«Жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 25 мамырдағы №675 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1073 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 32 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.01.2016 № 32 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 25 мамырдағы № 675 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 52, 707-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу қағидаларында:
      2-тармақта:
      4) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) өңірлік индустрияландыру картасы – индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің белгілі бір әкімшілік-аумақтық бірлікте (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) іске асырылатын жобаларының тізбесі, олар өңірлік кәсіпкерлер палатасымен келісім бойынша облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдіктерінің қаулыларымен бекітіледі;»;
      «6) өңірлік үйлестіру кеңесі – жергілікті атқарушы органдардың, банктердің, өңірлік кәсіпкерлер палатасының, кәсіпкерлер бірлестіктерінің, салалық қауымдастықтардың өкілдері мен тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдері құратын және басқаратын консультативтік-кеңесші орган (бұдан әрі – кеңес);»;
      мынадай мазмұндағы 11), 12) және 13) тармақшалармен толықтырылсын:
      «11) жауапты мемлекеттік орган – жобаны іске асыруға, сондай-ақ өтініш берушімен келісім жасасуға жауапты мемлекеттік орган;
      12) келісім – жауапты мемлекеттік орган (жауапты мемлекеттік органдар) мен өтініш беруші арасында жасалатын, мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуды және тараптардың жобаны іске асыру бойынша жауапкершілігін көздейтін шарт;
      13) өңірлік кәсіпкерлер палатасы – Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жүйесіне аумақтық деңгейде кіретін облыстар, республикалық маңызы бар қала және астана кәсіпкерлерінің палаталары (бұдан әрі – өңірлік палата).»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Жобаларды республикалық индустрияландыру картасына енгізу кезең-кезеңмен жүргізіледі:
      1) бірінші кезең – жобаларды жергілікті деңгейде қарау;
      2) екінші кезең – жобаларды орталық деңгейде қарау;
      3) үшінші кезең – жобаларды уәкілетті органда қарау;
      4) төртінші кезең – жобаларды Өнеркәсіптік дамыту жөніндегі комиссияда (бұдан әрі – Комиссия) қарау.»;
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Жобаларды өңірлік индустрияландыру картасына енгізу кезең-кезеңмен жүргізіледі:
      1) бірінші кезең – жобаларды жергілікті деңгейде қарау;
      2) екінші кезең – жобаларды орталық деңгейде қарау.
      Өңірлік индустрияландыру картасының жобалары салалық сараптама жүргізу үшін екінші кезең бойынша іріктеуден өтеді.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Мынадай:
      1) құны 4,5 млрд. теңгеге дейінгі жобалар өңірлік индустрияландыру картасына енгізіледі;
      2) құны 4,5 млрд. теңгеден басталатын жобалар республикалық индустрияландыру картасына енгізіледі;
      3) мемлекеттік қолдау шараларын талап етпейтін жобалар республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізілмейді.»;
      мынадай мазмұндағы 4-1, 4-2 және 4-3-тармақтармен толықтырылсын:
      «4-1. Индустрияландыру картасына жобаларды іріктеу:
      1) 2014 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның басымдықтарына сәйкес жүзеге асырылады;
      2) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның (бұдан әрі – Бағдарлама) басымдықтарына сәйкес жүзеге асырылады.
      Бұл ретте, Бағдарламаның басымдықтарына сәйкес келмейтін салаларда іске асырылатын жобалар осы Қағидалардың 56-1-тармағында көзделген жағдайларда республикалық индустрияландыру картасына енгізіледі.
      4-2. Индустрияландыру картасының жобалары Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын ескере отырып іріктеледі.
      4-3. Осы Қағидалардың 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жобалар республикалық индустрияландыру картасына осы Қағидалардың 56-1-тармағында көзделген жағдайларда енгізіледі.»;
      5-тармақ алып тасталсын;
      7-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) құны 900 млн. теңгеден басталатын жобалар үшін осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жоба туралы ақпарат;»;
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Жергілікті уәкілетті орган мүдделі жергілікті атқарушы органдармен және ұйымдармен бірлесіп, өтінім қабылданған сәттен бастап Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өңірлік сараптама жүргізуге және қажетті мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуды пысықтауға кіріседі.
      Жергілікті уәкілетті орган өтінімдер тіркелген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жобаларды қарау және өңірлік индустрияландыру картасына енгізу бойынша ұсыным беру үшін құжаттарды өңірлік палатаға жібереді.
      Өтінімді өңірлік палата тіркеген сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде ұсыным жергілікті уәкілетті органға ұсынылады.»;
      мынадай мазмұндағы 21-1 және 21-2-тармақтармен толықтырылсын:
      «21-1. Жергілікті уәкілетті орган өтінімдер тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жобалардың Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасына сәйкестігін қарау және ұсыным беру үшін құжаттарды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
      Ұсыным мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган құжаттарды тіркеген сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жергілікті уәкілетті органға ұсынылады.
      21-2. Құны 0,9-дан 4,5 млрд. теңгеге дейінгі жобалар бойынша құжаттарды жергілікті уәкілетті орган салалық мемлекеттік органдарға салалық сараптама жүргізу үшін жібереді.
      Салалық сараптаманың қорытындысы құжаттарды салалық мемлекеттік органда тіркелген сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күн ішінде жергілікті уәкілетті органға ұсынылады.
      Құны 0,9-дан 4,5 млрд. теңгеге дейінгі жобалар бойынша салалық сараптама шешімі ұсынымдық сипатта болады.»;
      22 және 28-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «22. Жергілікті уәкілетті орган өңірлік сараптаманың қорытындысы, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның ұсынымы және салалық мемлекеттік органның қорытындысы ресімделген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде кеңес отырысына материалдарды өңірлік палатаның ұсынымын ескере отырып шығарады.»;
      «28. Кеңес отырысы өткізілген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде республикалық индустрияландыру картасына ұсынылған жобалар бойынша материалдарды, оның ішінде өңірлік сараптамалардың, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның ұсынымын, кеңес хаттамасының екінші даналарын жергілікті уәкілетті орган одан әрі қарау үшін уәкілетті органға жібереді.»;
      мынадай мазмұндағы 28-1-тармақпен толықтырылсын:
      «28-1. Жобаларды өңірлік индустрияландыру картасына енгізу, сондай-ақ алып тастау, мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну, негізгі параметрлерді өзгерту бойынша шешім кеңес отырысында қабылданады.»;
      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «29. Уәкілетті орган кеңес ұсыным берген жобалар бойынша материалдарды алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде салалық тиесілілігі бойынша бөліп таратады және салалық комиссияның отырысында қарау үшін тиісті салалық орталық мемлекеттік органдарға жібереді, сондай-ақ жергілікті қамтуды дамыту саласындағы ұлттық даму институтына жергілікті қамту бойынша сараптама жүргізу үшін жібереді.»;
      46-тармақ алып тасталсын;
      48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «48. Салалық комиссия отырысында жобалар және ұлттық компанияларды кепілдендірілген тапсырыстармен қамтамасыз етуді қоса алғанда, мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну мүмкіндігі талқыланады, одан кейін жобаларды республикалық және/немесе өңірлік индустрияландыру карталарына ұсыну не жобаны республикалық индустрияландыру картасына енгізуден бас тарту немесе жобаны пысықтау үшін жергілікті уәкілетті органға қайтару мәселесі бойынша алқалық шешім қабылданады және мемлекеттік қолдау шаралары бекітіледі. Салалық комиссияның шешімі 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада хаттамамен ресімделеді.»;
      мынадай мазмұндағы 48-1-тармақпен толықтырылсын:
      «48-1. Салалық комиссияның отырысында республикалық индустрияландыру картасына енгізуден бас тартылған жобалар Кеңес шешімі бойынша өңірлік индустрияландыру картасына енгізіледі.»;
      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «50. Республикалық индустрияландыру картасына енгізу үшін ұсыным берілетін жобалар бойынша салалық сараптамалар және жергілікті қамту бойынша сараптама алынған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті орган барлық материалдарды жүйелендіреді, штаб отырысында қаралатын республикалық индустрияландыру картасына енгізу туралы ұсыныстары бар жобаларды жалпы жинақтауды жүзеге асырады.»;
      52 және 53-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «52. Штаб отырысында барлық жобаларға қорытынды бағалау жүргізіледі, онда қандай да бір жобаның сәтті іске асырылуы үшін тиісті шешімдерді қабылдаудың қажетті деңгейіне байланысты жобаны республикалық индустрияландыру картасына енгізуге ұсыным беріледі.
      53. Бағалау жүргізілген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде штаб жобаларды республикалық индустрияландыру картасына енгізу бойынша ұсыным беру, Бағдарламада белгіленген Индустрияландыру картасының өлшемдеріне сәйкес келмеген кезде жобаны жергілікті уәкілетті органға пысықтауға қайтару немесе одан бас тарту туралы хаттамалық шешім қабылдайды.»;
      мынадай мазмұндағы 53-1-тармақпен толықтырылсын:
      «53-1. Штаб отырысында республикалық индустрияландыру картасына енгізуден бас тартылған жобалар кеңес шешімі бойынша өңірлік индустрияландыру карталарына енгізіледі.»;
      54-тармақ алып тасталсын;
      55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «55. Штабтың хаттамалық шешімінің негізінде республикалық индустрияландыру картасына енгізу үшін ұсыным берілген жобалардың тізбесін уәкілетті орган Комиссияның таяудағы отырысына қарау үшін енгізеді.»;
      6-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Жобаларды өнеркәсіптік дамыту жөніндегі комиссияда қарау»;
      56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «56. Уәкілетті органның ұсынымы бойынша Комиссияда республикалық индустрияландыру картасының жобаларын енгізу, алып тастау, мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну, сондай-ақ олар бойынша негізгі параметрлерді өзгерту жөнінде шешім қабылданады.
      мынадай мазмұндағы 56-1-тармақпен толықтырылсын:
      «56-1. Комиссия шешімі бойынша республикалық индустрияландыру картасына құны 4,5 млрд. теңгеге дейін және/немесе Бағдарлама бойынша басым болып табылмайтын салаларда іске асырылатын жобалар енгізіледі.»;
      57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      57. Комиссия шешімі республикалық индустрияландыру картасын өзектілендіруді жүзеге асыру және мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну үшін негіз болатын хаттамамен ресімделеді.»;
      мынадай мазмұндағы 57-1-тармақпен толықтырылсын:
      «57-1. Комиссия қабылданатын міндеттемелер мен талап етілетін мемлекеттік қолдау шараларын ескере отырып, өтініш берушімен бірлесіп келісім жобасын әзірлеу үшін жобаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органды айқындайды.»;
      58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «58. Жобалар республикалық индустрияландыру картасына өтінімдердің түсуіне және олардың тиісті қаралуына қарай жылына кемінде бір рет өткізілетін өзектілендіру қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен енгізіледі.»;
      мынадай мазмұндағы 58-1-тармақпен толықтырылсын:
      «58-1. Жобалар өңірлік индустрияландыру картасына өтінімдердің түсуіне және олардың тиісті қаралуына қарай жылына кемінде екі рет өткізілетін өзектілендіру қорытындылары бойынша облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдіктерінің қаулысымен енгізіледі.»;
      59 және 60-тармақтар алып тасталсын;
      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшада:
      «Жобаның өтінім берушісі жөніндегі мәліметтер» деген кесте мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жобаның өтінім берушісі жөніндегі мәліметтер
 
 

1

Заңды тұлғаның толық атауы


2

Заңды мекенжайы


3

Нақты мекенжай


4

Телефон/факс/e-mail


5

ЖСН/БСН


6

Заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нөмірі мен күні немесе мемлекеттік тіркеу туралы анықтама



       »;
      көрсетілген Қағидаларға 6-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. . Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

К.Мәсімов


Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 9 қазандағы
№ 1073 қаулысына
қосымша


Жобаларды республикалық және
өңірлік индустрияландыру
карталарына енгізу
қағидаларына
6-қосымша

Индустрияландыру картасына енгізу үшін жобаларды қарау қорытындылары туралы (облыстың, Алматы немесе Астана қаласының) өңірлік үйлестіру кеңесінің хаттамасы

      _____ қ.            № ____       20__жылғы «___» ______
      Төрағалық етті:       Лауазымы толық, Т.А.Ә.
      Қатысқандар:      Кеңес мүшелері
      (тізім бойынша)
      Хатшы:             Лауазымы толық, Т.А.Ә.
      Кеңес отырысында _____ жоба қаралды және мынадай шешім қабылданды:
      1. Құны 4,5 млрд. теңгеге дейінгі жобалар бойынша:
      өңірлік индустрияландыру картасына _____ жоба ұсынылсын:
 
 

Жобаның атауы

Жобаның бастамашысы

1



2



3



4



...




       2. Құны 4,5 млрд. теңгеден басталатын жобалар бойынша:
      республикалық индустрияландыру картасына __ жоба ұсынылсын:
 
 

Жобаның атауы

Жобаның бастамашысы

1



2



3



4



...




       ___ жобадан бас тартылсын/пысықтауға қайтарылсын:
 
 

Жобаның атауы (бас тарту/пысықтауға қайтару*)

Жобаның бастамашысы (себебі)

1



2



3



4



...




       *Ескертпе: жобадан бас тарту немесе пысықтауға қайтару әрбір жобаның атауында көрсетіліп, себебі жоба бастамашының тұсында көрсетіледі.
      3. Осы хаттамаға қосымшаға сәйкес мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қамтамасыз етілсін.
      (облыстың, Алматы
      немесе Астана қаласының)
      өңірлік үйлестіру кеңесінің төрағасы      Т.А.Ә.
      Кеңес мүшелері                         Т.А.Ә.
      ………………………………      ……………..
      Хатшы                               Т.А.Ә.