Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Pecпубликасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібінде кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 же

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 362 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібінде кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 1276 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 76-77, 675-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібінде кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарында:
      «Жалпы ережелер» деген бөлімде:
      «Мақсатқа қол жеткізу және алға қойылған міндеттерді іске асыру
тетіктері» деген кіші бөлімде:
      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қаражат алғаннан кейін «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ:
      1) «Даму» КДҚ» АҚ-ға жасалған кредит шартының талаптарына сәйкес мерзім соңында қаражатты бір сомамен өтеу шартымен жылдық 0,15 % сыйақы мөлшерлемесі бойынша 20 жылға дейінгі мерзімге 50 миллиард теңге сомасына кредит береді;
      2) «ҚДБ» АҚ-ға жасалған қарыз шартының талаптарына сәйкес мерзім соңында қаражатты бір сомамен өтеу шартымен жылдың 0,15 % сыйақы мөлшерлемесі бойынша 20 жылға дейінгі мерзімге 50 миллиард теңге сомасына кредит береді.»;
      «Қаражатты екінші деңгейдегі банктерге шартты түрде орналастырудың шарттары мен тетіктері» деген кіші бөлімде:
      4-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. «Даму» КДҚ» АҚ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ЕДБ-мен мынадай шарттарда кредиттік келісімдер жасасады:»;
      5-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. «ҚДБ» АҚ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ЕДБ-мен мынадай шарттарда банктік қарыз шартын жасасады:».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                      К.Мәсімов