Сауда делдалы ретіндегі жеке және заңды тұлғаларды тауарды кейіннен үшінші тұлғаға сату талаптарымен коммерциялық кредит беру жолымен қаржыландыру шеңберінде тауарды сатып алу және сату жүргізілетін халықаралық тауар биржаларының тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 шілдедегі № 584 қаулысы

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 Заңының 10-1 бабының 8 тармағына және Оңтүстік Қазақстан облысының Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қазығұрт аудандық аумақтық инспекция басшысының 2015 жылғы 24 шілдедегі № 1-09/273 ұсынысына сәйкес, Қазығұрт ауылы округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қазығұрт ауылы округі әкімінің «Қазығұрт ауылы округі, Молбұлақ елді мекенінің аумағына шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы» 15 сәуір 2015 жылғы № 4 (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде 21.04.2015 жылы № 3149 тіркелген, 2015 жылғы 29 сәуірдегі «Қазығұрт тынысы» газетінде № 22 жарияланған) Қазығұрт ауылы округінің әкімі шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешім алғашқы жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.

      Қазығұрт ауылы
      округі әкімі                               Ф.Зулпыхаров