"Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2014 - 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1565 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 маусымдағы № 642 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 112 қаулысымен


      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚAУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстандық кремний (Kaz PV) негізінде күн сәулесінің энергиясын түрлендіру үшін жалпы қуаты 37 МВт болатын фотоэлектрлік модульдерді пайдаланатын күн электр станцияларының жобалары үшін 70 теңге/кВтсағ. мөлшеріндегі тіркелген тариф бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов