Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 16.11.2018 № 756 қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
Осы қаулы 21.11.2014 бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру және оның жұмысын ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 қыркүйектегі № 1140 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия және оның жұмысын ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.";
4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;";
5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар енгізуге;";
көрсетілген Ережеге қосымшада:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Рұқсат беру құжаттарын (рәсімдерін) және хабарламаларды түгендеуді мониторингтеу мен үйлестіруді Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – ВАК) жүзеге асырады.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – ҰЭМ) рұқсат беру құжаттарын (рәсімдерін) және хабарламаларын түгендеу жөніндегі сараптамалық топ (бұдан әрі – СТ) құрамын қалыптастырады және ВАК-қа келісуге ұсынады.";
10, 11, 12, 13 және 20-тармақтардағы "ӨДМ" деген аббревиатура "ҰЭМ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы 2014 жылғы 21 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |