Мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері және Қазақ ССР Министрлер Кеңесi мен Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешімдерінің күшi жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 221 қаулысы.

      "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына және 134-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Орман көшеттігі" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам) таратылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Есік мемлекеттік дендрологиялық саябағы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) құрылсын.

      3. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті кәсіпорынға қатысты тиісті саланың уәкілетті органы;

      2) кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы биологиялық әртүрлілікті және тектік қорды сақтау мақсатында өсімдіктер дүниесі объектілерін қорғауды, тұрақты пайдалануды, өсімін молайтуды және жасанды түрде өсіруді, сондай-ақ табиғатты (дендрологиялық саябақты) қорғауды қамтамасыз ету, ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру болып айқындалсын.

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қоғам таратылғаннан кейін қалған мүлікті Кәсіпорынға берсін.

      5. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес кәсіпорынның жалпы алаңы 365,43 гектар жер учаскелері ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер санатынан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінің санатына ауыстырылсын.

      6. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге ұсынуды;

      2) кәсіпорынды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

      7. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      8. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Қазақ ауылшаруашылық ғылымдары Академиясының ғылыми-зерттеу орталығын Алматы қаласынан Көкшетау облысына көшіру туралы" Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1959 жылғы 5 мамырдағы № 386 қаулысы;

      2) "Есік орман машина-мелиоративті стансасын тапсыру туралы" Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1976 жылғы 30 тамыздағы № 400 қаулысы;

      3) "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Үлгі-тәжiрибелiк орман көшеттiгi" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 тамыздағы № 843 қаулысы.

      9. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 10 сәуірдегі
№ 221 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке қалдыратын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Алматы облысы" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 25-1-жол алып тасталсын.

      2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгiнің Ғылым комитеті" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 222-34-жол алып тасталсын.

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.08.2022 № 581 қаулысымен.

      4. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі № 700 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 27, 290-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

      "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар" деген 1-бөлім:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 16-21-жолмен толықтырылсын:

      "16-21. Есік мемлекеттік дендрологиялық саябағы";

      "Акционерлiк қоғамдар" деген 3-бөлімде:

      реттік нөмірі 19-жол алып тасталсын.

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 10 сәуірдегі
№ 221 қаулысына
қосымша

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер санатынан ерекше
қорғалатын табиғи аумақтар жерлеріның санатына ауыстырылатын
жерлердің экспликациясы

Жер пайдаланушының атауы

Жалпы алаңы, гектар

Оның ішінде:

орман көмкерген

ауыл шаруашылығы алқаптары

орман белдеулері

өзге жерлер

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Есік мемлекеттік дендрологиялық саябағы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

365,43

62,0

254,73

14

34,7