Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ұлттық темір жол компаниясы мен ұлттық тасымалдаушылардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 25 желтоқсандағы № 1389 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 9, 76-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «Қазтеміртранс» акционерлiк қоғамы – жүктердi тасымалдау жөнiндегi;»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Компания жүктерді теміржол көлігімен тасымалдаушының функцияларын 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін орындайды деп белгіленсін.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К.Мәсімов