"Базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 мамырдағы № 511 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 276 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 3 маусымдағы № 361 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.06.2022 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 мамырдағы № 511 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 2011 ж., № 38, 461-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі" деген бөлімде тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі";

      "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі" деген бөлімде тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі";

      реттік нөмірі 143-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

143.

"Ұлттық ғылыми онкология және трансплантология орталығы" акционерлік қоғамы


      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 145-1-жолмен толықтырылсын:

      "

145-1.

"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны


      ";

      "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі" және "Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі" деген бөлімдер алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі" деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

167.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің "Хамза Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

168.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің "Масғұт Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

169.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің "Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

169-1.

"Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты" акционерлік қоғамы


      ".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов