Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жетпіс жылдығына арналған іс-шараларды өткізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 81 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      «2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жетпіс жылдығына арналған іс-шараларды өткізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің пайдалану қағидалары бекітілсін.
      2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын және есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күніне дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне жартыжылдықтың және жылдың қорытындылары бойынша тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есеп беруді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2015 жылғы 19 ақпандағы
№ 81 қаулысымен   
бекітілген     

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жетпіс жылдығына арналған
іс-шараларды өткізуге берілетін ағымдағы нысаналы
трансферттерді облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы
қалалары бюджеттерінің пайдалану қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жетпіс жылдығына арналған іс-шараларды өткізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 6) тармақшасына және «2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2014 жылғы № 1300 қаулысының 8-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
      2. Қағидалар облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 049 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жетпіс жылдығына арналған іс-шараларды өткізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» республикалық бюджеттік бағдарламасы (бұдан әрі – 049 бюджеттік бағдарламасы) бойынша көзделген, республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді (бұдан әрі – ағымдағы нысаналы трансферттер) пайдалану тәртібін айқындайды.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) 049 бюджеттік бағдарламасының жеке жоспары негізінде ағымдағы нысаналы трансферттерді облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне аударуды жүргізеді.
      4. Ағымдағы нысаналы трансферттер:
      1) осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген адамдарға Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жетпіс жылдығына біржолғы материалдық көмек (бұдан әрі – біржолғы материалдық көмек) көрсетуге;
      2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, сондай-ақ Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған Астана және Мәскеу қалаларындағы мерекелік шерулерге қатысу үшін облыстардың, Астана және Алматы қалаларының делегациялары құрамында жіберілетін медициналық қызметкерлерді қоса алғанда, олармен бірге жүретін адамдарға жол жүру, тұру және тамақтану шығыстарын төлеуге;
      3) банк операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдардың, «Қазпочта» акционерлік қоғамының Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жетпіс жылдығына біржолғы материалдық көмек төлеу жөніндегі қызметтеріне ақы төлеуге пайдаланылады.
      5. Облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар органы түсетін ағымдағы нысаналы трансферттерді:
      1) заңнамада белгіленген тәртіппен аудандық бюджеттерге, облыстық маңызы бар қалалардың бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттерді аудару жүргізілетін 051 «Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жетпіс жылдығына арналған іс-шараларды өткізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»;
      2) осы Қағидалардың 4-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген шығыстар жүргізілетін 052 «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жетпіс жылдығына арналған іс-шараларды өткізу» бюджеттік бағдарламалары бойынша көздейді.
      6. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органы түсетін ағымдағы нысаналы трансферттерді 052 «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жетпіс жылдығына арналған іс-шараларды өткізу» бюджеттік бағдарламасы бойынша көздейді. Көрсетілген бюджеттік бағдарлама бойынша осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген шығыстар жүргізіледі.
      7. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органы түсетін ағымдағы нысаналы трансферттерді 052 «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жетпіс жылдығына арналған іс-шараларды өткізу» бюджеттік бағдарламасы бойынша көздейді.
      Көрсетілген бағдарлама бойынша осы Қағидалардың 4-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көзделген шығыстар жүргізіледі.

2. Біржолғы материалдық көмек көрсетуге арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі

      8. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске қосқан үлесі үшін біржолғы материалдық көмекті төлеу мынадай мөлшерде жүзеге асырылады:
      1) бірінші дүниежүзілік, азаматтық, Ұлы Отан соғыстары кезеңінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтарда және мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшілерге, азамат және Ұлы Отан соғыстарының партизандары мен астыртын күрес жүргізгендерге – 100 000 теңге;
      2) бірінші дүниежүзілік, азамат, Ұлы Отан соғыстарында майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілеріне, партизандары мен астыртын күрес жүргізгендерге, сондай-ақ бірінші дүниежүзілік, азамат, Ұлы Отан соғыстары кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары жүргізілген аудандарда, майдан маңындағы темір жол учаскелерінде, қорғаныс шептерінің, әскери-теңіз базалары мен аэродромдардың құрылыстарында жаралануы, контузия алуы, жарақат алуы немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болып қалған әрі зейнетақымен қамсыздандыру бойынша әскери қызметшілерге теңестірілген тиісті санаттағы жұмысшылар мен қызметшілерге – 100 000 теңге;
      3) Ұлы Отан соғысы кезеңінде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін еңбек сіңірген жылдарына есептелетін қалаларда қызмет өткерген, бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілеріне, сондай-ақ басшы және қатардағы құрамының адамдарына – 70 000 теңге;
      4) Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтар мен мекемелерде штаттық қызмет атқарған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының ерікті жалдамалы құрамының адамдарына не тиісті кезеңдерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін еңбек сіңірген жылдарына есептелетін қалаларда болған адамдарға – 70 000 теңге;
      5) Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кірген әскери бөлімдердің, штабтар мен мекемелердің құрамында полк баласы (тәрбиеленушісі) және юнга ретінде болған адамдарға – 70 000 теңге;
      6) екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында шет елдердің аумағында партизан отрядтары, астыртын топтар мен басқа да антифашистік құралымдар құрамында фашистік Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдарға – 70 000 теңге;
      7) бұрынғы КСР Одағы Қатынас жолдары халық комиссариаты, Байланыс халық комиссариаты арнайы құралымдарының, кәсіпшілік және көлік кемелерінің жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтеру құрамының, Балық өнеркәсібі халық комиссариатының, теңіз және өзен флотының, Солтүстік теңіз жолдары бас басқармасының ұшу-көтеру құрамының Ұлы Отан соғысы кезеңінде әскери қызметшілер жағдайына ауыстырылған және ұрыс майдандарының тылдағы шептері, флоттардың оперативтік аймақтары шегінде майдандағы армия мен флот мүдделеріне орай міндеттер атқарған қызметкерлеріне, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезінде басқа мемлекеттердің порттарында еркінен айрылған көлік флоты кемелері экипаждарының мүшелеріне – 70 000 теңге;
      8) Ленинград қаласын қоршау кезеңінде қаланың кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен, «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен марапатталған азаматтарға – 30 000 теңге;
      9) екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердің, гетто және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына – 30 000 теңге;
      10) бұрынғы КСР Одағын қорғау кезінде жаралануына, контузия алуына, жарақат алуы немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болып қалған әскери қызметшілерге – 70 000 теңге;
      11) қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, жарақат алуы салдарынан не майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болып қалған бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына – 70 000 теңге;
      12) 1944 жылғы 1 қаңтар – 1951 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде Украин КСР-і, Беларусь КСР-і, Литва КСР-і, Латвия КСР-і, Эстон КСР-і аумақтарында әрекет еткен халықты қорғаушы, жауды жоюшы батальондардың, взводтар мен жасақтардың жауынгерлері мен командалық құрамы қатарында болған, осы батальондарда, взводтар мен жасақтарда қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы немесе жарақат алуы салдарынан мүгедек болып қалған адамдарға – 30 000 теңге;
      13) Ұлы Отан соғысы жылдарында қайтыс болған (хабар-ошарсыз кеткен) әскери қызметшілердің, партизандардың, астыртын күрес жүргізгендердің ата-аналарына, қайтадан некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне) – 30 000 теңге;
      14) қайтыс болған Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің басқа некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне) – 25 000 теңге;
      15) қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізгендердің, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен және «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен марапатталған, жалпы аурудың, еңбек жарақатының және басқа себептердің (құқыққа қарсы әрекеттерді қоспағанда) нәтижесінде мүгедек деп танылған азаматтардың басқа некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне) – 25 000 теңге;
      16) бұрынғы КСР Одағын қорғау кезінде жаралануы, контузия алуы, жарақат алуы салдарынан немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болып қалған әскери қызметшілердің басқа некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне) – 25 000 теңге;
      17) қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, жарақат алуы салдарынан не майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болып қалған бұрынғы КСР Одағы мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдарының басқа некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне) – 25 000 теңге;
      18) Украин КСР-і, Беларусь КСР-і, Литва КСР-і, Латвия КСР-і, Эстон КСР-і аумақтарында әрекет еткен халықты қорғаушы, жауды жоюшы батальондардың, взводтар мен жасақтардың жауынгерлері мен командалық құрамы қатарында болған, осы батальондарда, взводтар мен жасақтарда қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы немесе жарақат алуы салдарынан мүгедек болып қалған адамдардың басқа некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне) – 25 000 теңге;
      19) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемінде алты ай еңбек еткен (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға – 25 000 теңге.
      Бір мезгілде бірнеше негіздеме бойынша біржолғы материалдық көмек алуға құқығы бар адамдарға біржолғы материалдық көмек олардың таңдауына қарай бір негіздеме бойынша беріледі.
      9. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының филиалдары (бұдан әрі – орталықтың филиалдары) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне біржолғы материалдық көмек алушылардың тізімдерін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес электрондық және қағаз жеткізгіштерде мынадай мерзімде:
      1) 2015 жылғы 8 сәуірге дейін – осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген, 2015 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Орталықтың филиалдарынан әлеуметтік төлемдер алушы адамдарды көрсете отырып;
      2) 2015 жылғы 1 шілдеге дейін – осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген, бұрынғы тұрған жері бойынша бұдан бұрын біржолғы материалдық көмек алмаған, жаңадан келген адамдарды көрсете отырып жібереді.
      10. Қорғаныс, Ішкі істер министрліктері, Ұлттық қауіпсіздік комитеті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне біржолғы материалдық көмек алушылардың тізімдерін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес электрондық және қағаз жеткізгіштерде мынадай мерзімде:
      1) 2015 жылғы 8 сәуірге дейін – осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген, 2015 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша аталған органдарда есепте тұрған адамдарды көрсете отырып;
      2) 2015 жылғы 1 шілдеге дейін – осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген, бұрынғы тұрған жері бойынша бұдан бұрын біржолғы материалдық көмек алмаған, жаңадан келген адамдарды көрсете отырып жібереді.
      11. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері осы Қағидалардың 910-тармақтарына сәйкес ұсынылған тізімдерді ескере отырып төлеу үшін біржолғы материалдық көмекті алушылардың тізімдерін қалыптастырады.
      12. Республикалық маңызы бар қаланың (астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары алушылардың банк операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдарда не «Қазпочта» акционерлік қоғамында зейнетақылар мен жәрдемақыларды есепке жатқызу үшін ашылған жеке шоттарына қаражат аудару арқылы:
      1) 2015 жылғы 30 сәуірге дейін – тізімдері ұсынылған, осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген адамдарға;
      2) 2015 жылғы 31 шілдеге дейін – осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген және бұрынғы тұрған жерінде бұдан бұрын біржолғы материалдық көмек алмаған, жаңадан келген адамдарға біржолғы материалдық көмек төлеуді жүзеге асырады.
      13. Банк операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдардың, «Қазпочта» акционерлік қоғамының біржолғы материалдық көмек төлеу жөніндегі қызметтеріне ақы төлеу көрсетілген ұйымдар мен республикалық маңызы бар қаланың (астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаласының) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарының арасында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жасалған шарт негізінде жүргізіледі.
      14. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері Министрлікті 2015 жылғы 4 мамырға дейінгі мерзімде біржолғы материалдық көмектің төленгені туралы, 2015 жылғы 3 тамызға дейінгі мерзімде осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген және бұрынғы тұрған жері бойынша бұдан бұрын оны алмаған, жаңадан келген адамдарға біржолғы материалдық көмек төлеу туралы хабардар етеді.

3. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің,
сондай-ақ Астана және Мәскеу қалаларында Ұлы Отан соғысындағы
Жеңістің жетпіс жылдығына арналған мерекелік шерулерге қатысу
үшін облыстардың, Астана және Алматы қалаларының делегациялары
құрамында жіберілетін медициналық қызметкерлерді қоса алғанда,
олармен бірге жүретін адамдардың жол жүру, тұру және тамақтану
шығыстарын төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді
пайдалану тәртібі

      15. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, сондай-ақ Астана және Мәскеу қалаларында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған мерекелік шеруге қатысу үшін облыстардың, Астана және Алматы қалаларының делегациялары құрамында жіберілетін медициналық қызметкерлерді қоса алғанда, олармен бірге жүретін адамдарға (бұдан әрі – делегациялардың қатысушылары) Астана және Мәскеу қалаларына Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жетпіс жылдығын мерекелеуге арналған мерекелік шеруге теміржол және (немесе) әуе көлігімен жол жүру үшін жол жүру құжаттары беріледі, сондай-ақ мерекелік шерулердің өту кезеңінде тұру және тамақтану шығыстары төленеді.
      16. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қоғамдық бірлестіктерімен келісу бойынша 2015 жылғы 1 сәуірге дейінгі мерзімде Астана және Мәскеу қалаларында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жетпіс жылдығын мерекелеуге арналған мерекелік шеруге баратын делегациялар қатысушыларының, бірге жүретін адамдар мен медициналық қызметкерлердің тізімдерін (бұдан әрі – делегация) қалыптастырады және бекітеді, әр делегация үшін бірге жүретін адамдардың қатарынан жауапты адамды айқындайды және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар органдары (бұдан әрі – жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар органдары) арқылы аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарына (бұдан әрі – жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары) жібереді.
      17. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары делегациялар қатысушыларының тізімдерін алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде делегацияның әрбір қатысушысына мынадай құжаттарды жинауды жүзеге асырады:
      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      3) банк операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдардағы не «Қазпочта» акционерлік қоғамындағы банк шотының нөмірі туралы мәліметтер;
      4) соғысқа қатысушының немесе соғыс мүгедегі куәлігінің көшірмесі (Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері үшін);
      5) медициналық ұйымның жол жүруге қарсы айғақтамалардың жоқ екені туралы анықтамасы (Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері үшін).
      18. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары алынған өтініштер мен құжаттардың негізінде екі жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жол жүру құжаттарын (билеттерін) алуға арналған өтінімді дайындайды және жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар органдарына ұсынады.
      19. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге арналған шеруге Мәскеу қаласына жол жүру құжаттары (билеттері):
      1) Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары делегацияларының қатысушылары үшін облыс орталығынан Астана қаласына дейін және кері қайтуға, сондай-ақ Астана қаласынан Мәскеу қаласына дейін және кері қайтуға – әуе көлігіне;
      2) Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстары және Алматы қаласы делегацияларының қатысушылары үшін:
      облыс орталығынан (Алматы қаласынан) Астана қаласына дейін және кері қайтуға – темір жол көлігіне;
      Астана қаласынан Мәскеу қаласына дейін және кері қайтуға – әуе көлігіне;
      3) Астана қаласы делегациясының қатысушыларына Астана қаласынан Мәскеу қаласына дейін және кері қайтуға – әуе көлігіне беріледі.
      20. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар органдары делегацияның кетуіне дейін кемінде он бес жұмыс күні қалғанда, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жол жүру құжаттарын (билеттерін) алуға өтінімді қалыптастырады және жол жүру құжаттарын беру жөніндегі ұйымдарға береді.
      21. Жол жүру құжаттарын беру жөніндегі ұйымдар 20-тармақта көрсетілген өтінімді алғаннан кейін, бес жұмыс күні ішінде өтінімде көрсетілген жол жүрудің толық маршрутына жол жүру құжаттарын (билеттерін) дайындайды және оларды жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар органдарына осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада жасалатын жол жүру құжаттарын (билеттерін) қабылдау-тапсыру актісіне сәйкес береді.
      22. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар органдары алынған жол жүру құжаттарын (билеттерін) екі жұмыс күні ішінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарына Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 2 тамыздағы № 390 бұйрығымен бекітілген № М-2а нысанындағы сенімхаты (бұдан әрі – № М-2а нысанындағы сенімхат) бойынша береді.
      23. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары екі жұмыс күні ішінде жол жүру құжаттарын (билеттерін) делегациялар қатысушыларына қолын қойғызып береді.
      24. Жол жүру құжаттарын (билеттерін) қабылдау-тапсыру актісіне қол қойылғаннан кейін жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар органдары мен жол жүру құжаттарын беру жөніндегі ұйымдардың арасында жол жүру құжаттарын беру жөніндегі ұйымдарға делегациялар қатысушыларына берілген жол жүру құжаттарына (билеттеріне) ақы төлеу үшін негіздеме болып табылатын салыстырып тексеру актісі жасалады.
      Салыстырып тексеру актісі осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада жасалады.
      25. Жол жүру құжаттарының (билеттерінің) құнын төлеуді жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар органдары осы Қағидалардың 24-тармағында көрсетілген қол қойылған салыстырып тексеру актісінің негізінде қолма-қол ақшасыз нысанда он жұмыс күні ішінде жол жүру құжаттарын беру жөніндегі ұйымда Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес жүргізеді.
      26. Делегациялар қатысушыларына тамақтану және тұру шығыстары бір мезгілде мынадай мөлшерде:
      1) Астана қаласындағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге арналған шеруге (Астана қаласы делегациясының қатысушыларын қоспағанда) бір адамға бес тәулікке есептегенде:
      тамақтануға – тәулігіне 2 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК);
      қонақ үйде тұруға – тәулігіне 7 АЕК;
      2) Мәскеу қаласындағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге арналған шеруге бір адамға бес тәулікке есептегенде, оның ішінде:
      Астанада екі тәулік болған кезде тамақтануға – тәулігіне 2 АЕК; Астана қаласында тұруға – тәулігіне 7 АЕК (Астана қаласы делегациясының қатысушыларын қоспағанда);
      Мәскеуде үш тәулік болған кезде – тәулігіне тамақтануға 80 АҚШ долларына балама сомада; Мәскеу қаласында қонақ үйде тұруға – тәулігіне 220 АҚШ долларына балама сомада төленеді.
      Мәскеуде тамақтану және тұру шығыстарын төлеу Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасында белгіленген тәртіппен төлем күніне Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валютасына қатысты ресми бағамы бойынша жүргізіледі.
      27. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар органдары делегацияның кетуіне дейін кемінде бес жұмыс күні қалғанда делегацияның әрбір қатысушысына тамақтану және тұру шығыстарын, оның банк операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдарда не «Қазпочта» акционерлік қоғамында зейнетақылар мен жәрдемақыларды есепке жатқызу үшін ашылған жеке шотына аудару арқылы төлейді.
      28. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары ай сайын 2015 жылғы сәуір – мамыр аралығындағы кезеңде жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар органдарына делегациялардың қатысушылары қайтарған пайдаланылған (пайдаланылмаған) жол жүру құжаттарының (билеттерінің) не жол жүру құжаттарын беру жөніндегі ұйымдардың жол жүру құжаттарының (билеттерінің) қайтарылғаны туралы жазбаша растамаларының негізінде жасалған пайдаланылған жол жүру құжаттары (билеттері) туралы есепті ұсынады.
      29. Жол жүру мүмкін болмаған немесе жол жүруден бас тартқан жағдайда, қатысушы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар органдарына алған жол жүру құжаттарын (билеттерін), сондай-ақ оның жеке шотына аударылған тамақтануға және тұруға арналған қаражатты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары арқылы 2015 жылғы 31 мамырдан кешіктірілмейтін мерзімде қайтарады. Бұл ретте, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары делегациялардың қатысушыларына жол жүру құжаттарының (билеттерінің) қайтарылғаны туралы жазбаша растама береді.
      Алынған жол жүру құжаттарын (билеттерін) және өзінің есебіне аударылған тамақтануға және тұруға арналған қаражатты делегация қатысушысы көрсетілген мерзімде қайтармаған жағдайда, көрсетілген қаражат сот шешімінің негізінде сот тәртібімен қайтарылады, бұл туралы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар органдары алушыны жазбаша хабардар етеді.
      30. Егер делегация қатысушысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарынан алынған жол жүру құжаттарын (билеттерін) қайтаруды жол жүру құжаттарын беру жөніндегі ұйымда жүзеге асыратын болса, жол жүру құжаттарын беру жөніндегі ұйымдар көрсетілген жол жүру құжаттарының (билеттерінің) құнын қайтаруды жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар органдарына қолма-қол ақшасыз нысанда үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Бұл ретте, жол жүру құжаттарын беру жөніндегі ұйымдар делегациялардың қатысушыларына жол жүру құжаттарының (билеттерінің) қайтарылғаны туралы жазбаша растама береді.
      31. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары пайдаланылмаған жол жүру құжаттарын (билеттерін) және қайтарылған қаражатты жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар органдарына № М-2а нысанындағы сенімхат бойынша қайтарады.
      32. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар органдары пайдаланылмаған жол жүру құжаттарын (билеттерін) жол жүру құжаттарын беру жөніндегі ұйымдарға мынадай үлгіде қайтарады:
      1) егер жол жүру құны өтелген болса, орындарды қайтару үшін жол жүру құжаттары (билеттері) поезд жөнелтілгеннен кейін үш сағаттан кешіктірілмейтін немесе ұшақтың ұшуына дейін үш сағаттан аспайтын уақыт қалған мерзімде жол жүру құжаттарын беру жөніндегі ұйымдарға ұсынылады. Бұл ретте, төлеуге ұсынылатын салыстырып тексеру актісінде көрсетілетін жалпы сома жол жүру құжатының (билетінің) құнынан ұстап қалу шегеріле отырып, қайтарылған жол жүру құжаттарының (билеттерінің) құнына тең сомаға азайтылады;
      2) егер жол жүру құны өтелмеген болса, орындарды қайтару үшін жол жүру құжаттары (билеттері) поезд жөнелтілгеннен кейін үш сағаттан кешіктірілмейтін немесе ұшақтың ұшуына дейін үш сағаттан аспайтын уақыт қалған мерзімде жол жүру құжаттарын беру жөніндегі ұйымдарға ұсынылады. Бұл ретте, төлеуге ұсынылатын салыстырып тексеру актісінде көрсетілетін жалпы сомаға қайтарылған жол жүру құжатының (билетінің) құнынан ұстап қалу сомасы қосылады.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жетпіс
жылдығына арналған іс-шараларды  
өткізуге берілетін ағымдағы нысаналы
трансферттерді облыстық бюджеттердің,
Астана және Алматы қалалары    
бюджеттерінің пайдалану қағидаларына
1-қосымша           

нысан

Біржолғы материалдық көмек алушылардың тізімі

Р/с №

Т.А.Ә.

Санаты

Туған күні

Тұрғылықты жері

Жеке немесе карт-шоттың №

Банктің (филиалдың) және әлеуметтік төлемдер беруді жүзеге асыратын басқа ұйымдардың атауы

ЖСН

1

2

3

4

5

6

7

8

















































      М.О.

      _____________________________                 ________________
      (жұмыспен қамту және әлеуметтік                 Т.А.Ә., қолы
      бағдарламалар органының) басшысы

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жетпіс
жылдығына арналған іс-шараларды  
өткізуге берілетін ағымдағы нысаналы
трансферттерді облыстық бюджеттердің,
Астана және Алматы қалалары    
бюджеттерінің пайдалану қағидаларына
2-қосымша            

нысан

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
органының басшысы _________________________
__________________________________________
________________ мекенжайы бойынша тұратын,
жеке куәлігі (паспорты) __________________
соғысқа қатысушының (соғыс мүгедегінің) куәлігі
(мұндай мәртебесі болған жағдайда)________
__________________________________________

Өтініш

      Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге арналған
шеруге (шерудің қай қалада болатыны көрсетілсін: Астана қаласында,
Мәскеу қаласында) жол жүру құжаттарын (билеттерін) беруіді, оның
ішінде мерекелік іс-шаралар өткізілетін кезеңде тамақтану және тұру
шығыстарын төлеуіді сұраймын.
      Жол жүру мүмкін болмаған жағдайда, жол жүру құжаттарын
(билеттерін), сондай-ақ мен алған тамақтануға және тұруға ақшалай
қаражатты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарына
кеткенге дейін үш тәуліктен кешіктірілмейтін мерзімде қайтаруға
міндеттенемін.
      Келгеннен кейін бір айдың ішінде жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар органдарына пайдаланылған жол жүру құжаттарын
(билеттерін) қайтаруға міндеттенемін.

Күні ________________
Делегация қатысушысының қолы __________________

Өтініш қабылданды ______________________________________________
                  (күні, Т.А.Ә., жұмыспен қамту және әлеуметтік
                      бағдарламалар органы маманының қолы)

Жол жүру құжаттарын (билеттерін) алғаны туралы белгі:
Жол жүру құжаттарын (билеттерін) берді:
Күні __________________________
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органы маманының қолы
__________________________
Жол жүру құжаттарын (билеттерін) алды:
Күні _______________
Делегация қатысушысының қолы ____________

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жетпіс
жылдығына арналған іс-шараларды  
өткізуге берілетін ағымдағы нысаналы
трансферттерді облыстық бюджеттердің,
Астана және Алматы қалалары    
бюджеттерінің пайдалану қағидаларына
3-қосымша            

нысан

Жол жүру құжаттарын (билеттерін) алуға өтінім

Р/с №

Т.А.Ә.

Мәртебесі

Жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі

Шығу және кері қайту күні көрсетілген жол жүру маршруты

Көлік түрі (вагон үлгісі көрсетілген теміржол, әуе көлігі)













М.О.

_________________________________      __________________________
(жұмыспен қамтуды үйлестіру және               Т.А.Ә., қолы
әлеуметтік  бағдарламалар органының)
басшысы

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жетпіс
жылдығына арналған іс-шараларды  
өткізуге берілетін ағымдағы нысаналы
трансферттерді облыстық бюджеттердің,
Астана және Алматы қалалары    
бюджеттерінің пайдалану қағидаларына
4-қосымша            

нысан

№ __ дана

Жол жүру құжаттарын (билеттерін) қабылдау-тапсыру актісі

Р/с

Т.А.Ә.

Мәртебесі

Жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі

Шығу және кері қайту күні көрсетілген жол жүру маршруты

Билет нөмірі

Көлік түрі (вагон үлгісі көрсетілген теміржол және/немесе әуе көлігі)

Жол жүру құжаттарының (билеттерінің) құны, теңге

1

2

3

4

5

6

7

8

















М.О. Берді:

____________________________________     ________________________
Жол жүру құжатын (билетін)                    Т.А.Ә., қолы
ресімдеген бөлімшенің басшысы

М.О. Қабылдады:

____________________________________    _________________________
(Жұмыспен қамту (жұмыспен қамтуды             Т.А.Ә., қолы
үйлестіру) және әлеуметтік
бағдарламалар органының) басшысы

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жетпіс
жылдығына арналған іс-шараларды  
өткізуге берілетін ағымдағы нысаналы
трансферттерді облыстық бюджеттердің,
Астана және Алматы қалалары    
бюджеттерінің пайдалану қағидаларына
5-қосымша            

нысан
№ __ дана

Салыстырып тексеру актісі

Р/с №

Т.А.Ә.

Жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі

Шығу және кері қайту күні көрсетілген жол жүру маршруты

Билет нөмірі №

Көлік түрі (вагон үлгісі көрсетілген теміржол, әуе көлігі)

Жол жүру құжаттарының (билеттерінің) құны, теңге

Төлеу күні

1

2

3

4

5

6

7

8

















Жиынтық сомасы:

М.О.

____________________________________     ________________________
Жол жүру құжатын (билетін)                    Т.А.Ә., қолы
ресімдеген бөлімшенің басшысы

М.О. Қабылдады:

____________________________________    _________________________
(жұмыспен қамту (жұмыспен қамтуды             Т.А.Ә., қолы
үйлестіру) және әлеуметтік
бағдарламалар органының) басшысы