"Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 579 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 193 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 579 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 48, 649-құжат);
      2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 7 мамырдағы № 579 және «Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын жасау қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 5 шілдедегі № 912 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 671 қаулысы 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 40, 584-құжат).
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов