Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 шілдедегі № 775 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Түрікменбашы қаласында (Түрікменстан) Қазақстан Республикасының консулдығы ашылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов