"Қаржы полициясы академиясы" мемлекеттік мекемесін тарату туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 15 маусымдағы № 433 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 7-тармақтан қараңыз.

      "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 4 мамырдағы № 15 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы "Қаржы полициясы академиясы" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - мекеме) уәкілетті органы болып белгіленсін.
      2. Мекеме таратылсын.
      3. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы (келісім бойынша):
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған таратылатын мекеме мүлкін "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы" мемлекеттік мекемесіне беруді қамтамасыз етсін;
      2) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, мекеменің жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларының оқуды Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында аяқтауын қамтамасыз етсін;
      3) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.
      4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасымен (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, мекеменің жоғары білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларының оқуды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарында аяқтауын қамтамасыз етсін.
      5. "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
      1-бөлімде:
      мына:
"

1.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

155 059

                                                                  "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"

1.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

155 089**

                                                                   "

      17), 21, 22), 23) және 24) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"

17)

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:

84 691, 5**

21)

ІІМ Алматы академиясы

602***

22)

ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы

480***

23)

ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы

308****

24)

ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

242****

                                                                   "

      ескертпе мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      "** - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының штат саны есебінен 30 бірлік 2017 жылғы 1 шілдеге дейін берілді;
      *** - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының штат саны есебінен 7 бірлік 2017 жылғы 1 шілдеге дейін берілді;
      **** - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының штат саны есебінен 8 бірлік 2017 жылғы 1 шілдеге дейін берілді.".
      6. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Салық полициясы академиясы" мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 мамырдағы № 643 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 18, 228-құжат);
      2) "Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігінің (қаржы полициясы) мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қаңтардағы № 100 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 4, 56-құжат).
      7. Осы қаулы 2015 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 4 және 5-тармақтарды қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов