"Гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың және қорлардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 376 қаулысына толықтыру енгізу тур

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 қарашадағы № 1214 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 9 сәуірдегі № 177 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 09.04.2018 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың және қорлардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 376 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 17, 139-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың және қорлардың тізбесі:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 165-жолмен толықтырылсын:

      "165. "International Fund for Houbara Conservation – Kazakhstan" (Интернешнл Фанд Фо Хубара Консервейшн - Казахстан)" корпоративтік қоры".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов