Концессиялық жобаларды қаржыландыру жөніндегі ұйымды айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 109 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 14 шiлдедегi № 584 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 14.07.2023 № 584 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Концессиялар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 6-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Kazakhstan Infrastructure Fund C.V. концессиялық жобаларды қаржыландыру жөніндегі ұйым болып айқындалсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов