"Азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 тамыздағы № 781 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 90 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 34 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 26.01.2018 № 34 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 тамыздағы № 781 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1-тармақта:

      мына:

      "Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі;";

      "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары;" деген жолдар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "ҚазАгроИнновация" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша);";

      "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясы" республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті (келісім бойынша);";

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы (келісім бойынша).".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов