РҚАО-ның ескертпесі:
2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
«2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына және «2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 1300 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2015 жылға қаражат бөлу;
2) Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2015 жылға арналған қаражатты пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Орталық мемлекеттік органдар тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне кәсіптік стандарттардың әзірлену барысы туралы есептер берсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне кәсіптік стандарттардың әзірлену барысы туралы ақпарат берсін.
4. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 23 сәуірдегі
№ 257 қаулысымен
бекітілген
Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2015 жылға қаражат бөлу
Ескерту. Қаражат бөлу жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1156 (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Р/с |
Іс-шаралар атауы |
Жауапты мемлекеттік органдар |
Саны |
Сомасы, мың теңге |
1 |
Кәсіптік стандарттарды әзірлеу |
АШМ |
5 |
9146,0 |
2 |
Кәсіптік стандарттарды әзірлеу |
ИДМ |
22 |
41279,0 |
3 |
Кәсіптік стандарттарды әзірлеу |
МСМ |
8 |
15243,0 |
4 |
Кәсіптік стандарттарды әзірлеу |
ҰЭМ |
2 |
2370,0 |
5 |
Кәсіптік стандарттарды әзірлеу |
ІІМ |
1 |
1146,0 |
Барлығы: |
38 |
69184,0 |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АШМ – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;
ИДМ – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму
министрлігі;
МСМ – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі;
ҰЭМ – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі;
ІІМ – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 23 сәуірдегі
№ 257 қаулысымен
бекітілген
Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2015 жылға арналған қаражатты пайдалану қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2015 жылға арналған қаражатты пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына және «2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 1300 қаулысына сәйкес әзірленді.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) кәсіптік стандарт – кәсіптік қызметтің нақты саласында біліктілік деңгейіне және құзыреттілікке, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;
2) республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері – кәсіптік стандарттарды әзірлеу шеңберінде іске асырылатын іс-шараларды қаржыландыруды жүзеге асыратын ішкі істер, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, мәдениет және спорт, ауыл шаруашылығы, инвестициялар және даму және ұлттық экономика саласындағы орталық уәкілетті органдар.
3. Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге бағытталған іс-шараларды қаржыландыру бюджет заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
2. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне кәсіптік стандарттарды әзірлеуге бөлінетін қаражатты пайдалану тәртібі
4. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері кәсіптік стандарттың құрылымына және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 374-ө-м бұйрығымен бекітілген Кәсіптік стандарттарды әзірлеу, қайта қарау, сынақтан өткізу қағидасына сәйкес кәсіптік стандарттарды әзірлеуді қамтамасыз етеді.
5. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері кәсіптік стандарттарды әзірлеу кезінде кәсіптік қызметтің мазмұнына қойылатын бірыңғай талаптарды әзірлеуді, еңбек нарығының қазіргі заманғы қажеттіліктеріне жауап беретін біліктілік талаптарын жаңартуды қамтамасыз етеді.
6. Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2015 жылға көзделген қаражатты бөлу және пайдалану бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
7. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің кәсіптік стандарттарды әзірлеуге арналған көрсетілетін қызметтерді сатып алуы мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
8. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ұсынатын кәсіптік стандарттарды әзірлеу барысы туралы есептер:
1) іс-шаралардың нақты орындалуы туралы (нәтижелерге қол жеткізу сатылары);
2) нәтижелерге қол жеткізбеу себептері туралы;
3) бөлінген қаражаттың игерілуі туралы ақпаратты қамтуы тиіс.
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ІІМ – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі;
ДСӘДМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі;
МСМ – Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі;
АШМ – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;
ИДМ – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі;
ҰЭМ – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі.