Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңдарына сәйкес, ШЕШІМ ЕТТІ:
1.
2015 жылдың қаңтарынан наурызына дейін тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2.
Осы шешімнің 1 тармағында көрсетілген азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеуге алуды өткізу қорытындысы туралы ақпарат 2015 жылдың 7 сәуіріне дейінгі мерзімде ұсынылсын.
3.
Осы шешімінің орындалуын бақылау Шахтинск қаласы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Е. С. Галиевке жүктелсін.
4.
Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі |
А. Аглиулин |