Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.02.2016 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 шілдедегі № 922 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 62, 859-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларында:
4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетте осы мақсаттарда көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.»;
7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Шығындарды өтеу ұлттық валютада жүргізіледі. Шетелдік валютада жұмсалған шығындарды қайта есептеу Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің индустриялық-инновациялық қызмет субъектісімен есеп айырысу бойынша операцияларды жасау күні қолданыста болған валюта бағамдары бойынша жүзеге асырылады.
8. Мынадай:
1) тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің отандық өндірушілері болып табылатын;
2) өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру шыққан күнге дейін соңғы 2 (екі) қаржы жылында Қағидалардың 5-тармағында көзделген түрлер бойынша шығын шеккен;
3) салықтар, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша үш айдан ұзаққа созылған берешегі жоқ (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлем мерзімі ұзартылған жағдайларды қоспағанда);
4) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген экономикалық қызмет түрлерінің тізбесіне сәйкес отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта өткізуді жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің өтінімдері қарауға жіберіледі.»;
9-тармақта:
3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша үш айдан ұзаққа созылған берешегінің жоқ (бар) екені туралы тиісті салық органының белгіленген үлгідегі анықтамасының түпнұсқасы. Анықтама өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру шыққан күннен бұрын берілмеуі тиіс;
4) индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің мөрімен куәландырылған отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта өткізу фактісін растайтын құжаттардың (шарттар, шот-фактуралар, орындалған жұмыстар/көрсетілген қызметтер, тауарды жеткізу/қабылдау, өткізу актілері) көшірмелері;»;
мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) сертификаттау қызметтеріне ақы төлеу үшін валютаны сертификаттау және айырбастау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді берушіге ақы төлеу валютасының аударылғанын, айырбасталғанын растайтын банк куәландырған құжаттардың көшірмелері.»;
19-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Шарт талаптарына сәйкес индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту жөніндегі шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша уәкілетті органға қызметтер көрсету кезінде жұмсалған ұлттық институттың әкімшілік шығыстарын өтеу республикалық бюджетте шығындардың бір бөлігін көрсетілген өтеуге көзделген қаражат есебінен шығындардың негізделген сметасына сәйкес жүзеге асырылады.»;
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшада:
шығындардың бір бөлігін өтеуге арналған өтінім түйіндемесінің нысанында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Шығындардың бір бөлігін өтеуге болжанатын жалпы сома:
________________________________________________________ теңге.
(сома цифрлармен және жазбаша)
Лауазымды адам ______________________________
Қолы ________________________________________
Күні _________________________________________
Ескертпе: шығындарды теңгемен қайта есептеу және жиынтық соманы есептеу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің индустриялық-инновациялық қызмет субъектісімен есеп айырысу бойынша операция жасау күні қолданыста болған валюта бағамдары қабылданады.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 29 қарашадағы
№ 1262 қаулысына
қосымша
Индустриялық-инновациялық қызмет
субъектілерінің отандық өңделген
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді ішкі нарықта жылжыту
бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу
қағидаларына
1-қосымша
Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық
өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі
нарықта жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігі өтелетін
экономикалық қызмет түрлерінің тізбесі
ЭҚЖЖ коды |
Атауы |
283 |
Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы техникасын жасау |
29 |
Автокөлік құралдарын, трейлерлер мен жартылай тіркемелерді жасау |
231 |
Шыны және шыныдан жасалған бұйымдар шығару |
2331 |
Керамикалық жабындылар мен тақталар шығару |
2332 |
Кірпішті, жабынқышты және күйдірілген балшықтан жасалған өзге құрылыс бұйымдарын шығару |
1623 |
Өзге ағаш құрылыс конструкторлары мен ағаш өңдеу бұйымдарын шығару |
232 |
Отқа төзімді бұйымдар шығару |
2223 |
Құрылысқа арналған пластик бұйымдарды шығару |
17 |
Қағаз және қағаз өнімдерін шығару |
31 |
Жиһаз шығару |
10 |
Азық-түлік өнімдерін шығару |
55 |
Тұруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтер |
56 |
Азық-түлік өнімдері мен сусындарды ұсыну жөніндегі көрсетілетін қызметтер |
5629 |
Тамақтандыруды ұйымдастырудың өзге түрлері |
2051 |
Жарылғыш заттар шығару |
192 |
Мұнайды қайта өңдеу өнімдерін шығару |
235 |
Цемент, әк және сылақ өндіру |
236 |
Құрылысқа арналған бетоннан, цементтен және гипстен жасалған бұйымдар шығару |
289 |
Арнайы мақсаттағы техниканың өзге түрлерін жасау |
26 |
Компьютерлер, электрондық және оптикалық өнімдер жасау |
27 |
Электр жабдықтарын жасау |
281 |
Жалпы мақсаттағы машиналар жасау |
282 |
Жалпы мақсаттағы өзге техниканы жасау |
29 |
Автокөлік құралдарын, трейлерлер мен жартылай тіркемелерді жасау |
30 |
Өзге көлік құралдарын жасау |
13 |
Тоқыма бұйымдарын шығару |
14 |
Киім-кешек шығару |
15 |
Былғары және оған жататын өнімдер шығару |
20 |
Химия өнеркәсібі өнімдерін шығару |
21 |
Негізгі фармацевтикалық өнімдер шығару |
22 |
Резеңке және пластмасса бұйымдарын шығару |
242 |
Болаттан жасалған құбырлар, құбырөткізгіштер, профильдер, фитингтер жасау |
243 |
Бастапқы өңдеу арқылы өзге болат бұйымдарын жасау |
2432 |
Таспалар мен енсіз жолақтарды суықтай жұқарту |
2433 |
Суықтай құю немесе бүктеу |
2434 |
Суықтай созу арқылы сым жасау |
244 |
Негізгі асыл және түсті металдар өндіру |
245 |
Металдар құю |
25 |
Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын жасау |
33 |
Машиналар мен жабдықтар жөндеу және орнату |
41 |
Ғимараттар салу |
43 |
Мамандандырылған құрылыс жұмыстары |
4313 |
Барлау мақсатындағы бұрғылау |
091 |
Мұнай мен табиғи газды игеру саласындағы техникалық көрсетілетін қызметтер |