"Әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шектi мәндерiн және оларға бөлшек сауда бағаларының шектi рұқсат етiлген мөлшерiн белгiлеудiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 маусымдағы № 665

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 шілдедегі № 765 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 15 қазандағы № 829 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 26.04.2016 № 109/4 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабы 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабы 5-2) тармақшасына сәйкес, жұмысқа орналасуға мұқтаж мүгедектерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында Качир ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мүгедектер үшін жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. "Качир ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жұмыс берушілерге тиісті жолдамаларды беру арқылы квоталандырылған жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау әлеуметтік мәселелерге жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Н. Күлжан