Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қазақ ұлттық аграрлық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган ретінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі айқындалсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қазақ ұлттық аграрлық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны тиісінше Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Қазақ ұлттық аграрлық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорындар) болып қайта аталсын.
3. "Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті" акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакеттеріне иелік ету және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне берілсін.
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі:
1) кәсіпорындардың жарғысына өзгерістерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекіту үшін енгізуді;
2) кәсіпорындарды әділет органдарында қайта тіркеуді;
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 226 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне" деген бөлімде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 205-33-жолмен толықтырылсын:
"205-33. "Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті" акционерлік қоғамы";
"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі" деген бөлімде:
реттік нөмірі 222-33-9-жол алып тасталсын.
2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.08.2022 № 581 қаулысымен.3. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
"1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар" деген бөлімде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 21 және 22-жолдармен толықтырылсын:
"21. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Қазақ Ұлттық аграрлық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
22. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.";
"2. Акционерлік қоғамдар" деген бөлімде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 5-жолмен толықтырылсын:
"5. "Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті" акционерлік қоғамы".
4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.