Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.09.2015 № 754 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
«Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 3) тармақшасын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Міндетті медициналық тексеріп-қарау өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесін, Міндетті медициналық тексеріп-қарауды өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 166 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 30, 397-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Міндетті медициналық тексеріп-қарауды өткізу қағидаларында:
11-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық тексеріп-қарау – рейс басталар алдында 30 минут бұрын және рейс аяқталғаннан кейінгі 30 минуттың ішінде.»;
мынадай мазмұндағы 25-1-тармақпен толықтырылсын:
«25-1. Рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық тексеріп-қарау – жеке тұлғада аурудың бар немесе жоқ екенін анықтау немесе растау, денсаулық жағдайын анықтау, сондай-ақ механикалық көлік құралдарын жүргізушілердің алкогольдік мас күйін және есірткі заттарын тұтынуын рейс басталар алдында және рейс аяқталғаннан кейін анықтау. Көлік құралдарын жүргізушілерді рейс алдындағы және рейстен кейінгі міндетті медициналық тексеріп-қарауды өткізу қағидаларын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген міндетті медициналық тексеріп-қарау өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесінде:
«Ауысым алдында медициналық куәландыруды талап ететін кәсіптер тізімі» деген 3-бөлімдегі реттік нөмірі 7-жол алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-1-бөліммен толықтырылсын:
«3.1. Рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық тексеріп-қарауды талап ететін кәсіптердің тізімі»
№ |
Кәсіп |
Тексеріп-қарау кезеңділігі |
1 |
2 |
3 |
1 |
тұрақты және тұрақты емес жолаушылар, қол жүктерінің, жүктердің, оның ішінде қауіпті жүктердің тасымалы бағдарларында жұмыс істейтін көлік құралдарының жүргізушілері |
рейс басталар алдында 30 минут бұрын және рейс аяқталғаннан кейінгі 30 минуттың ішінде |
».
2. Осы қаулы 2014 жылғы 20 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов