"Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 мамырдағы № 521 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1086 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 28.12.2015 № 1086 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 49, 600-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесінде:
      7 және 7-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Осы Ереженің 10-1 және 11-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың бекітілген не нақтыланған жылдық жоспарының негізінде ғана қабылдайды.
      7-1. Тапсырыс беруші тиісті бюджеттің (бизнес-жоспардың, кірістер мен шығыстар сметасының) негізінде мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірлейді және бекітеді.
      Тапсырыс беруші мәліметтері мемлекеттік құпияларды және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жеке жылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді.
      Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын тапсырыс беруші тиісті бюджетті (бизнес-жоспарды, кірістер мен шығыстар сметасын) бекіткен күннен бастап он жұмыс күні ішінде бекітеді және ол мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:
      1) қосылған құн салығын есепке алмағанда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін жылдар бойынша үш жылдық кезеңге бөлінген соманы қоса алғанда, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің анықтамалығына сәйкес тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің номенклатурасы. Тиісті бюджетте бекітілген сома болмаған жағдайда, болжамды сома көрсетіледі;
      2) Заңның 4-бабында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілі мен мерзімдері;
      3) тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің жоспарланған мерзімдері және орны;
      4) Заңның 37-бабында көзделген жағдайларда бөлінген және әрбір қаржы жылына көзделген сома шегінде кестеге сәйкес және жылдар бойынша бөле отырып, тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің жоспарланған мерзімдері.
      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 79-бабының 2-тармағы екінші бөлігінің 2-1) тармақшасында көзделген жағдайларда осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтерді тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында бекітеді. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 153-бабының 7-тармағын орындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бекітеді.
      Заңның 4-бабы 1-тармағының 3)28) және 33-1) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына енгізуге жатпайды.»;
      мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
      «10-1. Заңның 4-бабы 1-тармағының 3)28) және 33-1) тармақшаларына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды қоспағанда, бекітілген мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың нақтыланған жылдық жоспарында) көзделмеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жол берілмейді.»;
      13-тармақтың үшінші бөлігі алынып тасталсын;
      16-тармақтың 1), 2) және 5) тармақшалары алынып тасталсын;
      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «17. Осы Ереженің 15-тармағына сәйкес ұйымдастырушыны не осы Ереженің 16-тармағының 3) және 4) тармақшаларында айқындалған бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны (бұдан әрі – бірыңғай ұйымдастырушы) айқындаған жағдайда, тапсырыс берушілер ұйымдастырушыға не мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыға олар белгілеген мерзімде конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін қажет ақпаратты, оның ішінде:
      1) сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарынан үзінді көшірмені;
      2) тапсырыс берушінің басшысы не оның міндеттерін атқаратын адам қол қойған және әр бетін дәйектеген сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін және техникалық ерекшелігін;
      3) конкурстық және сараптау комиссияларының құрамына енгізу үшін кандидатураны (сарапшыны);
      4) мемлекеттік сатып алуды жүргізу жөніндегі рәсімдерге қатысу үшін тапсырыс берушінің уәкілетті өкілдері туралы мәліметтерді;
      5) құрылыс жұмыстарын сатып алған кезде құрылыс объектісіне жобалау-сметалық құжаттаманы;
      6) елеулі шарттарды көрсете отырып, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасын ұсынады.»;
      мынадай мазмұндағы 17-1 және 17-2-тармақтармен толықтырылсын:
      «17-1. Жабық рәсімдерді қолдана отырып, конкурс тәсілімен ерекше тәртіпті пайдалана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған жағдайда, тапсырыс беруші (тапсырыс берушілер) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға/бірыңғай ұйымдастырушыға тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндеттерін атқарушы адам бекіткен әлеуетті өнім берушілердің тізімін ұсынады.
      17-2. Осы Ереженің 17 және 17-1-тармақтарында көзделген ақпарат өзгерген жағдайда, тапсырыс беруші (тапсырыс берушілер) бұл туралы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны/бірыңғай ұйымдастырушыны дереу хабардар етуі тиіс.
      Ұйымдастырушы/бірыңғай ұйымдастырушы өткізген конкурс қорытындылары бойынша тапсырыс беруші (тапсырыс берушілер) жеңімпаздармен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасады.»;
      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «18. Мемлекеттік сатып алуға заңды тұлғалардың уақытша бірлестіктері (консорциум) қатысқан жағдайда, осы консорциумның қатысушылары болып табылатын заңды тұлғалар өз біліктілік талаптарын растау үшін осы Ережеде белгіленген құжаттармен қатар мынадай құжаттарды беруге тиіс:
      1) заңды тұлғалардың (консорциумның) мүшелері арасында жасалған нотариалды куәландырылған ортақ жауапкершілік шарты;
      2) бiрлескен шаруашылық қызметi туралы шартта көзделген қызмет бөлiгiнде тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету құқығына арналған тиiстi лицензиялардың нотариалды куәландырылған көшірмелері не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензиялар.
      Конкурсқа Консорциум қатысқан жағдайда, конкурстық баға ұсынысына әсер ететін критерийлерді есептеу заңды тұлғалар қандай да бір ресурстарды біріктіретін және нақты шаруашылық міндеттерін шешу үшін күш-жігерді үйлестіретін бірлескен шаруашылық қызметі туралы шарт жасасқан сәттен бастап консорциумға қатысты қолданылады.»;
      20-21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «20. Тапсырыс беруші Заңның 5-бабының 10-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудан бас тартуға құқылы.
      Мұндай жағдайда тапсырыс беруші не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту туралы шешімі қабылданған күннен бастап, бес жұмыс күні ішінде:
      1) өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысатын адамдарды қабылдаған шешім туралы хабардар етуге;
      2) конкурсқа қатысуға енгізілген өтінімдерді қамтамасыз етуді және (немесе) мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтаруға міндетті.
      21. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, осы Ереженің 256-тармағында көрсетілген сатып алу жағдайларын қоспағанда, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өткізудің талаптары мен тәртібін айқындау үшін мемлекттік құпиялар туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес конкурстық құжаттама негізінде қазақ және орыс тілдерде конкурстық құжаттаманы әзірлейді және оны тапсырыс берушімен келіседі.».
      22-тармақта:
      1) тармақшада:
      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «лицензиялардың не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензияның және (немесе) патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, рұқсаттардың, әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және өткізуге, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге құқығын растайтын басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;»;
      тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «конкурстық өтiнiмдерi бар конверттердi ашатын күннiң алдында бiр айдан бұрын емес берiлген салық берешегiнiң және мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдары бойынша берешегiнiң жоқтығы (төлем мерзiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) туралы не бiр теңгеден кем салық берешегiнiң және мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдары бойынша берешектiң болуы туралы тиiстi салық органының белгiленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы;»;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сипаты мен талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары, ұлттық стандартты немесе болған кезде Қазақстан Республикасы өндірушілерінің коммерциялық емес ұйымдары бекіткен үкіметтік емес стандартты көрсете отырып, ал қажет болған кезде Үлгі конкурстық құжаттамаға 23-қосымшаларға сәйкес нормативтік-техникалық құжаттаманы көрсете отырып, техникалық ерекшеліктер.
      Жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде сатып алынатын жұмыстардың сипаттамасы мен талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларының орнына конкурстық құжаттамада белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама қамтылуы тиіс;»;
      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «13) конкурсқа қатысуға өтiнiм салынған конверттi ұсыну тәртiбi, тәсiлi, орны және соңғы мерзiмi (бiрақ жұмыс күнiнiң жергiлiктi уақытпен он алты сағатынан кешiктiрмей) және конкурсқа қатысуға өтiнiмдердiң талап етiлетiн қолданылу мерзiмi (тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi конкурсқа қатысу үшiн әлеуеттi өнiм берушi ұсынатын конкурстық өтiнiмнiң қолданылу мерзiмi конкурстық өтiнiмдер ашылатын күннен бастап кемiнде 35 күнді құрайды. Конкурстық құжаттамада көрсетiлгеннен қолданылу мерзiмi неғұрлым қысқа конкурстық өтiнiм кері қайтарылады);»;
      23-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;
      27-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Құрылыс бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада құрылыспен тығыз байланысты жұмыстарды және құрылыспен байланысты емес тауарларды лоттарға бөлуге міндетті.»;
      35-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырған кезде жабық рәсімдерді қолдана отырып, ерекше тәртіппен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сарапшылар ретінде тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының не ведомстволық бағынысты мекемелердің мамандарын тарта алады.»;
      40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «40. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекiтiлген күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей, бiрақ әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтiнiмдерді табыс етуінің соңғы күніне дейiн кемiнде күнтiзбелiк отыз күн бұрын:
      1) конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтiнiн, сондай-ақ бекiтiлген конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінiң интернет-ресурсында жариялауға;
      2) конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтiнiн мемлекеттiк сатып алу веб-порталында жариялауға;
      3) тапсырыс берушінің интернет-ресурсында хронологиялық тәртіппен конкурстық құжаттаманы алған адамның орналасқан жерi, почталық және электрондық мекенжайлары туралы мәлiметтердi, сондай-ақ ол туралы басқа да мәлiметтердi көрсете отырып, бекiтiлген конкурстық құжаттаманы табыс ету фактiсiн тiркеудi қамтамасыз етуге мiндеттi.
      Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды қайтадан жүзеге асырған жағдайда, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекiтiлген күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей, бiрақ конкурсқа қатысуға өтiнiмдерді табыс етудің соңғы күнiне дейiн кемiнде күнтiзбелiк он бес күн бұрын осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген талаптарды орындауға мiндеттi.
      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының хабарландыруында қамтылған мәліметтер конкурстық құжаттамада көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуге тиіс.»;
      42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «42. Конкурс тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарланған күннен бастап мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының уәкiлеттi өкiлi, ал тапсырыс берушi мен мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы бiр тараптан әрекет еткен жағдайда – конкурстық комиссияның хатшысы осы Ереженің 40-тармағының 3) тармақшасында белгiленген талаптарды ескере отырып, қағаз жеткізгіште не бекiтiлген конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсына орналастыру арқылы конкурстық құжаттаманың көшiрмесiн әлеуеттi өнiм берушiге (оның уәкiлеттi өкiлiне) әлеуетті өнім беруші жүгінген күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей береді (жібереді).»;
      43-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкіліне қол қойғызып, конкурстық құжаттаманың көшірмесін береді не почта байланысын пайдалана отырып жібереді;»;
      47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «47. Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіруді, конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру жөніндегі кездесулерді ұйымдастыруды, түсіндірулер мәтіндерін жіберуді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы жүргізеді.
      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтiнiмдi ұсынудың соңғы күні өткенге дейінгі күнтізбелік бес күн бұрын өз бастамасы бойынша немесе адамдардың сұрау салуларына жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы.
      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтырулардың мәтінін осы Ереженің 44-тармағында көзделген тіркеу журналына олар туралы мәліметтер енгізілген адамдарға өтеусіз негізде жібереді.
      Конкурсқа қатысуға өтiнiмдi ұсынудың соңғы мерзімі кемінде күнтізбелік он күнге ұзартылуға тиіс.
      Өздері туралы мәліметтер тіркеу журналына енгізілген адамдар мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру туралы сұрау салумен, бірақ конкурсқа қатысуға өтiнiмдi ұсынудың соңғы мерзіміне дейінгі күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүгінуге құқылы. Конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру туралы сұрау салу мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық құжаттамада көрсетілген тәсілдермен жіберілуге тиіс.
      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған жауап беруге және сұрау салу кімнен түскенін көрсетпей, олар туралы мәліметтер осы Ереженің 44-тармағында көзделген тіркеу журналына енгізілген адамдарға конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіруді жіберуге міндетті.
      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы олар туралы мәліметтер осы Ереженің 44-тармағында көзделген тіркеу журналына енгізілген адамдардың уәкілетті өкілдерімен белгілі бір жерде және конкурстық құжаттамада көрсетілген тиісті уақытта конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру үшін кездесу ұйымдастыруға құқылы. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мүдделі адамдармен көрсетілген кездесу өткізілген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес хаттаманы ресiмдейдi және онда мыналар:
      1) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының уәкiлеттi өкiлi, сондай-ақ олардың тегiн, атын, әкесiнiң атын көрсете отырып, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының өзге де мамандары және ол тартқан, әлеуеттi өнiм берушiлермен кездесуде мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыны білдірген сарапшылар туралы ақпарат;
      2) олардың тегін, атын, әкесінің атын, сондай-ақ осындай адамның әлеуеттi өнiм берушiнi конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру бойынша мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушымен кездесуде білдіру өкiлеттiгiн растайтын құжатты көрсете отырып, әлеуетті өнім берушілер не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушымен кездесуге қатысқан олардың уәкілетті өкілдері туралы ақпарат;
      3) олардың дереккөзiн көрсетпестен, конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру туралы берілген сұрақтар;
      4) әлеуеттi өнiм берушiлердiң сұрақтарына мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының жауаптары;
      5) бекiтiлген конкурстық құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу қажеттiлiгiне не қажеттiлiктiң жоқтығына нұсқау қамтылуға тиiс.
      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру туралы хаттама ресімделген және оған қол қойылған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, конкурстық комиссияға, сондай-ақ олар туралы мәліметтер осы Ереженің 44-тармағында көзделген тіркеу журналына енгізілген адамдарға көрсетілген хаттаманың көшірмесін жіберуге міндетті.»;
      51-тармақта:
      2) тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «лицензиялардың не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензияның және (немесе) патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, рұқсаттардың, әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және өткізуге, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге құқығын растайтын басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;»;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) ұсынылатын тауарлардың атауын, олардың шыққан жерін, шығарылған жылын, болған кезде үлгісін, сондай-ақ тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын сипаттай отырып, тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету, тауарларға қызмет көрсетуге, тауарды пайдалануға жұмсалатын шығыстарға сапа кепiлдiгiн беру мерзiмдерiн және (немесе) көлемдерiн, тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету шарттарын көрсете отырып, техникалық ерекшелiкті;»;
      63-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Өтінімдер конкурстың барлық лотына берілмеген кезде лоттардан тұратын конкурсқа бөлінген жалпы сомаға конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмге қамтамасыз етуді енгізуге жол беріледі.»;
      67-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;
      686970 және 71-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «68. Конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етуi жоқ конкурстық өтiнiмдердiң барлығын конкурстық комиссия конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келмейтіндер ретiнде кері қайтарады.
      69. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы мынадай:
      1) әлеуеттi өнiм берушi конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi ұсынудың түпкiлiктi мерзiмi өткеннен кейiн конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдi керi қайтарып алған не өзгерткен және (немесе) толықтырған;
      2) конкурсқа қатысушы деп танылған әлеуеттi өнiм берушi өзiнiң конкурстық баға ұсынысын белгiленген мерзiмде табыс етпеген не керi қайтарып алған;
      3) конкурстың жеңiмпазы деп айқындалған әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған;
      4) конкурстың жеңiмпазы мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада белгiленген, мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзу және (немесе) енгiзу мерзiмдерi туралы талаптарды орындамаған не уақтылы орындамаған жағдайлардың бірі басталған кезде конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi қайтармайды.
      Осы тармақта көзделген жағдайлардың бірі басталған кезде конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдi қамтамасыз етудiң сомасы тиісті бюджеттің кірісіне есепке жатқызылады.
      70. Конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдi қамтамасыз ету мынадай:
      1) осы әлеуеттi өнiм берушi өзiнiң конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмiн конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдердi ұсынудың түпкiлiктi мерзiмi өткенге дейiн керi қайтарып алған;
      2) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған. Аталған жағдай конкурсқа қатысушылар деп танылған әлеуеттi өнiм берушiлерге қолданылмайды;
      3) конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың нәтижелерi туралы хаттамаға қол қойылған. Аталған жағдай конкурс жеңiмпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;
      4) мемлекеттiк сатып алу туралы шарт күшiне енген және конкурс жеңiмпазы конкурстық құжаттамада көзделген мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзген;
      5) әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурсқа қатысуға өтiнiмiнiң қолданылу мерзiмi өткен жағдайлардың бірі басталған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қайтарылады.
      71. Конкурстық комиссия, конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашуды конкурстық құжаттамада мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы көрсеткен күні, уақытта және орында конкурстық комиссияның қарапайым көпшілігінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің қатысуымен жүргізеді.
      Конкурсқа қатысуға өтінім ұсынған әлеуетті өнім беруші және (немесе) оның уәкілетті өкілі конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде қатысуға құқылы.
      Конкурстық комиссияның отырысында қатысып отырған адамдардың конкурстық комиссия қызметіне араласуға құқығы жоқ.»;
      86-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Әлеуеттi өнiм берушiлердiң жалпы бiлiктiлiк талаптарына олардың банкроттау рәсiмiне қатысы жоқтығы және (немесе) атқарушы құжаттар бойынша орындалмаған және тиісті тізілімге енгізілмеген міндеттемелердің болмауы бөлiгiнде сәйкес келуiн нақтылау мақсатында конкурстық комиссия банкроттау рәсiмдерiнiң жүргiзiлуiн бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның интернет-ресурсына және атқарушы құжаттарды орындауды қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырылған ақпаратты қарайды.»;
      87-тармақтың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
      «өтінімді қамтамасыз етуге қол қойған лауазымды адамның өкілеттігін растайтын құжаттың болмауы мұндай әлеуетті өнім берушіні конкурстық құжаттама талаптарына сай емес деп тану үшін негіз болып табылмайды;»;
      87-1-тармақта:
      1) тармақша:
      үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «лицензиялардың не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензияның және (немесе) патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, рұқсаттардың, әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және өткізуге, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге құқығын растайтын басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін бермеу;»;
      мынадай мазмұндағы он үшінші абзацпен толықтырылсын:
      «біліктілігі туралы мәліметтерде әлеуетті өнім берушілердің телефон нөмірлері туралы ақпараттың, тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күнінің көрсетілмеуі өтінімді кері қайтару үшін негіз болмайды. Бұл ретте, конкурстық комиссия мұндай әлеуетті өнім берушіге жұмыс тәжірибесі бойынша конкурстық баға ұсынысын шартты азайтуды қолданбайды;»;
      2) тармақша мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын;
      «өтінімді қамтамасыз етуге қол қойған лауазымды адамның өкілеттігін растайтын құжаттың болмауы осындай әлеуетті өнім берушіні конкурстық құжаттама талаптарға сай емес деп тануға негіз болып табылмайды;»;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Заңның 6-бабының талаптарын бұзса не ол тартқан қосалқы мердiгер (бірлесіп орындаушы) Заңның 6-бабы 1-тармағының 5)5-1),  6) және 7) тармақшаларының талаптарын бұзса, конкурсқа қатысуға жiберiлмейдi.»;
      87-2-тармақта:
      1) тармақшада:
      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «лицензияның не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензияның және (немесе) патенттердiң, куәлiктердiң, сертификаттардың, рұқсаттардың, әлеуетті өнім берушiнiң сатып алынатын тауарларды өндiруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және өткiзуге, жұмыстарды орындауға және қызметтердi көрсетуге құқығын растайтын басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн бермеу;»;
      мынадай мазмұндағы он үшінші абзацпен толықтырылсын:
      «біліктілігі туралы мәліметтерде әлеуетті өнім берушінің телефон нөмірлері туралы ақпараттың, тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күнінің көрсетілмеуі өтінімді кері қайтару үшін негіз болып табылмайды. Бұл ретте, конкурстық комиссия мұндай әлеуеттi өнiм берушiге жұмыс тәжірибесі бойынша конкурстық баға ұсынысын шартты азайтуды қолданбайды;»;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «Заңның 6-бабының талаптарын бұзса не ол тартқан қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) Заңның 6-бабы 1-тармағының 5)5-1),  6) және 7) тармақшаларының талаптарын бұзса, конкурсқа қатысуға жіберілмейді.»;
      94-тармақ алынып тасталсын;
      99-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «99. Техникалық реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсынылған тауарларды ерікті сертификаттауды жүргізуді растайтын құжат болған кезде конкурстық комиссия осындай конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде екі пайызға азайтады.»;
      102-1-тармақ алынып тасталсын;
      103-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «103. Отандық тауар өндіруші мәртебесінің болуына қойылатын критерий мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар жүзеге асыратын мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға арналған конкурстық өтініміне қолданылады.»;
      111-тармақтың 2) тармақшасының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағасы тең болған кезде конкурс нысанасы болып табылатын сатылып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында көбірек тәжірибесі бар әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып танылады.»;
      мынадай мазмұндағы 122-1-тармақпен толықтырылсын:
      «122-1. Конкурс тәсілімен екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, мемлекеттік сатып алудың екінші кезеңінде конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша мыналар:
      1) конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы;
      2) конкурсқа қатысуға рұқсат беру хаттамасы ресімделеді.
      Конкурстық комиссия біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келмейтін әлеуетті өнім берушілерді анықтаған жағдайда, мұндай әлеуетті өнім берушілерге конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы жарияланған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру құқығын береді.
      Конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:
      1) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілердің тізбесі;
      2) конкурсқа қатысуға арналған өтінімді біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіру үшін әлеуетті өнім беруші ұсынуы және біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес қажет құжаттардың тізбесі.
      Конкурстық комиссияның әлеуетті өнім берушілерді конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы шешімі конкурсқа қатысуға өтінімдер ашылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қабылданады және конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы шешім қабылданған күні интернет-ресурста жариялайды.
      Конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттамаға конкурстық комиссияның барлық мүшелері қол қояды.
      Конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда, осы конкурстық комиссияның кез келген мүшесінің ерекше пікір айтуға құқығы бар, ол конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттамаға қоса беріледі.
      Конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы әлеуетті өнім берушілер біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келген жағдайда ресімделмейді.
      Конкурстық комиссияның біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтірілген конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайта қараған кезде:
      1) конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасында бар, біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілер тізбесіне кірмеген;
      2) конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасының құжаттар тізбесінде жоқ, өтінімді біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіру үшін құжаттар ұсынбаған әлеуетті өнім берушілерді өткізбеуге (конкурсқа қатысушылар деп танымауға) жол берілмейді.
      Біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтірілген конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайта қарау нәтижелері бойынша, әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтірілген конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайта ұсынудың соңғы күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттама ресімделеді.»;
