"Республикалық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 1344 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 851 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Республикалық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 1344 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 638-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының тізбесінде:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 68), 69), 70), 71), 72) тармақшалармен толықтырылсын:
      «68) Жиделі өзеніндегі Жиделі су қоймасы;
      69) Бесарық өзеніндегі Бесарық су қоймасы;
      70) Теріс Бұтақ өзеніндегі Подлесненск су қоймасы;
      71) Қызылағаш өзеніндегі Қызылағаш су қоймасы;
      72) Үлкен Өзен бойындағы Айдархан су қоймасы»;
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 156), 157), 158), 159), 160), 161), 162), 163), 164), 165), 166), 167), 168), 169), 170), 171), 172), 173), 174), 175), 176), 177), 178), 179), 180), 181), 182), 183), 184), 185), 186), 187), 188), 189), 190), 191), 192), 193), 194), 195), 196), 197), 198), 199), 200), 201), 202), 203), 204), 205), 206), 207), 208), 209) тармақшалармен толықтырылсын:
      «156) Үйдене өзеніндегі Р-1 магистральды каналы;
      157) Үйдене өзеніндегі Р-2 магистральды каналы;
      158) Үйдене өзеніндегі Р-3 магистральды каналы;
      159) Үйдене өзенінің сол жағалауындағы 2-магистральды канал;
      160) Қандысу өзенінің сол жағалауындағы магистральды канал;
      161) Қандысу өзеніндегі Бірлескен магистральды каналы;
      162) Қарғыба өзеніндегі Жаңа-Тоған магистральды каналы;
      163) Базар өзеніндегі Базар магистральды каналы;
      164) Егінсу өзеніндегі Қасқа магистральды каналы;
      165) Келдемұрат өзеніндегі Ақтоған магистральды каналы;
      166) Қарабұта өзеніндегі Ақтоған магистральды каналы;
      167) Қарабұта өзеніндегі Татарский магистральды каналы;
      168) Қарабұта өзеніндегі Белбастау магистральды каналы;
      169) Қусақ өзеніндегі Бургон магистральды каналы;
      170) Қусақ өзеніндегі Тастоған магистральды каналы;
      171) Көктерек өзеніндегі Бургон магистральды каналы;
      172) Көктерек өзеніндегі Жамбас магистральды каналы;
      173) Жезді магистральды каналы;
      174) Шоқай магистральды каналы;
      175) Келінтөбе магистральды каналы құрылыстарымен;
      176) Жаңашиелі магистральды каналы құрылыстарымен;
      177) Қазалы сол жағалау магистральды каналы құрылыстарымен;
      178) Қазалы оң жағалау магистральды каналы;
      179) Тайпақкөл шаруашылықаралық каналы құрылыстарымен;
      180) Сунақата шаруааралық каналы құрылыстарымен;
      181) Жаңасұлутөбе шаруашылықаралық каналы құрылыстарымен;
      182) Жаңа-Арық шаруашылықаралық каналы құрылыстарымен;
      183) Жетікөл-Жарма шаруашылықаралық каналы құрылыстарымен;
      184) Басықара шаруашылықаралық каналы құрылыстарымен;
      185) К-1 коллекторы;
      186) К-2 коллекторы;
      187) К-3 коллекторы;
      188) К-4 коллекторы;
      189) К-9 коллекторы;
      190) ЮК-12 коллекторы;
      191) ЮК-16 коллекторы;
      192) СК-15Г коллекторы;
      193) Шиелі-Телікөл коллекторы;
      194) Нансай коллекторы;
      195) Әйтек каналы;
      196) Сауранбай шаруашылықаралық каналы құрылыстарымен;
      197) Қараөзек арнасындағы «Байкелді» тіреуіш-тоспалаушы құрылыстары;
      198) Қараөзек арнасындағы «Қожантай» тіреуіш-тоспалаушы құрылыстары;
      199) Сырдария өзені бойындағы қорғаныс бөгеттері;
      200) «Кіші Бөкен» магистралды каналы бар Кіші Бөкен өзеніндегі су торабы;
      201) «Ақтоған» магистралды каналы бар Үлкен Бөкен өзеніндегі су торабы;
      202) Ворошилов магистралды каналы бар Көкпекті өзеніндегі су торабы;
      203) «Нұра-Есіл» каналы;
      204) Тамдыкөл көлдете суландыру жүйесі;
      205) «Қиыл-Тассай» көлдете суландыру жүйесі;
      206) Торғай өзеніндегі Қыл бөгеті;
      207) Торғай өзеніндегі Қожа бөгеті;
      208) Қорғас өзеніндегі Достық бірлескен су торабы;
      209) Қызылорда облысындағы (162) тік дренажды ұңғымалар»;
      3-тармақ мынадай мазмұндағы 25), 26), 27), 28), 29), 30) тармақшалармен толықтырылсын:
      «25) Миялы-Жангелді-Жасқайрат топтық су құбыры;
      26) Қызан-Ақшымырау топтық су құбыры;
      27) Талғар топтық су құбыры;
      28) Қажымұқан-Қараспан топтық су құбыры;
      29) Дарбаза топтық су құбыры;
      30) Жетісай топтық су құбыры»:
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов