«Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысы әкімінің Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Павлодар қаласындағы өңірлік кардиохирургия орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын мүліктік кешен ретінде коммуналдық меншікке беру туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағынан туындайтын қажетті іс-шараларды жүзеге асырсын.
3. Павлодар облысының әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен кәсіпорынды мемлекеттік қайта тіркеуді қамтамасыз етсін және осы қаулыны іске асыру жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1005 қаулысымен;
2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1005; 28.08.2015 № 683 қаулыларымен.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов