Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Ақтау және Баутино порттарының теңiз әкiмшілiгiн құру мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 743 қаулысы

      «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 133-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі «Республикалық мемлекеттік қала құрылысын жоспарлау және кадастр орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі кәсіпорынға қатысты тиісті саланың уәкілетті органы болып белгіленсін.
      3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу болып белгіленсін.
      4. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорын жарғысын бекітуге беруді;
      2) әділет органдарында кәсіпорынның мемлекеттік тіркелуін;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де іс-шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
      2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.09.2014 № 1011 қаулысымен.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 24.09.2014 № 1011; 28.08.2015 № 683 қаулыларымен.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов