Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 шілдедегі № 750 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында:
реттік нөмірі 7-жолдың 3, 4-бағандары мынадай редакцияда жазылсын:
«ЭМ-ге ақпарат», «ҰЭМ СК»;
реттік нөмірі 11-жолдың 3, 4-бағандары мынадай редакцияда жазылсын:
«ДСӘДМ-ге ақпарат», «ЭМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері»;
реттік нөмірлері 66 және 70-жолдар алып тасталсын;
реттік нөмірі 67-жолдың 4, 5-бағандары мынадай редакцияда жазылсын:
«ЭМ», «2016 жылғы желтоқсан»;
реттік нөмірі 86-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«ЭМ (жинақтау), ИДМ»;
реттік нөмірі 98-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«ЭМ (жинақтау) Астана, Алматы қалаларының және басқа тиісті облыстардың әкімдері»;
реттік нөмірі 113-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Маңғыстау облысының әкімі (жинақтау), ЭМ»;
реттік нөмірі 114-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Қарағанды облысының әкімі (жинақтау), ЭМ»;
«ҰЭМ СК - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов