Электрондық түрде жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 шілдедегі № 818 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2015 жылғы 23 шілдедегі № 573 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 23.07.2015 № 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.07.2014 бастап қолданысқа енгізіледі.

      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 263-бабының 1-2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Электрондық түрде жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 23 шілдедегі
№ 818 қаулысымен 
бекітілген    

Электронды түрде жазып берілетін шот-фактуралардың құжат
айналымының қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Электронды түрде жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 263-бабының 1-2-тармағына, «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
      2. Осы Қағидаларда:
      1) шот-фактура нысаны;
      2) электронды түрде жазып берілетін шот-фактураларды (бұдан әрі – ЭШФ) жазып беру, жөнелту, қабылдау, тіркеу, өңдеу, беру және алу тәртібі;
      3) ЭШФ куәландыру тәртібі;
      4) түзетілген, қосымша ЭШФ алынғанын растау ерекшелігі;
      5) ЭШФ сақтау тәртібі;
      6) бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган мен салық қызметі органдары арасындағы өзара іс-қимыл тәртібі айқындалады.
      3. Салық кодексінің 256 және 263-баптары мен осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес жазып берілген және ЭШФ АЖ-де тіркелген ЭШФ қосылған құн салығын (бұдан әрі – ҚҚС) есепке жатқызу үшін негіз болып табылады. Егер шот-фактура қағаз тасығышта да, электронды түрде де жазып берілген жағдайда, онда электронды түрде жазып берілген шот-фактура тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының ҚҚС есепке жатқызуы үшін негіз болып табылады.
      4. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) – бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның ақпараттық жүйесі, ол арқылы ЭШФ жазып беру, қабылдау, тіркеу, өңдеу, беру, алу және сақтау жүзеге асырылады;
      2) ЭШФ жазып беретін адам – тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуші, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес шот-фактура жазып беру міндеттемесі жүктелген өзге де адамдар;
      3) ЭШФ АЖ операторы – ЭШФ АЖ әкімшісі болып табылатын бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган;
      4) ЭШФ АЖ қатысушы – ЭШФ АЖ пайдалану туралы келісімге қол қойған және ЭШФ АЖ-де тіркелген адам;
      5) ЭШФ АЖ қатысушының есепке алу жүйесі – салық міндеттемесін орындау мақсатында жүргізілетін бастапқы есептік құжаттардың деректерін, бухгалтерлік есеп тіркелімдерін, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы ақпаратты қамтитын бухгалтерлік және салық есебінің жүйесі;
      6) уәкілетті адам – ЭШФ АЖ-де осындай заңды тұлғаның атынан сенімхет негізінде операцияларды жүзеге асыруға құқық, оның ішінде заңды тұлғаның атынан ЭШФ қол қою құқығы берілген заңды тұлғаның қызметкері;
      7) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі;
      8) электрондық құжат – ақпараты электрондық-цифрлық нысанда табыс етілген және ЭЦҚ арқылы куәландырылған құжат;
      9) тіркеу куәлігі – куәландырушы орталық электрондық цифрлық қолтаңбаның «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкестігін растау үшін беретін қағаз тасығыштағы құжат немесе электрондық құжат;
      10) уәкілетті органның нормативтік-анықтамалық ақпараты – салық қызметі органдарының дерекқорынан берілетін және салық заңнамасына сәйкес салық құпиясы болып табылмайтын ақпарат;
      11) ЭШФ – ЭШФ АЖ арқылы электрондық түрде жазып берілетін және салық заңнамасы нормаларының талаптарына және осы Қағидаларға сәйкес келетін шот-фактура;
      12) ЭШФ-ні өңдеу – ЭШФ Салық кодексінің 256 және 263-баптарында және осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеру, мұндай талаптарға сәйкес келмейтін ЭШФ кейіннен қайтарып алу;
      13) ЭШФ-ні қайтарып алу – түзетілген ЭШФ үзінді көшірмесін жазып бермей, бұрын жазып берілген ЭШФ жою;
      14) ЭШФ-ні ЭШФ АЖ-ны тіркеу – құжаттың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі, тіркеу куәлігінің шынайылығы мәніне тексеруді қамтитын шот-фактура құжатын ЭШФ АЖ-де өңдеу және бірегей тіркеу нөмірін беру процесі.
      5. ЭШФ құжат айналымын ЭШФ АЖ-де тек ЭШФ АЖ қатысушысы ретінде тіркелген салық төлеушілер жүзеге асырады.
      6. ЭШФ АЖ-де тіркелген кезде ЭШФ АЖ-ге қатысушыға мынадай мәртебе беріледі:
      1) жеке тұлға;
      2) дара кәсіпкер;
      3) заңды тұлға.
      7. Жеке тұлға – ЭШФ АЖ-ге өзге де қатысушы мұндай жеке тұлға ЭШФ АЖ-не басқа қатысушы заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің уәкілетті тұлғасы болып табылатын жағдайды қоспағанда, ЭШФ жазып беруге құқығы жоқ.
      8. Әрбір мәртебе бойынша тіркеу осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес бөлек ЭШФ АЖ-ны пайдалану туралы келісімге (бұдан әрі – Келісім) қол қою негізінде жүргізіледі.
      9. ЭШФ АЖ пайдалану туралы келісім салық төлеушінің ЭЦҚ-мен куәландырылады.
      ЭШФ АЖ-ға қатысушыны авторландыру үшін және ЭШФ АЖ-де электрондық құжаттарды куәландыру үшін Ұлттық куәландырушы орталықтың (бұдан әрі – ҰКО) тіркеу куәлігі қолданылады.
      10. Заңды тұлға, оның ішінде осындай заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электронды түрде жасалатын сенімхат негізінде ЭШФ АЖ-де жұмыс істеу үшін уәкілетті адамды айқындауға құқылы. Бұл ретте, заңды тұлғаның басшысы уәкілетті адамға осындай заңды тұлғаның атынан ЭШФ АЖ-де операцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін құқықтар береді, осындай құқықтардың қолданылу мерзімін көрсетеді.
      Заңды тұлғаның басшысы уәкілетті тұлғаға берілген құқықтарды түзете алады не оны осы құқықтардан айыра алады.
      Заңды тұлғаның басшысы ЭШФ АЖ жүйесінде уәкілетті адамдардың және заңды тұлға атынан оларға іс-әрекетті орындауға берілген құқықтар тізбесінің өзектілігін бақылауды жүзеге асыруға тиіс.
      11. ЭШФ АЖ құжат айналымы барысында мынадай операциялар жүзеге асырылады:
      1) ЭШФ құру;
      2) ЭЦҚ куәландыру;
      3) жазып берілген ЭШФ жөнелту;
      4) ЭШФ қабылдау;
      5) ЭШФ тіркеу;
      6) ЭШФ өңдеу;
      7) ЭШФ беру.
      12. ЭШФ осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген операцияларды жүзеге асыру кезінде мынадай мәртебеге ие болады:
      1) жазып берілген ЭШФ – Салық кодексінің 263-бабында және осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес жазып берілген, оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) куәландырылған ЭШФ;
      2) өңделген ЭШФ – осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізілген ЭШФ;
      3) тіркелген ЭШФ – ЭШФ АЖ бірегей тіркеу нөмірі берілген ЭШФ;
      4) жөнелтілген ЭШФ – тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушыға ЭШФ АЖ арқылы жіберілген ЭШФ;
      5) алынған ЭШФ – тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушыға ЭШФ АЖ арқылы келген және ол қараған ЭШФ;
      6) импортталған ЭШФ – ЭШФ АЖ қатысушының есептік жүйесінен ЭШФ АЖ-де жүктелген ЭШФ;
      7) қабылданған ЭШФ – осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеру табысты жүргiзілген импортталған ЭШФ.
      13. Түзетілген ЭШФ Салық кодексінің 263-бабы 14-тармағында белгіленген жағдайларда жазып беріледі.
      Қосымша ЭШФ Салық кодексінің 265-бабында белгіленген жағдайларда жазып беріледі.
      Түзетілген және/немесе қосымша ЭШФ жазып беру ЭШФ жазып берілген күнге белгіленген 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізіледі
      14. Шот-фактура ЭШФ АЖ арқылы жазып берілген жағдайда ЭШФ АЖ-дегі электронды құжат ЭШФ түпнұсқасы (телнұсқасы) болып табылады.
      Бұл ретте, ЭШФ-ның мазмұны ЭШФ мазмұнына қайшы келмейтін қағаз тасығышта немесе электронды түрде көшірмесі болуы мүмкін.
      15. ЭШФ АЖ қатысушы электронды түрде жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымы мақсатында ЭШФ АЖ мынадай қосымшаларын пайдаланады:
      1) on-line режимінде ЭШФ АЖ-де жұмысты жүзеге асыруға мүмкіндік беретін Web-қосымша;
      2) off-line режимінде ЭШФ АЖ-де жұмысты жүзеге асыруға мүмкіндік беретін Desktop-қосымша (интернет-қосылыс болмаған және/немесе тұрақсыз болған жағдайда);
      3) сыртқы есепке алу жүйелеріне ЭШФ АЖ-нің ЭШФ АЖ қатысушылардың есептік жүйелерімен бірігуі жолымен Web-қосымша мен desktop-қосымшасындағы бизнес-процестерде көзделген ЭШФ АЖ-дегі барлық операцияларды орындауға мүмкіндік беретін API-интерфейсі.
      16. ЭШФ АЖ оның ішінде мыналарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді:
      1) осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін салық төлеушінің есептік жүйелерінде жазып берілген шот-фактураларды қабылдау;
      2) ЭШФ АЖ-де ЭШФ АЖ қатысушылар арасында хабарламалар алмасу;
      3) бұрын жазып берілген ЭШФ-ні қайтарып алу.
      17. ЭШФ қайтарып алу ЭШФ-ні ЭШФ АЖ-нен жою мақсатында жүргізіледі.
      18. Шетел валютасында көрсету мүмкін болатын мынадай жағдайларды қоспағанда, ЭШФ Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жазып беріледі:
      1) өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жасалған мәмілелер (операциялар) бойынша;
      2) Салық кодексінің 242276-11276-13-баптарына сәйкес ҚҚС нөлдік мөлшерлемесі бойынша салық салынатын экспортқа тауар өткізу жөніндегі мәмілелер (операциялар) бойынша;
      3) Салық кодексінің 244-бабына сәйкес ҚҚС нөлдік мөлшерлемесі бойынша салық салынатын халықаралық тасымалдар бойынша қызметтерді өткізу жөніндегі айналымдар бойынша;
      4) Салық кодексінің 245-бабы 1-2-тармағына сәйкес ҚҚС нөлдік мөлшерлемесі бойынша салық салынатын өткізу жөніндегі айналымдар бойынша.

2. ЭШФ жазып беру, жөнелту, қабылдау, тіркеу, өңдеу, беру
және алу тәртібі

      19. ЭШФ осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысанда жазып беріледі.
      20. ЭШФ мынадай бөлімдерден тұрады:
      1) жалпы бөлім;
      2) жеткізушінің деректемелері;
      3) алушының деректемелері;
      4) жүкті жіберушінің және жүкті алушының деректемелері;
      5) жеткізу шарттары;
      6) мемлекеттік мекеменің деректемелері;
      7) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша деректер;
      8) бірлескен қызметке қатысушылардың тауарлары, жұмыстары, көрсетілетін қызметтері бойынша деректер;
      9) қосымша мәліметтер;
      10) ЭЦҚ бойынша мәліметтер.
      21. А «Жалпы бөлім» деген бөлімде:
      1) «Тіркеу нөмірі» деген 1-жолда ЭШФ АЖ-дегі ЭШФ бірегей тіркеу нөмірі көрсетіледі (жол ЭШФ АЖ жүйесінде құжатты тіркеу кезінде ЭШФ АЖ автоматты түрде толтырылады және ЭШФ АЖ қатысушының толтыруына және (немесе) редакциялауына арналмаған);
      2) «Есепке алу жүйесінің нөмірі» деген 1.1-жолда салық төлеушінің салық есебінде берілетін және Салық кодексінің 263-бабы 5-тармағына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуші дербес айқындайтын шот-фактуралардың реттік нөмірі көрсетіледі (жол міндетті түрде толтыруға жатады);
      3) «Жазып берілген күн» деген 2-жолда ЭШФ алушыға жөнелту күні көрсетіледі, бұл ретте ЭШФ АЖ қатысушының оны түзетуге құқығы жоқ (жол міндетті түрде толтыруға жатады);
      4) «Айналым жасалған күн» деген 3-жолда Салық кодексінің 237-бабына сәйкес айқындалған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасалған күн көрсетіледі (жол міндетті түрде толтыруға жатады).
      Бұл ретте, түзетілген шот-фактура бойынша өткізу бойынша айналымды жасау күні жойылатын шот-фактурада көрсетілген айналым жасалған күн бойынша айқындалады.
      Қосымша шот-фактура бойынша өткізу бойынша айналым жасалған күн Салық кодексінің 239-бабында көзделген жағдайлар басталған күн бойынша айқындалады.
      Қосымша шот-фактура Салық кодексінің 265-бабы 3-тармағына сәйкес айқындалған өткізу бойынша айналым жасалған күнінен ерте емес және өткізу бойынша айналым жасалған күнінен кейінгі күнтізбелік он күннен кешіктірмей жазып беріледі.
      22. «Түзетілген» деген 4-жол түзетілген ЭШФ жазып беру жүзеге асырылған жағдайда белгілеуге жатады. Бұл ретте бұл жолды, егер «Қосымша» деген 5-жол белгіленбеген жағдайда белгілеуге болады.
      «Түзетілген» деген 4-жолды белгілеген кезде 4.1, 4.2 және 4.3-жолдар міндетті түрде толтырылуға тиіс:
      1) «Күні» деген 4.1-жолда жойылатын (түзетілетін) ЭШФ күні көрсетіледі;
      2) «Есептік жүйе нөмірі» деген 4.2-жолда жойылатын ЭШФ реттік нөмірі көрсетіледі, бұл ретте, егер жойылатын шот-фактура 2014 жылдың 1 шілдесіне дейін жазып берілген жағдайда, онда түзетілген ЭШФ-ні жазып берген кезде тіркеу нөмірі мен есептік жүйе нөмірін көрсету талап етілмейді, ал егер жойылатын ЭШФ тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні ЭШФ АЖ-де тіркегеннен кейін жазып берілген жағдайда, онда түзетілген ЭШФ жазып берген кезде 4.1, 4.2 және 4.3-жолдарды толтыру қажет;
      3) «Тіркеу нөмірі» деген 4.3-жолда жойылатын ЭШФ тіркеу нөмірі көрсетіледі.
      Түзетілген ЭШФ жазып беру кезінде өзгерістер енгізілетін мәтін жолдары мен жиынтық бағандарында дұрыс мәліметтер мен сомалары көрсетіледі, ЭШФ-нің өзгерістер енгізілмейтін жолдары мен бағандарында бұрынғы мәліметтер өзгеріссіз көрсетіледі.
      23. Егер бұрын жазып берген ЭШФ-ға қосымша ЭШФ бар болса, онда түзетілген ЭШФ жазып берген кезде 4.1, 4.2 және 4.3-жолдарда бұрын жазып берген ЭШФ күні, тіркеу және реттік нөмірі көрсетіледі. Бұл жағдайда бұрын жазып берілген ЭШФ да, қосымша ЭШФ да жойылады. Бұл ретте, бұрын жазып берілген, жойылған қосымша ЭШФ қалпына келтіру үшін түзетілген ЭШФ жазып берілген күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде түзетілген ЭШФ-ға қосымша ЭШФ жазып беру қажет.
      24. «Қосымша» деген 5-жол Салық кодексінің 265-бабына сәйкес қосымша ЭШФ жазып берілген кезде белгіленуге тиіс. Бұл ретте, аталған жолды «Түзетілген» деген 4-жол белгіленбеген жағдайда белгілеуге болады.
      25. «Қосымша» деген 5-жолды белгілеген кезде 5.1, 5.2 және 5.3-жолдарда қосымша жазып берілетін бастапқы шот-фактураның деректемелері көрсетіледі:
      1) «Жазып берілген күн» деген 5.1-жолда қосымша ЭШФ жазып берілетін ЭШФ күні көрсетіледі;
      2) «Есептік жүйе нөмірі» деген 5.2-жолда қосымша ЭШФ жазып берілетін ЭШФ нөмірі көрсетіледі. Бұл ретте, егер қосымша ЭШФ жазып берілетін ЭШФ 2014 жылдың 1 шілдесіне дейін жазып берілген жағдайда, онда қосымша ЭШФ жазып берген кезде тіркеу нөмірі мен есептік жүйе нөмірін көрсету талап етілмейді, ал егер қосымша ЭШФ жазып берілетін ЭШФ тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуші ЭШФ АЖ-де тіркелгеннен кейін жазып берілген жағдайда, онда қосымша ЭШФ жазып берген кезде 5.1, 5.2 және 5.3-жолдардың міндетті түрде толтырылуын тексеру жүзеге асырылады.
      Бұл ретте теріс белгісі бар жиынтық мән толықтырулар енгізілетін бұрын жазып берілген ЭШФ-да көрсетілген жиынтық мәннен асып кетпеуге тиіс;
      3) «Тіркеу нөмірі» деген 5.3-жолда қосымша ЭШФ жазып берілетін ЭШФ тіркеу нөмірі көрсетіледі.
      26. Түзетілген ЭШФ-на қосымша ЭШФ жазып берілген жағдайда 5.1, 5.2 және 5.3-жолдарда қосымша ЭШФ жазып берілетін түзетілген ЭШФ-ның жазып берілген күні, ЭШФ АЖ-не қатысушының есептік жүйесіндегі тіркеу нөмірі көрсетіледі.
      «Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша деректер» деген G және «Бірлескен қызметке қатысушылардың тауарлары, жұмыстары, көрсетілетін қызметтері бойынша деректер» деген H бөлімдерінің 5, 6, 7, 9, 10, 12, 13, 14, 15 жиынтық бағандарында көрсетілген бағандардың бұрынғы мәндерінің артуын немесе кемуін көрсететін айырмасы (оң немесе теріс) көрсетіледі.
      27. Түзетілген немесе қосымша ЭШФ жазып берілген күн қосымша немесе түзетілген ЭШФ жазып берілетін ЭШФ жазып берілген күннен бастап салық заңнамасында белгіленген талап ету мерзімінен аспауға тиіс.
      28. «Жеткізушінің деректемелері» деген В бөлімінде:
      1) «ЖСН/БСН» деген 6-жолда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі, осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда түзетілген ЭШФ жазып беруді қоспағанда, жол міндетті түрде толтыруға жатады;
      2) «Қайта ұйымдастырылған тұлғаның СТН» деген 6.1-жолда түзетілген немесе қосымша ЭШФ жазып берген кезде қосылу, бірігу, бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның қайта ұйымдастыру сәтінде бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаса, мұндай тұлғаның тіркеу нөмірі көрсетіледі;
      3) «Жеткізуші» деген 7-жолда ЭШФ АЖ Салық кодексінің 263-бабының талаптарына сәйкес ЭШФ жазып беретін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің атауы көрсетіледі (жол міндетті түрде толтыруға жатады);
      4) «Орналасқан орнының мекенжайы» деген 8-жолда Салық кодексінің 560-бабының 7-тармағына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің заңды мекенжайы немесе орналасқан орнының мекенжайы көрсетіледі (дерекқорда заңды мекенжайы немесе орналасқан орнының мекенжайы болмаған жағдайда жол, толтырылмай қалдырылады оны қолмен толтыру құқығы болмайды);
      5) «ҚҚС төлеушінің куәлігі» деген 9-жолда ЭШФ жазып беретін тұлғаның ҚҚС бойынша куәлігінің деректемелері көрсетіледі. «Сериясы» деген 9.1 және «Нөмірі» деген 9.2-жолдарда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің ҚҚС төлеуші куәлігінің сериясы мен нөмірі көрсетіледі. Егер тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуші резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі (филиал немесе өкілдік) болып табылса, онда бұл жолда құрылымдық бөлімшесі болып табылатын ҚҚС төлеуші заңды тұлға куәлігінің сериясы мен нөмірі көрсетіледі (жол міндетті түрде толтыруға жатады). Егер жеткізуші ҚҚС төлеуші болып табылмаған жағдайда, 9.1 және 9.2-жолдар толтырылмайды;
      6) «Жеткізушінің санаты» деген 10-жолда егер тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуші комитент, комиссионер, экспедитор, лизинг беруші, бірлескен қызметке қатысушы, экспорттаушы немесе өнімді бөлу туралы келісімге (келісімшартқа) (ӨБК) қатысушы болып табылса, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің санаты көрсетіледі. Егер жеткізуші жоғарыда аталған санаттың ешқайсысына жатпаса, жол толтырылмайды.
      29. ЭШФ бірлескен қызмет туралы шарттардың шеңберінде жазып берілген жағдайда «Жеткізушінің деректемелері» деген В бөлімінде:
      1) Салық кодексінің 235-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес оның атынан ЭШФ жазып берілетін сенім білдірілген адамның (оператордың, уәкілетті өкілдің) немесе бірлескен қызмет туралы шарттың қатысушысының деректемелері;
      2) Салық кодексінің 271-1-бабының 3-тармағында көзделген жағдайда оператордың деректемелері;
      3) бірлескен қызмет туралы шарттың әрбір қатысушысының деректемелері көрсетіледі.
      ЭШФ тапсырыс шарты шеңберінде жазып берілген жағдайда, «Жеткізушінің деректемелері» деин В бөлімінде Салық кодексінің 233-бабына сәйкес сенім білдірушінің деректемелері көрсетіледі.
      Экспорттаушы, өнімді бөлу туралы келісімге (келісімшартқа) (ӨБК) қатысушы болып табылатын, сондай-ақ Салық кодексінің 245-бабы
1-2-тармағына сәйкес тауарларды немесе Салық кодексінің 244-бабына сәйкес халықаралық тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша ҚҚС нөлдiк мөлшерлемесін қолданатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуші «экспорттаушы немесе ӨБК қатысушы» F торкөзін белгілейді. Бұл торкөзді белгілеген кезде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуші ЭШФ-ні шетел валютасында жазып бере алады.
      «Бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы» деген торкөзді белгілеген кезде бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың саны көрсетілетін «саны» деген 10.1-жол толтырылуға тиіс, бұл бірлескен қызметтің әрбір қатысушысы үшін толтырылатын «Жеткізушінің деректемелері» деген В және «Бірлескен қызметке қатысушылардың тауарлары, жұмыстары, көрсетілетін қызметтері бойынша деректері» деген Н бөлімдерінің санын арттырады;
      4) «Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуді растайтын құжаттар» деген 11-жолда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуді растайтын құжаттың нөмірі мен күні көрсетіледі, «Нөмірі» деген 11.1 және «Күні» деген 11.2-жолдардан тұрады (егер 11.1 және 11.2-жолдар толтырылған жағдайда, жол міндетті түрде толтыруға жатады);
      5) «Қосымша мәліметтер» деген 12-жолда мәмілеге қатысушыларға қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің қосымша мәліметтері көрсетіледі, мәліметтердің құрамын мәміле тараптары дербес айқындайды;
      6) «КБЕ» деген 13-жолда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің бенефициары коды екі цифр көрсетіледі: бенефициардың резиденттік белгісі және бенефициардың экономика секторы (бұл жол «Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану және төлемдер бойынша оларға сәйкес мәліметтер ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысына сәйкес толтырылады);
      7) «ЖСК» деген 14-жолда банк шотының нөмірі көрсетіледі;
      8) «БСК» деген 15-жолда 14-жолда көрсетілген жеткізушінің есеп шоты ашық жеткізуші банкінің банктік сәйкестендіру коды көрсетіледі;
      9) «Банктің атауы» деген 16-жолда «БСК» деген 15-жолға сәйкес келетін жеткізушіге қызмет көрсетілетін банктің атауы көрсетіледі.
      Егер «Алушының санаты» деген 21-жолда «мемлекеттік мекемелер» деген Е торкөзі белгіленсе, 13 – 16-жолдар міндетті түрде толтыруға жатады.
      30 «Алушының деректемелері» деген С бөлімінде:
      1) «ЖСН/БСН» деген 17-жолда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі. Жол міндетті түрде толтыруға жатады.
      Егер «Алушының санаты» деген 21-жолда «резидент емес» F торкөзі белгіленсе, онда бұл жол толтыруға міндетті болып табылмайды.
      «Қайта ұйымдастырылған тұлғаның СТН» деген 17.1-жолда, егер түзетілген немесе қосымша ЭШФ жазып берген кезде  қосылу, бірігу, бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның қайта ұйымдастыру сәтінде бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаса, мұндай тұлғаның тіркеу нөмірі көрсетіледі;
      2) «Алушы» деген 18-жолда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының атауы көрсетіледі. Жол міндетті түрде толтыруға жатады;
      3) «Орналасқан орнының мекенжайы» деген 19-жолда Салық кодексінің 560-бабының 7-тармағына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының орналасқан орнының мекенжайы көрсетіледі (жеке тұлғаға ЭШФ жазып берілген жағдайда, жол толтыру үшін міндетті емес);
      4) «Қосымша мәліметтер» деген 20-жолда мәмілеге қатысушыларға қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының қосымша мәліметтері көрсетіледі мәліметтердің құрамын мәміле тараптары дербес айқындайды;
      5) «Алушының санаты» деген 21-жолда егер ЭШФ жазып беру комитентке, комиссионерге, лизинг алушыға, бірлескен қызмет туралы шарттың қатысушысына, мемлекеттік мекемеге немесе резидент емеске жүзеге асырылса, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының санаты көрсетіледі. Егер тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы жоғарыда аталған санаттың ешқайсысына жатпаған жағдайда, жол толтырылмайды.
      «Бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы» торкөзі белгіленген кезде бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың саны көрсетілетін «саны» деген 21.1-жол толтырылады. «Алушының деректемелері» С және «Бірлескен қызметке қатысушылардың тауарлары, жұмыстары, көрсетілетін қызметтері бойынша деректемелері» деген Н бөлімдер бұл жағдайда әрбір бірлескен қызметке қатысушы үшін толтырылады;
      Бірлескен қызмет туралы шарттар шеңберінде ЭШФ жазып берілген жағдайда «Алушының деректемелері» деген С бөлімінде:
      1) Салық кодексінің 235-бабы 3-тармағы 1) тармақшасына сәйкес ЭШФ жазып берілетін сенім білдірілген адамның (оператордың, уәкілетті өкілдің) немесе бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушының деректемелері;
      2) Салық кодексінің 271-1-бабының 3-тармағында көзделген жағдайда оператордың деректемелері;
      3) бірлескен қызмет туралы шарттың әрбір қатысушысының деректемелері көрсетіледі.
      ЭШФ тапсырыс шартының шеңберінде жазып берілген жағдайда «Алушының деректемелері» С бөлімінде Салық кодексінің 233-бабына сәйкес сенім білдірушінің деректемелері көрсетіледі.
      31. «Жүкті жөнелтушінің және жүкті алушының деректемелері» деген D бөлімінде жүкті жөнелтушінің және жүкті алушының (олар болған кезде) мынадай деректемелері көрсетіледі:
      1) «ЖСН/БСН» деген 22.1-жолда жүкті жөнелтушінің жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;
      2) «Атауы» деген 22.2-жолда жүкті жөнелтушінің атауы көрсетіледі;
      3) «Жөнелту мекенжайы» деген 22.3-жолда тауарды жөнелту орынының мекенжайы көрсетіледі;
      4) «ЖСН/БСН» деген 23.1-жолда жүкті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;
      5) «Атауы» деген 23.2-жолда жүкті алушының атауы көрсетіледі;
      6) «Жеткізу мекенжайы» деген 23.3-жолда тауарды жеткізу орынының мекенжайы көрсетіледі.
      32. «Жеткізу шарттары» деген Е бөлімінде:
      1) «Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізуге шарт (келісімшарт)» деген 24-жол тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуге арналған шарттың (келісімшарттың) нөмірі көрсетілетін «нөмірі» деген 24.1-жолдан және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуге шарттың (келісімшарттың) күні көрсетілетін «күні» деген 24.2-жолдан тұрады. Бұл жолдар өзара тәуелді жолдар болып табылады;
      2) «Шарт бойынша төлем талаптары» деген 25-жолда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуге арналған шартқа (келісімшартқа) сәйкес төлем талаптары көрсетіледі;
      3) «Жөнелту тәсілі» деген 26-жолда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуге арналған шартқа (келісімшартқа) сәйкес жөнелту тәсілі көрсетіледі;
      4) «Тауарларды жеткізу сенімхат бойынша жүзеге асырылды» деген 27-жол оның негізінде тауарларды жеткізу жүзеге асырылған сенімхаттың нөмірі көрсетілетін «нөмірі» деген 27.1-жолдан және оның негізінде осындай тауарларды жеткізу жүзеге асырылған сенімхаттың күні көрсетілетін «күні» деген 27.2-жолдан тұрады. Бұл жолдар өзара тәуелді жолдар болып табылады;
      5) «Межелі пункті» деген 28-жолда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуге арналған шартқа (келісімшартқа) сәйкес тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің межелі пункті көрсетіледі.
      33. «Мемлекеттік мекеменің деректемелері» деген F бөлімінде:
      1) «ЖСК» деген 29-жолда мемлекеттік мекеменің жеке сәйкестендіру коды көрсетіледі;
      2) «Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің коды» деген 30-жолда Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 25 мамырдағы № 215 бұйрығымен бекітілген Республикалық немесе жергiлiктi бюджеттiң есебiнен ұсталатын, сатудан түсетiн ақша өздерiнiң иелiгiнде қалатын мемлекеттiк мекемелердiң тауарлары (жұмыстары, көрсетiлетiн қызметтерi) тiзбесiнiң сыныптауышына сәйкес тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің коды көрсетіледі (бұл жол егер 29-жолда ақылы көрсетілетін қызметтердің бюджеттен тыс шоты (мемлекеттік мекемеге тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден олардың иелігінде қалатын ақша) көрсетілген жағдайда толтыру үшін міндетті болып табылады;
      3) «Төлем мақсаты» деген 31-жолда осы шот-фактура бойынша мемлекеттік мекеме сатып алған тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге, айналымға ақы төлеу үшін төлем мақсаты көрсетіледі;
      4) «БСК» деген 32-жолда ЭШФ АЖ автоматты түрде бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органның банктік сәйкестендіру нөмірін көрсетеді.
      Осы тармақта көрсетілген деректемелер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне сәйкес толтырылады.
      «Мемлекеттік мекеменің деректемелері» деген F бөлімін толтыру ЭШФ-ны мемлекеттік мекеменің атына жазып берген кезде міндетті болып табылады.
      34. «Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша деректер» деген G бөлімінде:
      1) «Валюта коды» деген 33.1-жолда Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен бекітілген «Валюталар жіктеуіші» деген 23-қосымшаға сәйкес валюта коды көрсетіледі (егер «Жеткізушінің санаты» деген 10-жолда «экспорттаушы немесе ӨБК қатысушы» деген F торкөзі белгіленсе, жол толтырылады);
      2) «Валюта бағамы» деген 33.2-жолда:
      егер жеткізуші ол үшін 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе құзырлы орган мен жер қойнауын пайдаланушы арасында жасалған және міндетті салық сараптамасынан өткен өнімді бөлу туралы келісімде (келісімшартта), сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта айқындалған салық режимі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер үшін сақталатын жер қойнауын пайдаланушы болып табылған жағдайда – осы өнімді бөлу туралы келісімге (келісімшартқа) сәйкес қолданылатын валюта бағамы;
      өзге жағдайларда – тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасау күнінде белгіленген валютаның нарықтық бағамы көрсетіледі.
      Егер «Жеткізушінің санаты» деген 10-жолда «экспорттаушы немесе ӨБК қатысушы» деген F торкөзі белгіленсе және «Валюта коды» деген 33.1-жолда «КZT»-ден өзгеше мән көрсетілсе, осы жол толтырылады;
      3) «Р\с №» деген 1-бағанда тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің әрбір атауы бойынша жолдың реттік нөмірі көрсетіледі;
      4) «Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы» деген 2-бағанда өткізілетін тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің атауы көрсетіледі;
      5) «Тауар коды (СЭҚ ТН)» деген 3-бағанда Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешімімен бекітілген Сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасының жіктеуішіне сәйкес сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының коды (ол болған кезде) көрсетіледі (жол тауарлар экспортталған кезде толтырылады);
      6) «Өлшем бірлігі» деген 4-бағанда өткізілетін тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің өлшем бірлігі (шартты белгі) (ол болған кезде) көрсетіледі;
      7) «Саны (көлемі)» деген 5-бағанда осы тармақтың 4) тармақшасында көзделген өткізілетін тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің ЭШФ бойынша өткізілетін, қабылданған өлшем бірліктеріне сүйене отырып саны (көлемі) (оларды көрсету мүмкін болған кезде) көрсетіледі;
      8) «Жанама салықтарсыз тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бір бірлігі үшін бағасы (тариф)» деген 6-бағанда ҚҚС мен акцизді есепке алмағандағы тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің шарт (келісімшарт) бойынша бірлігі үшін бағасы (тариф) (оны көрсету мүмкіндігі болған кезде) көрсетіледі;
      9) «Жанама салықтарсыз тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны» деген 7-бағанда ҚҚС мен акцизді есепке алмағандағы ЭШФ бойынша жөнелтілген (жеткізілетін) тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің барлық санының (көлемінің) құны көрсетіледі (жол міндетті түрде толтыруға жатады);
      10) «Акциздің мөлшерлемесі» деген 8-бағанда акцизделетін тауарларды өткізген жағдайда акциздің мөлшерлемесі көрсетіледі;
      11) «Акциз сомасы» деген 9-бағанда 8-жолда көрсетілген мөлшерлеме бойынша есептелген акцизделетін тауарлар бойынша сома көрсетіледі;
      12) «Өткізу бойынша айналымның мөлшері» деген 10-бағанда Салық кодексінің 238-бабына сәйкес айқындалған өткізу бойынша айналым мөлшері көрсетіледі (жол міндетті түрде толтыруға жатады);
      13) «ҚҚС мөлшерлемесі» деген 11-бағанда ҚҚС мөлшерлемесі көрсетіледі. Салық салынбайтын айналымдар бойынша ЭШФ жазып берілген, сондай-ақ ҚҚС төлеуші болып табылмайтын салық төлеушіге ЭШФ жазып берілген жағдайда, «ҚҚС-сыз» белгісі көрсетіледі.
      Егер тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізуші ҚҚС төлеуші болып табылмайтын болса, жол «ҚҚС-сыз» мәнімен түзету мүмкіндігінсіз толтырылады;
      14) «ҚҚС сомасы» деген 12-бағанда осы тармақтың 13) тармақшасында көрсетілген мөлшерлеме бойынша есептелген ҚҚС сомасы көрсетіледі (жол міндетті түрде толтыруға жатады);
      15) «Жанама салықтарды есепке алғандағы тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны» деген 13-бағанда ҚҚС мен акцизді есепке алмағандағы ЭШФ бойынша жөнелтілген (жеткізілетін) тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің барлық санының (көлемінің) құны көрсетіледі (жол міндетті түрде толтыруға жатады);
      16) «КО шеңберінде өтініштің немесе Тауарларға арналған декларация нөмірі» деген 14-бағанда оның негізінде өткізілетін тауарлар сатып алынған тауарлар әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің 18 мәнді тіркеу нөмірі немесе тауарларға арналған декларацияның 20 мәнді тіркеу нөмірі көрсетіледі. Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің немесе тауарларға арналған декларацияның әртүрлі тіркеу нөмірлері бойынша біртектес импортталған тауарлар осы бөлімнің жекелеген жолдарында көрсетіледі;
      17) «Қосымша деректер» деген 15-жолда мәмілеге қатысушыларға қажетті қосымша мәліметтер көрсетіледі. Бұл бағанда мәліметтердің құрамын мәміле тараптары дербес айқындайды.
      35. «Бірлескен қызметке қатысушылардың тауарлары, жұмыстары, көрсетілетін қызметтері бойынша деректері» деген Н бөлімінде:
      1) «Бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушының ЖСН/БСН» деген 34.1-жолда бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушының жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;
      «Қайта ұйымдастырылған тұлғаның СТН» деген 34.2-жолда түзетілген немесе қосымша ЭШФ жазып берген кезде  қосылу, бірігу, бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның қайта ұйымдастыру сәтінде  бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаса, мұндай тұлғаның тіркеу нөмірі көрсетіледі.
      Бұл бөлім бірлескен қызмет туралы шарттың әрбір қатысушысы бойынша бірлескен қызмет туралы шартта айқындалған олардың қатысу үлесіне қарай осы Қағидалардың 32-тармағына сәйкес толтырылады;
      2) «Қосымша мәліметтер» деген I бөлімінде 35-жолда мәмілеге қатысушыларға қажетті мәліметтер көрсетіледі. Мәліметтердің құрамын мәміле тараптары дербес айқындайды;
      36. «ЭЦҚ бойынша мәліметтер» деген J бөлімінде:
      1) «Заңды тұлғаның (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің) немесе дара кәсіпкердің ЭЦҚ» деген 36-жолда егер шот-фактураға қол қою заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің ҰКО тіркеу куәлігінің көмегімен орындалған жағдайда заңды тұлғаның (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің) ЭЦҚ көрсетіледі;
      2) «Шот-фактураға қол қоюға уәкілетті адамның ЭЦҚ» деген 37-жолда егер шот-фактураға қол қою ЭШФ қатысушы атынан шот-фактура жазып беруге құқылы жеке тұлғаның ҰКО жеке тіркеу куәлігінің көмегімен орындалған жағдайда шот-фактураға қол қоюға уәкілетті адамның ЭЦҚ қойылады.
      37. Жазып берілген ЭШФ-да толтыру үшін міндетті болып табылатын деректемелер және салық төлеуші өзі дербес толтырған деректемелер көрсетіледі.
      38. ЭШФ, егер осы Қағидаларға сәйкес оған ЭШФ АЖ қатысушы ЭЦҚ құралдарымен қол қойса, сондай-ақ осындай ЭШФ-на тіркеу нөмірі берілсе, ЭШФ жазып берген адам жіберген деп саналады.

3. ЭШФ куәландыру тәртібі

      39. Құжат айналымы жұмысын қамтамасыз ету, жүйедегі сәйкестендіру, электронды құжаттарға қол қою, электрондық құжаттардың түпнұсқалығын растау үшін ЭШФ АЖ-де ҰКО тіркеу куәліктерімен міндетті түрде қол қою көзделген.
      40. ЭШФ заңды тұлғаның, дара кәсіпкердің немесе уәкілетті адамның ЭЦҚ куәландырылады.
      41. ЭШФ куәландыру кезінде ЭШФ АЖ тіркеу куәлігін осы тіркеу куәлігінің жарамдылағы (қолданылу мерзімі, тіркеу куәлігі иесінің сәйкестендіру деректері және т.б.) мәніне тексеруді жүзеге асырылады.

4. Түзетілген, қосымша ЭШФ алынғанын және (немесе) оны
қайтарып алуды растау ерекшеліктері

      42. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуші жазып берген түзетілген, қосымша және (немесе) қайтарып алынған ЭШФ тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді алушы ЭШФ АЖ құралдарымен растайды.
      43. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының түзетілген, қосымша және (немесе) қайтарып алынған ЭШФ растауының болуы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің ҚҚС бойынша салық салынатын айналымын өзгерту үшін негіз болып табылады.

5. ЭШФ сақтау тәртібі

      44. Осы Қағидаларда көзделген электрондық құжаттар салық заңнамасында белгіленген талап ету мерзімі ішінде ЭШФ АЖ-де сақталады.
      45. Сақтауға:
      1) осы Қағидаларға сәйкес куәландырылған ЭШФ;
      2) осы Қағидаларға сәйкес ресімделген басқа да электрондық құжаттар жатады.
      46. Тіркеуден өткен және ЭШФ АЖ-де сақталған электрондық құжаттар:
      1) түзетуге жатпайды, бірақ ЭШФ АЖ қатысушының қарауы үшін қол жетімді болады;
      2) санкцияланбаған қол жеткізуден қорғалады.

6. Бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган мен
салық қызметі органдары арасындағы өзара іс-қимыл жасау тәртібі

      47. Салық қызметі органдары автоматты режимде ЭШФ операторына ЭШФ АЖ-не қатысушылардың нормативтік-анықтамалық ақпаратын береді.
      48. ЭШФ АЖ операторы тіркелуі және сақталуы осы Қағидаларда белгіленген ЭШФ автоматты режимде салық қызметі органдарына береді.

Электрондық түрде      
жазып берілетін шот-фактуралардың
құжат айналымының қағидаларына
1-қосымша          

Электронды түрде жазып берілетін шот-фактуралардың ақпараттық
жүйесін пайдалану туралы келісім

1. Осы Келісімде пайдаланылатын ұғымдар

      Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) – ол арқылы ЭШФ жазып беру, жөнелту, қабылдау, тіркеу, өңдеу, беру, алу және сақтау жүзеге асырылатын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның ақпараттық жүйесі;
      ЭШФ АЖ операторы – ЭШФ АЖ әкімшісі болып табылатын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган;
      ЭШФ АЖ қатысушы – мынадай мәртебелермен ЭШФ АЖ пайдалану туралы келісімге қол қойған адам:
      1) жеке тұлға;
      2) дара кәсіпкер;
      3) заңды тұлға;
      электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
      электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі;
      ЭШФ - ЭШФ АЖ арқылы электронды түрде жазып берілетін және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 263-бабының талаптарына және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен ЭШФ құжат айналымының қағидаларына (бұдан әрі – ЭШФ құжат айналымы қағидалары) сәйкес келетін шот-фактура;
      уәкілетті адам – ЭШФ АЖ-де осындай заңды тұлғаның атынан сенімхет негізінде операцияларды жүзеге асыруға құқық, оның ішінде заңды тұлғаның атынан ЭШФ қол қою құқығы берілген заңды тұлғаның қызметкері;
      ЭШФ жазып беретін адам – тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуші, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес шот-фактура жазып беру міндеті жүктелген өзге де адамдар.

2. Келісімнің нысанасы

      1. Осы Келісім бойынша ЭШФ АЖ қатысушы өзіне ЭШФ жазып беру, жөнелту, қабылдау, тіркеу, өңдеу, беру, алу және сақтау жүзеге асырылатын ЭШФ АЖ пайдалану бойынша міндеттерді қабылдайды.
      2. ЭШФ операторы ЭШФ АЖ қатысушыға ЭШФ АЖ-не рұқсат беруді қамтамасыз етеді.
      3. Осы Келісім бойынша ЭШФ жазып беріледі, ЭШФ АЖ арқылы жөнелтіледі және қабылданады, ЭЦҚ қол қойылады және ЭШФ АЖ-де сақталады.

3. Қатысушының құқықтары мен міндеттері

      1. ЭШФ АЖ қатысушыға Салық кодексінде, ЭШФ құжат айналымы қағидаларында, сондай-ақ осы Келісімде көзделген құқықтар беріледі және ол өзіне міндеттерді қабылдайды.
      2. ЭШФ АЖ қатысушы жеке тұлға осы Келісімге және ЭШФ құжат айналымы қағидаларына сәйкес ЭШФ АЖ-де өзі және оның контрагенттері жазып берген ЭШФ қарауға құқылы.
      3. ЭШФ АЖ қатысушы электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы Қазақстан Республикасының Заңын сақтай отырып ЭШФ жазып беруге міндеттенеді.
      4. Заңды тұлғаның басшысы ауысқан жағдайда, ЭШФ АЖ қатысушы заңды тұлғаның уәкілетті өкілі:
      1) ЭШФ АЖ қатысушы заңды тұлғаның орналасқан орны бойынша салық органына заңды тұлғаның басшысы туралы мәліметтерді өзгерту үшін тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішпен үш жұмыс күні ішінде;
      2) жаңа тіркеу куәлігін алу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Ұлттық куәландырушы орталыққа жүгінуге міндетті.
      Егер ЭШФ жазып берілген аталған заңды тұлғаның басшысы болып табылмаған заңды тұлғаның басшысы жазып берген жағдайда, онда жазып берілген ЭШФ-ға жаңа басшы жауаптылықта болады.
      5. Заңды тұлғалар ЭШФ АЖ-де жұмыс істеу үшін осы Келісімге қосымшаға сәйкес нысан бойынша электронды түрде жасалған сенімхат негізінде уәкілетті адамды айқындауға құқылы.
      Заңды тұлғаның басшысы қолданылу мерзімін көрсете отырып, уәкілетті адамға осындай заңды тұлғаның атынан ЭШФ АЖ-де операцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін белгілі бір құқықтар береді.
      6. Заңды тұлғаның басшысы уәкілетті адамға берілген құқықтарды түзетуге, қарауға не болмаса оны осы құқықтардан айыруға құқылы.
      7. ЭШФ АЖ қатысушы заңды тұлға заңды тұлғаның атынан заңды тұлғаның бірнеше қызметкеріне бір мезгілде ЭШФ қол қою құқығын беруге құқылы.
      8. ЭШФ АЖ қатысушы заңды тұлға осы Келісімнің 5-тармағында көзделген сенімхатты жою туралы шешім қабылданған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңынамасында белгіленген тәртіппен осындай шешім қабылданған уақыттан бастап күнтізбелік бір күннен кешіктірмей оны қайтарып алады.
      9. ЭШФ АЖ қатысушы ЭШФ АЖ пайдаланудан бас тартқан жағдайда, ЭШФ АЖ операторына кейіннен түпнұсқасы жеткізіліп берілетін жазбаша хабарламаны хатпен, жеделхатпен немесе факспен жіберуге міндетті.

4. Жауаптылық

      1. ЭШФ АЖ қатысушы, сондай-ақ уәкілетті адамдар ЭШФ-дағы мәлiметтердiң дұрыстығы мен толықтығына жауапты болады.
      2. ЭШФ АЖ қатысушы ЭШФ-ға ЭЦҚ қойылу заңдылығы, сондай-ақ ЭШФ жазып беру нәтижесінде пайда болған салдар үшін жауапты болады.
      3. ЭШФ АЖ қатысушы осы Келісімде көрсетілген деректемелердің түпнұсқалығы үшін жауапты болады.
      4. ЭШФ АЖ қатысушы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жауаптылықта болады.
      5. Егер осы Келісім шарттарының бұзылуы ЭШФ АЖ қатысушына байланысты емес мән-жайлар бойынша ЭШФ АЖ ақаулықтар нәтижесінде болса, ол көрсетілген бұзылу үшін жауапты болмайды.
      6. Егер осы Келісім шарттарының бұзылуы форс-мажор мән-жайларының нәтижесі болса, бұл үшін ЭШФ АЖ қатысушы жауапты болмайды.
      Осы Келісімнің мақсаты үшін «форс-мажор» Қатысушы және ЭШФ операторының және күтпеген сипаттағы тарапынан бақылауға бағынбайтын оқиғаны білдіреді. Мұндай оқиғалар ұрыс қимылдары, табиғи немесе зілзала апаттары, індет, карантин және басқаны қамтуы мүмкін, бірақ олармен шектелмейді.

5. Қатысушының деректемелері

Жеке тұлға

1. ЖСН _______________________________________
2. Т.А.Ә. ____________________________________
3. Жеке басын куәландыратын құжат:
паспорт жеке куәлік
нөмірі _______________________________________
кім берген ___________________________________
қашан берген 201__ жылғы «____» ______________
4. Тұрғылықты жерінің мекенжайы ______________
______________________________________________
______________________________________________

Дара кәсіпкер

1. ЖСН _______________________________________
2. Атауы (болған жағдайда) ___________________
3. Жеке басын куәландыратын құжат:
паспорт жеке куәлік
нөмірі _______________________________________
кім берген ___________________________________
қашан берген 201__ ж. «____» _________________
4. Қызметін жүзеге асыру мекенжайы ___________
______________________________________________
______________________________________________

Заңды тұлға

1. ЖСН _______________________________________
2. Атауы ___________________________________
3. Басшының Т.А.Ә. ___________________________
4. Басшының ЖСН ______________________________
4. Заңды мекенжайы ___________________________
______________________________________________
______________________________________________

Мен ___________________ осы Келісімнің шарттарымен келісемін.
ЭЦҚ _____________________________
Күні 201__ ж. «____» _______________

Электронды түрде жазып берілетін 
шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін
пайдалану туралы келісімге    
қосымша           

СЕНІМХАТ

_____________________________________________________________________
                   (заңды тұлғаның атауы)
Заңды мекенжайы _____________________________________________________
_____________________________________________________________________
БСН __________________________________________________________ атынан
_____________________________________________________________________
негізінде әрекет ететін ____________________________________________
                      (басшы немесе құрылтай құжаттарымен уәкiлеттiк
                                    берiлген өзге тұлға)
осы сенімхатпен ____________________________________________________
Т.А.Ә. _____________________________________________________________
ЖСН ________________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат:
паспорт
жеке куәлік
кім және қашан берілді _____________________________________________
________________________________________________________ тұлға атынан
           (заңды тұлғаның атауы)
мынадай іс-қимылдарды:
1. __________________________________________________________________
2. __________________________________________________________________
3. _______________________________ жүзеге асыруға уәкілеттік береді.

Өкілге сенім білдірушінің атынан жазылған электрондық
шот-фактураларға электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қою құқығы
беріледі.

Сенімхат басқа біреуге сенім білдіру құқығынсыз ___ мерзімге берілді.
Сенім білдірушінің ЭЦҚ __________________________________
Күні 20__ ж. «___» ____________

Электрондық түрде      
жазып берілетін шот-фактуралардың
құжат айналымының қағидаларына
2-қосымша          

      ШОТ-ФАКТУРА