Тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару жүйесін жаңғыртудың 2014 – 2050 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 634 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 484 қаулысымен

      Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.08.2016 № 484 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" көшуі жөніндегі тұжырымдама туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы
      30 мамырдағы № 577 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін жаңғыртудың 2014 – 2050 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, Бағдарламада көзделген іс-шаралардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
      3. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысымен бекітілген Салалық бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу, бағалау және бақылау ережесіне сәйкес Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.Ә. Сағынтаевқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 9 маусымдағы
№ 634 қаулысымен    
бекітілген      

       Тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару жүйесін жаңғыртудың 2014 – 2050 жылдарға арналған бағдарламасы
1. Бағдарламаның паспорты

Атауы
 

Тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару жүйесін жаңғыртудың 2014 – 2050 жылдарға арналған бағдарламасы
 

Әзірлеу үшін негіздеме
 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы
30 мамырдағы № 577 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" көшуі жөніндегі тұжырымдама
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 шілдедегі № 750 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 72-тармағы
 

Әзірлеу үшін жауапты мемлекеттік орган
 

Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі
 
 

Іске асыру үшін жауапты мемлекеттік орган
 

Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі
 
 

Бағдарламаның мақсаты
 

Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, тасымалдау, кәдеге жарату, өңдеу және көму жөнінде көрсетілетін қызметтер кешенінің тиімділігін, сенімділігін, экологиялық және әлеуметтік қолайлылығын жоғарылату, ТҚҚ өңдеу үлесін ұлғайту, сондай-ақ қалдықтарды қауіпсіз көмуді қамтамасыз ету.
 

Бағдарламаның міндеттері
 

1. ТҚҚ өңдеу жүйесін жетілдіру
2. Тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарының жұмыс істеп тұрғандарын қалпына келтіру және санитариялық қағидалардың заманауи талаптарына сай келетін, тұрмыстық қатты қалдықтарды қабылдау, сұрыптау, өңдеу және көму инфрақұрылымы күрделі жаңаларын салу
3. Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және тасымалдау жүйесін жаңғырту
4. Қалдықтарды пайда болу көзінен бөлек жинауды жаппай енгізу
5. Коммуналдық қалдықтарды өңдеу жүйесін жетілдіру
6. Тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеуді "жасыл" экономиканы дамыту қағидаттары мен тұжырымдамасы шеңберінде және соларға сәйкес өңдеуді енгізіп, жүйелі түрде өрістету
7. Қауіпті қалдықтарды пайда болу көзінен бөлек жинауды жаппай енгізу
8. Қауіпті тұрмыстық қалдықтарды өңдеу жүйесін жетілдіру
9. Ірі габаритті қалдықтарды пайда болу көзінен бөлек жинауды жаппай енгізу
10. Басқа тұрмыстық қалдықтарды өңдеу жүйесін жетілдіру
11. Автомобиль шиналарын, пайдаланылған автомобильдерді кәдеге жарату жүйесін жетілдіру
 

Бағдарламаны іске асыру мерзімі мен кезеңдері
 

2014 – 2050 жылдар
1-кезең 2014 – 2020 жылдар
2-кезең 2021 – 2030 жылдар
3-кезең 2031 – 2050 жылдар
 

Нысаналы индикаторлар
 

Бағдарлама мақсаттарын іске асыру үшін мынадай нысаналы индикаторға қол жеткізіледі:
Халықты тұрмыстық қатты қалдықтарды шығарумен қамту – 2030 жылға дейін 100%.
Қоқысты санитариялық сақтау – 2030 жылға дейін 95%.
Өңделген қалдықтардың үлесі – 2050 жылға дейін 50%.
 

Қаржыландыру көздері мен көлемі
 
 

Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру көлемі 2014 – 2050 жылдары 128 424,53 млн. теңгені құрайды, оның ішінде:
1-кезең бойынша (2014 – 2020 жылдар):
республикалық бюджет – 884,53* млн. теңге, жергілікті бюджет (2015 – 2020 жылдар) – 52 589** млн. теңге;
жеке инвестициялар – 74 951*** млн. теңге.
Ескертпе:
* - республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын іс-шаралар бойынша шығыстардың Республикалық бюджет комиссиясы қолдаған көлемі;
** - Бағдарламаның 2015 – 2020 жылдарға арналған іс-шараларын іске асыру бойынша қаржыландырудың нақты көлемі тиісті жылға арналған жергілікті бюджетті қалыптастыру кезінде әрбір өңір бойынша нақты есептердің негізінде, оның ішінде Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің "Тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру жобаларына құйылатын инвестицияларды негіздеу" деген 040 бюджеттік бағдарламасының шеңберінде әзірленген ТҚҚ секторын жаңғырту инвестицияларының негіздемесі жөніндегі жобаларды іске асыру шеңберінде айқындалатын болады;
*** - жобаларды мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарында, сондай-ақ халықаралық қаржы институттарының қаражаты есебінен іске асыру кезіндегі инвесторлардың ақша қаражаты.
 

2. Кіріспе

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 577 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" көшуі жөніндегі тұжырымдамада ТҚҚ басқару саласын жетілдіру негізгі бағыттардың бірі ретінде белгіленген.
      Осы Бағдарлама тұрмыстық қатты қалдықтармен жұмыс істеу жүйесін жетілдіруге; тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, тасымалдау, кәдеге жарату, өңдеу және көму жөнінде көрсетілетін қызметтер кешенінің тиімділігін, сенімділігін, экологиялық және әлеуметтік қолайлылығын жоғарылатуға; заманауи технологиялар мен басқару әдістерінің негізінде ТҚҚ секторын жаңғыртуға; сондай-ақ Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарын бұлжытпай орындау жөнінде шаралар қабылдауға бағытталған.
      Бағдарламаны іске асыру ТҚҚ-мен жұмыс істеу саласында көрсетілетін қызметтердің сапасын жоғарылатады, жиналатын және өңделетін қайталама материалдық ресурстардың санын ұлғайтады, ТҚҚ энергетикалық әлеуетін барынша пайдалануға мүмкіндік береді, сондай-ақ ТҚҚ-мен жұмыс істеу нәтижесінде қоршаған ортаға тигізілетін келеңсіз әсерді барынша азайтуға мүмкіндік береді. Сол арқылы, Бағдарлама Қазақстан Республикасы азаматтарының тұрмыс сапасы мен жағдайларын айтарлықтай жақсартатын болады.
      Іске асыру мерзімдері жағынан Бағдарлама ұзақ мерзімді болып табылады.
 

3. Ағымдағы жағдайды талдау
3.1. Сектордың жай-күйінің ағымдағы жағдайын, сондай-ақ елдің
әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына осы
сектордың әсерін бағалау

      Қазақстанда жинақталған ТҚҚ-ның жалпы көлемі 100 млн. тоннаға жуық, бұл ретте, жыл сайын тағы да 5 – 6 млн. тоннаға жуық ТҚҚ жинақталады. 2025 жылға қарай бұл цифрлар 8 млн. тоннаға дейін өсуі мүмкін, бұл ретте, пайда болатын қалдықтар полигондарға алдын ала сұрыпталмай және залалсыздандырылмай орналастырылады.
      Төмендегі кестеде полигондарға ТҚҚ орналастыру көлемін және өңірлер бөлінісінде тұрмыстық қатты қалдықтарды жинақтау нормаларын бөлу көрсетілген (ірі 16 қала үшін).
       1-кесте
 

Қала
 

2012 жылдың соңындағы халық саны, мың адам1
 

2012 ж. полигондарға ТҚҚ орналастыру2
 

Бір адамға шаққандағы ТҚҚ жинақтау нормасы 3
 

мың тонна
 

жылына м3/адам
 

Астана
 

778,198
 

326,4
 

2,16
 

Алматы
 

1475,429
 

549,12
 

2,55
 

Ақтау
 

180,885
 

109,7
 

2
 

Ақтөбе
 

420,567
 

360,6
 

0,47
 

Атырау
 

272,071
 

44,07
 

0,56
 

Қарағанды
 

478,952
 

132,85
 

1,87
 

Қостанай
 

219,224
 

152,73
 

1,17
 

Орал
 

271,361
 

108,5
 

2,3
 

Шымкент
 

662,1
 

64,55
 

1,7
 

Павлодар
 

342,435
 

94,47
 

1,30
 

Көкшетау
 

152,006
 

57,7
 

1,16
 

Өскемен
 

309,5
 

45,6
 

1,98
 

Талдықорған
 

156,162
 

17
 

2,77
 

Тараз
 

343,275
 

34,96
 

0,54
 

Қызылорда
 

253,960
 

36,1
 

1,7
 

Петропавл
 

206,043
 

62
 

2,07
 

   

            Ескертпе – ТҚҚ жалпы орналастыруға кәдеге жаратуға жататын автомобильдер мен сарқынды суларды өңдеуден қалған қалдықтар қосылмаған;
      1 www.stat.kz сайтының статистикалық деректеріне сәйкес;
      2 – облыстық экология департаменттерінің есептеріне сәйкес;
 

3 - ЖАО ақпараты бойынша.
 


   

             Халықаралық практикада ТҚҚ үш бөлікке жіктелген, олар ТҚҚ ортақ құрамына кіретін, бірақ өңдеу және/немесе көму тәсіліне қарай өзара ерекшеленетін үш "қалдық легіне" сәйкес келеді.
      1. Коммуналдық қалдықтар.
      2. Қауіпті ТҚҚ – адамның тыныс-тіршілігінің нәтижесінде қалыптасатын тұтыну қалдықтары, сондай-ақ қалыптасу сипаты осыған ұқсас, өзінің құрамы мен қасиетіне қарай қауіпті қалдықтарға жатқызылуы мүмкін өндіріс қалдықтары. Оларға мынадай қалдықтар жатқызылады:
      - пайдаланылған батареялар мен аккумуляторлар;
      - пайдаланылған электр жабдығы мен электронды жабдық;
      - құрамында сынап бар қалдықтар (люминесцентті лампалар мен термометрлер);
      - медициналық және ветеринариялық қалдықтар;
      - тұрмыстық химия қалдықтары;
      - құрамында асбест бар қалдықтар;
      - адамның тыныс-тіршілігінің нәтижесінде қалыптасатын басқа да қауіпті қалдықтар.
      3. Басқа ТҚҚ – қауіпті болып табылмайтын, бірақ жинау, шығару және кәдеге жарату үшін бірінші лектен өзгеше тәсілдерді қолдану талап етілетіндіктен, аралас қалдықтарға жатқызуға болмайтын қалдықтар. "Басқа ТҚҚ" мынадай қалдықтар жатқызылады:
      - құрылыс қалдықтары;
      - ірі габаритті қалдықтар;
      - кәдеге жаратуға жататын автомобильдер;
      - пайдаланылған автомобиль шиналары;
      - сарқынды суларды өңдеуден қалған қалдықтар.
      Өңірлер бөлінісінде халықтың жан басына шаққандағы ТҚҚ жинақтау нормаларының ауқымы өте кең – жылына 80-нен 400 кг/адам асады, мұның өзі деректерді жинау және есептілікті жасау процесінде сәйкессіздіктердің орын алуына әкелуі мүмкін. Қазақстандағы ТҚҚ полигондарының бәрінде дерлік қалдықтарды қабылдау аймағында таразы жоқ екенін атап өту керек, яғни тоннажы текше метрді тоннаға ауыстыру жолымен белгіленеді әрі бұл ретте үлес салмағының бір м3 шаққанда 250-ден 300 кг дейінгі мәні қолданылады. Еуропа елдерінің тәжірибесі бойынша үлес салмақ бір м3 шаққанда 100 – 150 кг құрайды.
      Келесі кестеде 2011 жылы Қазақстанның 9 қаласындағы талдау бойынша қалалық жерлердегі ТҚҚ-ның морфологиялық құрамы келтірілген, мұны "Fichtner" компаниясы ұсынған.
       2-кесте
 


 

Қалдықтардың түрі (фракциясы)
 

ҚР 9 өңірі бойынша орта есеппен үлесі, %
 

1
 

Тамақ қалдықтары
 

37
 

2
 

Қағаз бен картон
 

25
 

3
 

Пластмасса
 

15
 

4
 

Шыны
 

6
 

5
 

Тоқыма
 

6
 

6
 

Резеңке
 

3
 

7
 

Металдар
 

3
 

8
 

Ағаш қалдықтары
 

3
 

9
 

Өзгелері
 

2
 

10
 

Жиыны
 

100
 

   

       Өңірлер бойынша морфологиялық құрамды зерделеу туралы деректерді талдау деректердің алшақтығы өте үлкен екенін көрсетіп отыр. Орташаландырылған морфологиялық құрамды негізге алсақ, ТҚҚ құрамындағы қайталама материалдық ресурстардың саны шамамен 500 мың тонна қағаз бен картонды, 300 мың тонна шыныны, 200 мың тонна металдарды, 500 мың тонна пластмассаны құрайды.
      Қазіргі уақытта Қазақстанда ТҚҚ-ны қалдықтардың қалыптасу "көзінен" бөлек жинау жүйелі деңгейде жолға қойылмаған, сондықтан қалдықтарды қалыптасу көзінде бөлу, қалдықтарды бөлек-бөлек шығару, қалпына келтірілген материалдарды қайта өңдеу және сату жүйелеріне бүкіл ел бойынша кешенді экономикалық талдау жүргізу мүмкін емес.
      Қазақстан аумағында барлық дерлік қалдықтар қоқыс үйінділеріне көму үшін шығарылады, бұл ретте, бүгінгі таңда Астана қаласында жұмыс істеп тұрған ТҚҚ полигонынан басқа бір де бір ТҚҚ үйіндісі санитариялық қағидалардың талаптары мен көмудің экологиялық стандарттарына сәйкес келмейді.
      Полигондардың бәрі дерлік өздерінің жұмыс істеу мерзімін аяқтаған, экономикалық орынды болса, оларды қайта қопсыту, үйінді газын жинау, сондай-ақ өңірлік инженерлік жаңа полигондар салу талап етіледі. Республикада қоқысты қайта тиеу (сұрыптау) станциялары жұмыс істемейді, бұл жерлерде қайталама материалдық ресурстарды, сондай-ақ "жасыл" энергия мен қорда шығара отырып кәдеге жарату үшін биологиялық ыдырайтын фракцияны шығарып алу мақсатында қалдықтарды тереңдете сұрыптауды жүргізуге болар еді. Соңғысы – қалдықтарды бөлек жинау және (немесе) ТҚҚ қалыптасу көзінен сұрыптау жүйесі мүлдем дамымай қалып отыр.
      Институционалдық деңгейде ТҚҚ басқару секторының инфрақұрылымы толықтай құрылмаған, бұл проблеманы шешуде аумақтардың бытыраңқы орналасуы және қалдықтармен жұмыс істеу саласында бірыңғай саясаттың болмауы қиындық келтіреді. Секторда орын алып отырған проблемаларды шешу үшін қалдықтармен жұмыс істеудің бүкіл – "қалыптасу көзінен" бөлек жинаудан бастап ТҚҚ-ның инертті бөлігін инженерлік полигондарда көмуге дейінгі технологиялық тізбегі бойынша өңірлік тәсілді енгізу қажет.
      ТҚҚ-мен жұмыс істеу жүйесінде өңірлік тәсілді енгізу ТҚҚ-мен жұмыс істеудің әлемдік стандарттарға сәйкес келетін орнықты әрі тиімді жүйесін құруға мүмкіндік бермек.
      Қалдықтармен жұмыс істеудің Қазақстан Республикасында қолданылатын заңнамалық базасын талдау мынадай тұжырым жасауға мүмкіндік береді:
      кәсіпорындарға қалдықтарды кәдеге жарату және пайдалану жөнінде шаралар қабылдағаннан гөрі орналастыру үшін ақы төлеген пайдалырақ. Экологиялық кодексте қалдықтарды бөлек жинауды және өңдеуді экономикалық тұрғыдан ынталандыру көзделген, алайда, практика жүзінде ол қолданылмайды.
      Тарифтерді есептеу жөніндегі қолданыстағы әдістеме ТҚҚ шығаруға ғана есептелген және оларды жинауды, кәдеге жарату мен көмуді қамтымайды.
 

3.2. Мықты және осал тұстарын, сектор үшін мүмкіндіктер мен қауіптерді талдау

      Объективті талдау үшін оның мықты және осал тұстарын, сондай-ақ қазіргі мүмкіндіктер мен қауіптерді нақты айқындау қажет.
 

Жағымды факторлар
 

Келеңсіз факторлар
 

Мықты тұстары
1. Бұл сектор әлемдік практикада зерделенген – тексерілген технологиялар мен оны жаңғырту үшін шешімдер бар.
2. Нарық әлеуетті инвесторлар мен жеке меншік қаржыландыру көздері үшін ашық.
3. "Жасыл" энергетиканы дамыту мақсатында ТҚҚ пайдаланудың қолда бар әлеуеті.
4. ТҚҚ-дан алынатын қайталама ресурстарды пайдалану әлеуеті.
 

Осал тұстары
1. ТҚҚ жинаудың, оның ішінде бөлек жинаудың дамытылмаған жүйесі.
2. Республиканың бүкіл дерлік аумағында қалдықтардың алдын ала өңделмей көмілуі.
3. Қалдықтарды өңдеудің және кәдеге жаратудың төмен көлемі.
4. ТҚҚ көмудің қазіргі объектілерінің санитариялық қағидалар талаптарына сай келмеуі.
 

Мүмкіндіктер
 

Қауіптер
 

1. ТҚҚ жинаудың тиімді жүйесі.
2. ТҚҚ-мен жұмыс істеу жүйесінде өңірлік тәсілді енгізу.
3. Қалдықтарды өңдеудің және кәдеге жаратудың көлемін арттыру.
4. ТҚҚ жинаудың, тасымалдаудың және өңдеудің маңызды және экономикалық тиімді тәсілдеріне қол жеткізу.
5. Республика аумағындағы үйінділерді қопсыту.
6. Әлемдік стандарттарға сәйкес келетін ТҚҚ полигондарын салу.
 

1. Қалдықтар жинақталған аймақтарда экономикалық дағдарысты жағдайлардың орын алуы.
2. Қалыптасатын қалдықтар көлемінің бірнеше есе ұлғаюы.
3. Қазіргі полигондардан атмосфераға шығарылатын, климаттың өзгеруіне ықпалын тигізетін шығарындылар.
 

   

            Қауіптердің алдын алу мақсатында қазіргі полигондардың (үйінділердің) проблемаларын, ТҚҚ жинау, тасымалдау және өңдеу жүйесінің болмауын, осы секторда нормативтік-нұсқаулық құжаттар әзірлеуді және басқаларын қамтитын көптеген мәселелерді кешенді түрде шешу қажет.
 

3.3. Секторды дамытудың негізгі проблемалары, үрдістері мен алғышарттары
3.3.1 Коммуналдық қалдықтар

      Коммуналдық қалдықтар – қалалық жерлер.
      Осы Бағдарлама шеңберінде қолданылатын коммуналдық қалдықтар анықтамасы жоғарыда келтірілген. Коммуналдық қалдықтар ТҚҚ-ның негізгі санаты болып табылады, салмағы бойынша пайыздық қатынаста ТҚҚ-ның 90-95%-ға жуығын алады. ТҚҚ-ның бұл санаты қалдықтардың мынадай негізгі түрлерін немесе фракцияларын қамтиды:
      - тамақ қалдықтары;
      - қаптама материалдарын қоса алғанда, қағаз бен картон;
      - қаптама материалдарын қоса алғанда, пластмасса;
      - қаптама материалдарын қоса алғанда, шыны, фарфор-фаянс және саз қалдықтары;
      - бағбандық қалдықтары, ағаш қалдықтары;
      - тоқыма;
      - сүйек;
      - былғары, резеңке;
      - металл қалдықтары.
      Коммуналдық қалдықтардың жағдайы қалалық және ауылдық мекендерде ерекшеленетінін атап өту керек. Қалалық жерлерде үй қожалықтары ғана емес, кәсіпорындар мен ұйымдар да коммуналдық қалдықтарды негізгі шоғырландырушылар болып табылады. Айталық, 2012 жылы қалалық жерлерде 3,7 млн. тоннаға жуық ТҚҚ қалыптасқан, оның ішінде 75-80%-ға жуығын үй қожалықтары қалыптастырған және тиісінше қалдықтардың шамамен 20-25 %-ын заңды тұлғалар (кәсіпорындар мен ұйымдар) қалыптастырған.
      Коммуналдық қалдықтар – ауылдық жерлер.
      Қазақстанда ТҚҚ қалыптасуының жалпы көлеміндегі ауылдық жерлерде ТҚҚ түзілуінің үлесі шамамен 30 %-ға жуық, мұның өзі 2012 жылы 1,5 млн. тоннаға тең болды.
      Ауылдық аудандардағы қалдықтардың морфологиялық құрамы оның қалалық жерлердегі құрамынан өзгеше. Онда органикалық қалдықтар басым және пластмассаның, қамтама материалдарының, қағаз бен картонның үлесі аз. Ауылдық аудандарда қалдықтардың органикалық бөлігі, әдетте, полигондарға немесе үйінділерге орналастырылмайды. Органикалық қалдықтардың қомақты бөлігі малға беріледі немесе үй жағдайларында қордаланады. Бұдан басқа, ағаш пен басқа материалдар жылыту мақсатында жағылуы мүмкін. Қызметтің осы екі түрі де қалыптасатын қалдықтардың құрамы мен көлеміне әсерін тигізеді.
      Ауылдық жерлерде қалдықтарды жинақтаудың нормалары туралы деректер жоқ. Халықаралық тәжірибеге сәйкес бір адамға шаққанда жылына 150-ден 300 кг дейінгі мән шындыққа жанасады.
      Коммуналдық қалдықтарды сұрыптау және өңдеу.
      Қазіргі уақытта республикадағы ТҚҚ-ның мардымсыз бөлігі ғана (әртүрлі бағалау бойынша 3%-дан 5%-ға дейін) кәдеге жаратылатынын талдау көрсетіп отыр. Тиісінше, қалған қалдықтар полигондарға орналастырылады, бұл ретте олардың құрамындағы қайталама материалдық ресурстар жоғалып кетеді.
      Республикада қазіргі уақытта қалдықтарды өртеу немесе биологиялық өңдеу жөніндегі орталықтандырылған кәсіпорындар жоқ, осылайша, ТҚҚ-дан "жасыл" энергия өндіру жолға қойылмаған. Қалдықтарды механикалық-биологиялық өңдеу (бұдан әрі – МБӨ) зауытын салу жөніндегі алғашқы пилоттық жобаны Ақтау қаласында іске асыру межеленген. Бұл қоқыс өңдеу кешенін салуды 2014 жылы бастау жоспарланған әрі бұл зауыт қалдықтардың органикалық фракциясын анаэробты ыдырату технологиясын пайдалану арқылы ТҚҚ-дан "жасыл" энергия өндіретін алғашқы кәсіпорынға айналмақ.
      Коммуналдық қалдықтарды көму.
      Бүгінгі күні қалдықтарды полигондарға көму Қазақстанда қалдықтарды үнемі орналастырудың негізгі әдісі болып табылады. Тұрмыстық қатты қалдықтардың көпшілігі қайтадан пайдалану/өңдеу үшін сұрыпталмайды және қалдықтар көмілетін жерде үйіледі. Қалдықтар орналастырылатын объектілерді, көбінесе, ТҚҚ полигондары деп атаудың өзі қиын, өйткені олар, негізінен қоқыстың санкцияланбаған үйіндісі болып табылады. Олардың көпшілігі "ТҚҚ полигондары" санатына жатқызуға болатындай инженерлік құрылыстар болып табылмайды.
      Сондай-ақ, қалдықтар көбінесе, құрамында ауыр металл бар қауіпті медициналық және өнеркәсіптік қалдықтармен бірге кәдеге жаратылады.
      Экологиялық кодексте қалдықтарды орналастыру полигондарының жіктемесі бар:
      1-класс — қауіпті қалдықтарды орналастыруға арналған полигон;
      2-класс — қауіпсіз қалдықтарды орналастыруға арналған полигон;
      3-класс — тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыруға арналған полигон.
      ТҚҚ орналастырылатын 4530 объектінің 93%-дан астамына ресми рұқсат берілмеген: қалдықтар орналастырылатын санкцияланған 307 объектінің ішінде біреуі ғана – Астана қаласына арналғаны – үздік халықаралық практикаға сәйкес жобаланған.
      Коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу жүйесінің түйінді проблемалары.
      Халықтың қоқыс жинау және шығару қызметтеріне қол жеткізуі ірі қалаларда ғана қолайлы болып табылады. Шағын қалаларға, сондай-ақ ауылдық жерлерге мұндай қызметтерді көрсетудің болмауы не жеткіліксіз дәрежеде көрсетуі және қызметтер сапасының төмен болуы тән.
      Тұрмыстық қатты қалдықтарды тұрғындарды жұмылдыра отырып сұрыптау жүйесінің болмауы, сондай-ақ арнайы алаңдардың болмауы мен полигондардың шалғайлығы санкцияланбаған үйінділердің өсуіне алып келеді. Қоршалған контейнер алаңдары санының жеткіліксіз болуы, сондай-ақ контейнерлердің тозуы көпқабатты үйлердің айналасында антисанитариялық ахуалдың орын алуына әкеп соқтырады.
      Биологиялық ыдырайтын қалдықтар (бұдан әрі – БҚ) қоршаған ортаға едәуір жүктеме түсіреді, өйткені олар ыдыраған кезде климаттың өзгеруіне әсерін тигізетін үйінді газы пайда болады, БҚ шірігеннен пайда болған өнімдер патогенді микрофлораның түзілуіне ықпал етеді. Қазіргі уақытта БҚ-ның бәрі үйінділерге алдын ала залалсыздандырылмай шығарылады. Қалдықтардың бұл бөлігін кәдеге жарату жөніндегі технологиялық шешімдердің нұсқалары қалдықтардың көлеміне және климатық жағдайларға байланысты. Түзілетін БҚ көлемі ұлғайған жағдайда, сарқынды суларды тазарту кезінде алынатын қалдықтармен (кәріздік тазарту құрылыстарының пайдаланылған активті тұнбасы) үйлестіре отырып, биогаз қондырғыларын салуға болады, өйткені пайдаланылған активті тұнбаны қауіпсіз әрі тиімді кәдеге жаратудың өзі кәріздік сарқынды суларды тазарту бойынша кәсіпорындардың көпшілігінің алдында тұрған проблема болып табылады.
      Тұтастай алғанда, елдегі қалдықтарды сұрыптау және өңдеу үлесі өте төмен және бұл ретте "жасыл" энергия өндіру үшін қуаттар жоқ.
      Қалдықтарды полигондарға орналастыру саласында Қазақстанда қолданылатын ТҚҚ көму объектілеріне тән типтік сәйкессіздіктер мыналар болып табылады:
      1) қалдықтар орналастырылатын объектілердің көпшілігінде синтетикалық немесе саздан жасалған сүзгіге қарсы экранның болмауы;
      2) коммуналдық қалдықтарды өнеркәсіптік, медициналық қалдықтармен және қауіпті әрі уытты қалдықтардың өзге де түрлерімен бірге орналастырудың кеңінен таралуы;
      3) орналастырылған қалдықтарды топырақтың (балшықтың) оқшауландырушы қабатымен тығыздаудың және жабудың жүйелі болмауы не мүлдем болмауы;
      4) фильтрат пен үйінді газдарын (метанды қоса алғанда) жинауға арналған жүйенің болмауы;
      5) жобалық қуатынан артық толтырылған көптеген полигондар мен үйінділерді шамадан тыс пайдалану;
      6) үйінділерді мониторингтеу жүйесінің болмауы;
      7) санитариялық қағидалардың талаптары мен санитариялық-қорғау аймақтарының (бұдан әрі – СҚА) сақталмауы.
      Қаптама материалдарының қалдықтарына қатысты.
      Кейбір өндірушілер өз өнімдерінің қаптамасын жинауды ынталандырады. Атап айтсақ, бұл сусындарды өндірушілерге қатысты, олар қайтадан пайдалану үшін өздерінің шыны ыдыстарын кері қабылдауды жүзеге асырады. Сондай-ақ, негізінен, кейіннен көршілес елдерге қайта өңдеуге импорттау үшін пластикалық ыдыс жинау да кездеседі, алайда ол заңнамалық тұрғыдан реттелмеген және стихиялық болып табылады.
 

3.3.2 Қауіпті тұрмыстық қалдықтар

      Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында қауіпті тұрмыстық қалдықтардың қалыптасу және оларды халықтан жинау көлемін қандай да бір есепке алу жүргізілмейді. Бұған медицина мекемелерінде жиналатын медициналық қалдықтарды есепке алудың қатысы жоқ.
      Дегенмен, қауіпті қалдықтар, әдетте, халықтан, кәсіпорындар мен ұйымдардан жиналатын ТҚҚ-ның жалпы массасының шамамен 1%-ын құрайтынын әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Осы Бағдарламада бұл мәнді келешекте бағалау жүргізу үшін негіз ретінде қабылдауға болады.
      Пайдаланылған батареялар мен аккумуляторлар.
      Қазақстанда қауіпті тұрмыстық қалдықтардың осы түрін жинау мен арнайы өңдеудің қандай да бір орталықтандырылған жүйесі жоқ. Атап айтқанда, кез келген үлгідегі пайдаланылған аккумуляторлар мен батареяларды кәдеге жарату үшін өндірушінің кеңейтілген жауапкершілігінің жүйесі құрылмаған, бұл көбінесе, тиісті нормативтік құқықтық базаның болмауына байланысты.
      Осылайша, қалдықтардың бұл түрі, негізінен, ТҚҚ-ның ортақ легімен жиналады және қазіргі полигондарға не үйінділерге көмуге түседі.
      Алайда, пайдаланылған автомобиль (қорғасын) аккумуляторларын жинайтын реттелмейтін стихиялы нарық бар. Бұл ретте жиналған аккумуляторлар бейберекет тәсілмен, көбінесе еңбек пен денсаулықты қорғау қағидалары бұзыла отырып өңделеді және кейіннен түсті металдардың бөліп алынған құнды фракциялары қайта балқытуға түседі.
      Пайдаланылған электр жабдығы мен электронды жабдық.
      Қауіпті қалдықтардың бұл түрінде орын алған жағдай жалпы пайдаланылған аккумуляторлар мен батареяларда байқалып отырған жағдайға ұқсас. Сондай-ақ электр аспаптары мен тұрмыстық техниканың жекелеген түрлерін қабылдау және бейберекет өңдеу бойынша шектеулі стихиялы нарық бар, негізінен оның мақсаты – түсті және қымбат бағалы металдарды алу. Өндірушілер мен өнім берушілердің жабдық пен техниканы кәдеге жарату үшін кеңейтілген жауапкершілігінің жүйесі жолға қойылмаған.
      Құрамында сынап бар қалдықтар (люминесцентті лампалар мен термометрлер).
      Құрамында сынап бар қалдықтардың өз ерекшелігі бар. Атап айтсақ, кейіннен қайта өңдеу (демеркуризация) мақсатында ұйымдар мен мекемелерде құрамында сынап бар (люминесцентті) лампаларды және медицина мекемелерінде сынапты термометрлерді жинау жүйесі жолға қойылған. Сонымен бірге Қазақстанда құрамында сынап бар қалдықтарды өңдейтін және/немесе қайта өңдейтін кемінде 16 кәсіпорын жұмыс істейді, олардың ішінде 8 кәсіпорын демеркуризациямен айналысады.
      Алайда, халықтан құрамында сынап бар қалдықтарды жинау жүйесі жоқ, оның бір себебі – тиісті нормативтік құқықтық базаның, сондай-ақ осы қалдықтарды қабылдау пункттерінің болмауында. Осылайша, бұл қалдықтар халықтан ТҚҚ-ның жалпы легіне түседі.
      Медициналық және ветеринариялық қалдықтар.
      Жоғарыда атап өтілгендей, қалдықтардың осы түрін есепке алу, жинау және кейіннен өңдеу жүйесі медициналық және ветеринариялық мекемелер үшін ғана жолға қойылған. Бұл жүйе Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағында. Алайда, халықтан медициналық және ветеринариялық қалдықтарды жинау жүйесі жоқ, оған тиісті нормативтік құқықтық базаның, сондай-ақ осы қалдықтарды қабылдау пункттерінің болмауы себеп болып отыр. Осылайша, бұл қалдықтар халықтан ТҚҚ-ның жалпы легіне түседі.
      Тұрмыстық химия қалдықтары.
      Халық үшін де, кәсіпорындар мен ұйымдар үшін де тұрмыстық қауіпті қалдықтардың бұл түрін жинау мен кәдеге жаратудың жолға қойылған жүйесі жоқ. Мұнда да осы қалдықтарды жинауды, өңдеуді (жоюды) және көмуді регламенттейтін нормативтік құқықтық база жоқ. Соның салдарынан тұрмыстық химияның бұл қалдықтары ТҚҚ-ның жалпы легіне түседі.
      Құрамында асбест бар қалдықтар.
      Соңғы жылдары Қазақстан Республикасында қалдықтардың осы түріне қатысты өзгерістер болып жатыр. Атап айтқанда, нормативтік құқықтық базаға құрамында асбест бар қалдықтарды есепке алуға қойылатын талаптарды қатаңдататын және оны регламенттейтін өзгерістер енгізілуде. Алайда, бұл қалдықтарды жинау және өңдеу не көму тұрғысынан елеулі өзгерістер әлі бола қойған жоқ. Атап айтқанда, бұл қалдықтарды бөлек жинау және уақытша сақтау жүйесі жолға қойылмаған, оларды есепке алу жүргізілмейді және оларды өңдеу не көму үшін арнайы объектілер жоқ.
      Қауіпті қалдықтарды жинау мен көму жүйесінің түйінді проблемалары.
      Жоғарыда баяндалғанды қорытындылай келе, тұрмыстық қауіпті қалдықтармен жұмыс істеу саласында қазіргі кезде мынадай түйінді проблемаларды бөліп көрсетуге болады:
      тұрмыстық қауіпті қалдықтарды есепке алу жүйесінің болмауы;
      бөлек жинаудың жолға қойылған жүйесінің мүлдем дерлік болмауы;
      құрамында сынап бар тұрмыстық қалдықтарды қоспағанда, қауіпті тұрмыстық қалдықтарды өңдеу не жою жөніндегі кәсіпорындар мен объектілердің болмауы;
      қауіпті тұрмыстық қалдықтарды көметін арнайы объектілердің болмауы;
      есепке алу, жинау, өңдеу, жою және көму саласындағы нормативтік құқықтық базаның дамымауы;
      пайдаланылған қауіпті тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату үшін өндірушілер мен өнім берушілердің кеңейтілген жауапкершілігінің болмауы.
      Басқа тұрмыстық қалдықтар.
      Қауіпті тұрмыстық қалдықтар сияқты, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында басқа тұрмыстық қалдықтардың қалыптасу және оны халықтан жинау көлемін қандай да бір есепке алу жүргізілмейді. Құрылыс қалдықтары мен ірі габаритті қалдықтар халықтан, кәсіпорындар мен ұйымдардан жиналатын ТҚҚ-ның жалпы массасының шамамен 5%-ын құрайтынын әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Осы Бағдарламаның мақсаттары үшін бұл мәнді кейіннен бағалау жүргізу үшін негіз ретінде қабылдауға болады.
      Тұтастай алғанда, қалдықтардың бұл түрін бөлек жинау жүйесі жолға қойылмағанын атап өтуге болады, атап айтқанда, халықтан мұндай қалдықтарды жинайтын орталықтандырылған пункттер жоқ. Сондай-ақ оларды қайта өңдейтін арнайы кәсіпорындар да жоқ.
      Төменде басқа тұрмыстық қалдықтардың әрбір түрі үшін бөлек-бөлек ағымдағы жағдайдың ерекшеліктері қысқаша келтірілген.
      Құрылыс қалдықтары. Ерекшеліктері жоқ.
      Ірі габаритті қалдықтар. Басқа тұрмыстық қалдықтардың бұл түрі үшін жинаудың шектеулі стихиялы нарығы бар, оның мақсаты – құнды құрамдас бөліктерін (мысалы, ескі жиһаздан сүректі) алу.
      Кәдеге жаратылуға тиіс автомобильдер
      ҚР Жол комитетінің деректері бойынша 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында 5,2 млн жеңіл автокөлік, 620 мың жүк автокөлігі, 110 мың автобус тіркелген. Қазақстан экономикасының дамуымен бірге автомобиль паркі де ұлғайып келеді, пайдаланылған автомобильдердің де саны артып келеді.
      Қазіргі уақытта пайдаланылған автомобильдерді қайта өңдеуге қойылатын талаптар заңнамалық тұрғыдан реттелмейді. Пайдаланылған автомобильдерді қайта өңдеу жөніндегі ресми кәсіпорындар жоқ. Сонымен қатар, басқа тұрмыстық қалдықтардың осы түрін металл сынықтары ретінде қабылдайтын шектеулі стихиялы нарық бар.
      Пайдаланылған автомобиль шиналары
      Автомобиль паркінің өсуі жаңа қалдықтардың, оның ішінде тозған шиналардың қалыптасуына әкеп соқтыратыны сөзсіз. Облыстардың аумақтарында тозған шиналар әртүрлі көлемде жинақталған, бұлар қазіргі уақытта қалдықтар пайда болған жерлерде, стихиялы үйінділерде ашық және жабық тәсілдермен сақталады.
      2012 жылы "Қалдықтар. Автокөлік шиналары. Жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік талаптары" атты Қазақстан Республикасының 2187-2012 ҚР СТ ұлттық стандарты қабылданды, онда қалдықтарды сақтаудың, тасымалдаудың, кәдеге жаратудың және өңдеуді нақты тәртібі айқындалған.
      Қазақстанда басқа тұрмыстық қалдықтардың осы түрін қайта өңдеу жөнінде инфрақұрылым бар. Астана, Алматы, Шымкент, Қызылорда қалаларында тозған шиналар мен резеңке-техникалық қалдықтарды қайта өңдеуді жүзеге асыратын кәсіпорындар жұмыс істейді. Сонымен қатар, пайдаланылған автомобиль шиналарының көпшілігі санкцияланбай өртеледі және полигондарға көміледі.
      Тозған шиналарды регенерат, құрылыс мақсатындағы және техникалық мақсаттағы материалдар өндірісі үшін қайталама шикізат ретінде пайдалану үлесін ұлғайту қажет.
      Сарқынды суларды өңдеуден қалған қалдықтар
      Басқа тұрмыстық қалдықтардың бұл түрі өзінің қалыптасу табиғаты жағынан жоғарыда қарастырылған ТҚҚ түрлерінің бәрінен өзгешеленеді. Өзгеше айтқанда, бұл қалдықтар өнеркәсіптік қалдықтар санатына жатқызылады, өйткені елді мекендердің кәріздік тазарту құрылыстарында (бұдан әрі – КТҚ) тұрмыстық сарқынды суларды тазарту процесінде пайда болады. Тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу тұрғысынан КТҚ-дан шығатын қалдықтардың екі түрі қызығушылық тудырады: бастапқы тұндырғыштарда жиналатын органикалық фракция және аэротенктерден алынатын пайдаланылған активті тұнба.
      Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында бұл қалдықтар өңделмейді. Бұл Шымкент қаласына қатысты емес, мұндағы кәсіпорындардың бірінде өзгелерімен қатар КТҚ шөгіндісін анаэробты ыдырататын қондырғы салу көзделетін инвестициялық жоба іске асырылуда.
      Су-кәріз секторының басқа кәсіпорындарына КТҚ-дан шыққан қалдықтар не шөгіндіні кептіруге және сақтауға арналған арнайы алаңдарға (тұнба алаңдары) жинақталатын, не кейіннен тыңайтқыш ретінде пайдалану үшін жеке және заңды тұлғаларға сатылатын практика тән. Кәдеге жаратудың соңғы тәсілі заңды болып табылмайтынын атап өту керек, өйткені санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес КТҚ-дан алынған шөгіндіні техникалық дақылдар мен жем-шөп дақылдарын өсіру үшін ғана тыңайтқыш ретінде пайдалануға болады. Алайда, су-кәріз секторының кәсіпорындарында КТҚ-дан алынған шөгіндінің соңғы пайдаланылуын бақылау мүмкіндігі жоқ.
      Сонымен қатар, МБӨ технологияларын, яғни биогаз өндіру және кейіннен "жасыл" электр энергиясын өндіру мақсатында анаэробты ыдырату технологияларын пайдаланатын ТҚҚ өңдеу жөніндегі зауыттарда КТҚ-дан алынған қалдықтардың органикалық фракцияларын өңдеу әлеуеті бар. КТҚ-дан алынған қалдықтарды кәдеге жаратудың осы тәсілі жөніндегі ұсыныстар осы Бағдарламаның келесі бөлімдерінде сипатталған.
      Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында КТҚ-дан алынған қалдықтардың органикалық фракцияларының қалыптасу көлемі туралы деректер жоқ, өйткені оларды есепке алу және бақылау жүйесі тиісінше жолға қойылмаған.
      Басқа тұрмыстық қалдықтарды жинау мен кәдеге жарату жүйесінің түйінді проблемалары қауіпті тұрмыстық қалдықтардың проблемасына ұқсас. Атап айтқанда, осы қалдықтардың қалыптасу көлемін есепке алу жүйесі жоқ, оларды бөлек жинау жолға қойылмаған, оларды қайта өңдеу жөніндегі қуаттар жоқ, осы салада құқықтық реттеу жолға қойылмаған және соңғысы, басқа тұрмыстық қалдықтарды, атап айтқанда қаптама материалдарын кәдеге жарату үшін өндірушілер мен өнім берушілердің кеңейтілген жауапкершілігінің жүйесі жоқ.
 

3.4. Сектордың инновациялық-технологиялық дамуын талдау

      Қазақстан Республикасында қалдықтардың қалыптасу болжамының серпіні төмендегі кестеде келтірілген. 2011 – 2012 жылдардағы қалдықтардың қалыптасу көлемі туралы қолда бар деректер болжамдауда негізге алынды, олар 1 және 2-кестелерде келтірілген. Бұдан әрі болжам қалдықтардың қалыптасу көлемінің тиісінше 1%-ға, 3%-ға және 5%-ға жыл сайын өсуін көздейтін баламалы 3 нұсқа негізінде есептеу жолымен орындалды.
      2014 – 2015 жылдар аралығындағы кезеңнің өзінде-ақ (1%-дық сценарий бойынша) Қазақстан Республикасында барлығы 19,3 млн. тоннаға жуық тұрмыстық қатты қалдықтар қалыптасатынын болжам көрсетіп отыр. Аталған кезең үшін бұл жылына орта есеппен 6,4 млн. тонна қалдық деген сөз. 2016 – 2020 жылдар аралығындағы кезеңде жылына орта есеппен 6,7 млн. тонна ТҚҚ, ал 2021 – 2030 жылдары жылына 8,3 млн. тонна ТҚҚ қалыптасады.
      ТҚҚ қалыптасуының мұндай үдемелі серпіні халықтың әл-ауқаты мен Қазақстан Республикасы экономикасының өсу деңгейін көрсетеді. Дегенмен, сонымен қатар ТҚҚ-мен жұмыс істеу жүйесін жаңғырту мен жетілдірудің жүйелі, бағдарламалық тәсілінің қажеттігі одан сайын өткірлене түседі, онсыз қалдықтардың проблемасын шешу мүмкін емес.
      Сонымен бірге, болжамдық бағалау ТҚҚ барлық санаттары бойынша, оның ішінде қауіпті тұрмыстық қалдықтар бойынша қалыптасатын қалдықтар көлемінің өсетіні межеленіп отырғанын көрсетіп отыр. Бүгінгі таңда қалдықтардың осы санатын жинаудың, кәдеге жаратудың және көмудің жүйелі тәсілі мен сенімді практикасы жоқ. Осыған сәйкес ТҚҚ құрамындағы қауіпті қалдықтардың проблемасын кешенді түрде шешу үшін Бағдарламада бірқатар нысаналы көрсеткіштер мен іс-шаралар қамтылған.
      Сайып келгенде, болжамдар қалыптасатын ТҚҚ құрамында құнды фракциялардың қомақты көлемі болатынын көрсетіп отыр, мұның өзі оларды сұрыптау және қайталама шикізат пен отын нарығында өткізу үшін кешенді іс-шаралардың қажет екенін тағы бір рет көрсетеді.
       3-кесте
 

Қалдықтар көлемі, мың тонна
 

2014-2015
 

2016-2020
 

2021-2030
 

1%
 

3%
 

5%
 

1%
 

3%
 

5%
 

1%
 

3%
 

5%
 

Қалалық жерлер
 

Тамақ қалдықтары
 

3.25
 

3.38
 

3.51
 

6.1
 

6.87
 

7.72
 

15.3
 

20.0
 

26.2
 

Қаптаманы қоса алғанда, қағаз, картон
 

1.85
 

1.93
 

2.01
 

3.48
 

3.92
 

4.41
 

8.73
 

11.5
 

15.0
 

Бағбаншылық қалдықтары, ағаш қалдықтары
 

278
 

289
 

301
 

522
 

589
 

662
 

1.31
 

1.72
 

2.25
 

Металл
 

116
 

121
 

125
 

218
 

245
 

276
 

546
 

716
 

936
 

Металл қаптама
 

232
 

241
 

251
 

435
 

490
 

552
 

1.09
 

1.43
 

1.87
 

Пластмасса
 

498
 

518
 

539
 

936
 

1.05
 

1.19
 

2.35
 

3.08
 

4.03
 

Пластикалық қаптама
 

746
 

768
 

791
 

0
 

0
 

0
 

0
 

0
 

0
 

Тоқыма және басқалары
 

637
 

663
 

690
 

1.2
 

1.35
 

1.52
 

3.0
 

3.94
 

5.15
 

Шыны
 

232
 

241
 

251
 

435
 

490
 

552
 

1.09
 

1.43
 

1.87
 

Шыны ыдыс
 

457
 

470
 

484
 

0
 

0
 

0
 

0
 

0
 

0
 

Қауіпті тұрмыстық қалдықтар
 

116
 

121
 

125
 

218
 

245
 

276
 

546
 

716
 

936
 

Ірі габаритті қалдықтар
 

579
 

603
 

627
 

1.09
 

1.23
 

1.38
 

2.73
 

3.58
 

4.68
 

Инертті қалдықтар және т.б.
 

1.97
 

2.05
 

2.13
 

3.70
 

4.17
 

4.69
 

9.28
 

12.2
 

15.9
 

Ауылдық жерлер
 

Тамақ қалдықтары
 

1.91
 

1.99
 

2.07
 

3.52
 

3.96
 

4.45
 

8.49
 

11.1
 

14.5
 

Қаптаманы қоса алғанда, қағаз, картон
 

1.33
 

1.38
 

1.44
 

2.45
 

2.75
 

3.10
 

5.90
 

7.74
 

10.1
 

Бағбаншылық қалдықтары, ағаш қалдықтары
 

365
 

380
 

395
 

672
 

757
 

852
 

1.62
 

2.13
 

2.78
 

Металл
 

83
 

86
 

90
 

153
 

172
 

194
 

369
 

483
 

632
 

Металл қаптама
 

166
 

173
 

180
 

306
 

344
 

387
 

738
 

967
 

1.26
 

Пластмасса
 

357
 

371
 

386
 

657
 

740
 

832
 

1.59
 

2.08
 

2.72
 

Пластикалық қаптама
 

813
 

846
 

880
 

1.50
 

1.69
 

1.90
 

3.62
 

4.74
 

6.20
 

Тоқыма және басқалары
 

456
 

475
 

494
 

841
 

947
 

1.07
 

2.03
 

2.66
 

3.48
 

Шыны
 

166
 

173
 

180
 

306
 

344
 

387
 

738
 

967
 

1.26
 

Шыны ыдыс
 

498
 

518
 

539
 

917
 

1.03
 

1.16
 

2.21
 

2.90
 

3.79
 

Қауіпті тұрмыстық қалдықтар
 

83
 

86
 

90
 

153
 

172
 

194
 

369
 

483
 

632
 

Ірі габаритті қалдықтар
 

415
 

432
 

449
 

764
 

861
 

968
 

1.85
 

2.42
 

3.16
 

Инертті қалдықтар және т.б.
 

1.66
 

1.73
 

1.80
 

3.06
 

3.44
 

3.87
 

7.38
 

9.67
 

12.6
 

ЖИЫНЫ,
Қалалық жерлер
 

11.0
 

11.3
 

11.8
 

18.3
 

20.7
 

23.2
 

46.0
 

60.3
 

78.9
 

ЖИЫНЫ,
Ауылдық жерлер
 

8.30
 

8.64
 

8.98
 

15.3
 

17.2
 

19.4
 

36.9
 

48.3
 

63.2
 

Республика бойынша ЖИЫНЫ
 

19.3
 

20.0
 

20.8
 

33.6
 

37.9
 

42.6
 

82.8
 

108.6
 

142
 

3.5. Саланы дамытуды мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау

      Қазақстан Республикасында ТҚҚ басқару саласын реттейтін негізгі құжат Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі (бұдан әрі – Кодекс) болып табылады.
      Қалдықтармен жұмыс істеуге қойылатын Кодекс талаптарын шартты түрде үшке бөлуге болады:
      қызметінің процесінде қалдықтар қалыптасатын жеке және заңды тұлғаларға қойылатын, қалдықтар қалыптасқанға дейін орындалуға тиіс экологиялық талаптар;
      1) қызметінің процесінде қалдықтар қалыптасатын жеке және заңды тұлғаларға қойылатын, қалдықтар қалыптасқаннан кейін орындалуға тиіс және қалдықтарды жинақтауға, сондай-ақ қалдықтарды жинауға, өңдеуге, кәдеге жаратуға, залалсыздандыруға, тасымалдауға және сақтауға (қоймаға жинауға) қойылатын талаптарды қамтитын экологиялық талаптар;
      2) қызметінің процесінде қалдықтар қалыптасатын жеке және заңды тұлғаларға қойылатын, қалдықтарды көму кезінде орындалуға тиіс және қалдықтарды орналастыру полигондарына, оның ішінде қауіпті қалдықтарды орналастыру полигондарына, сондай-ақ радиоактивті қалдықтарды көму пункттеріне қойылатын талаптарды қамтитын экологиялық талаптар.
 

3.6. Орын алып отырған проблемаларды шешу жөніндегі шетелдік оң тәжірибеге шолу

      ТҚҚ басқару саласында жоғары стандарттарға қол жеткізген елдердің қатарына, ең алдымен Еуропа Одағының елдері жатады.
      Еуропа Одағының (бұдан әрі – ЕО) елдерінде ТҚҚ-мен жұмыс істеу саласын реттеу Директивалардың негізінде жүргізіледі. ТҚҚ басқару саласындағы негіз қалаушы қағидаттар мен талаптар "Қалдықтар және кейбір Директиваларды ауыстыру туралы" 2008 жылғы 19 қарашадағы 2008/98/ЕС Директивада (бұдан әрі – Директива) баяндалған. Аталған Директива негіздемелік құжат бола отырып, ЕО елдерінде қалдықтармен жұмыс істеуді айқындайды.
      Директиваның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау және халық денсаулығын сақтау бойынша қалдықтардың қалыптасуы және олармен жұмыс істеу нәтижесіндегі келеңсіз ықпалды болдырмауға немесе қысқартуға, сондай-ақ ресурстарды пайдаланудың жалпы ықпалын азайтуға және оларды пайдаланудың тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды айқындау.
      Директиваға сәйкес қатысушы мемлекеттер орынды қағидаларға және қалдықтарды басқару әдістеріне сәйкес иерархияны сақтауға тиіс. Бұл ретте, аталған қағидалардың контексінде иерархия икемді әрі бейімделгіш тәсілді білдіреді, ол қалдықтарды басқару бойынша жергілікті әлеуметтік, экономикалық және техникалық әлеуетке бейімделген шешімдер қабылдауға ықпал етеді әрі қалдықтарды басқару бойынша жоспарланатын және орындалып жатқан іс-шараларға сәйкес осы әлеуеттерді ұлғайтуды қамтамасыз етеді. Бұл ретте, басымдықтардың мынадай ұғымдары айқындалады:
      қалдықтардың қалыптасуын болдырмау: қалдықтардың санын және олардың қоршаған ортаға немесе адам денсаулығына келеңсіз әсерін немесе осы заттың құрамындағы зиянды заттардың санын қысқарту үшін зат қалдыққа айналғанға дейін шара қолдану қажет;
      қайтадан пайдалану: одан кейін затты ол арналған мақсатта қайтадан пайдалануға болатын кез келген әрекет;
      қайтадан пайдалануға дайындау: қалдыққа айналған өнімдерді немесе өнімдердің құрауыштарын одан кейін қосымша өңдемей пайдалануға болатын тестілеу, тазарту немесе жөндеу;
      қайта өңдеу: қандай да бір мақсатта пайдалану үшін қалдықтарды бұйымдарға, материалдарға немесе заттарға қайтадан өңдеу (энергия немесе отын алуды қоспағанда);
      көму: қалдықтарды ауаға, жерге немесе суға орналастыру, тіпті бұл әрекет материалдық ресурстарды немесе энергияны алудың қайталама салдары ретінде болса да.
      Иерархиядан көрініп тұрғандай, қалдықтарды бұйымдар, материалдар немесе заттар өндірісі үшін пайдаланудың қалдықтарды энергия немесе отын алу үшін пайдаланудың алдында зор басымдығы бар.
      ТҚҚ жинауды және шығаруды реттеу бөлігінде Директивада (15-бап) Еуропа Одағына мүше мемлекеттер қалдықтарды кез келген ұстаушы:
      қалдықтарды рекуперациялау немесе жою бойынша жекеше немесе қоғамдық қызметтер көрсету; немесе
      Директива талаптарына сәйкес қалдықтарды рекуперациялауды немесе жоюды өз бетінше жүзеге асыру үшін мүмкіндік беру үшін шара қолдануға тиіс деп белгіленген.
      ЕО заңнамасына сәйкес қалдықтарды жинаумен, тасымалдаумен және қайта өңдеумен айналысуға мемлекеттік муниципалдық және жекеше компаниялар, сондай-ақ аралас меншік нысанындағы, қажетті шешімдері бар компаниялар мен ұйымдар құқылы. Қалдықтарды жинаумен, тасымалдаумен және қайта өңдеумен айналысатын компанияның меншік нысанына қарамастан, ЕО елдерінде қалдықтармен жұмыс істеудің барлық дерлік схемаларында қалдықтарды тікелей олар қалыптасатын жерлерде (үй қожалықтарында, өндірісте, офистік үй-жайларда және т.б.) бастапқы сұрыптау көзделеді. Директиваның 11-бабына сәйкес 2015 жылға қарай тым болмағанда қағазға, пластмассаға, шыны мен металға қатысты бөлек жинауды енгізу қажет. Органикалық қалдықтар да бөлек жиналып, қорда өндіру мен биоыдырату үшін пайдалануға жіберілуге тиіс.
      Қалдықтарды сұрыптаудың неғұрлым жиі кездесетін нұсқаларында қауіпті және қауіпсіз қалдықтарға бөлу көзделеді. Қауіпті қалдықтар бөлек жиналып, арнайы жинау пункттеріне жіберілуге тиіс, сол жерден олар арнайы компанияларға өңдеуге жіберіледі. Жеке тұлғалар, әдетте, қауіпті қалдықтарды жинау пункттеріне өздері әкеледі. Өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін жинауды тікелей өндірісте ұйымдастыруға болады. Қалдықтардың қалған түрлері үшін (мысалы, гальваникалық элементтер) өңдеуші компаниялар қоғамдық жерлерде, мысалы, супермаркеттерде жинау пункттерін ұйымдастыра алады. Халықтың назарын аудару үшін жинауға арналған ыдыстар ашық түстермен боялады, олардың қатарына қалдықтардың тиісті түрлерімен жұмыс істеу туралы ақпараты бар стенділер орналастырылуы мүмкін.
      Қалған қауіпсіз қалдықтардан ірі габаритті қалдықтар бөліп алынады: тұрмыстық және офистік техника, құрылыс қоқысы, жиһаз және т.б. Бұл қалдықтар, әдетте, арнайы жинау пункттеріне шығарылады, онда олардың негізгі элементтері (мысалы, тоңазытқыштардан фреон) алынып, кейіннен арнайы компаниялар оларды қайта өңдеуді және/немесе кәдеге жаратуды жүзеге асырады.
      Май, электронды және электрлік жабдық, қаптама сияқты қалдықтармен жұмыс істеуге қойылатын талаптар бөлек директиваларда айқындалады.
      Қалдықтарды көмуге қойылатын талаптар 1999 жылғы 26 сәуірдегі 1999/31/ЕС ЕО Директивасында баяндалған (өзгерістері мен толықтырулар бар). 1-бапта қоршаған ортаға, әсіресе, жерүсті және жерасты суларына, топырақ пен ауға тиетін келеңсіз әсерді, оның ішінде парниктік әсерді, сондай-ақ қалдықтарды көму жөніндегі әрекет нәтижесінде адам денсаулығына төнетін кез келген қауіпті барынша, оның ішінде жаһандық деңгейде болдырмау немесе қаншалықты мүмкін болса, соншалықты азайту туралы ереже бар.
      Көрсетілген Директиваға сәйкес полигондар көмілетін қалдықтардың түріне қарай үшке бөлінеді: қауіпті қалдықтарға арналған полигондар, қауіпсіз қалдықтарға арналған полигондар, инертті қалдықтарға арналған полигондар. ТҚҚ қауіпсіз қалдықтарға арналған полигондарға көміледі. Қауіпсіз қалдықтарға арналған полигондарға топырақты, жерасты және жерүсті суларды қорғау (жерді оқшаулау, фильтратты жинау және залалсыздандыру, геологиялық тосқауыл), жер бетін оқшаулау, үйінді газын жинау, биологиялық қайта қопсыту, мониторинг, түсетін қалдықтарды бақылау, қалдықтарды тығыздау, оңалту (объектіні күтіп ұстау және мониторингтеудің 30 жыл мерзімге арналған бағдарламасын іске асыру), рұқсат және басқалары бойынша талаптар қойылады.
      Шет елдердің бәрінде белгілі бір шамада тауарлар мен қаптама өндірушісінің өздері нарыққа айналымға енгізген осы тауарлар мен қаптаманың тіршілік циклі үшін кеңейтілген жауапкершілік (ӨКЖ) қағидаты іске асырылады. Қаптамаға қатысты өндірушінің кеңейтілген жауапкершілік қағидаты тұңғыш рет енгізілген. 1994 жылы ЕО деңгейінде "Қаптама және қаптама қалдықтары туралы" Директива (№94/62/ЕС) қабылданды, оның негізгі ережелері ұлттық заңнамаларда да іске асырылуға тиіс. Бұл Директивада ЕО-ға мүше елдердің барлығына ортақ қаптамаға қойылатын талаптар көзделеді, олар сақталмаса тауар ЕО нарығына жіберілмейді.
      Мыналар Директиваның негізгі мақсаттары болып табылады:
      ЕО елдерінде қаптама және қаптама қалдықтарымен жұмыс істеу жөніндегі заңнаманы үйлестіру;
      қаптама қалдықтарының қоршаған ортаға әсерін болдырмау немесе азайту.
      Директивада қаптама қалдықтарын өңдеу және рекуперациялау бойынша мынадай квоталар белгіленген:
      қаптама қалдықтарының жалпы массасының ең кемінде 50 %-ы және ең көбі 65 %-ы жиналуға және рекуперациялануға тиіс (энергия алу);
      қаптама материалдарының барлық массасының 25 %-дан 45 %-ға дейінгісі қайтадан өңделуге тиіс, бұл ретте әрбір бөлек қаптама материалы массасының кемінде 15 %-ы қайтадан өңделуге тиіс.
      Кейіннен квоталар қайта қаралды: рекуперация кемінде 60 %, қайтадан өңдеу 55 – 80 %, жекелеген қаптамаларды өңдеу жөніндегі ең аз квоталар: шыны үшін 60 %, қағаз бен картон үшін – 60 %, металл үшін – 50 %, полимерлер үшін – 22,5 % (пластмасса етіп өңдеу); ағаш – 15 %.
      ЕО елдерінде қаптама мен қаптама материалдарына қойылатын міндетті талаптар енгізілген:
      қаптаманың көлемі мен массасы тауардың сақталуы мен тұтынушының қауіпсіздігін қамтамасыз етуі үшін ең аз қажетті болуға тиіс;
      қаптаманың құрамына қауіпті заттардың ең аз көлемі ғана кіруі тиіс (атап айтқанда, қорғасын, кадмий, сынап пен хром қамтылуының шекті жол берілетін нормалары белгіленуге тиіс);
      физикалық қасиеті мен дизайны жағынан қаптама бірнеше мәрте пайдалануы үшін, ал қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін қайталама айналымға енгізу үшін жарамды болуға тиіс. Яғни пайдаланылған қаптама тауар өніміне қайта өңделуге және/немесе энергетикалық мақсаттарда рекуперациялануға тиіс;
      өнім өндірісі кезінде бастапқы шикізат пайызын азайту, қайталама шикізатты пайдалану мүмкіндіктерін іздестіру.
      Директива ережелерін іске асыру кезеңінде ЕО елдерінің ұлттық заңнамаларында мынадай үрдістер нақты анықталды: жинау және кәдеге жарату жүйелері өз құрылымы мен шығындары бойынша бір-біріне ұқсай түсті, дегенмен кіру жарнасы жүйесінде айтарлықтай айырмашылықтар болды: даму сатысында кейір ұлттық жүйелер мүшелік кіру жарналарының мөлшерін ұлғайтуға тиіс болды.
      Сондай-ақ ЕО елдерінде осы сектор бойынша халықпен белсенді жұмыс жүргізіледі.
      Осылайша, ЕО-да жұмыс істейтін негізгі қағидат – "ластаушы төлейді".
      ЕО-ның осы секторындағы негізгі қағидаттар мен жұмыс тәжірибесін енгізу ТҚҚ жинау, тасымалдау, сондай-ақ өңдеу мен кәдеге жарату жүйесін басқарудың жоғары деңгейіне қол жеткізуге, бизнес пен жеке меншік құрылымдар үшін осы секторды тартымды етуге мүмкіндік беріп, "жасыл" экономиканың қағидаттары мен негізгі бағдарын сақтайды.
 

4. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және оны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері
4.1. Бағдарламаның мақсаты

      Осы Бағдарламаның мақсаты тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, тасымалдау, кәдеге жарату, өңдеу және көму жөнінде көрсетілетін қызметтер кешенінің тиімділігін, сенімділігін, экологиялық және әлеуметтік қолайлылығын жоғарылату, ТҚҚ өңдеу үлесін ұлғайту, сондай-ақ қалдықтарды қауіпсіз көмуді қамтамасыз ету болып табылады.
 

4.2. Нысаналы индикаторлар. Міндеттер. Тікелей нәтиже көрсеткіштері

      Алға қойылған міндетке қол жеткізу үшін төменде келтірілген кестеге сәйкес нысаналы индикаторларды орындау қажет.
      4-кесте
 

Нысаналы индикатордың атауы
 

Нысаналы индикатордың мәні
 

2030 ж.
 

2050 ж.
 

Халықты тұрмыстық қатты қалдықтарды шығарумен қамту
 

100%
 


Қоқысты санитарялық сақтау
 

95%
 


Өңделген қалдықтардың үлесі
 

40%
 

50%
 

   

      Алға қойылған мақсат пен нысаналы индикаторларға қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді орындау қажет:
      1. ТҚҚ өңдеу жүйесін жетілдіру
      2. Тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарының жұмыс істеп тұрғандарын қалпына келтіру және санитариялық қағидалардың заманауи талаптарына сай келетін, тұрмыстық қатты қалдықтарды қабылдау, сұрыптау, өңдеу және көму инфрақұрылымы күрделі жаңаларын салу
      3. Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және тасымалдау жүйесін жаңғырту
      4. Қалдықтарды пайда болу көзінен бөлек жинауды жаппай енгізу
      5. Коммуналдық қалдықтарды өңдеу жүйесін жетілдіру
      6. Тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеуді "жасыл" экономиканы дамыту қағидаттары мен тұжырымдамасы шеңберінде және соларға сәйкес өңдеуді енгізіп, жүйелі түрде өрістету
      7. Қауіпті қалдықтарды пайда болу көзінен бөлек жинауды жаппай енгізу
      8. Қауіпті тұрмыстық қалдықтарды өңдеу жүйесін жетілдіру
      9. Ірі габаритті қалдықтарды пайда болу көзінен бөлек жинауды жаппай енгізу
      10. Басқа тұрмыстық қалдықтарды өңдеу жүйесін жетілдіру
      11. Автомобиль шиналарын, пайдаланылған автомобильдерді кәдеге дарату жүйесін жетілдіру
      Бағдарламаның мақсаты мен нысаналы индикаторларына қол жеткізу Бағдарлама міндеттерін іске асыру және аралық нәтижелерді тұрмыстық қатты қалдықтардың әрбір санаты бойынша нәтиже көрсеткіштерімен салыстыру және өлшеу арқылы айқындалмақ.
      Қалдықтардың қалыптасуын болдырмау және барынша азайту қалдықтарды басқару иерархиясындағы басымдық болып табылады. Бұл мақсатқа қол жеткізу көптеген факторларға тәуелді, олар қалдықтарды басқару жүйесіне тікелей тәуелді емес, дегенмен экономикалық өсу, өнеркәсіптің түрлі секторларында заманауи технологиялардың қолжетімділігі мен енгізілуі, сондай-ақ халықтың әл-ауқат деңгейі сияқты жағдайлармен байланысты. Осылайша, осы Бағдарламада алға қойылған мақсаттарды іске асыра отырып, тұрмыстық қатты қалдықтардың қалыптасу көлемін азайту жөнінде жұмыс жүргізу, сондай-ақ қалдықтардың қалыптасуын ықтимал болдырмау жөніндегі іс-шараларды жүргізу ұсынылады.
      Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар мынадай базалық қағидаттарға сәйкес әзірленген:
      - қалдықтармен тұрақты жұмыс істеу қағидаты, ол қалдықтармен жүргізілетін барлық операцияларды тиісті бақылауды қамтамасыз етуге, қалдықтарды көмуге байланысты қоршаған ортаға келтірілетін зиянды қысқа, орта және ұзақ мерзімді перспективада төмендетуге арналған;
      - "ластаушы төлейді" қағидаты – қоршаған ортаның ластануына жауапты адам қоршаған ортаның қолайлы жағдайын қамтамасыз ету үшін қалдықтармен жұмыс істеу бойынша мемлекеттік органдар мақұлдаған шығыстарды көтеруі тиіс;
      - ашықтық және айқындылық қағидаты – көрсетілетін қызметтерге ашық тендерлерді біртіндеп орнықты енгізу, берілетін конкурстық ұсыныстарды ашық бағалау және нормалар мен стандарттарды әділ қолдану;
      - қалдықтармен жұмыс істеу және оларды өңдеу технологияларының иерархиясы қағидаты;
      - барынша жақсы қолжетімді және шығынды әрі тиімді технологияларды енгізу қағидаты;
      - өңделетін қуаттардың қалдықтардың қалыптасу көзіне жақын орналасуы қағидаты.
      Қазақстанда ТҚҚ басқару қалдықтарды басқару иерархиясына негізделетін болады, оның ең жоғарғы басымдылығы қалдықтарды шаруашылық айналымға қайтару үшін жағдайлар жасау, сондай-ақ ТҚҚ полигондарын басқару және бақылау болып табылады, бұл халық денсаулығы мен қоршаған ортаның барабар қорғалуын қамтамасыз етеді.
      Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері төмендегі кестеде ұсынылған.
       5-кесте.
 

Нәтиже көрсеткіштері, %
 

Жылдар
 

2015 ж.
 

2020 ж.
 

2030 ж.
 

2050 ж.
 

1-міндет. ТҚҚ өңдеу жүйесін жетілдіру
 

ТҚҚ жалпы көлемінен қалдықтарды өңдеу үлесі
 

ағымдағы жағдай
 

10 %
 

40 %
 

50 %
 

2-міндет. Санитариялық қағидалардың заманауи талаптарына сай келетін, тұрмыстық қатты қалдықтарды қабылдау, сұрыптау, өңдеу және көму инфрақұрылымы күрделі жаңа тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарын салу
 

Санитариялық қағидалар талаптарына сәйкес келетін ТҚҚ полигондарының үлесі (көму орындарының жалпы санынан)
 

ағымдағы жағдай
 

50 %
 

95 %
 

100 %
 

3-міндет. Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және тасымалдау жүйесін жаңғырту
 

Қазақстан Республикасының халқын қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтермен қамту:
Халқы 200 000 адамнан астам қалалар мен агломерациялар
 

ағымдағы жағдай
 

90 %
 

100 %
 

100 %
 

Қазақстан Республикасының халқын қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтермен қамту:
Өңірлік полигоннан немесе өңдеу кешенінен 50 км радиусында орналасқан, халқы 200 000 адамнан кем қалалық және ауылдық елді мекендер
 

ағымдағы жағдай
 

90 %
 

100 %
 

100 %
 

Қазақстан Республикасының халқын қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтермен қамту:
Жоғарыда көрсетілен санаттарға жатпайтын ауылдық және өзге де елді мекендер
 

ағымдағы жағдай
 

40 %
 

70 %
 

90 %
 

4-міндет. Қалдықтарды пайда болу көзінен бөлек жинауды жаппай енгізу
 

Бөлек жинауды қолдана отырып, халықтан және басқа өндірушілерден биологиялық ыдырайтын қалдықтарды жинау үлесі (биологиялық ыдырайтын қалдықтардың жалпы көлемінен):
Халқы 200 000 адамнан астам қалалар мен агломерациялар
Өңірлік полигоннан немесе өңдеу кешенінен 50 км радиусында орналасқан, халқы 200 000 адамнан кем қалалық және ауылдық елді мекендер
 

ағымдағы жағдай
 

10 %
 

30 %
 

80 %
 

Бөлек жинауды қолдана отырып, халықтан және басқа өндірушілерден биологиялық ыдырайтын қалдықтарды жинау үлесі (биологиялық ыдырайтын қалдықтардың жалпы көлемінен):
Жоғарыда көрсетілен санаттарға жатпайтын ауылдық және өзге де елді мекендер
 

ағымдағы жағдай
 

10 %
 

30 %
 

50 %
 

Бөлек жинауды қолдана отырып, халықтан және басқа өндірушілерден қаптама материалдарды, қағаз бен шыныны жинау үлесі (осы санаттағы қалдықтардың жалпы санынан ТҚҚ-дағы материалдардың жалпы көлемінен):
Халқы 200 000 адамнан астам қалалар мен агломерациялар
Өңірлік полигоннан немесе өңдеу кешенінен 50 км радиусында орналасқан, халқы 200 000 адамнан кем қалалық және ауылдық елді мекендер
 

ағымдағы жағдай
 

10 %
 

50 %
 

80 %
 

Бөлек жинауды қолдана отырып, халықтан тұрмыстық техника қалдықтарын жинау үлесі (осы санаттағы қалдықтардың жалпы санынан ТҚҚ-дағы материалдардың жалпы көлемінен):
Халқы 200 000 адамнан астам қалалар мен агломерациялар
 

ағымдағы жағдай
 

20 %
 

70 %
 

80 %
 

Бөлек жинауды қолдана отырып, халықтан тұрмыстық техника қалдықтарын жинау үлесі
Өңірлік полигоннан немесе өңдеу кешенінен 50 км радиусында орналасқан, халқы 200 000 адамнан кем қалалық және ауылдық елді мекендер
 

ағымдағы жағдай
 

20 %
 

50 %
 

70 %
 

5-міндет. Коммуналдық қалдықтарды өңдеу жүйесін жетілдіру
 

ТҚҚ полигондарында орналастырылатын биологиялық ыдырайтын қалдықтар үлесі (биологиялық ыдырайтын барлық қалдықтардан)
 

ағымдағы жағдай
 

90 %
 

70 %
 

50 %
 

6-міндет. Тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеуді "жасыл" экономиканы дамыту қағидаттары мен тұжырымдамасы шеңберінде және соларға сәйкес енгізіп, жүйелі түрде өрістету
 

"Жасыл" энергия өндіруде биологиялық ыдырайтын қалдықтарды пайдалану үлесі (жиналған биологиялық ыдырайтын қалдықтардың жалпы көлемінен пайдалану)
 

ағымдағы жағдай
 

5 %
 

15 %
 

30 %
 

7-міндет. Қауіпті қалдықтарды пайда болу көзінен бөлек жинауды жаппай енгізу
 

Қауіпті тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау үлесі (осы санаттағы қалдықтардың жалпы санынан)
 

ағымдағы жағдай
 

35 %
 

65 %
 

80 %
 

8-міндет. Қауіпті тұрмыстық қалдықтарды өңдеу жүйесін жетілдіру
 

Жиналған қауіпті тұрмыстық қалдықтарды өңдеу үлесі (осы санаттағы жиналған қалдықтардың жалпы санынан)
 

ағымдағы жағдай
 

65 %
 

85 %
 

100 %
 

9-міндет. Ірі габаритті қалдықтарды пайда болу көзінен бөлек жинауды жаппай енгізу
 

Халықтан ірі габаритті, құрылыс және осы санаттағы басқа да қалдықтарды бөлек жинау үлесі (осы санаттағы қалдықтардың жалпы санынан)
 

ағымдағы жағдай
 

35 %
 

65 %
 

75 %
 

10-міндет. Басқа тұрмыстық қалдықтарды өңдеу жүйесін жетілдіру
 

Жиналған басқа қалдықтарды өңдеу үлесі (осы санаттағы бөлек жиналған қалдықтардың барлық санынан)
 

ағымдағы жағдай
 

50 %
 

80 %
 

90 %
 

11-міндет. Автомобиль шиналарын, пайдаланылған автомобильдерді кәдеге жарату жүйесін жетілдіру
 

Пайдаланылған автомобильдерді кәдеге жарату үлесі (пайдаланылып лақтырылған немесе тапсырылған автомобильдердің жалпы санынан)
 

ағымдағы жағдай
 

20 %
 

50 %
 

70 %
 

Пайдаланылған автомобиль шиналарын кәдеге жарату үлесі (пайдаланылып лақтырылған немесе тапсырылған автомобиль шиналарының жалпы санынан)
 

ағымдағы жағдай
 

50 %
 

80 %
 

90 %
 

      
       Мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, міндеттерге, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін жауапты мемлекеттік және өзге органдар – Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі, жергілікті атқарушы органдар.
 

4.3. Қолдау шаралары және Бағдарламаны іске асыру үшін жағдайлар жасау

      Тариф белгілеуді реформалау және экономикалық ынталандыру.
      ТҚҚ-мен жұмыс істеу жүйесінің орнықты жұмысы үшін бір уақытта халықтың төлем қабілеттілігіне және осы сектордың жеке инвесторларға тартымдылығын қамтамасыз етуге сәйкес келетін тариф белгілеу саясатын құру қажет.
      ТҚҚ саласында орнықты қаржылық жүйені қалыптастыру жұмысы ТҚҚ жинау, шығару, сұрыптау, кәдеге жарату, өңдеу және көму бойынша көрсетілетін қызметтерге жұмсалған шығындардың толық өтелуін қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс. Жүйенің қызмет етуі мыналар есебінен:
      1) қалдықтарды жинау, өңдеу және көму үшін тарифтер. ЖАО мен облыстардың, сондай-ақ республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттары тарифтерді қалдықтарды жинауға, өңдеуге және көмуге жұмсалған шығындарға негізделе отырып, бірақ қалдықтармен жұмыс істеу бойынша көрсетілетін қызметтердің тұрғындар үшін қолжетімді болу шегінен жоғары емес белгілейтін болады. Халықаралық қабылданған практикаға сәйкес қалдықтармен жұмыс істеу бойынша көрсетілетін қызметтердің тұрғындар үшін қолжетімді болу шегі орташа табыстың 1 %-на тең. Тарифтер тұрғындар табысының өсуіне барабар жыл сайын көтерілетін болады. Заңды тұлғалар үшін тарифтер шығындарды толық өтеуді және қосымша табыс алуды ескере отырып, айқындалады;
      2) өндірілетін өнімді (қайталама шикізат, электр энергиясы, биогаз, компост) сатудан түсетін кіріс;
      3) қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін қаптамалар мен тауарлардың тұтынушылық қасиеттері жойылғаннан кейін, оларды өндірушілер мен импорттаушылардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      Тұрғындардан тарифтерді жинау үшін біріктірілген Есеп айырысу орталығын енгізу қажет.
      ТҚҚ секторын экономикалық ынталандыру тетіктерін енгізу қоқыс үйінділерінен қалдықтарды шығару, қалдықтарды бөлек жинау, сұрыптау/өңдеу және кәдеге жарату буынын дамыту секілді мәселелердің шешілуіне тікелей байланысты. Сондықтан экономикалық ынталандыру бөлігіндегі бірінші кезектегі іс-шаралар:
      қоқыс өңдеу ұйымдары үшін корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесін азайту;
      қоқыс өңдеу кәсіпорындары үшін 7 жыл мерзімге мүлік салығын төлеуден босату;
      қалдықтарды өңдеу процесінде пайдаланатын жабдықтарға жеделдетілген салықтық өсімпұлды енгізу.
      Егер Бағдарламаның бастапқы кезеңінде қолжетімді болу шегі ескерілген тарифтер деңгейі халықтың төлем қабілеттілігінің төмен болуына байланысты ТҚҚ басқару жүйесін жаңғыртуды іске асыру үшін жеткіліксіз болған жағдайда, жеке инвесторлар үшін Бағдарламаны іске асыруды экономикалық ынталандырудың мынадай тетіктері қолданылуы мүмкін:
      1) тұрғындар төлейтін және инвестордың ТҚҚ жинау, шығару, сұрыптау, кәдеге жарату, өңдеу және көму бойынша көрсетілетін қызметтерге жұмсайтын шығындарының толық өтелуін қамтамасыз ету үшін қажетті тарифтердегі айырманы бюджеттен (мысалы, МЖӘ келісімшарты шеңберіндегі концессиялық міндеттемелер есебінен) өтеу;
      2) инвестордың күрделі шығындарының бір бөлігін (50 %-ға дейін) ТҚҚ саласындағы жобалар мен гранттар жөніндегі бірыңғай орталық арқылы кепілдендіру.
      Мемлекеттік сатып алу қалдықтардың кәдеге жаратылуын дамытуды ынталандырудың тағы да бір құралы болып табылады, сондықтан бастапқы шикізаттан өндірілген аналогтардан гөрі қайталама өнімнің негізінде өндірілген өнімдерді сатып алудың басымдығы болуға тиіс. Сондай-ақ кәсіпорындарға төлемдерді төмендету, салықтық жеңілдіктер, тексерістер жиілігін азайту және өзге де жеңілдіктерге үміттенуге мүмкіндік беретін экологиялық рейтингтік жүйені дамыту керек.
      Бөлек жинау жүйесін дамытуға жұртшылықты тарту үшін бөлек жинағаны үшін тұрғындарды көтермелеу құралдарын енгізіп, сараланған тарифтерді қолдану қажет.
      Сектордың құрылымдық және институционалдық ұйымдастырылуын реформалау.
      ТҚҚ саласындағы жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында тұрғындар мен жеке бизнесті кеңінен тарта отырып, өңірлік (кластерлік) тәсіл негізінде ТҚҚ жұмыс істеу инфрақұрылымын құру жоспарлануда. Осы бағыттағы жұмыс ашықтық пен айқындылық қағидаттарына негізделеді, мұның өзі көрсетілетін қызметтерге ашық тендерлерді енгізуді, тендерге берілетін ұсыныстарды бейтарап бағалауды және нормалар мен стандарттарды әділ қолдануды білдіреді.
      Қалдықтармен жұмыс істеудің тиімді жүйесін жасау үшін институционалдық жүйе шеңберінде жауапкершіліктің үш деңгейін бөлу қажет: саясатты қалыптастыруға және жоспарлауға жауапты орган; саясаттың жергілікті жерде іске асырылуына жауапты орган.
      Орталық мемлекеттік органдар саясат пен нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мәселелерімен айналысатын болады.
      Жергілікті атқарушы органдар қалалар мен облыстар деңгейінде жергілікті деңгейде қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі саясатты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асырады, ол республикалық деңгейдегі мемлекеттік саясатпен үйлесіп, мыналарды қамтиды:
      аумақтарды дамыту бағдарламаларына ТҚҚ басқару секторын жаңғырту жөніндегі іс-шараларды енгізу;
      қалдықтармен жұмыс істеу саласына тартылған объектілерге инвестицияларды жоспарлау;
      қалдықтар бойынша деректерді жинау, жүйелендіру және талдау;
      қалдықтармен жұмыс істеу мәселелері бойынша тұрғындарға арналған білім беру және ақпараттық бағдарламаларды әзірлеу.
      Сонымен қатар, қалдықтармен жұмыс істеу бойынша көрсетілетін қызметтердің тапсырыс берушілері ЖАО болады, олардың функциялары:
      нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін жедел жоспарларды әзірлеу;
      қалдықтармен жұмыс істеу саласында тендерлік құжаттаманы дайындау, шарттарды бағалау және жасасу;
      шарттар бойынша міндеттемелердің орындалу мониторингі;
      түзетуші шараларды қолдануды үйлестіру (жұмысы тиісті экологиялық стандарттарға сай келмейтіндерге сот талап арыздары);
      ӨКЖ-ні іске асыру: қаптамалар мен өнімдерді өндірушілермен және импорттаушылармен шарттар жасасу, өндірілген және импортталған тауарлар мен қаптамалар өндірушілерінің, импорттаушыларының және көлемдерінің тізілімін жүргізу, олар аударатын қаржы қаражатын жинақтау және көрсетілген қаражат есебінен қалдықтарды жинауды және өңдеуді ұйымдастыру болып табылады.
      Түгендеу және Бағдарламаның ақпараттық-талдамалық базасы
      ТҚҚ жұмыс істеу саласында мониторингтеу және бақылау жүйесі Бағдарламаның түйінді құралы болып табылады.
      Мониторингтеу және бақылау жүйесі ақпараттық технологиялар ресурстарына негізделіп, мыналарды қамтамасыз етуге тиіс:
      1. Уәкілетті органның ТҚҚ барлық түрлерінің сандық және сапалық көрсеткіштері туралы ақпаратты қамтитын ақпараттық-талдау жүйесін (АТЖ) жүргізу.
      2. ТҚҚ бойынша бірыңғай веб-порталды құру, онда мынадай ақпарат қамтылатын болады:
      инвесторларды секторды дамытуға тарту мақсатында оларға арналған бөлім;
      халықты хабардар ету мақсатында оларға арналған бөлім.
      АТЖ құрудың негізгі мақсаты деректерді реттеу жөніндегі шешімдерді жедел және негіздеп қабылдауға негіз болатын олардың байланысқан жиынтығын көрсететін көп аспектілі ақпаратты дайындау және жүргізу болып табылады.
      АТЖ ТҚҚ жұмыс істеу секторымен байланысты түрлі пәндік салалардан алынатын ақпаратты ықпалдастыру тұжырымдамасына, оған жедел қол жеткізу мүмкіндігіне, оны өзекті жай-күйде ұстап тұруға, ақпараттың біріктірілген және өзара байланысты кіші түрлерін талдаудың және көрсетудің тиімді құралдарын пайдалануға, оны ретроспективті талдауға және мемлекеттік басқарудың түрлі деңгейлерінің өздерінің өкілеттіктеріне сәйкес оған қолжетімділігін қамтамасыз етуге негізделуі тиіс.
      Технологияларды және көрсетілетін қызметтер деңгейін стандарттау.
      Бағдарламаны табысты іске асыру үшін ТҚҚ жұмыс істеу секторы үшін жабдықтар мен технологияларға арналған Қазақстан Республикасының бірыңғай мемлекеттік стандарттарын енгізу қажет. Осындай стандарттаудың мақсаттары:
      табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың пайда болу тәуекелін ескере отырып, азаматтардың өмірі мен денсаулығы, жеке және заңды тұлғалардың мүлкі, мемлекеттік және муниципалдық мүлік, объектілер қауіпсіздігінің деңгейін арттыру, экологиялық қауіпсіздік деңгейін арттыру, жануарлар және өсімдіктер дүниесін қорғау;
      өнімдердің (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бәсекеге қабілеттілігі мен сапасын, өлшем бірлігін, ресурстардың оңтайлы пайдаланылуын, техникалық құралдардың (машиналар мен жабдықтардың, олардың құрамдас бөліктерінің, жинақтаушы бұйымдары мен материалдарының) өзара алмасуын, техникалық және ақпараттық үйлесімділігін, зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер нәтижелерінің, техникалық және экономикалық-статистикалық деректердің салыстырмалылығын, өнімдер (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) сипаттамаларын талдауды, мемлекеттік тапсырыстарды орындауды, өнімдердің (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сәйкестігін ерікті растауды қамтамасыз ету;
      техникалық регламенттердің сақталуына жәрдемдесу; техникалық-экономикалық және әлеуметтік ақпаратты жіктеу мен кодтау жүйелерін, өнімдерді (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) каталогтау жүйелерін, өнімдер (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) сапасын қамтамасыз ету жүйелерін, деректерді іздеу және беру жүйелерін жасау, біріздендіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге жәрдемдесу болып табылады.
      Сондай-ақ қалдықтарды жинаудың, тасымалдаудың, өңдеу мен көмудің бүкіл тізбегі бойынша көрсетілетін қызметтер стандарттарын енгізу қажет. Осындай стандарттау көрсетілетін қызметтердің ең аз талап етілетін деңгейін айқындаумен қатар, көрсетілетін қызметтерді ұсыну процесінде пайдаланылатын техниканың сандық параметрлері мен ең аз техникалық сипаттамаларын белгілеуі тиіс.
      Тұрғындармен өзара іс-қимыл жасау және коммуникация шаралары.
      ТҚҚ басқаруда кең жұртшылықты хабардар ету үлкен рөл атқарады. Хабардар ету ТҚҚ басқару жүйесін жоспарлауға ең ерте кезеңде енгізілетін болады.
      Қысқа мерзімді перспективада негізгі көңіл ТҚҚ басқарудың тиімді жүйесі болуының маңыздылығы жөніндегі міндеттерге шоғырланатын болады:
      қалдықтармен қате жұмыс істеудің теріс әсерін талқылау;
      қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы сәтті практикалық тәжірибені танымал ету;
      ауданда қалдықтармен жұмыс істеу жүйесінің танылуы (қоқыс контейнерлерінде/қалдықтарды жинау сауаттары мен машиналарда логотиптің бейнеленуі);
      Бағдарламаның міндеттеріне қол жеткізу үшін жұртшылықтың және жүйенің басқа да қатысушыларының міндеттерін айқындау;
      бөлек жинау мен қайталама материалдық ресурстарды пайдалану артықшылықтарын көрсету;
      қалдықтармен жұмыс істеу жүйесіндегі өзгерістер және осындай өзгерістердің мақсаттары туралы халықты уақтылы хабардар ету;
      қалдықтармен жұмыс істеудің тиімді жұмыс істеп тұрған жүйесіне қажетті инвестициялар жөнінде хабардар болуды арттыру.
      Мүдделі жұртшылықтың түйінді топтарына:
      тұрғындарға (жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін (үй шаруашылығындағы әйелдер, зейнеткерлер, балалар, жұмыссыздар);
      мұғалімдерге, волонтерлерге, белсенділер топтары мен мемлекеттік емес ұйымдарға бірінші кезектегі назар аударылатын болады.
      Жұртшылықты хабардар ету жөніндегі іс-шаралар қалдықтармен жұмыс істеу бойынша тұрғындармен ақпараттық жұмыс жасау жоспарында көзделіп, мыналарды қамтиды:
      жергілікті газеттердегі жарияланымдар;
      мектептерде, кең жұртшылық арасында тарату үшін материалдық ресурстарды қайта пайдалану туралы ақпараттық материалдар;
      жасыл қалдықтарды үйде компостирлеу туралы кітапшалар;
      оқушылар мен студенттердің полигондарға танысу үшін баруларын ұйымдастыру;
      оқушылар арасында қалдықтар тақырыбына суреттер, фотосуреттер конкурстары;
      оқушыларға, студенттер мен мемлекеттік емес ұйымдарға арналған "Мен тұратын жердегі қалдықтар" тақырыбында интерактивті семинарлар өткізу.
 

5. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері

      Бағдарламаны іске асырудың өңірлік тәсілі
      Бағдарламаның негізіне өңірлік тәсіл салынған, ол қалдықтарды өңдеу қуаттарының олардың қалыптасу көздеріне жақын болу қағидаты мен үздік қолжетімді, сондай-ақ шығындылығы тиімді технологияларды енгізу қағидатын бір уақытта пайдалануға септігін тигізеді. Өңірлік тәсіл:
      - Қазақстан Республикасының аумақтарын дамыту бағдарламаларына ТҚҚ басқару секторын жаңғырту мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуді;
      - қоршаған ортаға әсері мен оның құны арасындағы балансқа қол жеткізуді ескере отырып, ТҚҚ өңдеу және көму бойынша ірі, орталықтандырылған объектілерді ұйымдастыруды көздейді.
      Бағдарламаның міндеттерін орындау үшін тұрмыстық қатты қалдықтардың пайда болу көздері шартты үш топқа бөлінген:
      А тобы – қалалар;
      А1 кіші тобы – халқы 200 000 адамнан астам қалалар мен агломерациялар;
      А2 кіші тобы – халқы 200 000 адамнан аз, өңірлік полигоннан немесе өңдеу кешенінен 50 км радиусында орналасқан қалалық және ауылдық елді мекендер.
      Б тобы – жоғарыда көрсетілген санаттарға жатпайтын ауылдық және өзге де елді мекендер.
      Бағдарламаны іске асырудың кезеңдік тәсілі.
      Бағдарламаны іске асыру мынадай кезеңдерге бөлінген:
      1-кезең – пилоттық, 2014 – 2020 жылдар. Бұл кезеңде ТҚҚ басқару бойынша өңірлік бағдарламаларды дайындау, Бағдарламаны іске асыру тетіктері мен қағидаттарын пилоттық енгізу көзделеді.
      2-кезең – негізгі, 2021 – 2030 жылдар. Бұл кезеңде Бағдарламаны іске асыру тетіктері мен қағидаттарын жаппай енгізу көзделеді.
      3-кезең – аяқтаушы, 2031 – 2050 жылдар. Бұл кезеңде Бағдарламаны іске асыру тетіктері мен қағидаттарын енгізу аяқталады, сондай-ақ Бағдарламаның орнықтылығын тексеру жүргізіледі.
      Қалдықтарды жинау және тасымалдау.
      Бағдарламада алға қойылған мақсаттарды іске асыру ТҚҚ жинау және шығару бойынша көрсетілетін қызметтер сапасын:
      ТҚҚ уақтылы шығаруды қамтамасыз ету үшін контейнерлер мен қоқыс тасығыштар паркін жаңарту, іргелес аумақтардың ластануын болдырмау, контейнерлік алаңдардың эстетикалық түрін сақтау;
      ТҚҚ бөлек жинауды енгізу;
      ТҚҚ-ның қауіпті және басқа түрлерін бөлек жинау арқылы арттыруды болжайды.
      Көрсетілетін қызметтер қолжетімділігін қамтамасыз етуге қалалық тұрғындарды ТҚҚ жинаумен және шығарумен толық қамту және ауылдық елді мекендерден қалдықтарды жинау мен шығаруды ұйымдастыру есебінен қол жеткізіледі.
      Алға қойылған міндетті шешу үшін техникалық базаны арттыру, атап айтқанда контейнерлік алаңдарды салу, жиналатын қалдықтардың көлемі мен ерекшелігіне байланысты контейнерлерді сатып алу және олардың дизайнын әзірлеу, қоқыс тасығыштар мен басқа да қажетті техника паркін жаңарту жөніндегі іс-шаралар орындалатын болады.
      Коммуналдық қалдықтарды жинаудың егжей-тегжейлі тәртібі қаланың ТҚҚ басқару жөніндегі бағдарламасында көзделуі тиіс.
      А тобындағы коммуналдық қалдықтарды жинау және шығару.
      Аралас коммуналдық қалдықтарды жинау жүйесі құрылыс үлгісіне байланысты былайша ұйымдастырылатын болады:
      Көп қабатты құрылыс аудандарында:
      тұрғын үй аймақтарындағы жабдықталған контейнерлік алаңдар;
      қақпағы бар стандартты контейнерлер;
      жиналатын қалдықтардың тығыздығын арттыру үшін бастырмалау жүйесі бар қоқыс тасығыштар.
      Жеке құрылыс аудандарында:
      жеке контейнерлер;
      көлемі үлкен және жоғары сығымдағыш қабілеті бар қоқыс тасығыштар.
      Б тобындағы коммуналдық қалдықтарды жинау және шығару.
      Ауылдық елді мекендерде коммуналдық қалдықтарды жинауды ұйымдастыру өңделуге немесе көмілуге тиіс қалдықтарды өңірлік сұрыптау орталықтарына немесе полигондарға қайта бағыттау арқылы ауыстырып тиеу пункттерін құру арқылы жүзеге асырылады.
      Коммуналдық қалдықтарды "қалыптасу көзінен" бөлек жинауды енгізу.
      "Қалыптасу көзінен" бөлек жинауды енгізу үшін бөлек жинауды енгізудің мынадай қадамдары көзделеді:
      А тобы бойынша:
      1-қадам. Биологиялық ыдырайтын (тамақ және жасыл) коммуналдық қалдықтарды "қалыптасу көзінен" бөлек жинау енгізілетін өңірде осындай қалдықтарды көмгенге дейін оларды өңдеу жүйесі бар болған жағдайда, осындай қалдықтарды жинауға арналған жеке, таңбаланған контейнерді орнату арқылы енгізу.
      2-қадам. Қаптамалар мен шыны ыдысты өндірушінің немесе импорттаушының одан әрі пайдалануын немесе өңдеуін қамтамасыз ету үшін оны жинаудың тиімді жүйесін ұйымдастыру мақсатында қаптамалар мен шыны ыдыстың кепіл құнын енгізу.
      3-қадам. Қоғамдық орындарда қайталама материалдарды бөлек жинауды енгізу. Қоғамдық орындарда қайталама материалдық ресурстар (қағаз/қатырма қағаз, пластмасса, шыны, металл) үшін қосымша контейнерлерді орнату.
      4-қадам. "Қалыптасу көзінен" қайталама материалдарды бөлек жинауды контейнерлік алаңда қайталама материалдық ресурстар (қағаз/қатырма қағаз, пластмасса, шыны, металл) үшін қосымша контейнерлерді орнату арқылы енгізу, бұл ретте барлық қайталама шикізат бір контейнерде орналастырылады. Ол үшін тұрғындардың оларды тез сәйкестендіруі үшін көлемі кемінде 1,1 текше метр, боялған және таңбаланған контейнерлерді пайдалану қажет.
      Осы қызмет қаржы жағынан халыққа қолжетімді болуы шартымен бүкіл А тобы бойынша бөлек жинауды енгізу көзделеді.
      Б тобы бойынша:
      Ауылдық жерде қайталама материалдарды және өңдеуге жататын басқа да материалдарды, сондай-ақ қауіпті тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинауды осы қызметтің қаржы жағынан халыққа қолжетімді болуы шартымен ТҚҚ басқару бойынша өңірлік жоспарларды дайындағаннан кейін енгізуге мүмкін болады.
      Қауіпті тұрмыстық қалдықтарды жинау жүйесін жасау.
      Осы бағыттағы жұмыс мынадай тетік бойынша жүргізіледі:
      батарейкалар, құрамында сынап бар шамдар, электрондық және электр жабдықтары секілді қауіпті тұрмыстық қалдықтарды жинау пункттерін құру (ЖАО). Осындай қалдықтарды жинау пункттері қоғамдық орындарда құрылатын болады және тұрғындар онда осындай қалдықтарды дербес жеткізетін болады. Бұл ретте, осындай қалдықтар түрлерін қабылдайтын стационарлық пункттерді көрсетілген шамдарды сатуды жүзеге асыратын дүкендерде (дүкендер бөлімдерінде, сауда нүктелерінде) не пәтер иелерінің кооперативтері (ПИК) аумағында құруға болады. Шамдарды қабылдайтын стационарлық пункттердің орналасу орындары мен санын айқындаған кезде олардың тұрғындар үшін қолжетімді мен ыңғайлы болуы ескерілуі тиіс. Шамдарды жинаудың стационарлық пункттерінің бөгде адамдардың қолы жетпейтін жеке кіреберістері болуы тиіс;
      шамдарды қабылдау пункттерін шамдарды жинауға арналған арнайы контейнерлердің қажетті мөлшерімен қамтамасыз ету, бұл ретте шамдарды уақытша сақтау пункттерін қажетті құжаттарды ресімдеп, тиісті қорытындылар мен рұқсаттар алып, құру;
      істен шыққан энергия үнемдеуші, құрамында сынап бар шамдарды қабылдаудың ұйымдастырылған пункттері туралы тұрғындардың хабардар болуын және олармен қауіпсіз жұмыс істеуді насихаттауды қамтамасыз ету.
      Көрсетілген іс-шараларды іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдар шамдарды жинау, уақытша сақтау, кәдеге жаратуға әкету жөніндегі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес орындалуын қамтамасыз етеді. Бұл ретте, конкурстық құжаттамада және жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге арналған мемлекеттік сатып алу туралы шартта мынадай талаптар көзделеді:
      өңір тұрғындарынан және бюджеттік ұйымдардан жинау;
      қызмет көрсетілетін елді мекендердің атауын, өңірлік тиесілігін, шамдарды қабылдау пункттерінің саны мен орналасу орындарын көрсете отырып, олардың саны;
      шамдарды жинаудың стационарлық пункттерінен жиналған шамдарды шығару кезеңділігі;
      ауылдық елді мекендерде, қалаларда аулаларды машинамен аралап, шамдарды жинауға арналған мобильді пункттерді ұйымдастыру; бару кезеңділігін белгілеу;
      шамдарды қауіпсіз сақтауды, тасымалдауды және кәдеге жаратуды қамтамасыз ету;
      Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау;
      оны беру мерзімдері мен кезеңділігін көрсете отырып, орындалған жұмыс туралы есеп беру.
      Шамдарды жинау, сақтау, тасымалдау және кәдеге жарату қауіпсіздігі мен талаптарының сақталуын бақылауды жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ экологиялық және санитариялық қызметтер жүзеге асырады.
      Құрамында сынап бар, энергия үнемдейтін шамдарды жинау, кәдеге жарату жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру.
      Тұрғындардан және бюджеттік ұйымдардан шамдарды жинау, оларды уақытша сақтау, тасымалдау және кәдеге жарату жөніндегі жұмыстар жергілікті, сол сияқты республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады.
      Республикалық бюджетте жыл сайын шамдарды жинау, сақтау, тасымалдау және кәдеге жарату жөніндегі іс-шараларды іске асыруға қаражат көзделіп, көрсетілген іс-шараларды бюджеттік бағдарлама әкімшісі (ҚОСРМ) арқылы қаржыландыру қамтамасыз етіледі.
      Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі жергілікті атқарушы органдардың өтінімдеріне сәйкес шамдарды жинау және кәдеге жарату бойынша өткізіліп жатқан іс-шараларға бюджеттік өтінімді оларды қаржыландырудың негізделген есептерімен бірге жыл сайын қалыптастырады және мемлекеттік жоспарлау және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға (ЭБЖМ) ұсынады.
      Заңнамада белгіленген тәртіппен ЭБЖМ мәлімделген іс-шаралар мен оларды іске асыруға арналған шығындарды республикалық бюджетке қосуды қамтамасыз етеді, Қаржы министрлігі оларды уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етеді.
      Өндірушінің кеңейтілген жауапкершілігін (ӨКЖ) енгізу. Тауарлар мен қаптамаларды өндірушілердің осы тауарларды және қаптамаларды қолданғаннан кейін пайда болатын қалдықтарды жинауды және өңдеуді жүзеге асыру міндеттемесін заңнамалық тұрғыдан бекіту, көрсетілген ыдыстар мен тауарлардың тізбесін, өндірушінің кеңейтілген жауапкершілігін орындау тетіктерін айқындау қажет. Ыдыстар мен тауарларды өндірушілерден және импорттаушылардан түскен қаражат қаптамалар мен тауарларды жинау пункттерін, сондай-ақ оларды өңдеу және/немесе кәдеге жарату объектілерін құруға бағытталатын болады. Жинау пункттері А тобының барлық кіші топтары үшін құрылатын болады.
      Басқа тұрмыстық қалдықтарды жинау жүйелерін құру.
      Бұл бағыттағы жұмыс ірі габаритті қалдықтарды мамандандырылған контейнерлік алаңдарға орналастыру үшін (мысалы, А1 кіші тобы үшін 30-80 дана мөлшерінде және А2 кіші тобы үшін 10-30 дана мөлшерінде) орындар дайындауға және оларды тұрақты шығаруды ұйымдастыруға бағытталатын болады. Бұл орындар оларды тасымалдауды халық өз бетімен жүзеге асыра алмайтын ірі габаритті қалдықтарға арналады. Сондай-ақ, мұндай қалдықтар 50 0000 тұрғынға кемінде бір қабылдау пункті тығыздығымен салынатын қабылдау пункттерінде жиналады деп көзделеді.
      Қалдықтарды өңдеу.
      Қалдықтарды өңдеу технологияларын енгізу жөніндегі халықаралық тәжірибеге және қалдықтарды басқару бойынша ЕО қағидаттарының иерархиясына негізделе отырып, Бағдарламаның мақсаттарын іске асыру қалдықтарды өңдеудің орталықтандырылған объектілерін салу арқылы жүргізіледі, онда мыналар жүзеге асырылады:
      қайталама шикізатты алып, жиналған ТҚҚ фракцияларын сұрыптау;
      ТҚҚ биологиялық ыдырайтын фракцияларын аэробтық немесе анаэробтық өңдеу. ТҚҚ-нің биологиялық ыдырайтын фракцияларын КТҚ тұнбасымен бірге өңдеу ұсынылады;
      ТҚҚ-дың өңделмейтін бөлігінен қалдықтардан алынатын отын өндіру (RDF) – мүмкін болған жағдайда, ТҚҚ көмілуін барынша азайту мақсатында, отынның бұл түрін цемент зауыттары мен ЖЭО-ға бағыттау.
      Тұрмыстық қалдықтардың қауіпті түрлері өнеркәсіптік қауіпті қалдықтарға арналған мамандандырылған құрылғыларға жіберіледі.
      Қалдықтарды кәдеге жарату.
      Іске асырылуы қайталама материалдарды пайдалануды ынталандыру, сондай-ақ қосылған құны жоғары тауарларды қайталама шикізаттан өндіру арқылы орындалады. Мұндай кәдеге жарату орталықтары өңірлік қоқыс өңдеу зауыттарының құрамдас бөлігі ретінде де, сол сияқты дербес кәсіпорындар ретінде де бола алады.
      Қалдықтарды көму
      Бағдарламаны іске асыру мақсаттарына қол жеткізу үшін қалдықтарды көму:
      ТҚҚ өңірлік полигондарын салу;
      ауылдық аумақтарға қызмет көрсету үшін шағын полигондар салу;
      қолданыстағы ТҚҚ полигондары/қоқыс үйінділері орналасқан жерлерді кезең-кезеңмен қопсыту және қалпына келтіру. Жұмыстар құрылыспен және жаңа полигондарды пайдалануға енгізумен қатар жүргізіледі;
      рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерімен күрес арқылы жүргізілетін болады.
      ТҚҚ өңірлік полигондары осы саладағы озық халықаралық тәжірибені ескере отырып құрылатын болады.
 

6. Қажетті ресурстар

      Бағдарлама бойынша барлығы 128 424, 53 млн. теңге көлемінде шығындар жоспарлануда, оның ішінде:
      1-кезең (2014 – 2020 жылдар) бойынша:
      республикалық бюджет – 884,53* млн. теңге;
      жергілікті бюджет (2015 – 2020 жылдар) – 52,589** млн. теңге.
      Жеке инвестициялар – 74 951*** млн. теңге.
      Ескертпе:
      * - республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын іс-шаралар бойынша шығыстардың Республикалық бюджет комиссиясы қолдаған көлемі;
      ** - Бағдарламаның 2015 – 2020 жылдарға арналған іс-шараларын іске асыру бойынша қаржыландырудың нақты көлемі тиісті жылға арналған жергілікті бюджетті қалыптастыру кезінде әрбір өңір бойынша нақты есептердің негізінде, оның ішінде Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің "Тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру жобаларына құйылатын инвестицияларды негіздеу" деген 040 бюджеттік бағдарламасының шеңберінде әзірленген ТҚҚ секторын жаңғырту инвестицияларының негіздемесі жөніндегі жобаларды іске асыру шеңберінде айқындалатын болады;
      *** - жобаларды мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарында, сондай-ақ халықаралық қаржы институттарының қаражаты есебінен іске асыру кезіндегі инвесторлардың ақша қаражаты.
      Бағдарламаның кезең-кезеңмен іске асырылуына сәйкес Бағдарламаны бюджеттік қаржыландыру былайша белгіленеді:
       6-кесте.
 

Қаржыландыру көзі
 

Бірл.
 

1-кезең, пилоттық 2014 - 2020 ж.
 

2-кезең, негізгі 2021 - 2030 ж.
 

3-кесте, аяқтаушы 2031 - 2050 ж.
 

Бюджеттік қаржыландыру
 

%
 

60 %
 

30 %
 

10 %
 

Бюджеттен тыс қаржыландыру
 

%
 

40 %
 

70 %
 

90 %
 

   

            Бюджеттік қаржыландыру үлесінің серпіні ТҚҚ секторының қаржылық-экономикалық жағдайы мен рентабельділігінің біртіндеп жақсаруын болжайды. Осы процесті қолдау үшін барлық деңгейдегі бюджеттер Бағдарламаны іске асырудың алғашқы пилоттық кезеңінде барлық инвестициялық қажеттіліктердің 60 %-на дейін ТҚҚ секторын жаңғыртуға едәуір қаржыларын береді.
      Бағдарламаны іске асырудың екінші және үшінші кезеңдерінде бюджеттік қаражаттың үлесі тиісінше қажетті инвестициялардың жалпы көлемінен ең жоғары 30 % және 10 % деңгейінде белгіленетін болады. Мемлекет әлеуметтік жобаларды іске асыру үшін мұндай инвестициялардың 10 %-ын қаржыландыруды өзіне қалдырады.
      Коммерциялық қаржыландыру.
      ТҚҚ секторының инвестициялық тартымдылығын арттыру осы Бағдарламаның мақсаттарына қол жеткізудің басты құралдарының бірі болып табылады және бюджеттен тыс қаржыландырудың ұлғайып отыратын көлемдерін тартып қана қоймай, ТҚҚ инфрақұрылымын салу мен пайдаланудағы жеке сектордың тәжірибесін пайдалану арқылы ұсынылатын қызметтердің сапасы мен мөлшерін айтарлықтай арттыруға да мүмкіндік береді.
      Бағдарламаны іске асырудың бірінші кезеңіндегі осы бағыттағы түйінді міндеттері:
      сектордың институционалдық реформасы;
      әлеуметтік қолайлылықты қамтамасыз ету мақсатында секторды тарифтік реформалау және экономикалық ынталандыру;
      Бағдарламаны іске асырудың барлық аспектілері бойынша ашықтық пен есептілікті арттыру;
      нормативтік-құқықтық базаны стандарттау және жетілдіру;
      кадрлық қамтамасыз ету болып табылады.
      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ)
      ТҚҚ секторында жобаларды қаржыландыру мен іске асырудың маңызды элементтерінің бірі әлеуметтік инфрақұрылым және тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін қаржыландыру, салуға, реконструкциялауға және (немесе) пайдалануға бағытталған мемлекет пен жеке кәсіпкерлік субъектілері арасындағы ынтымақтастықты көздейтін мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін қолдану болып табылады.
      ТҚҚ секторында МЖӘ-ні қолдану мемлекет пен бизнестің өзара тиімді іс-қимыл жасасуын, ресурстар мен әлеуетті біріктіруді көздейді, бұл экологиялық талаптар мен көрсетілетін қызмет сапасына қойылатын талаптарды бизнес пен коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың экономикалық мүмкіндіктерімен үйлестіретін шешімдер табуға мүмкіндік береді. Осыған орай ТҚҚ басқару жүйесінің тиімділігін арттыру, сондай-ақ ТҚҚ секторындағы жобаларды іске асыруға бюджеттен тыс қаражатты тарту үшін Қазақстан Республикасының концессиялық заңнамасында көзделген МЖӘ түрлерінің біреуін қолдануға болады.

Тұрмыстық қатты қалдықтарды
басқару жүйесін жаңғыртудың
2014 – 2050 жылдарға арналған
бағдарламасына      
қосымша         

Тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару жүйесін жаңғырту
бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2014 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (1-кезең)

Р/с №
 

Іс-шаралар
 

Аяқталу нысаны
 

Жауапты орындаушылар
 

Орындау мерзімдері
 

Болжамды шығындар (млн. теңге)
 

Қаржыландыру көздері
 

Бюджеттік бағдарламаның №
 

1
 

2
 

3
 

4
 

5
 

6
 

7
 

8
 

1.
 

Құрамында сынап бар, энергия үнемдейтін пайдаланылған шамдарды кәдеге жарату жөніндегі жұмыс көлемдеріне талдамалық шолу
 

ҚОСРМ-ға ақпарат
 

ЖАО
 

2015 жылдың 2-тоқсаны
 

талап етілмейді
 



2
 

Тұрғындарды хабардар ету және құрамында сынап бар, энергия үнемдейтін пайдаланылған шамдармен қауіпсіз жұмыс істеуді насихаттау
 

ҚОСРМ-ға ақпарат
 

ЖАО
 

жыл сайын
 

талап етілмейді
 



3.
 

Құрамында сынап бар, энергия үнемдейтін шамдарды өндіру және сату бағасына оларды кәдеге жарату шығындарын қосу мәселесін пысықтау
 

ҚОСРМ-ға ұсыныс
 

ЭБЖМ, ИЖТМ
 

2014 жылдың 4-тоқсаны
 

талап етілмейді
 



4.
 

Құрамында сынап бар, энергия үнемдейтін пайдаланылған шамдарды жинау, кәдеге жарату бойынша ынталандыратын іс-шараларды әзірлеу мәселесін пысықтау
 

ҚОСРМ-ға ұсыныс
 

ЭБЖМ, ЖАО, ИЖТМ
 

2014 жылдың 4-тоқсаны
 

талап етілмейді
 



5.
 

ТҚҚ жұмыс істеу жөніндегі ақпараттық жұмыс жоспары
 

Бұйрық
 

ҚОСРМ, ЖАО
 

2014 жылдың 3-тоқсаны
 

талап етілмейді
 

-
 

-
 

6.
 

ТҚҚ секторындағы жобаларды қаржыландыру мәселелері бойынша ХҚИ, донорлармен, жеке сектормен консультация жүргізу мақсатында ҚОСРМ жанынан ведомствоаралық жұмыс тобын құру
 

ВЖТ құру туралы бұйрық
 

ҚОСРМ, ЭБЖМ, Қаржымині, ЖАО, ҰКП (келісім бойынша)
 

2014 жылдың 3-тоқсаны
 

талап етілмейді
 

-
 

-
 

7.
 

ТҚҚ саласында нормативтік-нұсқаулық құжаттарды әзірлеу
 

Әзірленген нормативтік-нұсқаулық құжаттар
 

ҚОСРМ, ИЖТМ, ЭБЖМ, ЖАО
 

2014 жылдың 4-тоқсаны
 

10,000
 

Республикалық бюджет
 

002
 

8.
 

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ТҚҚ мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заң жобасының тұжырымдамасын әзірлеу
 

ВАК шешімі
 

ҚОСРМ, ЭБЖМ, Әділетмині, Қаржымині
 

2014 жылдың 4-тоқсаны
 

талап етілмейді
 

-
 

-
 

9.
 

ТҚҚ объектілерін (полигондар, өңдеу зауыттары, қоқыс үйінділері және т.б.) түгендеу және олардың экологиялық аудиті
 

Талдамалық анықтама
 

ҚОСРМ, ЖАО
 

2014 жылдың 3-тоқсаны
 

талап етілмейді
 

-
 

-
 

10.
 

Қалалық және ауылдық жерлерде бар, экологиялық талаптарға, санитариялық қағидалардың талаптары мен техникалық талаптарға сай келмейтін және жабуды немесе реконструкциялауды, қалпына келтіруді талап ететін ТҚҚ жинау, өңдеу және көму объектілерін айқындау
 

Объектілердің тізбесі
 

ҚОСРМ, ЖАО
 

2014 жылдың 3-тоқсаны
 

талап етілмейді
 



11.
 

Тұрғындар үшін сараланған тарифтерді айқындау мәселесін пысықтау
 

ҚОСРМ-ға ұсыныс
 

ЭБЖМ, ТМРА, ЖАО
 

2014 жылдың 3-тоқсаны
 

талап етілмейді
 



12.
 

Заңды тұлғалар үшін тіркелген тарифтерді айқындау мәселесін пысықтау
 

ҚОСРМ-ға ұсыныс
 

ЭБЖМ, ТМРА, ЖАО
 

2014 жылдың 3-тоқсаны
 

талап етілмейді
 



13.
 

ТҚҚ секторын жаңғырту жөніндегі жобаларды іріктеу критерийлерін қалыптастыру
 

Бұйрық
 

ҚОСРМ, ЭБЖМ
 

2014 жылдың 3-тоқсаны
 

талап етілмейді
 



14.
 

1-кезеңнің ТҚҚ секторын жаңғырту инвестицияларының негіздемесін әзірлеуді аяқтау (Ақтөбе, Өскемен, Тараз, Қарағанды (Абай, Сораң, Теміртау, Шахтинск), Көкшетау (Щучье және Бурабай кенті), Қостанай, Атырау, Павлодар, Талдықорған)
 

Әзірленген инвестициялар негіздемелері
 

ҚОСРМ, ЖАО
 

2014 жылдың 4-тоқсаны
 

24,500
 

Республикалық бюджет
 

040
 

15.
 

2, 3-кезеңнің ТҚҚ секторын жаңғырту инвестицияларының негіздемесін әзірлеу –
2014 жыл (Семей, Орал, Қызылорда, Петропавл, Түркістан (Кентау), Екібастұз, Рудный, Жезқазған (Сәтпаев), Ақсай, Балқаш, Байқоңыр (Төретам), Лисаковск, Текелі, Аягөз, Құлсары, Степногорск, Қандыағаш)
 

Әзірленген инвестициялар негіздемелері
 

ҚОСРМ, ЖАО
 

2014 жылдың 4-тоқсаны
 

850,000*
 

Республикалық бюджет
 

040
 

16.
 

ТҚҚ секторын жаңғырту инвестицияларының негіздемесіне сәйкес басым инвестициялық жобаларды қалыптастыру
 

ҚОСРМ үшін жобалар тізбесі
 

ҚОСРМ, ЭБЖМ, ЖАО
 

Инвестициялар негіздемесін әзірлеу қорытындылары бойынша
 

талап етілмейді
 



17.
 

ТҚҚ жинаумен, шығарумен, кәдеге жаратумен, өңдеумен және көмумен айналысатын компаниялар үшін кезең-кезеңмен бөлек жинауды ынталандыру тетіктерін әзірлеу
 

ҚОСРМ-ға ұсыныс
 

ЭБЖМ, Қаржымині
 

2015 жылдың 2-тоқсаны
 

талап етілмейді
 



18.
 

Тұтыну қалдықтарын қалыптасу көзінен бөлек жинауды кезең-кезеңмен ынталандыру тетіктерін әзірлеу
 

ҚОСРМ-ға ұсыныс
 

ЭБЖМ, Қаржымині
 

2015 жылдың 2-тоқсаны
 

талап етілмейді
 



19.
 

ТҚҚ жинаудың, өңдеудің және көмудің жаңа объектілерін салған, сондай-ақ ТҚҚ жинаудың, өңдеудің және көмудің жұмыс істеп тұрған объектілерін реконструкциялаған кезде жүйелік тәсілді енгізу тетіктерін әзірлеу
 

ҚОСРМ-ға ұсыныс
 

ЖАО
 

2015 жылдың 3-тоқсаны
 

талап етілмейді
 



20.
 

Биологиялық ыдырайтын қалдықтарды бөлек жинауды енгізу
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ҚОСРМ-ға ақпарат
 

ЖАО
 

2015 - 2020 жылдар
 

7 010**
 

Жергілікті бюджет
 


4 674
 

Жеке инвестициялар
 

21.
 

ТҚҚ уақытында шығаруды қамтамасыз ету үшін контейнерлер мен қоқыс тасығыштар паркін жаңарту
 

ҚОСРМ-ға ақпарат
 

ЖАО
 

2015 - 2020 жылдар
 

31 014**
 

Жергілікті бюджет
 


20 677
 

Жеке инвестициялар
 

22.
 

Жаңа полигондарды салу
 

ҚОСРМ-ға ақпарат
 

ЖАО
 

2015 - 2020 жылдар
 

14 400**
 

Жергілікті бюджет
 


9 600
 

Жеке инвестициялар
 

23.
 

Ескі полигондарды жабу
 

ҚОСРМ-ға ақпарат
 

ЖАО
 

1-кезең бойы
 

165,8**
 

Жергілікті бюджет
 


24.
 

ТҚҚ өңдеу зауыттарын салу
 

ҚОСРМ-ға ақпарат
 

ЖАО
 

1-кезең бойы
 

40 000
 

Жеке инвестициялар
 


25.
 

2021 – 2030 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын әзірлеу
 

Үкімет қаулысы
 

ҚОСРМ, ЭБЖМ, Әділетмині
 

2020 жыл
 

талап етілмейді
 

-
 

-
 

26.
 

Тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару жүйесін жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2014 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы жиынтық ақпаратты жарты жылда бір рет ұсыну
 

ҚОСРМ-ға ақпарат
 

ЭБЖМ, ИЖТМ, Қаржымині, Әділетмині, ТМРА, ЖАО
 

жыл сайын 15 ақпанға дейін
 

талап етілмейді
 



27.
 

Тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару жүйесін жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2014 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпаратты жырты жылда бір рет ұсыну
 

ЭБЖМ-ге ақпарат
 

ҚОСРМ
 

жыл сайын 10 наурызға дейін
 

талап етілмейді
 



   

             * - республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын іс-шаралар бойынша шығыстардың Республикалық бюджет комиссиясы қолдаған көлемі.
      ** - 2015 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын (Бағдарламаны) іске асыру бойынша қаржыландырудың нақты көлемі тиісті жылға арналған жергілікті бюджетті қалыптастыру кезінде әрбір өңір бойынша нақты есептердің негізінде, оның ішінде Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің "Тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру жобаларына құйылатын инвестицияларды негіздеу" деген 040 бюджеттік бағдарламасының шеңберінде әзірленген ТҚҚ секторын жаңғырту инвестицияларының негіздемесі жөніндегі жобаларды іске асыру шеңберінде айқындалатын болады.

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:
      АҚ акционерлік қоғам
      БҚ биологиялық ыдырайтын қалдықтар
      ҮИИДМБ Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту
       жөніндегі мемлекеттік бағдарлама
      МЖӘ мемлекеттік-жекешелік әріптестік
      Евро Еуропалық Одақтың ақша бірлігі
      КТҚ кәріздік тазарту құрылыстары
      МБӨ қалдықтарды механикалық-биологиялық өңдеу
      ИЖТМ Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
       технологиялар министрлігі
      ЖАО жергілікті атқарушы органдар
      ҚОСРМ Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су
       ресурстары министрлігі
      ӨДМ Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі
      Қаржымині Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
      ХҚИ халықаралық қаржы институттары
      ЭБЖМ Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік
       жоспарлау министрлігі
      КДЖ корпоративтік даму жоспары
      ӨКЖ өндірушінің кеңейтілген жауапкершілігі
      ТҚҚ тұрмыстық қатты қалдықтар
      RDF Refuse derived fuel (қалдықтардан алынатын отын)