Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 27.12.2018 № 895 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 33, 501-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларында:
17-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Құзыретіне сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды олардың ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысандарына қарамастан, жоспарлы түрде бес жылда бір рет өткізеді.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Мектепке дейінгі ұйымды құрылтайшы құрады және ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әділет органдарында тіркеледі. Тіркелгеннен кейін мектепке дейінгі білім беру ұйымы қызметінің басталғаны туралы орналасу орнына қарай құзыретіне сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті органды хабардар етеді.";
мынадай мазмұндағы 18-1 және 18-2-тармақтармен толықтырылсын:
"18-1. Мектепке дейінгі ұйым қызметін тоқтатқан кезде орналасқан жері бойынша құзыретіне сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті органды қызметінің тоқтатылғаны туралы хабардар етеді.
18-2. Қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама жіберу рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесін және рұқсаттар мен хабарламалар мемлекеттік электрондық тізілімін пайдалану арқылы электрондық нысанда жүзеге асырылады.";
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Жалпы білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) қызметінің үлгілік қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-тармақтармен толықтырылсын:
"3-1. Ведомстволық бағыныстылығына және меншік нысанына қарамастан, негізгі орта, жалпы орта білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес берілген лицензияның негізінде жүзеге асырады.
3-2. Лицензиялау рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімі пайдаланыла отырып, электрондық нысанда жүзеге асырылады.";
31-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Құзыретіне сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысандарына қарамастан, жалпы білім беру (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды жоспарлы түрде бес жылда бір рет өткізеді.";
3) көрсетілген қаулымен бекітілген Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 6-1 және 6-2-тармақтармен толықтырылсын:
"6-1. Ведомстволық бағыныстылығына және меншік нысанына қарамастан, кәсіптік және техникалық білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес берілген лицензияның негізінде жүзеге асырады.
6-2. Лицензиялау рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімі пайдаланыла отырып, электрондық нысанда жүзеге асырылады.";
36-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Құзыретіне сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысандарына қарамастан, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды жоспарлы түрде бес жылда бір рет өткізеді.";
4) көрсетілген қаулымен бекітілген Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары:
мынадай мазмұндағы 4-1 және 4-2-тармақтармен толықтырылсын:
"4-1. Ведомстволық бағыныстылығына және меншік нысанына қарамастан, орта білімнен кейінгі білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес берілген лицензияның негізінде жүзеге асырады.
4-2. Лицензиялау рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімі пайдаланыла отырып, электрондық нысанда жүзеге асырылады.";
5) көрсетілген қаулымен бекітілген Жоғары білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары:
мынадай мазмұндағы 4-1 және 4-2-тармақтармен толықтырылсын:
"4-1. Ведомстволық бағыныстылығына және меншік нысанына қарамастан, кәсіптік жоғары білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес берілген лицензияның негізінде жүзеге асырады.
4-2. Лицензиялау рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімі пайдаланыла отырып, электрондық нысанда жүзеге асырылады.";
6) көрсетілген қаулымен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары:
мынадай мазмұндағы 4-1 және 4-2-тармақтармен толықтырылсын:
"4-1. Ведомстволық бағыныстылығына және меншік нысанына қарамастан, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес берілген лицензияның негізінде жүзеге асырады.
4-2. Лицензиялау рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімі пайдаланыла отырып, электрондық нысанда жүзеге асырылады.";
7) көрсетілген қаулымен бекітілген Мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 12-1 және 12-2-тармақтармен толықтырылсын:
"12-1. Ведомстволық бағыныстылығына және меншік нысанына қарамастан, мамандандырылған білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес берілген лицензияның негізінде жүзеге асырады.
12-2. Лицензиялау рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімі пайдаланыла отырып, электрондық нысанда жүзеге асырылады.";
14-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Құзыретіне сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысандарына қарамастан, мамандандырылған білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды жоспарлы түрде бес жылда бір рет өткізеді.";
8) көрсетілген қаулымен бекітілген Арнайы білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Арнайы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан басқа, ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысанына қарамастан арнайы білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес берілген лицензияның негізінде жүзеге асырады.
Арнайы мектепке дейінгі білім беру ұйымы ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысандарына қарамастан өз қызметінің басталғаны немесе аяқталғаны туралы құзыретіне сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті органды хабардар етеді.";
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
"6-1. Лицензиялау және хабарламаларды жіберу рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімі пайдаланыла отырып, электрондық нысанда жүзеге асырылады.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Құзыретіне сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган арнайы білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды жоспарлы түрде бес жылда бір рет өткізеді.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |