"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының еншілес және тәуелді ұйымдары акцияларының пакеттерін бағалы қағаздар нарығына шығару бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 қыркүйектегі № 1027 қаулысына өз

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 1084 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 5 шілдедегі № 395 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.07.2016 № 395 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының еншілес және тәуелді ұйымдары акцияларының пакеттерін бағалы қағаздар нарығына шығару бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 қыркүйектегі № 1027 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 23, 288-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының еншілес және тәуелді ұйымдары акцияларының пакеттерін бағалы қағаздар нарығына шығару бағдарламасында:
      бүкіл мәтіні бойынша «халық», «халықтың», «халқының», «халыққа» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасының азаматтары», «Қазақстан Республикасы азаматтарының», «Қазақстан Республикасының азаматтарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «Бағдарламаның паспорты» деген 1-бөлімде:
      «Іске асыру мерзімі» деген кіші бөлімдегі «2011 - 2015» деген сандар «2011 - 2022» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Мақсатты индикаторлар» деген кіші бөлімде:
      1) тармақша алынып тасталсын;
      3) және 4) тармақшалардағы «2015» деген сандар «2022» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері, мақсатты индикаторлары» деген 4-бөлімде:
      бесінші бөліктің «Халықтық IPO» шеңберінде Қордың 6 еншілес және тәуелді компанияларының акцияларын орналастыру;» деген екінші абзацы алынып тасталсын;
      бесінші бөліктің төртінші және бесінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан қор биржасы акциялар нарығын (капиталдандыру) көлемін 2011 жылғы орташа көрсеткіштен 2022 жылға қарай кемінде 15 – 20 %-ға өсіру;
      Қор компанияларының акцияларын орналастыру шеңберінде 2022 жылға дейін кемінде 500 млн. АҚШ долларын тарту.»;
      «Халықтық ІРО» бағдарламасын іске асыру кезеңдері. Акцияларды бағалы қағаздар нарығына шығару» деген 5-бөлімде:
      бірінші бөліктегі «5 %-ынан бастап 15 %-ына дейін құрайды» деген сөздер «5 %-ынан бастап 25 %-ына дейін минус бір акцияны құрайды» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «Компанияларды іріктеу үдерісі» деген кіші бөлімде:
      он бесінші және он алтыншы бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «Компаниялардың I эшелоны (2012 жылдың 4-тоқсаны):
      «ҚазТрансОйл» АҚ;
      «Компаниялардың ІІ эшелоны (2014 – 2015 жылдар):
      1) «KEGOC» АҚ;
      2) «Самұрық-Энерго» АҚ.»;
      «Компаниялардың ІІІ эшелоны (2014 - 2015 жылдар):
      1) «Қазақстан темiр жолы» ҰК» АҚ;
      2) «Қазтеміртранс» АҚ.» деген он жетінші бөлік алынып тасталсын;
      он сегізінші және он тоғызыншы бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «Акцияларының құбылмалылық тәуекелі жоғары компаниялар тобы (2015 жылдан кейін):
      1) «Қазақстан темiр жолы» ҰК» АҚ;
      2) «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ;
      3) басқа да компаниялар.
      Іріктелген кандидат компаниялардың дайындық дәрежесінің әртүрлігіне қарай, компаниялардың әрқайсысының ІРО-ға шығу мерзімі ІРО-ға дайындық бойынша қажетті іс-шаралардың жүргізілу қарқынына байланысты болады. Осыған байланысты, іріктелген кандидат компанияларға ІРО-ға шығудың көрсетілген мерзімдеріне сәйкес ІРО-ға дайындалу және оны іске асыру жөніндегі іс-шаралардың егжей-тегжейлі жоспарын әзірлеу қажет.»;
      «IPO-ға дайындалу процесі» деген кіші бөлімде:
      оныншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Орналастыруға дайындау жөніндегі фазаны аяқтау І эшелонның кандидат компаниялары үшін 2012 жылғы сәуір-тамызға қарай, ІІ эшелонның кандидат компаниялары үшін 2015 жылғы төртінші тоқсанының соңына дейін іске асырылатын болады.»;
      он алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Акцияларды бағалы қағаздар нарығында орналастыру фазасын жүргізу І эшелонның кандидат компаниялары үшін 2012 жылғы төртінші тоқсанның соңына дейін, ІІ эшелонның кандидат компаниялары үшін 2015 жылғы төртінші тоқсанның соңына дейін іске асырылатын болады.»;
      көрсетілген Бағдарламаға 2-қосымшада:
      «Маркетингтік науқан» деген 6-бөлімнің реттік нөмірлері 15 және 16-жолының 4-бағанындағы «2015» деген сандар «2022» деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі

К. Мәсімов