Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚAУЛЫ ЕТЕДІ:
«Каспий теңізіндегі қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
ҚAЗAҚСТAН РЕСПУБЛИКAСЫНЫҢ ЗAҢЫ Каспий теңізіндегі қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы
2010 жылғы 18 қарашада Бакуде жасалған Каспий теңізіндегі қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы келісім ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Каспий теңізіндегі қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы келісім
Одан әрі Тараптар деп аталатын, Әзірбайжан Республикасы, Иран Ислам Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Түрікменстан,
тәуелсіздікті, егемендікті, аумақтық тұтастықты, шекаралардың мызғымастығын құрметтеуді, күш немесе күшпен қауіп төндіруді қолданбауды, бір бірінің ішкі істеріне араласпаушылықты және мемлекеттер ынтымақтастығын қоса алғанда, халықаралық құқықтың жалпыға танылған нормаларын және оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында бекітілген қағидаттарды негізге ала отырып,
Каспий теңізінің сақталуына және өңірдің тұрақты дамуына бүгінгі және болашақ ұрпақ алдындағы өз жауапкершіліктерін сезіне отырып,
Тараптар арасындагы жақын көршілік қарым-қатынастарды тереңдетумен кеңейту ниетін басшылыққа ала отырып,
өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылыққа, Каспий теңізін тек қана бейбіт мақсаттарда пайдаланудағы ынтымақтастықты дамыту мен нығайтуға үлес қосуға дайын екендігін білдіре отырып,
2007 жылғы 16 қазанда, Тегеранда Каспий жағалауы мемлекеттерінің Екінші Саммиті барысында қабылданған, Әзірбайжан Республикасы, Иран Ислам Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Түрікменстан Декларациясының қағидаттары мен ережелсрін назарға ала отырып,
Каспий теңізін бейбітшілік, тұрақтылық, достық және тату көршілік теңізі деп жариялай келе,
төменде көрсетілгендер туралы келісті:
1-БAП
Каспий теңізінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету Каспий маңы мемлекеттерінің айрықша құзыры болып табылады.
2-БAП
1. Осы Келісімінің шеңберінде Тараптар мына салалар бойынша ынтымақтасады:
- терроризмге қарсы күрес;
- ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес;
- қарулар мен оқ-дәрілердің, жарылғыш және уландырғыш заттардың, әскери техникалар кез-келген түрлерінің заңсыз айналымына қарсы күрес;
- есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекусорларының заңсыз айналымына қарсы күрес;
- кірістерді, оның ішінде қылмыстық жолмен алынған ақшалай қаражаттарды жылыстатушылыққа қарсы күрес;
- контрабандаға қарсы күрес;
- теңіз кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қарақшылыққа қарсы күрес;
- адамдар саудасына және заңсыз көші-қонға қарсы күрес;
- биологиялық ресурстарды заңсыз өндіруге (браконьерлікке) қарсы күрес;
- теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
2. Тараптар осы Келісім шеңберінде, қауіпсіздіктің әскери аспектілерін қоспағанда, осы Келісімнің мәніне сәйкес келетін және өзара мүдделілікті білдіретін басқа да салаларда ынтымақтастықты жүзеге асырады.
3. Тараптардың өзара іс-қимылы осы Келісімге сәйкес және олардың хаттамаларына, өздері қатысушылар болып табылатын, қолданыстағы басқа да халықаралық шарттарға, сондай-ақ олардың заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Ешнәрсе де осы Келісімде Каспий теңізінің құқыктық мәртебесін алдын ала айқындаушы ретінде қаралмауға тиісті.
3-БAП
1. Тараптар өз құзыреті шеңберінде осы Келісімді жүзеге асыруға қатысатын, мынадай құзыретті органдарды тағайындайды:
Әзірбайжан Республикасы: |
Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік министрлігі, Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Көлік министрлігі, Мемлекеттік шекара қызметі, Мемлекеттік кеден комитеті, Мемлекеттік теңіз әкімшілігі, Мемлекеттік көші-қон қызметі. |
Иран Ислам Республикасы: |
Сыртқы істер министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Жолдар және тасымал министрлігі, Aуыл шарушылығы министрлігі, Экономика және қаржы істері жөніндегі министрлігі, Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ұйымы, Есірткіге қарсы күрес жөніндегі штабы. |
Қазақстан Республикасы: |
Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі, Қаржы министрлігінің Кеден бақылау комитеті, Aуыл шаруашылығы министрлігі, Көлік және коммуникация министрлігі, Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, Бас прокуратура, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы), Қорғаныс министрлігі, Әділет министрлігі. |
Ресей Федерациясы: |
Ресей Федерациясының Федералдық қауіпсіздік қызметі, Ресей Федерациясының Ішкі істер министрлігі, Федералдық кеден қызметі, Ресей Федерациясының Aзаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар және табиғи апат салдарларын жою істері жөніндегі министрлігі, Ресей Федерациясының Көлік министрлігі, Ресей Федерациясының Есірткі айналымына бақылау жасау жөніндегі Федералдық қызметі, Федералдық көші-қон қызметі. |
Түрікменстан: |
Ұлттық қауіпсіздік министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Мемлекеттік шекара қызметі, Мемлекеттік көші-қон қызметі, Мемлекеттік кеден қызметі, Есірткіге қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік қызметі. |
2. Ратификациялық грамоталарды тапсыру кезінде Тараптар Депозитарийді осы Келісімнің 2-бабының 1-тармағында көзделген нақты салалардагы ынтымақтастыққа жауапты орталық құзыретті органдар туралы және осы Келісім шеңберінде ынтымақтастықты үйлестіруге жауапты уәкілетті орган туралы хабардар етеді.
3. Өздерінің уәкілетті және құзыретті органдары өзгерген жағдайда Депозитарий арқылы Тараптар бірін-бірі тез арада хабардар етеді.
4-БAП
1. Тараптардың құзыретті органдарының өзара іс-қимылы осы Келісім шеңберінде басқа Тарапардың мүдделеріне нұқсан келтірмейтіндей екіжақты және көпжақты форматта жүзеге асырылады және ақпарат алмасуды, кездесулер мен консультациялар өткізуді, жұмыс , тәжірибесімен алмасуды, сондай-ақ осы Келісімнің 2-бабында көрсетілген салалар бойынша келісілген іс-шаралар өткізуді болжайды.
2. Тараптардың құзыретті органдарының өзара іс-қимылы Тараптар арасында келісілген басқа да нысандарда жүзеге асырылуы мүмкін.
3. Өзара іс-қимылды жүзеге асыру мақсатында Тараптардың құзыретті органдары осы Келісімнің 2-бабында көрсетілген салалардағы ынтымақтастық туралы хаттамалар жасасады.
5-БAП
Осы Келісімнің шеңберінде ақпарат алмасу жазбаша түрде жолданатын көмек көрсету туралы сұрау салулар негізінде жүзеге асырылады. Кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда сүрау салулар, орнатылған байланыс құралдары арқылы 72 сағаттың ішінде кейіннен жазбаша растала отырып, жүзеге асырылуы мүмкін.
6-БAП
1. Егер Тараптың сұрау салынатын құзыретті органы сұрау салуды орындау ұлттық мүдделерге нұқсан келтіруі мүмкін немесе заңнамаға және өз мемлекетінің халықаралық міндеттемелеріне қайшы келеді деп санаса, осы Келісім шеңберінде ақпарат беруден толық немесе ішінара бас тартуы мүмкін.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларда Тараптардың құзыретті органдары көмек көрсетуден бас тарту туралы жазбаша түрде бір біріне тез арада ақпарат береді.
3. Егер сұрау салуды орындау сұрау салынатын құзыретті органның құзыретіне кірмесе, соңғысы кейіннен ол туралы сұрау салушы құзыретті органға хабарлай отырып, оны шұғыл өз мемлекетінің тиісті құзыретті органына береді.
7-БAП
1. Егер беруші құзыретті орган оларды жария ету орынсыз деп , санаса, әрбір құзыретті орган басқа құзыретті органнан алынған ақпарат пен құжаттардың құпиялылығын қамтамасыз етеді. Мұндай ақпарат пен құжаттардың құпиялылық дәрежесін осы ақпаратты және құжаттарды беріп отырған құзыретті орган белгілейді.
2. Aқпаратты алған Тараптың құзыретті органы ақпаратты берген Тараптың құзыретті органы белгілеген мақсаттар және жағдайларда ғана мәліметтерді пайдалана алады.
3. Aқпаратты алған Тараптың құзыретті органы ақпаратты берген Тараптың құзыретті органын алынған ақпараттың пайдаланылуы және қол жеткізілген нәтижелері туралы хабардар етеді.
4. Құпиялылықты қамтамасыз етуге қатысты Тараптардың құзыретті органдарының міндеттемелері күшінде қала береді, оның ішінде осы Келісімнің қолданысы тоқтағаннан кейін де немесе Тараптардың кез келгені бұл Келісімнен шыққанша осындай ақпаратты берген Тараптың құзыретті органы басқа Тараптың құзыретті органын осындай міндеттемені сақтаудан босатқанға дейін қала береді.
8-БAП
Егер әрбір нақты жағдайда өзгедей тәртіп келісілмесе, осы Келісімді орындауға байланысты шығыстар әрбір Тарапқа дербес жүктеледі.
9-БAП
1. Осы Келісімді орындауға және өзара жүзеге асыру барысында пайда болуы мүмкін проблемаларды шешуге байланысты мәселелерді қарау мақсатында Тараптардың құзыретті органдары қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде бір рет кездесулер мен консультациялар өткізеді.
2. Жыл сайынғы консультациялар жыл бойына іс басындағы төрағаның функцияларын орындайтын әрбір Тараптың алмасып отыруына қарай өткізіледі.
3. Талқылауға ұсынылатын мәселелер алдын-ала келісіледі.
10-БAП
1. Осы Келісімнің шеңберінде Тараптардың құзыретті органдарының өзара іс-қимылы орыс немесе ағылшын тілдерінде жүзеге асырыла.
2. Құзыретті органдар, осы Келісімді жүзеге асыруға байланысты хат алмасуда, егер олар өзге туралы келіспесе, өзінің мемлекеттік ресми тілін орыс немесе ағылшын тілдеріндегі аудармасын қоса беріп пайдалануы мүмкін.
11-БAП
Осы Келісім өздері қатысушылар болып табылатын басқа да халықаралық шарттардан туындайтын Тараптардың құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.
12-БAП
Осы Келісім ережелерінің түсіндірмесіне немесе қолданылуына байланысты кез келген даулар Тараптар арасында консультациялар және келіссөздер жүргізу арқылы шешіледі.
13-БAП
1. Осы Келісімнің ережелері Тараптардың өзара уағдаласуы бойынша өзгертілуі немесе толықтырылуы мүмкін.
2. Осы Келісімге енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар оның ажырамас бөлігі болып табылады және осы Келісімнің 15-бабында көзделген тәртіпте күшіне енетін жекелеген хаттамалармен ресімделеді.
14-БAП
Әзірбайжан Республикасы осы Келісімнің Депозитарийі болып табылады.
15-БAП
1. Осы Келісім ратификациялауға жатады. Ратификациялық грамоталар сақталуға Депозитарийге тапсырылады. Осы Келісім Депозитарийдің соңғы ратификациялық грамотаны алған күнінен бастап 30-шы күні күшіне енеді.
2. Әрбір Тарап осы Келісімнен шығатындығы туралы Депозиттарийді хабардар ете отырып, одан шыға алады. Мұндай Тарап үшін осы Келісім Депозитарийдің осындай хабарламаны алған күнінен бастап 12 ай өткенге дейін қолданыста болады.
2010 жылгы 18 қарашада Баку қаласында әзірбайжан, парсы, қазақ, орыс, түрікмен және ағылшын тілдерінде түпнұсқалы бір данада жасалған, бұл орайда барлық мәтіндер теңдей түпнұсқа болып табылады.
Келіспеушілікгер туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінеді.
Түпнұсқалық дана сақталу үшін Депозитарийге тапсырылады, ол осы Келісімнің расталған көшірмелерін барлық Тараптарға жолдайды.
Әзірбайжан Республикасы үшін
Иран Ислам Республикасы үшін
Қазақстан Республикасы үшін
Ресей Федерациясы үшін
Түрікменстан үшін