Облыстық бюджеттердің 2015 жылға арналған республикалық бюджеттен бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынамалауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 282 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі
      Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

       «2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 18) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің 2015 жылға арналған республикалық бюджеттен бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынамалауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары бекітілсін.
      2. Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері:
      1) бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттердің уақтылы және мақсатты пайдаланылуын;
      2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейін бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттердің пайдаланылуы туралы есептер беруді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары бюджеттерінің республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану мониторингін қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
      

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                      К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 282 қаулысымен   
бекітілген      

Облыстық бюджеттердің 2015 жылға арналған республикалық бюджеттен бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді жан басына қаржыландыруды сынамалауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары
      

       1. Осы Облыстық бюджеттердің 2015 жылға арналған республикалық бюджеттен бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді жан басына қаржыландыруды сынамалауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 089 Облыстық бюджеттерге бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынамалауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттерге республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді (бұдан әрі – нысаналы трансферттер) пайдалану тәртібін айқындайды.
       2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
       1) білім беру процесі – білім беру қызметін жүзеге асыратын ұйым іске асыратын білім беру бағдарламаларын іске асыру шеңберінде педагогикалық тұрғыда негізделген оқыту, тәрбиелеу және дамыту процесі;
       2) білім беру процесін қаржыландыру көлеміндегі ынталандыру құрауышы – жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырылатын орта білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне көрсетілетін білім беру қызметінің сапасы мен қызмет нәтижелеріне қарай сыйлықақылар төлеуге және ынталандыру үстемеақыларын белгілеуге, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарының білім беру процесіне байланысты басқа да қажеттіліктерді өтеуге көзделген республикалық бюджет қаражаты.
       3. Облыстық бюджеттерге бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді жан басына қаржыландыруды сынамалауға бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
       4. Нысаналы трансферттер:
       1)жұмыс берушінің жарналарын ескере отырып, жан басына қаржыландырылатын 10-11-сыныптарда білім беру процесіне қатысатын орта білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне жалақы төлеуге;
       2) 10-11-сыныптардың бір оқушысына ағымдағы қаржы жылына белгіленген бір айлық есептік көрсеткіш есебінен оқу шығыстарын (қосымша оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер, оқу, көрнекілік материалдар және құралдар) төлеуге;
       3) білім беру процесін қаржыландыру көлемінен он пайыз өлшерінде ынталандыру құрауышының есебінен 10-11-сыныптарда білім беру процесіне қатысатын педагог қызметкерлерге ынталандыру үстемеақылары мен сыйлықақыларды төлеуге және орта білім беру ұйымдарының 10-11-сыныптардағы білім беру процесіне байланысты мұқтаждықтарын өтеуге пайдаланылады. Білім беру процесіне байланысты орта білім беру ұйымдарының мұқтаждықтарына:
      педагог қызметкерлердің ел ішінде және шетелде біліктілігін арттыруға және сонымен байланысты іссапар шығыстарына;
      педагог қызметкерлердің конференциялар, семинарлар, консультациялар, көрмелер, мастер-кластар, дөңгелек үстелдер өткізуіне және оларға қатысуына;
      ғылыми жобалар конкурстарын (ғылыми жарыстар), спорттық жарыстар, зияткерлік және өзге де конкурстар мен басқа да іс-шаралар өткізуге және оларға оқушылардың қатысуына;
      «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 4-тармағының 8) тармақшасына сәйкес жергілікті атқарушы органдарға жүктелген сатып алу және жеткізу көлемінен тыс «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, құралдардың және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде олардың электронды тасымалдағыштағы нұсқаларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 18 қарашадағы № 460 бұйрығына сәйкес оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді, құралдарды және басқа да қосымша әдебиеттерді, оның ішінде электронды жеткізгіштерде сатып алуға және жеткізуге;
      оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында қызығушылық бойынша клубтар мен үйірмелердің, оқу шеберханаларының жұмысын қамтамасыз етуге;
      көрсетілген қызметкерлерді шақыратын білім беру ұйымының штатында жоқ қызметкерлердің оқу сабақтарын (дәрістерін), оның ішінде қашықтықтан оқытуды өткізуіне;
      заңнамада белгіленген тәртіппен оқу абдықтарын сатып алуға;
      мерзімді баспа басылымдарына жазылуға;
      Интернет қызметтеріне арналған шығыстарға орта білім беру ұйымдарының қажеттіліктері жатады;
      4) осы Қағидаларда көзделген шығыстарды жүргізуге байланысты банк (қаржылық) қызметтеріне ақы төлеуге пайдаланылады.
       5. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен төлемдер бойынша және қаржыландыру жоспарлары негізінде республикалық бюджеттен Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттерді аударуды жүргізеді.
      6. Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарының жергілікті атқарушы органдары:
      1) жеке қаржыландыру жоспарларына және осы Қағидаларға сәйкес республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын нысаналы мақсаты бойынша пайдаланады;
      2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне 2015 жылға арналған республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді жан басына қаржыландыруды сынамалауға бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттердің пайдаланылуы туралы ай сайын есеп береді.