"2015 - 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 1300 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 84 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 1300 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 35-қосымшада:
      реттік нөмірі 63-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

63

Астана экономикалық форумын өткізу

VIII Астана экономикалық форумын өткізуді қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

«Экономикалық зерттеу институты» АҚ

012 «Астана экономикалық форумын өткізуді қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер»

392600

                                                              ».
      2. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов