Қазақстан мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі елдік бағдарлама жобасын іске асыру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы өзара түсіністік туралы мемо

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 10 қаулысы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.12.2015 № 1141 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
      1. «Жешелендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 280 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген жекешелендіруге жататын  республикалық меншіктегі ұйымдар тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 4-жол алып тасталсын;
      «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 2-жол алып тасталсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов