Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 502 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Оңалту және активтерді басқару компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакеттеріне иелік ету және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 217-2-жол алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы кіші бөлім мен реттік нөмірі 217-15-жолмен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне
      217-15. «Оңалту және активтерді басқару компаниясы» АҚ»;
      2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов