Топырақты агрохимиялық зерттеп қарауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 902 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 473 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.06.2015 № 473 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 15-6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Топырақты агрохимиялық зерттеп қарауды жүргізу қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 5 тамыздағы
№ 902 қаулысымен  
бекітілген     

Топырақты агрохимиялық зерттеп қарауды жүргізу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Топырақты агрохимиялық зерттеп қарауды жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік мекеменің (бұдан әрі - мемлекеттік мекеме) егістік топырағын агрохимиялық зерттеп қарауды жүргізуі тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер пайдаланылады:
      1) агрохимиялық зерттеп қарау - топырақтағы өсімдіктерді минералдық қоректендіру элементтері, қарашірік, рН және тұз режимі, микроэлементтер құрамын айқындау;
      2) агрохимиялық картограмма - топырақтың өсімдіктер үшін сіңімді қоректік элементтермен қамтамасыз етілу дәрежесін түрлі-түсті көріністе көрсететін карта;
      3) агрохимиялық мониторинг - топырақ құнарлылығының, өсімдік шаруашылығы өнімдері мен оны қайта өңдеу өнімдері сапасының өзгеруін уақтылы анықтау үшін ауыл шаруашылығы алқаптарының жай-күйін байқау жүйесі;
      4) ауыл шаруашылығы алқаптары - ауыл шаруашылығы өнімін алу үшін жүйелі түрде пайдаланылатын алқаптар;
      5) әсер етуші зат - қоректік элементтің атауы және оның агрохимикаттағы пайызбен көрсетілген құрамы;
      6) біріккен сынама (үлгі) - элементарлық учаске шегінде іріктеп алынған жеке (нақтыланған) сынамалардың қоспасы;
      7) геоақпараттық жүйе - цифрлық картографиялық, ұқсас және мәтіндік ақпаратты пайдалана отырып, деректерді жинауға, өңдеуге, талдауға, үлгілеуге және көрсетуге, сондай-ақ ақпараттық және есептік міндеттерді шешуге арналған автоматтандырылған жүйе;
      8) жер учаскесі - тұйық шекараларда бөлінген, заңнамада белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілген жер бөлігі;
      9) жерді пайдалану жоспары - жерді пайдаланудың кеңістіктегі жағдайы мен мөлшері туралы көрнекі түсінік беретін, жерлердің құрамы мен алқабы туралы ақпаратты қамтитын жерді пайдалануға арналған картографиялық құжат;
      10) жиынтық талдау ведомосі - топырақтағы макро- және микроэлементтер құрамына жүргізілген химиялық талдаулар нәтижелерінен тұратын агрохимиялық көрсеткіштердің есептік құжаты;
      11) жұмыс учаскесі (танап) - рельефтер (суайрық, беткей, беткейдің төмендеуі, жайылма алқап) бойынша белгілі бір орын алатын және жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу кезінде ішкі шаруашылықтың жерге орналастыру жоспарында бөлінетін ауыл шаруашылығы жерлерінің жеке өңделетін алқабының бөлігі;
      12) жыртылатын қабат - топырақтың жыл сайын немесе дүркін-дүркін барынша тереңдікке жаппай өңделетін қабаты;
      13) зерттеп қарауды жүргізу жоспары - әкімшілік аудандар, округтер бойынша жұмыстар жүргізудің кезектілігі;
      14) зерттеп қараудың мерзімділігі - агрохимиялық зерттеп қарау турлары арасындағы уақытша кезең;
      15) қарашірік - өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарының биохимиялық өзгеруі нәтижесінде пайда болатын шірінді, топырақтың органикалық, әдетте қара түсті бөлігі;
      16) қойтастану - топырақта қойтастардың (тастардың) болуы;
      17) микроэлементтер - топырақта, өсімдіктерде және тірі организмдерде мардымсыз мөлшерде болатын химиялық элементтер;
      18) өзен алқабы - өзен алабының ұзақ уақыт бойы су астында қалатын бөлігі;
      19) паспорттық ведомость - әрбір танаптың егжей-тегжейлі топырақ-агрохимиялық және агрономиялық сипаттамасын қамтитын құжат;
      20) суармалы жерлер - ауыл шаруашылығы дақылдары суармалы жағдайда өсірілетін жерлер;
      21) тәлімі жерлер - ауыл шаруашылығы дақылдары суарылмай өсірілетін жерлер;
      22) топырақ - судың, ауаның және организмдердің бірлескен әсерінен литосфераның жоғары қабаттарының өзгеруі нәтижесінде туындайтын, генетикалық байланысты қабаттардан тұратын (топырақ пішінін құрайды), тірі және тірі емес табиғатқа тән бірқатар қасиеттері бар ерекше табиғи құрылым;
      23) топырақ кешені - үзбей қайталанып, бірін-бірі бірнеше метрден кейін алмастырып отыратын, әртүрлі топырақтың кезектелетін ұсақ учаскелерінен тұратын теңбіл топырақ жамылғысы;
      24) топырақ құнарлылығы - топырақтың өсімдіктерді сіңімді қоректік заттармен, ылғалмен қамтамасыз ету және өнім беру қабілеті;
      25) топырақ сынамасы - зертханалық зерттеу үшін іріктеп алынған топырақ материалының сынамасы;
      26) топырақтың ластануы - топырақтың беткі қабатының тозуын немесе бүлінуін, топырақтың физикалық-химиялық қасиетінің нашарлауын тудыратын улы зиянды заттардың топырақта антропогендік жинақталуы;
      27) топырақтың сортаңдануы - түбінде өсімдіктердің өсіп-өнуіне мүмкіндік бермейтін топырақтағы тұздар шоғырлануының артуы;
      28) топырақтың эрозияға ұшырауы - топырақтың жоғары қабатының бұзылуы, шайылуы және желмен ұшуы;
      29) чек - күріш өсіруге арналған танап учаскесі;
      30) элементарлық учаске - біріккен бір сынамамен сипатталатын ауыл шаруашылығы жерінің алқабы.

2. Топырақты агрохимиялық зерттеп қарауды жүргізу шарттары мен тәртібі

      3. Топырақты агрохимиялық зерттеп қарау егістік топырағының құнарлылығы көрсеткіштерін айқындау үшін жүргізіледі.
      Бұл ретте жер учаскелерінің меншік иелері және (немесе) жер пайдаланушылар топырақты агрохимиялық зерттеп қарауды жүргізу үшін жер учаскелеріне қол жеткізуді қамтамасыз етуге міндетті.
      4. Топырақ құнарлылығы көрсеткіштеріне:
      1) қара шірік;
      2) жылжымалы фосфор;
      3) ауыспалы калий;
      4) жеңіл ыдырайтын, сілтілі ыдырайтын және нитратты азот;
      5) рН;
      6) микроэлементтердің (марганец, мырыш, мыс, кобальт, молибден, күкірт, бор, никель, темір, хром) жылжымалы қоспалары;
      7) су сығындысының катиондық-аниондық құрамының болуы жатады.
      5. Топырақты агрохимиялық зерттеп қарауды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының аумағы күрделілік дәрежесіне қарай мынадай санаттарға бөлінеді:
      бірінші санат:
      зерттеп қаралатын алқапта 10 пайыздан аспайтын топырақ кешені болған кезде рельефі жазық, әлсіз бөлшектелген және біркелкі топырақ жамылғысы бар далалық және шөлейттік аймақ аудандары;
      екінші санат:
      1) зерттеп қаралатын алқапта 10 пайыздан аспайтын топырақ кешені болған кезде рельефі жай көлбеу беткейлі, кең сайаралық кеңістіктерге бөлшектелген біркелкі топырақ жамылғысы бар орманды далалық, далалық және шөлейттік аймақ аудандары;
      2) топырақ кешендері немесе топырағы эрозияға ұшыраған алқаптар 10-нан 20 пайызға дейінгі бірінші санатты аудандар;
      үшінші санат:
      1) рельефі жай ойлы-қырлы, құлдилылығы және ұзындығы әртүрлі беткейлі кең сайаралық аумақтарға бөлшектелген біркелкі емес топырақ жамылғысы бар орманды далалық және далалық аймақ аудандары;
      2) топырақ кешендері немесе топырағы эрозияға ұшыраған алқаптар 20-дан 40 пайызға дейінгі бірінші санатты аудандар және топырақ кешендері немесе топырағы эрозияға ұшыраған алқаптар 10-нан 20 пайызға дейінгі екінші санатты аудандар;
      3) әртүрлі дәрежеде қойтасталған топырақ;
      4) қайталама сортаңдану белгілері жоқ жақсы күйдегі суармалы жерлер;
      5) қайталама немесе қалдықты батпақтану белгілері жоқ жақсы күйдегі құрғатылған жерлер;
      төртінші санат:
      1) рельефі бөлшектелген, түрлі топыраққұрауыш жынысты және топырағының 20-40 пайызы эрозияға ұшыраған орманды далалық аймақ аудандары;
      2) топырағы күшті кешенделген және эрозияланған, аудандар аумағының 40-60 пайызын құрайтын далалық, шөлейт және шөлді аумақтар;
      3) 15 пайызға дейінгі алқаптағы топырағы қайталама сортаңдалған суармалы жерлер;
      4) 15 пайызға дейінгі алқабының қайталама немесе қалдықты батпақтану белгілері бар құрғатылған жерлер;
      5) 20 пайызға дейін сортаңдалған және бұталанған алқаптары бар өзен алқаптары, сағалары және атырауларының топырағы;
      6) бөлшектелген аумақтар;
      бесінші санат:
      1) топырақтың кешенделуі мен эрозиялануы 60 пайыздан астам дамыған далалық, шөлейт және шөлді аумақтар;
      2) таулар және орманды тау етектері;
      3) күрделі біркелкі емес топырақ жамылғысы бар алқаптар, сағалар және атыраулар (механикалық құрамы түрлі, сортаңдану, алқабының 20 пайыздан астамы батпақтанған немесе сортаңданған);
      4) 15 пайыздан астам алқапта қайталама сортаңдану белгілері бар суармалы жерлер;
      5) 15 пайыздан астам алқапта қайталама немесе қалдықты батпақтану белгілері бар құрғатылған жерлер.
      6. Жыртылатын қабаттағы қарашіріктің, жылжымалы фосфордың, ауыспалы калийдің, жеңіл ыдырайтын, сілтілі ыдырайтын және нитратты азоттың, рН-тың, микроэлементтердің (марганец, мырыш, мыс, кобальт, молибден, күкірт, бор, никель, темір, хром) жылжымалы қоспаларының орташа өлшемдік құрамы көрсеткіштері мынадай кезеңділікпен жүргізілетін топырақты агрохимиялық зерттеп қарау нәтижелері бойынша айқындалады:
      тәлімі жерлер үшін - 7 жыл;
      суармалы жерлер үшін - 5 жыл;
      химиялық мелиоранттар қолданатын шаруашылықтар үшін - 5 жыл;
      мемлекеттік сорттық учаскелер, эксперименталды шаруашылықтар үшін - 3 жыл.
      Жер учаскелерінің меншік иелерінің және (немесе) жер пайдаланушылардың өтінімдері бойынша қайта зерттеп қараулар арасындағы мерзімді қысқартуға жол беріледі.
      7. Мемлекеттік мекеме жыл сайынғы жұмыс жоспарларын жасайды және облыстық ауыл шаруашылығы басқармасымен келіседі, оларда:
      1) зерттеп қарауға жататын топырақ алқаптарының көлемдері;
      2) әкімшілік аудандар бойынша жұмыс жүргізу кезектілігі;
      3) осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген топырақты агрохимиялық зерттеп қарауды жүргізу кезеңділігі көзделеді.
      Әкімшілік ауданның, ауылдық округтің топырағын агрохимиялық зерттеп қарау бір далалық маусымда жүргізіледі.
      Зерттеп қарауға жататын егістіктің алқабы зерттеп қарау алдындағы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша есептеледі.
      Мемлекеттік мекеме топырақты агрохимиялық зерттеп қарауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен және жер учаскесінің меншік иесінің және (немесе) жер пайдаланушының өтінімі бойынша - ақылы негізде жүргізеді.
      8. Топырақты агрохимиялық зерттеп қарауды бюджет қаражаты есебінен жүргізер алдында мемлекеттік мекеме жер учаскелерінің меншік иелеріне және (немесе) жер пайдаланушыларға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама береді.
      9. Жер учаскелерінің контурлары салынған аумақтың жерін пайдалану жоспары топырақты агрохимиялық зерттеп қарауды жүргізудің картографиялық негізі болып табылады.
      10. Топырақты зерттеп қарауды жүргізуді бастар алдында мемлекеттік мекеменің қызметкері жер учаскесінің меншік иесімен және (немесе) жер пайдаланушымен бірге жер алқаптарын байқап қарайды, топырақтың типі мен түрін айқындайды, көзбен қарап нақтылайды және жер пайдалану жоспарына жағдайдағы (жаңа жолдар, танаптар шекаралары, отырғызылған ағаштар) өзгерістерді енгізеді, жұмыс учаскелерінің схемасы мен оларды нөмірлеуді келіседі, жол бойындағы және фермалар маңындағы ерекше зерттеп қарау аймақтарын, су қорғау аймақтарын бөледі, соңғы 3 жыл ішіндегі ауыл шаруашылығы дақылдары егістерінің орналасуын, олардың жай-күйін, ластану, фитоулылық біліну деңгейін нақтылайды, тыңайтқыштардың жоғары мөлшерімен жүйелі түрде тыңайтылатын танаптар мен өндірістік учаскелерді бөледі, танаптардың эрозияланғанын, бұталанғанын және қойтасталғанын белгілейді, суармалы учаскелер бетіндегі тұздың шөгіндісін белгілейді.
      11. Топырақты агрохимиялық зерттеп қарауды жүргізу кезінде айқындалатын барлық көрсеткіштер бойынша агрохимиялық картограммалар жасалады.
      Агрохимиялық картограммаларды әзірлеу геоақпараттық жүйе көмегімен жүргізіледі. Далалық зерттеп қараулардың графикалық нәтижелері далалық жұмыс даналарынан цифрлық карталық негізге ауыстырылады және топырақты агрохимиялық талдау нәтижелерімен байланыстырылады.
      Аудандық агрохимиялық картограммаларда картографиялаудың ең төменгі бірлігіне танап, облыстық картограммаларда - шаруашылық қабылданады.
      12. Біріккен топырақ сынамаларын іріктеу былайша жүргізіледі:
      1) суарылмайтын егіншілік танаптарында минералдық тыңайтқыштарды төмен деңгейде қолдану кезінде топырақ сынамалары барлық өсіп-өну кезеңі ішінде іріктеп алынады;
      2) суармалы жерлерде әсер етуші затпен гектарына 90 килограмнан аспайтын минералды тыңайтқыштар жүйелі түрде енгізілген жағдайда топырақ сынамалары барлық өсіп-өну кезеңі ішінде, ал әсерлі затпен гектарына 90 килограмнан артық енгізілген жағдайда - тыңайтқыштар енгізгенге дейін көктемде немесе оларды енгізгеннен кейін 2 және одан көп айдан соң іріктеп алынады;
      3) чектерді толтырып немесе батырып суару кезінде топырақ сынамаларын іріктеу батырудан бұрын немесе су қайтқаннан және егін жинағаннан кейін жүргізіледі.
      Біріккен сынамаларды іріктеу жиілігі топырақ жамылғысының түрлілігі мен енгізілетін тыңайтқыштар мөлшеріне байланысты белгіленеді және элементарлық учаскелердің ауқымымен айқындалады. Әрбір элементарлық учаскеге реттік нөмір беріледі.
      13. Тәлімі жерлерде элементарлық учаскелер торкөзін топырақ жамылғысы мен рельефтегі орнын ескере отырып енгізеді. Элементарлық учаскенің ең жоғары алқабы - 75 гектарды, суармалы жерде - 10 гектарды құрайды.
      Элементарлық учаскелердің кестесін картографиялық негізге енгізу кезінде олардың шекаралары алдыңғы зерттеп қараудың элементарлық учаскелерінің шекараларына, спутниктік навигация жүйесінің координаталарына дәл келуі қажет.
      14. Әрбір элементарлық учаскеден біріккен бір сынама алынады.
      Нүктелік сынамалар қарашірік шегін ескере отырып, 0-ден 20 сантиметрге дейін жыртылатын қабат тереңдігінен алынады.
      Топырақ жамылғысының түрлілігін ескере отырып, біріккен сынаманы топырақтың барлық типтерінде 20-30 нүктелік сынамадан құрайды. Біріккен сынаманың салмағы 500 грамнан кем болмауы тиіс.
      15. Шаруашылықта іріктеп алынған барлық топырақ үлгілеріне элементарлық учаскелер нөмірлеріне сәйкес келетін кезекті бірізділікпен реттік нөмірлер беріледі, олар бір жыл бойы сақталады.
      16. Органикалық затты (қарашірікті), жылжымалы фосфор мен калийді, жеңіл ыдырайтын, сілтілі ыдырайтын және нитратты азотты, рН, марганецтің, мырыштың, мыстың, кобальттың, молибденнің, кадмийдің, қорғасынның, күкірттің, бордың, никельдің, темірдің және хромның жылжымалы қосындыларын, су сығындысының катиондық-аниондық құрамын айқындау бойынша топырақты химиялық талдаулар осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген мемлекеттік стандарттарға және әдістемелік нұсқауларға сәйкес жүргізіледі.
      17. Топырақты агрохимиялық зерттеп қарау нәтижелері шаруашылық, аудан, облыс, республика деңгейінде қорытылады.

3. Қорытынды ережелер

      18. Топырақты агрохимиялық зерттеп қарауды жүргізу нәтижелері бойынша:
      1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес жиынтық талдамалық ведомость;
      2) осы Қағидаларға 4-қосымшаға паспорттық ведомость;
      3) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес агрохимиялық картограмма жасалады.
      19. Осы Қағидалардың 18-тармағында көрсетілген құжаттардың негізінде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысанда агрохимиялық очерк жасалады.
      Агрохимиялық очерктің нәтижелері бойынша топырақты агрохимиялық зерттеп қарау нәтижелері туралы қорытынды жасалады, ол жер учаскесінің иесіне және (немесе) жер пайдаланушыға беріледі.
      20. Жиынтық талдамалық ведомось, паспорттық ведомось және топырақты агрохимиялық зерттеп қарау нәтижелері туралы қорытындыны қамтитын құжаттар топтамасы екі данада (бір-бірден - жер учаскесінің иесіне және (немесе) жер пайдаланушыға және мемлекеттік мекемеге) жасалады, нөмірленеді, тігіледі және мемлекеттік мекеменің мөрімен расталады. Құжаттар топтамасының данасын алған кезде жер учаскесінің иесі және (немесе) жер пайдаланушы мемлекеттік мекеменің данасына алғаны туралы қол қойып, қолын мөрмен растайды.
      21. Мемлекеттік мекеме топырақты агрохимиялық зерттеп қарау нәтижелері бойынша аудан, облыс топырағы құнарлылығының агрохимиялық атласын жасайды.
      Топырақ құнарлылығының агрохимиялық атласы зерттеп қарау циклі аяқталғаннан кейін әр облыс үшін аудандар бөлінісінде және әр аудан үшін шаруашылықтар бөлінісінде жасалады.
      Атлас қоректік элементтер мен қарашірік құрамының түрлі-түсті картограммаларын және оларға түсініктемелерді қамтиды.
      22. Осы Қағидалардың 20-тармағында көрсетілген қүжаттар мемлекеттік мекемеде 7 жыл бойы сақталуы тиіс.
      Топырақты агрохимиялық зерттеп қарау нәтижелері агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен тәртіппен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің агрохимиялық жағдайы туралы ақпараттық деректер банкінде сақталады.
      Ақпараттық деректер банкін қорғау ондағы ақпаратты шифрлеу кілтін пайдалана отырып шифрлау жолымен жүзеге асырылады, оған мемлекеттік мекеме басшысы немесе оның алмастыратын тұлға ғана қол жеткізе алады.
      23. Жерді пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың сұратуы бойынша мемлекеттік мекеме топырақты агрохимиялық зерттеп қарау нәтижелері туралы қорытындылардың көшірмелерін ұсынады.
      24. Топырақты соңғы екі агрохимиялық зерттеп қарау нәтижелерін салыстыру кезінде анықталған топырақ құнарлылығының көрсеткіштері төмендеген кезде мемлекеттік мекеме ол туралы жерді пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторды хабардар етеді.

Топырақты агрохимиялық зерттеп
қарауды жүргізу қағидаларына 
1-қосымша          

Хабарлама

      Мемлекеттік мекеменің мынадай өкілдері:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
___________________ 20__ жылғы ____________ 20 жылғы дейінгі мерзімде
__________________________________________________ топырағын жоспарлы
(жер учаскесінің меншік иесі және (немесе) жер пайдаланушы)
агрохимиялық зерттеп қарауды жүргізетінін хабарлаймыз.
      Зерттеп қарауға жататын танаптарға мемлекеттік мекеме
өкілдерінің кедергісіз кіруін қамтамасыз етуді сұраймын. Зерттеп
қарауды жүргізу кезінде жер учаскесінің меншік иесі және (немесе) жер
пайдаланушы тарапынан қатысуға және бақылау жүргізуге жол беріледі.

Басшы: ____________________________________      _________________
      (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын             (қолы)
          растайтын құжатта бар болса)

      Мөр орны

Топырақты агрохимиялық зерттеп
қарауды жүргізу қағидаларына
2-қосымша         

Топырақ үлгілерін талдау жөніндегі құжаттар тізбесі

      ОАҚКИ модификациясында Тюрин әдісімен органикалық затты (қарашірікті) анықтау. МемСТ 26213-91;
      Никитин модификациясындағы Тюрин әдісімен органикалық затты (қарашірікті) анықтау. МемТ 62213-91;
      Тюрин және Кононова әдісімен жеңіл ыдырайтын азотты анықтау. Агрохимия бойынша практикум: Минеев редакциясы, 2001 жыл;
      Корнфилд әдісімен сілтілі ыдырайтын азотты анықтау. Агрохимия бойынша практикум: Минеев редакциясы, 2001 жыл;
      Гранвальд-Ляжу әдісімен нитраттық азотты анықтау. Агрохимия бойынша практикум: Минеев редакциясы, 2001 жыл;
      Ионометриялық әдіспен нитраттарды анықтау. МемСТ 26951-86;
      ОАҚКИ әдісімен нитраттарды анықтау. МемСТ 26488-85;
      ОАҚКИ модификациясында Мачигин әдісімен карбонаттық топырақтағы жылжымалы фосфор мен калийді анықтау. МемСТ 26205-91;
      ОАҚКИ модификациясында Чириков әдісімен карбонаттық емес топырақтағы жылжымалы фосфор мен калийді анықтау. МемСТ 26204-91;
      ОАҚКИ модификациясында Кирсанов әдісімен фосфор мен калийдің жылжымалы қосындыларын анықтау. МемСТ 26207;
      ОАҚКИ жаңа технологиясы бойынша (автоматтандырылған талдау жүйесінде) Чириков немесе Мачигин бойынша топырақ сығындыларында фосфор мен калийді анықтау. МемСТ 10 256-2000, МемСТ 10 258-2000;
      ОАҚКИ модификациясында Тюрин әдісімен қарашірікті анықтау (автоматтандырылған талдау жүйесінде); Ю.М. Логинов, А.Н. Стрельцов. Талдау жұмыстарын автоматтандыру және топырақ құнарлылығы мен өсімдік шаруашылығы өнімінің сапасы мониторингін аспаппен қамтамасыз ету. - М.: Агробизнес - орталық, 2010;
      Топырақтағы ауыр металдарды анықтау (автоматтандырылған талдау жүйесінде); Ю.М. Логинов, А.Н. Стрельцов. Талдау жүмыстарын автоматтандыру және топырақ құнарлылығы мен өсімдік шаруашылығы өнімінің сапасы мониторингін аспаппен қамтамасыз ету. — М.: Агробизнес - орталық, 2010;
      РRІМАСSsnc, SKALAR SAN++ талдауыштарында топырақ құрамын автоматты анықтау (ISO, ЕN, АОАS, АSBС және т.б. халықаралық талаптарға сәйкестік);
      Су сығындысының салыстырмалы электр өткізгіштігін, рН, қатты қалдығын анықтау. МемСТ 26423-85;
      Тұз сығындысының салыстырмалы электр өткізгіштігін, рН, қатты қалдығын анықтау. МемСТ 26483-85;
      Веригина-Аринушкина бойынша екі- және үшвалентті темірдің жылжымалы қосындыларын анықтау әдісі. МемСТ 27395-87;
      Өсімдіктердің ылғалдылығын, мейлінше гигроскопиялық ылғалдылығын және тұрақты солу ылғалдылығын анықтау әдісі. МемСТ 28268-89;
      Ауыл шаруашылығы алқаптарындағы және өсімдік өнімдеріндегі ауыр металдарды анықтау, Әдістемелік нұсқаулықтар, Мәскеу, 1992 жыл;
      ОАҚКИ модификациясындағы Крупский мен Александрова әдісімен карбонаттық топырақтағы мыс пен кобальттың жылжымалы қосындыларын анықтау. МемСТ 50683-94;
      ОАҚКИ модификациясында Пейве мен Ринькис әдісімен мыстың жылжымалы қосындыларын анықтау. МемСТ 50684-94;
      ОАҚКИ модификациясында Пейве мен Ринькис әдісімен кобальттың жылжымалы қосындыларын анықтау. МемСТ 50687-94;
      ОАҚКИ модификациясында Крупский мен Александрова әдісімен карбонаттық топырақтағы марганецтің жылжымалы қосындыларын анықтау. МемСТ 50685-94;
      ОАҚКИ модификациясында Пейве мен Ринькис әдісімен марганецтің жылжымалы қосындыларын анықтау. МемСТ 50682-94;
      ОАҚКИ модификациясында Крупский мен Александрова әдісімен карбонаттық топырақтағы мырыштың жылжымалы қосындыларын анықтау. МемСТ 50686-94;
      ОАҚКИ модификациясында Григг әдісімен молибденнің жылжымалы қосындыларын анықтау. МемСТ 50689-94;
      Топырақтар. ОАҚКИ әдісімен жылжымалы күкіртті анықтау. МемСТ 26490-85;
      ОАҚКИ модификациясындағы Бергер мен Труог әдісімен бордың жылжымалы қосындыларын анықтау. МемСТ 50688-94;
      Су сығындысындағы карбонат иондарын және бикарбонаттарды анықтау әдістері. МемСТ 26424-85;
      Су сығындысындағы кальций мен магнийді анықтау әдістері. МемСТ 26428-85;
      АҚКОИ әдісімен ауыспалы кальций мен ауыспалы (жылжымалы) магнийді анықтау әдістері. МемСТ 26487-85;
      Су сығындысындағы хлорид ионын анықтау әдістері. МемСТ 26425-85;
      Су сығындысындағы сульфат ионын анықтау әдістері. МемСТ 26426- 85;
      Су сығындысындағы натрий мен калийді анықтау әдістері. МемСТ 26427-85;
      Суда еритін кальций мен магнийді анықтау әдістері. МЕМСТ 27753.9-88;

Топырақты агрохимиялық зерттеп
қарауды жүргізу қағидаларына
3-қосымша        

Облыс _______________________________
Аудан _______________________________
Шаруашылық, ауылдық округ ___________
Зерттеп қарау жылы __________________

Жиынтық талдамалық ведомость

№ ____ пен № _____ аралығындағы

үлгілер

Үлгі

Танап

N

Р2О5

К2О

Қарашірік %

рН

Үлгі

Танап

N

Р2О5

К2О

Қарашірік %

рН

мг/кг топыраққа

мг/кг топыраққа

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14





























Зерттеп қарауды жүргізген _______________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын растайтын құжатта бар болса), лауазымы)


N

р2О5

к2О

Қарашірік

рН

Талдау жүргізген (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын растайтын құжатта бар болса), лауазымы)






Микроэлементтер бойынша жиынтық талдамалық ведомості

№ _____ мен № ____ аралығындағы

үлгілер

Үлгі

Танап

S | Сu | Zn | Со | Мn

Үлгі

Танап

S | Сu | Zn | Со | Мn

мг/кг топыраққа

мг/кг топыракка

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14





























Зерттеп қарауды жүргізген ______________________________________
                          (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын
                           растайтын құжат бар болса), лауазымы)


S

Cu

Zn

Со

Мn

Талдау жүргізген (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын растайтын құжатта болған жағдайда), лауазымы)






Топырақты агрохимиялық зерттеп
қарауды жүргізу қағидаларына
4-қосымша         

Облыс _______________________________
Аудан _______________________________
Шаруашылық, ауылдық округ ___________
Зерттеп қарау жылы __________________

Паспорттық ведомость

Жер учаскелері топырағының негізгі агрохимиялық сипаттамалары

Рет №

Танап

Алқап, га

Топырақ типі

Жеңіл ыдырайтын азот

Жылжымалы фосфор

Ауыспалы калий

Қарашірік

Қышқылдығы

мг/кг топыраққа

құрамы бойынша топ

мг/кг топыраққа

құрамы бойынша топ

мг/кг топыраққа

құрамы бойынша топ

%

құрамы бойынша топ

рН

топ

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14





























Микроэлементтер

Рет №

Танап

Алқап, га

Топырақ типі

S

Cu

Zn

Co

Mn

мг/кг топыраққа

құрамы бойын ша топ

мг/кг топыраққа

құрамы бойынша топ

мг/кг топыраққа

құрамы бойынша топ

мг/кг топыраққа

құрамы бойынша топ

мг/кг  топыраққа

құрамы бойынша топ

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14





























Топырақты агрохимиялык зерттеп
қарауды жүргізу қағидаларына 
5-қосымша           

Агрохимиялық картограмма

Топырақты агрохимиялық зерттеп
қарауды жүргізу қағидаларына
6-қосымша         

Агрохимиялық очеркті ресімдеу

      1. Мемлекеттік мекеменің басшысы бекіткен титул парағы.
      2. Орындаушылар тізімі.
      3. Кіріспе, топырақты агрохимиялық зерттеп қарау мақсаттары, міндеттері.
      4. Негізгі бөлігі (агрохимиялық зерттеп қарау нәтижелері, жер учаскелерінің иелері және (немесе) жер пайдаланушылар туралы мәліметтер, топырақ топтамалары, агрохимиялық картограммалар).
      5. Қорытынды.
      6. Қосымшалар.