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Өтінімді қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган өтінімді қабылдайды немесе оны қабылдамайды.

      81. Мынадай жағдайларда:

      1) егер сұралып отырған учаске көлемі бойынша осы Қағидалардың 71-тармағында белгіленген шектеулерден асып кетсе;

      2) егер сұралып отырған учаскеде немесе оның бір бөлігінде бұрын өтінім берушімен немесе оның үлестес тұлғасымен Жер қойнауы туралы заңның

      72-бабында көзделген негіздер бойынша құзыретті органның бастамасымен барлауға арналған келісімшарт біржақты тәртіппен бұзылған болса, бұл ретте бұзылған күннен бастап үш жылдан аз уақыт өтсе;

      3) Жер қойнауы туралы заңның 51-бабының 4) тармақшасында және

      55-бабының 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген негіздер болса;

      4) егер сұралып отырған учаске немесе оның бір бөлігі басқа жер қойнауын пайдаланушының пайдалануында болса, өтінім қабылданбайды.

      Өтінімді қабылдаудан бас тарту немесе осы Қағидалардың 81-тармағына сәйкес оны кері қайтару өтініш берушіні қайтадан өтінім беру құқығынан айырмайды.

      82. Тікелей келіссөздерді құзыретті органның жұмыс тобы өтінім қабылданғаннан кейін он жұмыс күні ішінде жүргізеді.

      83. Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган құзыретті орган өтінімді қабылдаған және тікелей келіссөздер жүргізу рәсімі басталған кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мәлімделген жер қойнауы учаскесіне геологиялық бөліністі дайындайды.

      84. Өтініш берушімен тікелей келіссөздердің қорытындысы бойынша үлгілік келісімшарт жасалады және келісімшарттың ажырамас бөлігі болып табылатын геологиялық бөлініс беріледі.

4. Келісімшарт
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты жасасу тәртібі

      85. Құзыретті органның, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының тікелей келіссөздер негізінде келісімшарт жасасу туралы немесе Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткізу жөніндегі комиссияның, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурстық комиссияның конкурс жеңімпазын айқындау туралы шешімі жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жасасу үшін негіз болып табылады.

      86. Барлауға, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшартқа қол қойылғанға және ол тіркелгенге дейін конкурс жеңімпазы не тікелей келіссөздер негізінде келісімшарт жасалатын тұлға Жер қойнауы туралы заңның 64-бабында белгіленген тәртіппен іздестіру жұмыстарының жобасын әзірлейді, ал өндіруге арналған келісімшарт бойынша Жер қойнауы туралы заңның 66-бабында белгіленген тәртіппен жобалау құжаттарын әзірлейді.

      87. Келісімшарттың жобасы модельдік келісімшарттың, тікелей келіссөздер хаттамасының немесе тендер жеңімпазының конкурстық ұсынысы, аукцион жеңімпазының өтінімі мен аукцион хаттамасы және белгіленген тәртіппен әзірленген және бекітілген құжаттардың негізінде Жер қойнауы туралы заңның 62-бабында белгіленген тәртіппен жасалып, бекітілген жұмыс бағдарламасының негізінде әзірленеді.

      88. Жұмыс бағдарламасы Жер қойнауы туралы заңның

      63-бабында белгіленген тәртіппен және модельдік келісімшарт негізінде жасалады.

      89. Келісімшарттың, жұмыс бағдарламасының талаптары жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт белгіленген тәртіппен бекітілген жобалық құжаттар негізінде құзыретті органмен немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен түпкілікті келісілгеннен кейін, сондай-ақ келісімшарт жасасуға мүмкіндік беретін міндетті сараптамалар нәтижелері алынғаннан кейін Жер қойнауы туралы заңның 68-бабында көзделген тәртіппен жасалады.

      90. Келісімшарт құзыретті органда немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарында міндетті тіркелуге жатады және тіркелген кезінен бастап күшіне енеді.

5. Жер қойнауын пайдалану құқығын уәкілетті органның жазбаша рұқсаты немесе шарт негізінде беру
Жер қойнауын пайдалану құқығын уәкілетті органның жазбаша рұқсаты немесе шарт негізінде беру тәртібі

      91. Келісімшарттық аумақтағы немесе одан тысқары жерлердегі барлаумен немесе өндірумен байланысты емес және радиоактивті қалдықтарды, зиянды заттарды көмуге және сарқынды суларға арналған жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның жазбаша рұқсаты негізінде жүзеге асырылады.

      92. Шаруашылық-ауызсу және өндірістік-техникалық мақсаттағы жерасты суларын тәулігіне елу текше метрден екі мың текше метрге дейін алу лимиттерімен өндіру құқығын беру су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті орган берген рұқсаттың негізінде жүзеге асырылады.

      93. Жер қойнауын пайдаланушыға пайдалы қазбаны өндірудің технологиялық схемасына сәйкес өндірістік-техникалық жерасты суларын қаттарға айдау үшін тәулігіне екі мың және одан да көп текше метр көлемінде барлау немесе өндіру не тау-кен қазбаларын пайдалану кезінде су деңгейін төмендету мақсатында жерасты суларын өндіру құқығын беру индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның рұқсат беруі арқылы жүзеге асырылады.

      94. Кең таралған пайдалы қазбаларды өз мұқтажы үшін, сондай-ақ тәулігіне елу текше метрден аспайтын көлемде жерасты суларын өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру қойнауында кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты сулары бар жер учаскесін жеке меншікке немесе жер пайдалануға берумен бір мезгілде жүргізіледі. Жер учаскесін уақытша жер пайдалануға беру кезінде кең таралған пайдалы қазбаларды өз мұқтажы үшін, сондай-ақ тәулігіне елу текше метрден аспайтын көлемде өндірілетін жерасты суларын пайдалану талаптары уақытша жер пайдалану туралы шартта көзделуі мүмкін.

Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, темір жолдар мен гидроқұрылыстарды салу (реконструкциялау) және жөндеу кезінде пайдаланылатын кең таралған пайдалы қазбаларға жер қойнауын пайдалану құқығын беру тәртібі

      95. Жеке немесе заңды тұлға жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, темір жолдар мен гидроқұрылыстарды салу (реконструкциялау) және жөндеу кезінде пайдаланылатын кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға жер қойнауын пайдалану құқығына жазбаша рұқсат алу үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарына мынадай құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді:

      1) заңды тұлғалар үшін - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама* немесе куәлік;

      ескертпе: * "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;

      2) жеке тұлғалар үшін - өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      3) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына, темір жолдарға және/немесе гидроқұрылыстарға жобалау-іздестіру және/немесе жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізуге арналған шарттың (келісімшарттың) нотариат куәландырған көшірмесі немесе салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, аталған шарттың (келісімшарттың) көшірмесі не гидроқұрылысқа құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі;

      4) мәлімделген қол қойылатын бонусты толық көлемде төлеу жөніндегі міндеттемені орындау мүмкіндігін растайтын құжаттар (жеке қаражат, банктердің кепілдігі);

      5) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес кең таралған пайдалы қазбаларға барлау жүргізілетін алаңның картограммасы, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органның өңірлік бөлімшесінің және орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімдіктер дүниесін молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның өңірлік органының картограмманы қарау қорытындылары.

      96. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары осы Қағидалардың 97-тармағында тізбеленген құжаттардың барлығы болған кезде кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға арналған жер қойнауын пайдалану құқығына өтінішті қабылдайды.

      97. Өтініш беруші кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға арналған жер қойнауын пайдалану құқығын алу үшін мәлімделген қол қойылатын бонусты толық көлемде төлеу жөніндегі міндеттемені орындау мүмкіндігін растау мақсатында мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) егер төлемді жеке қаражат есебінен жүзеге асыру көзделген жағдайда, өтініш берушінің банк шотында тиісті соманың бар екендігін растайтын құжатты қоса береді;

      2) егер қаржыландыруды қарыз қаражаты есебінен жүзеге асыру көзделген жағдайда, өтініш беруші кредиттік ұйымнан растаушы құжаттардың түпнұсқаларын немесе олардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса береді.

      98. Кең таралған пайдалы қазбаларға барлау жүргізілетін алаңның картограммасын өтініш беруші әзірлейді және оны облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарына, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органның өңірлік бөлімшесіне және орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімдіктер дүниесін молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органға мәлімделген координаталардың немесе координаталардың бір бөлігінің үшінші тұлғалардың ауыртпалығында болуы, келісімшарттық аумақпен, су қоры жерлерімен немесе ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңнамада көзделген жағдайларда ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың аумағымен түйісуі, сондай-ақ пайдалы қазбалардың, оның ішінде жерасты суларының болуы немесе болмауы тұрғысынан қарауға жіберіледі.

      Қарау қорытындылары өтініш берушіге кең таралған пайдалы қазбаларға барлау жүргізілетін алаңның картограммасы түскен кезден бастап 10 жұмыс күні ішінде жіберіледі.

      Кең таралған пайдалы қазбаларға барлау жүргізілетін алаңның картограммасын қарау қорытындыларын беру кезінде мәлімделетін жер учаскелері барланған жағдайда, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі оның барланғаны туралы тиісті белгі қояды.

      Қарау қорытындылары бойынша картограмма түзетілген жағдайда, өтініш беруші кең таралған пайдалы қазбаларға барлау жүргізілетін алаңның картограммасын облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарына, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органның өңірлік бөлімшесіне және орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімдіктер дүниесін молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органға қайта жібереді.

      Қарау қорытындылары өтініш берушіге түзетілген картограмма түскен кезден бастап 5 жұмыс күні ішінде жіберіледі.

      99. Өтінішті қарау қорытындылары бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары өтініш түскен кезден бастап 5 жұмыс күні ішінде өтініш берушіні қол қойылатын бонустың түпкілікті мөлшерін белгілеу мәселесі бойынша келіссөздер жүргізу туралы хабардар етеді. Келіссөздер жүргізу күні өтініш түскен күннен бастап 10 жұмыс күнінен аспауға тиіс.

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары келіссөздер жүргізілгеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде:

      1) келіссөздер хаттамасын ресімдейді және өтініш берушіге тікелей келіссөздердің қорытындылары бойынша қабылданған шешім туралы хабарлама жібереді;

      2) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға арналған жер қойнауын пайдалану құқығына арналған жазбаша рұқсатты жасайды және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне келісуге жібереді.

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары келісулерді алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өтініш берушіге осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға жазбаша рұқсат береді.

      Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға арналған жер қойнауын пайдалану құқығына жазбаша рұқсат түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде келісуді жүргізеді.

      100. Учаске барланған жағдайда кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға арналған жер қойнауын пайдалану құқығына арналған жазбаша рұқсатты алғаннан кейін жер қойнауын пайдаланушы 3 жұмыс күні ішінде құпиялылық және геологиялық ақпаратты алу туралы келісімге қол қою үшін жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне жазбаша түрде жүгінеді.

      Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері жер қойнауын пайдаланушы жүгінген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде құпиялылық және геологиялық ақпаратты алу туралы келісімге қол қоюды қамтамасыз етеді.

      Геологиялық ақпаратты алу үшін ақы төлеуді өтініш беруші үш жұмыс күні ішінде жүргізеді.

      Геологиялық ақпарат топтамасының құны тарихи шығындар мөлшері негізге алынып айқындалады.

      Геологиялық ақпарат топтамасының құны қайтарылмайды.

      101. Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға арналған жер қойнауын пайдалану құқығына арналған жазбаша рұқсатты алғаннан кейін жер қойнауын пайдаланушы іздестіру-бағалау жұмыстарының жобасын әзірлейді және кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға жер қойнауын пайдалану құқығына арналған жазбаша рұқсатты алған күннен бастап екі айдан кешіктірмей іздестіру-бағалау жұмыстарының жобасын мемлекеттік экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық сараптамаларға жібереді, олар он бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

      Мемлекеттік экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық сараптамалардың оң қорытындыларын алуына қарай жер қойнауын пайдаланушы геологиялық барлау жұмыстарын жүргізеді, оның қорытындылары бойынша пайдалы қазбалар қорларының саны, сапасы, құрамы, технологиялық және өзге де қасиеттері, оның республика экономикасы үшін маңыздылығы, барлаудың тау-кен-техникалық, гидрогеологиялық, экологиялық және басқа жағдайлары туралы ақпаратты қамтитын пайдалы қазбалардың қорлары есептелген есепті жасайды.

      Пайдалы қазбалардың қорлары есептелген есеп пайдалы қазбалардың қорлары жөніндегі өңіраралық комиссияға мемлекеттік жер қойнауы сараптамасына жіберіледі. Мемлекеттік жер қойнауы сараптамасы 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

      102. Жеке немесе заңды тұлға жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, темір жолдар мен гидроқұрылыстарды салу (реконструкциялау) және жөндеу кезінде пайдаланылатын кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығына арналған жазбаша рұқсат алу үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарына мынадай құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді:

      1) заңды тұлғалар үшін - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәлік;

      ескертпе: "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"

      2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілуіне дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;

      2) жеке тұлғалар үшін - өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      3) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына, темір жолдарға және/немесе гидроқұрылыстарға жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізуге арналған шарттың (келісімшарттың) нотариат куәландырған көшірмесі немесе салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, аталған шарттың (келісімшарттың) көшірмесі не гидроқұрылысқа құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі;

      4) мәлімделген қол қойылатын бонусты толық көлемде төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындау мүмкіндігін растайтын құжаттар (жеке қаражат, банктердің кепілдігі);

      ескертпе: егер жеке немесе заңды тұлға осы Қағидаларға сәйкес берілген кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға жер қойнауын пайдалану құқығына жазбаша рұқсат шеңберінде осы тұлға жүргізген жұмыстардың қорытындылары бойынша кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығына өтініш берген жағдайда, бұл құжат талап етілмейді. Өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығына рұқсат алынғаннан кейін коммерциялық табу бонусы Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес төленеді.

      Егер жеке немесе заңды тұлға осы Қағидаларға сәйкес берілген кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға арналған жер қойнауын пайдалану құқығына жазбаша рұқсат шеңберінде өзге тұлға жүргізген жұмыстардың қорытындылары бойынша кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығына өтініш берген жағдайда, онда өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығы алынғаннан кейін мөлшері Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес есептелген коммерциялық табу бонусының сомасынан төмен болмайтын қол қойылатын бонус төленеді;

      5) пайдалы қазбалардың қорлары жөніндегі өңіраралық комиссияның тиісті хаттамасы;

      6) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жүргізілетін алаңның картограммасы, сондай-ақ жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің картограмманы қарау қорытындысы;

      7) кен орнын игеру жобасын оң келісудің нәтижелері;

      8) кен орнын игеру жобасының мемлекеттік экологиялық сараптамасының оң қорытындысы.

      Егер жеке немесе заңды тұлға осы Қағидаларға сәйкес берілген кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға арналған жер қойнауын пайдалану құқығына жазбаша рұқсат шеңберінде осы тұлға жүргізген жұмыстардың қорытындылары бойынша кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығына өтініш берген жағдайда, осы тармақтың

      1), 2) және 3) тармақшаларында санамаланған құжаттарды ұсыну кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға арналған жер қойнауын пайдалану құқығына жазбаша рұқсаттың көшірмесін ұсынумен ауыстырылады.

      103. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары осы Қағидалардың 109-тармағында тізбеленген барлық құжаттар болған кезде кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығына өтінішті қабылдайды.

      104. Өтініш беруші кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алу үшін мәлімделген қол қойылатын бонусты толық көлемде төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындау мүмкіндігін растау мақсатында мынадай құжаттарды қоса береді:

      1) егер төлемді жеке қаражат есебінен жүзеге асыру көзделген жағдайда, өтініш берушінің банк шотында тиісті соманың барын растайтын құжатты қоса береді;

      2) егер қаржыландыруды қарыз қаражат есебінен жүзеге асыру көзделген жағдайда, өтініш беруші кредиттік ұйымнан растаушы құжаттардың түпнұсқаларын немесе олардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса береді.

      105. Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жүргізілетін алаңның картограммасы жер қойнауын пайдаланушы өндіруді жүргізуге құқылы пайдалы қазбалардың бекітілген қорлары бар жер қойнауының учаскесін графикалық және сипаттамалық жағынан айқындайды, оны өтініш беруші әзірлейді және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің қарауына жатады.

      Қарау қорытындылары өтініш берушіге кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жүргізілетін алаңның картограммасы түскен кезден бастап 10 жұмыс күні ішінде жіберіледі.

      106. Кен орнын игеру жобасы тау-кен және өндіру жұмыстарының күнтізбелік кестесі мен берілген өнімділікті қамтамасыз ететін техникалық шешімдерді және өндіруге ілеспелі басқа да өндіріс операцияларын; жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану, персоналдың жұмыс істеу қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау; бүлінетін жерлерді рекультивациялау жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз ететін шараларды, сондай-ақ жоспарланып отырған жұмыстарды жылдарға бөліп қаржыландыру туралы мәліметтерді қамтуға тиіс.

      Егер жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды су объектісінің су қорғау аймағы ішінде жүргізу жоспарланған жағдайда, кен орнын игеру жобасын су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органның өңірлік органымен де келісу қажет.

      Келісу қорытындылары өтініш берушіге кен орнын игеру жобасы берілген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде жіберіледі.

      107. Кен орнын игеру жобасына мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық сараптамалар жүргізілуге, ол өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен, сондай-ақ жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен кен орнын игеру жобасы түскен кезден бастап 15 жұмыс күні ішінде келісілуге тиіс.

      108. Өтінішті қарау қорытындылары бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары өтініш түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өтініш берушіні қол қойылатын бонустың түпкілікті мөлшерін белгілеу мәселесі бойынша келіссөздердің жүргізілетін туралы хабардар етеді.

      Келіссөздер жүргізілетін күн өтініш түскен кезден бастап 10 жұмыс күнінен аспауға тиіс.

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары келіссөздер жүргізілгеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде:

      1) келіссөздер хаттамасын ресімдейді және өтініш берушіге тікелей келіссөздердің қорытындылары бойынша қабылданған шешім туралы хабарлама жібереді;

      2) кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығына арналған жазбаша рұқсатты жасайды және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне келісуге жібереді.

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары келісулерді алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өтініш берушіге осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге жазбаша рұқсат береді.

      Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығына арналған жазбаша рұқсат түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде келісуді жүргізеді.

      109. Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операциялар тоқтатылған кезде жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану объектісін жою немесе консервациялау жөніндегі жұмыстарды жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес дереу орындауға кіріседі.

      110. Мынадай:

      1) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына, темір жолдарға және гидроқұрылыстарға жобалау-іздестіру жұмыстарын және/немесе жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүзеге асыруға арналған шартты бұзу фактілері белгіленген;

      2) өтініш беруші дәйексіз мәліметтерді қамтитын құжаттарды ұсынған жағдайларда, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығына арналған жазбаша рұқсат беруден бас тартылады.

      111. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары өтініш берілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өтініш берушіге кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығына арналған жазбаша рұқсатты беруден дәлелді бас тартуды жазбаша түрде жібереді.

      Өтініш беруші кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге жазбаша рұқсат беруден дәлелді бас тартуға негіз болған ескертулерді жойған кезде, қайталама өтініш жалпы негіздерде қаралады.

      112. Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығына жазбаша рұқсат мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада жасалады. Бір данасы жер қойнауын пайдаланушыға беріледі, екіншісі облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарында сақталады.

  Жер қойнауын пайдалану
құқығын беру қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

      ____________________________________________________________________

      (жер қойнауын пайдалану түрі)

ӨТІНІШ

      ____________________________________________________________________

      (өтініш берушінің атауы)

      ____________________________________________________________________

      (жер қойнауын пайдалану түрі және объектісі - жер қойнауы учаскесі)

      жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, темір жолдар мен гидроқұрылыстарды салу (реконструкциялау) және жөндеу кезінде пайдаланылатын кең таралған қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізуге рұқсат беруді сұрайды

      Жер қойнауын пайдалану мақсаты

      ____________________________________________________________________

      (кең таралған пайдалы қазбалардың түрі

      1. _________________________________________________________________

      (кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды бастау мен аяқтаудың болжанатын мерзімдері)

      2. _________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы)

      3. _________________________________________________________________

      (қол қойылатын бонустың ұсынылатын мөлшері)

      4. _________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның Т.А.Ә., басшының Т.А.Ә., лауазымы, кәсіпорын иесінің Т.А.Ә.)

      _________________________ __________________________________

      (қолы) кәсіпорын басшысының Т.А.Ә.

      (лауазымы), жеке тұлғаның Т.А.Ә.

      20 ж. " " _____

  Жер қойнауын пайдалану
құқығын беру қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Кең таралған пайдалы қазбаларға барлау жүргізілетін алаңның картограммасы

      _____________________________________________________ барлау үшін

      _____________________________________________________ дайындалды

      Орналасқан жері

      ____________________________________________________________________

      Белдеу шекарасы картограммада көрсетілген және № ___ - № ___ бұрыштық нүктелерімен белгіленген.

бұрыштық нүктелер

бұрыштық нүктелердің координаталары

бұрыштық нүктелер

бұрыштық нүктелердің координаталары

солтүстік ендігі

шығыс бойлығы

солтүстік ендігі

шығыс бойлығы








      Ауданы ___ шаршы км құрайды.

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (барлануы)

      Жер қойнауын зерттеу мен ___________________________

      пайдалану жөніндегі (Т.А.Ә., лауазымы)

      уәкілетті ___________________________

      органның аумақтық (қолы)

      бөлімшесі

  Жер қойнауын пайдалану
құқығын беру қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, темір жолдар мен гидроқұрылыстарды салу (реконструкциялау) және жөндеу кезінде пайдаланылатын кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға арналған жер қойнауын пайдалану құқығына
РҰҚСАТ

      ________________________________________________________________ үшін

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      __________________________________________________________ берілді

      (кімге)

      ____________________________________________________________________

      (жер қойнауын пайдалану түрі)

      ____________________________________________________________________

      (жер қойнауын пайдалану объектісі)

      ____________________________________________________________________

      (жер қойнауын пайдалану мақсаты)

      ____________________________________________________________________

      (қол қойылатын бонустың мөлшері)

      ____________________________________________________________________

      (рұқсаттың қолданылу мерзімі)

      КЕЛІСІЛДІ:

      Жер қойнауын зерттеу мен ____________________________

      пайдалану жөніндегі уәкілетті (Т.А.Ә., лауазымы)

      органның аумақтық бөлімшесі ____________________________

      (қолы)

      Қоршаған ортаны қорғау ____________________________

      жөніндегі уәкілетті органның (Т.А.Ә., лауазымы)

      аумақтық бөлімшесі ____________________________

      (қолы)

      20 ж. " "

      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі

      _____________________________

      (Т.А.Ә.)

      _____________________________

      (қолы)

  Жер қойнауын пайдалану
құқығын беру қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

      ____________________________________________________________________

      (жер қойнауын пайдалану түрі)

ӨТІНІШ

      ____________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы)

      ____________________________________________________________________

      (жер қойнауын пайдалану түрі және объектісі - кен орны, жер қойнауының учаскесі)

      жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, темір жолдар мен гидроқұрылыстарды салу (реконструкциялау) және жөндеу кезінде

      пайдаланылатын кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығына рұқсат беруді сұрайды

      Жер қойнауын пайдалану мақсаты

      ____________________________________________________________________

      (өндірілетін кең таралған пайдалы қазбалардың түрі және болжанатын саны (көлемі)

      1. _________________________________________________________________

      (кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруді бастау мен аяқтаудың болжанатын мерзімдері)

      2. _________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы)

      3. _________________________________________________________________

      (қол қойылатын бонустың/коммерциялық табу бонусының ұсынылатын мөлшері)

      4. _________________________________________________________________

      (басшының Т.А.Ә., лауазымы, кәсіпорын иесінің Т.А.Ә.)

      ______________________

      (қолы) _______________

      кәсіпорын басшысының Т.А.Ә.

      (лауазымы), жеке тұлғаның Т.А.Ә.

      20 ж. " "

  Жер қойнауын пайдалану
құқығын беру қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жүргізілетін алаңның картограммасы

      _________________________________________________________өндіру үшін

      ________________________________________________________ дайындалды

      Орналасқан жері ___________________________________________________

      Белдеу шекарасы картограммада көрсетілген және № ___ - № ___ бұрыштық нүктелерімен белгіленген.

Бұрыштық нүктелер

бұрыштық нүктелердің координаталары

Бұрыштық нүктелер

Бұрыштық нүктелердің координаталары

солтүстік ендігі

шығыс бойлығы

солтүстік ендігі

шығыс бойлығы








      Ауданы ___ шаршы км құрайды.

  Жер қойнауын пайдалану
құқығын беру қағидаларына
6-қосымша

      Нысан

Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, темір жолдар мен гидроқұрылыстарды салу (реконструкциялау) және жөндеу кезінде пайдаланылатын кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығына
РҰҚСАТ

      _______________________________________________________________ үшін

      ___________________________________________________________ берілді

      (кімге)

      ____________________________________________________________________

      (жер қойнауын пайдалану түрі)

      ____________________________________________________________________

      (жер қойнауын пайдалану объектісі)

      ____________________________________________________________________

      (жер қойнауын пайдалану мақсаты)

      ____________________________________________________________________

      (қол қойылатын бонустың/коммерциялық табу бонусының мөлшері)

      ____________________________________________________________________

      (рұқсаттың қолданылу мерзімі)

      КЕЛІСІЛДІ:

      Жер қойнауын зерттеу ___________________________

      мен пайдалану жөніндегі (Т.А.Ә., лауазымы)

      уәкілетті органның ___________________________

      аумақтық бөлімшесі (қолы)

      Қоршаған ортаны қорғау ___________________________

      жөніндегі уәкілетті (Т.А.Ә., лауазымы)

      органның аумақтық ___________________________

      бөлімшесі (қолы)

      20 ж. " "

      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі

      _____________________________

      (Т.А.Ә.)

      _____________________________

      (қолы)