      144-тармақ алынып тасталсын;
      147-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Осы Ереженің 124-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда конкурстық өтінімді ұсынған әлеуетті өнім берушіге сұрау салу жіберіледі.»;
      148-2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Бұл ретте, әлеуетті өнім беруші жіберілетін ақпаратта бір көзден сатып алу шарттарында тауарларды жеткізу, қызметтерді көрсету, жұмыстарды орындау мерзімдерін қамтуы тиіс. Осы мерзімдер конкурстық құжаттамада және мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасында белгіленген мерзімдерден асуы мүмкін, бірақ күнтізбелік он бес күннен артық емес.»;
      149-тармақта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «149. Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету туралы ұсынысты қабылдаған жағдайда, әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға оның осы Ереженің 51-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жалпы және арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу процесіне байланысты шектеулердің жоқтығын растайтын құжаттарды, ұсынылып отырған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, өзінің жазбаша келісімін, сондай-ақ жеткізілетін тауарлар, орындалатын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін әлеуетті өнім беруші ұсынатын бағаны оның негіздемесімен жібереді, талап етілетін құжаттарды ұсыну мерзімі мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақыру алған күнен бастап, үш жұмыс күнінен аспауы тиіс.»;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Баға негіздемесі әлеуеттi өнiм берушiнiң тасымалдауға, сақтандыруға, кеден бажын, ҚҚС және басқа да салықтарды, төлемдер мен алымдарды, жинақтаушы бөлшектер мен мiндеттi қосалқы бөлшектер құнын, бiр өлшем бiрлiгiне пайдаланудың бастапқы мерзiмi iшiнде қызмет көрсетуге арналған барлық шығыстарды, басқа да шығыстарды қоса алғанда, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуге ұсынатын құнның есебін қамтуы тиіс.»;
      153-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «153. 152-тармақтың талабы олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияны және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді құрайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.»;
      154-тармақтың 3) тармақшасындағы «бас тартқан жағдайда өтпеді деп танылады.» деген сөздер «бас тартқан;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) егер әлеуетті өнім беруші неғұрлым жақсы техникалық, сапалық және функционалдық сипаттамалары бар техникалық ерекшелікті ұсыну жағдайларын қоспағанда, тапсырыс берушінің техникалық ерекшелігінде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін техникалық ерекшелікті ұсынған жағдайларда өтпеді деп танылады.»;
      156-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету осы Ереженің 256-тармағында көзделген тәртіппен өткізілген конкурс қорытындысы бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан жағдайда енгізілмейді.»;
      205-тармақ алынып тасталсын;
      253, 254, 255 және 256-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «253. Жабық рәсімдерді қолдана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізген кезде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы кемінде екі әлеуетті өнім берушінің атына мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатыны туралы хабарлама жібереді.
      Егер мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтермен жұмыс істеуге сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша тек бір ғана әлеуетті өнім берушінің рұқсаты болған жағдайда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мұндай әлеуетті өнім берушіге онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға жазбаша шақыру жібереді.
      254. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік құпияларға жататын мәліметтер пайдаланылмайтын, бірақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтер пайдаланылатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатыны туралы хабарлама жіберілетін әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдаланатын жұмыстарға Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті және оның органдары белгіленген тәртіппен беретін рұқсаты болуы тиіс.
      255. Аттарына хабарлама жіберілетін әлеуетті өнім берушілердің тізімін Заңның 6-бабында көзделген шектеулерді ескере отырып, тапсырыс беруші жасайды және тапсырыс берушінің бірінші басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшы өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам не оның міндетін атқаратын адам бекітеді.
      Конкурсты бірыңғай ұйымдастырушы өткізген жағдайда, әлеуетті өнім берушілердің тізімін бірыңғай ұйымдастырушының бірінші басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшы өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам не оның міндетін атқаратын адам бекітеді.
      Оларды өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және өткізуге әлеуетті өнім берушінің оларды өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және өткізуге құқығы талап етілетін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша тапсырыс беруші тиісті құқықтары бар әлеуетті өнім берушілердің ішінен конкурсқа қатысуға шақырылатын әлеуетті өнім берушілердің тізімін қалыптастыруға міндетті.
      256. Егер белгілі бір тауарды не белгілі бір жұмысты, көрсетілетін қызметті мемлекеттік сатып алудың жылдық көлемі құндық мәнінде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен аспаса, онда жабық рәсімдер қолданылатын конкурс мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
      1) тапсырыс берушінің бірінші басшысының не жауапты хатшысының немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшы өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды адамның не бірінші басшының міндетін атқаратын адамның шешімімен конкурстық комиссияның құрамы бекітіледі, қажет болған кезде сараптамалық комиссия құрылады не сарапшы анықталады, конкурстық комиссияның хатшысы анықталады;
      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір қаржы жылына тұрақты негізде бір конкурстық комиссия құрамын бекітуге, конкурстық комиссияның хатшысын айқындауға, сондай-ақ қажет болған кезде, құндық мәнде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген төрт мың еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын белгілі бір тауарды не белгілі бір жұмысты, көрсетілетін қызметті мемлекеттік сатып алу бойынша сараптамалық комиссия құруға не сарапшыны айқындауға құқылы;
      2) конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей кемінде екі әлеуетті өнім берушіге мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатыны туралы хабарлама жіберіледі. Конкурстық құжаттама, елеулі талаптар және конурстық өтінімді ұсыну нысаны көрсетілген шарттың жобасын қоса бере отырып, сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті лауазымды адамы қол қойған жазбаша сұрау салу түрінде ресімделеді. Сұрау салу мынадай:
      мемлекеттік сатып алу үшін бөлінген сомаларды көрсете отырып, өткізілетін мемлекеттік сатып алудың мәні болып табылатын тауарлардың саны туралы, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі туралы;
      сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігін;
      тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны;
      тауарларды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің талап етілетін мерзімдері;
      әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдерін ұсынуды бастау және аяқтау мерзімі туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.
      Әлеуетті өнім берушілерден біліктілік талаптарына сәйкестігін, сондай-ақ конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді растайтын құжаттар сұратылмайды.
      Әлеуетті өнім берушінің Үлгі конкурстық құжаттамаға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес берілетін конкурсқа қатысуға өтінімі әлеуетті өнім беруші ретінде конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысу ниетін білдіру және тауар(лар)ды жеткізуді, жұмыс(тар)ды орындауды, қызмет(тер)ді көрсетуді конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес жүзеге асыруға келісімін білдіру нысаны болып табылады;
      3) сатып алуды ұйымдастырушының сұрау салуында көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін ұсынылған конкурстық өтінімдер олардың ұсынылуына қарай хронологиялық тәртіппен конкурстық өтінімдері бар конверттерді тіркеу журналына енгізуге жатады;
      4) әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдері бар конверттерді конкурстық комиссия конкурстық өтінімдері бар конверттерді ұсыну аяқталған күнінен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей ашады және жазбаша сұрау салу талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді анықтау үшін әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдерін қарауды жүзеге асырады және конкурстық өтінімі жазбаша сұрау салу талаптарына сәйкес келетін және ең аз баға ұсынысын ұсынған әлеуетті өнім берушіні конкурс жеңімпазы деп айқындайды.
      Егер ең төмен конкурстық баға ұсынысын бірнеше әлеуетті өнім беруші ұсынған жағдайда, конкурстық баға ұсынысы басқа әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарынан бұрын келіп түскен әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып танылады;
      5) егер:
      ол осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомадан асатын болса;
      әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасының талаптарымен келіспесе не өзгертуді және (немесе) маңызды талаптармен толықтыруды ұсынса;
      әлеуетті өнім беруші біреуден артық конкурстық баға ұсынысын ұсынса;
      неғұрлым жақсы техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары бар техникалық ерекшелікті ұсыну жағдайларын қоспағанда, әлеуетті өнім беруші конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтiн техникалық ерекшелік ұсынса, әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімі кері қайтарылуға жатады;
      конкурстық өтінімдерді өзге негіздемелер бойынша кері қайтаруға жол берілмейді;
      6) конкурстың қорытындылары туралы шешім мынадай:
      тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы, олардың почталық мекенжайы;
      өткізілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың атауы;
      конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі біткенге дейін конкурстық өтінімдерін ұсынған әлеуетті өнім берушілердің толық атауы, олардың тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге мәлімдеген бағалары;
      кері қайтару себептерінің негіздемесін бере отырып, кері қайтарылған конкурстық өтінімдер туралы;
      конкурс жеңімпазы туралы мәліметтерді көрсете отырып, жазбаша түрде ресімделеді;
      7) конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, сатып алуды ұйымдастырушы хабарлама жіберу арқылы конкурстық өтінімдерін ұсынған барлық әлеуетті өнім берушілерді конкурстың қорытындылары туралы хабардар етуі тиіс.»;
      273274275276277278279280281282283284285286287288289290 және 291-тармақтар алынып тасталсын;
      292-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «292. Хабарландыру жарияланған және тапсырыс берушінің интернет-ресурсында мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының тұрғын үйді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы ақпаратты орналастырған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмейтін мерзімде әлеуетті өнім берушілер жабық конверттерге салынған мынадай құжаттарды беруге тиіс:
      1) жеке тұлға үшін жеке куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмелері;
      2) тұрғын үйге құқығын белгілейтін құжаттар;
      3) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлама жарияланған күннен кейін берілген тұрғын үйге ауыртпалықтың болмауы туралы құжат;
      4) тұрғын үйді сатуға құқық иеленушісі берген нотариалды куәландырылған құжат.»;
      295296297298299300301302302-1302-2302-3302-4302-5302-6302-7302-8 және 302-9-тармақтар алынып тасталсын;
      305-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурста қызметтерін «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабында көзделген бағыттар бойынша жарғылық мақсаттарына сәйкес жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдары қатысады.»;
      мынадай мазмұндағы 305-3 және 305-4-тармақтармен толықтырылсын:
      «305-3. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілер ұсынған техникалық ерекшеліктерді бағалау үшін конкурстық құжаттамада мынадай критерийлерді көздеуге міндетті:
      1) жобаның тапсырыс беруші қойған мақсаттар мен тақырыпқа сәйкестігі;
      2) ұсынылған жобаның ұйымның миссиясына (жарғылық мақсаттарына) сәйкестігі;
      3) ұйым миссиясының тапсырыс берушінің салалық мамандануына сәйкестігі;
      4) тапсырыс беруші қойған мақсаттарға қол жеткізуге арналған егжей-тегжейлі іс-шаралар жоспарының (іс-шараның атауы мен нысаны, нысаналы топ, өткізілетін мерзімі, елді мекенді, халықтың қамтылуын көрсете отырып, өткізілетін жері) болуы;
      5) жобаны іске асыру шеңберінде көрсетілетін қызметтерді әлеуетті алушылардың саны;
      6) әрбір іс-шара бойынша, конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін шығыстар сметасының болуы;
      7) жобаны іске асыру нәтижелерінің тиімділігін бағалау бойынша өлшемді критерийлердің болуы;
      8) жобаны іске асыруға бюджеттен тыс көздерден қосымша қаражат тарту мүмкіндігі;
      9) жобаны іске асыруға жоғары білікті мамандарды тарту мүмкіндігі;
      10) әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтердің «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс өнім берушілерінің тізілімінде» болуы.
      1) – 9) тармақшаларда көзделген критерийлерді конкурстық комиссия 0-ден бастап 1 балға дейін бағалайды;
      10) тармақшаларда көзделген критерийлерді конкурстық комиссия  0-ден бастап 5 балға дейін бағалайды;
      305-4. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру бойынша көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізу бойынша конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде комиссия төраға белгілеген мерзімдерде, бірақ конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау мерзімінен кешіктірмей:
      1) өз құзыретi шегiнде, олар ұсынатын қызметтердiң конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестiгiн растау үшiн әлеуеттi өнiм берушiлер ұсынған құжаттардың толықтығы және тиесiлi ресiмделуi тұрғысынан қарайды.
      Комиссия мүшелері әлеуеттi өнiм берушiлер ұсынатын қызметтердiң конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестiгi тұрғысынан қорытынды бередi және осы Ереженің 305-3-тармағында көзделген критерийлер бойынша бағалау жүргізеді;
      2) комиссия әрбір техникалық ерекшелік жөнінде әрбір көзделген критерий бойынша 0-ден 5-ке дейін балдарды көрсете отырып, бағалау парағын жасайды.
      Әрбір техникалық ерекшелікті зерделеу нәтижелері бойынша әрбір жобалық ұсыныс жөнінде комиссия әрбір критерий бойынша бағалау парағына балл қойып шығады;
      3) әлеуеттi өнiм берушiлер ұсынатын қызметтердiң конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлiгi болып табылатын техникалық ерекшелiкке сәйкестiгi не сәйкес еместігі туралы қорытындыны ресiмдейдi және оған қол қояды;
      4) тиесiлi түрде ресiмделген қорытындыны ұсынады, сондай-ақ әлеуеттi өнiм берушiлердiң құжаттарын конкурстық комиссияның хатшысына бередi.
      5) конкурстық комиссия аталған қорытындыны ескере отырып, конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарау қорытындыларын шығарады.
      Комиссияның әрбір мүшесінің барлық критерийлер бойынша қойған баллдары жинақталады және алынған сома жобалық ұсыныстың бағасы болып саналады.
      Конкурстық комиссияның жобалық ұсынысқа қорытынды бағалары (баллдары) кемуі тәртібімен жалпы тізімге енгізіледі.
      Конкурстық комисияның шешімімен ең көп балл санын (кемінде 28) жинаған жобалық ұсынысты немесе ең жоғары баллдың бірдей санын (кемінде 28) жинаған жобалық өтінімдер конкурстың баға ұсыныстары кезеңіне дейін жіберіледі;
      28 баллдан кем жинаған жобалық ұсыныс конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
      Конкурстық комиссияның шешімімен ең көп балл санын жинаған жобалық ұсыныс немесе ең жоғары баллдың бірдей санын жинаған жобалық өтінімдер конкурстың баға ұсыныстары кезеңіне жіберіледі;
      6) егер баға ұсыныстары конкурсына бір өтінім жіберілген жағдайда, конкурс өтті деп танылады және өтінімді одан әрі қарау Ережеге сәйкес жүзеге асырылады;
      7) егер баға ұсыныстары конкурсына тең балл санын жинаған бірнеше өтінім жіберілген жағдайда, конкурс жеңімпазы деп ең төмен баға ұсынысын ұсынған әлеуетті өнім беруші танылады.
      Ұсынылған баға ұсыныстары тең болған жағдайда, осы конкурста сатып алынатын қызметтер көрсету саласында ең көп жұмыс тәжірибесі бар әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады;
      8) конкурс қорытындылары туралы хаттаманы ресімдейді.
      Әлеуеттi өнiм берушiлер ұсынатын қызметтердiң конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестiгi тұрғысынан қарау үшін сарапшы (сарапшылар) тартылған жағдайда, жоғарыда тізбеленген іс-қимылдарды сараптау комиссиясы (сарапшы) жүргізеді.»;
      306-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізген кезде әлеуетті өнім берушілерге қағаз жеткізгіште хаттамалар ұсыну бойынша рәсімдер, конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған адамдарды тіркеу журналын жүргізу және Заңда және осы Ережеде көзделген конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру бойынша жауап мәтінін қағаз жеткізгіште әлеуетті өнім берушілерге жіберу қолданылмайды.»;
      мынадай мазмұндағы 306-1-тармақпен толықтырылсын:
      «306-1. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуді енгізбейді және төлемге қабілеттілігін растайтын құжаттарды ұсынбайды.
      Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде өнім беруші мемлекетік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбейді.
      Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс өткізген кезде конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсынысына әсер ететін критерийлердің пайыздық мәнін қолданбайды.»;
      317-тармақтың 2) тармақшасының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «лицензиялардың не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензияның және/немесе патенттердiң, куәлiктердiң, сертификаттардың, дипломдардың, рұқсаттардың әлеуеттi өнiм берушiнiң сатып алынатын қызметтердi көрсетуге құқығын растайтын басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;»;
      көрсетілген Ережеге 3-қосымшада:
      3-тармақта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) бар болса, ұлттық стандартты немесе Қазақстан Республикасының өндірушілерінің коммерциялық емес ұйымдары бекіткен үкіметтік емес стандартты көрсете отырып, ал қажет болған кезде, осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес нормативтік-техникалық құжаттаманы көрсете отырып, белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманы, техникалық ерекшеліктерді қоса алғанда, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сипаты мен талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын.
      Жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде сатып алынатын жұмыстардың сипаты мен талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларының орнына конкурстық құжаттамада белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама қамтылуы тиіс;»;
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) әрбір критерийдің пайыздық мәнін көрсете отырып, осы Ережеге сәйкес неғұрлым сапалы тауар, жұмыс, көрсетілетін қызметті ұсынатын конкурсқа қатысушыны айқындау мақсатында конкурсқа қатысушыны айқындау кезінде конкурстық комиссия есепке алатын міндетті критерийлердің тізбесін;»;
      11-тармақтың 2) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «лицензиялардың не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензияның және (немесе) патенттердiң, куәлiктердiң, сертификаттардың, рұқсаттардың, әлеуеттi өнiм берушiнiң сатып алынатын тауарларды өндiруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және өткiзуге, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, жұмыстарды орындауға және қызметтердi көрсетуге арналған құқығын растайтын басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;»;
      30-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) әлеуетті өнім берушінің және ол тартқан қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) жұмыстары не көрсетілетін қызметтері біліктілік талаптарына сәйкес екенін растауға арналған құжатты (құжаттарды) әлеуетті өнім беруші ұсынбаған;»;
      32-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) Заңның 6-бабының талаптарын бұзса не ол тартқан қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) Заңның 6-бабының 1-тармағының 5)5-1)6) және 7) тармақшаларының талаптарын бұзса.;»;
      33-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) осы Ережеге сәйкес конкурстық құжаттамада көзделген критерийлердің пайыздық мәнін қолданады;»;
      Үлгі конкурстық құжаттамаға 2-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      Үлгі конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаның 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді орындау үшін қажетті еңбек ресурстарының және Қазақстан Республикасының азаматтарын еңбекақы төлеу қорының болуы

Р/с

Қызметкерлердің Т.А.Ә. (жеке куәлігінің № мен берілген күнін көрсету)

Лауазымы

Азаматтығы

Мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау кезіндегі жалақысы

1





2





3





Барлығы ҚР азаматтарының еңбеқақысы





                                                                  »;

      «Ескертпе: * толтырмауға болады.» деген сөздер алынып тасталсын;
      Үлгі конкурстық құжаттамаға 7-қосымшада:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді орындау үшін қажетті еңбек ресурстарының және Қазақстан Республикасының азаматтарын еңбекақы төлеу қорының болуы 

Р/с

Қызметкерлердiң Т.А.Ә. (жеке куәлiк № және берiлген күнiн көрсету)

Лауазымы

Азаматтығы

Мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау кезіндегі жалақысы

1





2





3





Барлығы ҚР азаматтарының еңбекақысы





                                                                 »;

      «Ескертпе: * толтырмауға болады.» деген сөздер алынып тасталсын;
      көрсетілген Ережеге 4-қосымшада;
      мәтінде «көрсетілетін қызметтерді», «қызметтерді», «қызметтер», «көрсетілетін қызметтер», «қызметті» және «қызмет көрсету» деген сөздер алынып тастылсын;
      1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      «Бұл ретте, ҚҚС сомасы (сомасын цифрмен және жазбаша көрсету), акциз сомасы (сомасын цифрмен және жазбаша көрсету) құрайды.»
      38-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      «Бұл ретте, мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша тауарларды жеткізудің ең аз мерзімі күнтізбелік он бес күннен кем болмауы тиіс.»;
      40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «40. Форс-мажорлық мән-жайларды қоспағанда, Өнім беруші тарапынан Шарт бойынша Тауарды жеткізу не кемшілігін жою бойынша міндеттемелерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін Тапсырыс беруші Шарт шеңберіндегі өзінің басқа да құқықтарына зиян келтірместен, өнім беруші міндеттемені орындамаған жағдайда, мерзімі өткен әрбір күн үшін шарт сомасының 0,1 %-ы мөлшерінде не мерзімі өткен әрбір күн үшін тиісінше орындамаған міндеттеме сомасының 0,1 %-ы мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) өндіріп алады.»;
      46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «46. Тапсырыс беруші Заңның 5-бабының 10-тармағына сәйкес Шартты одан әрі орындау орынсыздығына байланысты, Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, оны кез келген уақытта бұза алады.»;
      60-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:
      «60. Өнім беруші жеткізілетін тауардың барлық (бүкіл) партиясына (партияларына) СТ–КZ нысанында тауардың шығуы туралы сертификат беруге міндеттенеді.
      *Ескерту: осы нормалар мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде қолданылады;»;
      көрсетілген Ережеге 5-қосымшада:
      4-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-1) Қазақстан Республикасы салық заңнамасының, Кеден одағының кедендік заңнамасының және (немесе) Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасының талаптарына сәйкес шарттың сомасы, қосылған құн салығының сомасы, акциздер сомасы;»;
      8-1-тармақ алынып тасталсын;
      52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «52. Тапсырыс беруші Заңның 5-бабының 10-тармағына сәйкес Шартты одан әрі орындаудың орынсыздығына байланысты Мердігерге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, оны кез келген уақытта бұза алады. Хабарламада Шартты бұзудың себебі көрсетіледі, Шарттың күші жойылған жұмыстарының көлемі, сондай-ақ Шартты бұзудың күшіне енетін күні айтылады.»;
      71-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «71. Форс-мажорлық мән-жайларды қоспағанда, Өнім беруші тарапынан Шарт бойынша Тауарды жеткізу не кемшіліктерін жою бойынша міндеттемелерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін Тапсырыс беруші міндеттемені орындамаған жағдайда, Шарт шеңберінде басқа да өзінің құқықтарына нұқсан келтірместен өнім беруші мерзімі өткен әрбір күн үшін Шарт сомасының 0,1 %-ы мөлшерінде не мерзімі өткен әрбір күн үшін тиісінше орындамаған міндеттеме сомасының 0,1 %-ы мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) өндіріп алады.»;
      73-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Бұл ретте, мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша жұмыстарды орындаудың ең аз мерзімі күнтізбелік он бес күннен кем болмауға тиіс.»;
      73-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «73-1. Өнім беруші (мердігер) конкурстық өтінімге (ол бар болса) жергілікті қамтуды қамтамасыз етуге міндеттенеді*.
      *Ескертпе: осы норма мемлекеттік сатып алуды мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар өткізген кезде қолданылады;»;
      көрсетілген Ереже осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес 5-1-қосымшамен толықтырылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 21 мамырдағы
№ 521 қаулысына   
1-қосымша      

Үлгі конкурстық
Құжаттамаға 
2-қосымша  

Сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін
қызметтердің) техникалық ерекшелігі
(әрбір лотқа жеке беріледі)

      Конкурстың № _______________________________
      Конкурстың атауы ___________________________
      Лоттың № _________________________________________
      Лоттың атауы _____________________________________
      Техникалық ерекшелікте қажетті ерекшеліктерді, жоспарларды, сызбаларды, эскиздерді қоса алғанда, сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) толық сипаты және талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық сипаттамалары беріледі және жеткізілетін тауарлар (орындалатын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) сәйкес болуы тиіс халықаралық немесе ішкі стандарттар көрсетіледі.
      Тауарларға берілетін техникалық ерекшелікте функционалдық, техникалық, сапалық сипаттамаларын сипаттау функционалдық шектерді, техникалық сипаттама параметрлерін, үздік техникалық ерекшелікті айқындау мақсатында тауардың мақсатын қамтитын тиісті бөлімдерге бөлінуге тиіс.
      Қажет болған кезде, техникалық ерекшелікте тауарларды жеткізу кезінде тапсырыс берушіге қажетті ілеспе қызметтер (монтаждау, ретке келтіру, оқыту, тауарларды тексеру және сынақтан өткізу және т.б.) мен олар қай жерде шығарылуы керек екендігі, тауардың шыққан жылы, кепілдік мерзімі көрсетілуі тиіс.
      Көрсетілетін қызметтерге берілетін техникалық ерекшелікте техникалық және сапалық сипаттамаларын сипаттау техникалық сипаттама параметрлерін және үздік техникалық ерекшелікті айқындау мақсаттары үшін қызметтер көрсету мақсатын қамтитын тиісті бөлімдерге бөлінуі тиіс. Осындай қызметтерді тікелей көрсететін қызметкердің біліктілігіне байланысты көрсетілетін қызметтерді сатып алған жағдайда, техникалық ерекшелікте қызметкерге жүктелетін міндеттерді орындау үшін қажетті оның деңгейі мен кәсіби даярлық бейінін, жұмыс өтілін айқындайтын талаптардың сипаты беріледі.
      Техникалық ерекшелікте ұлттық стандарт немесе ол болған кезде Қазақстан Республикасы өндірушілерінің комммерциялық емес ұйымдары бекіткен үкіметтік емес стандарт көрсетілуі тиіс.
      Жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде конкурстық құжаттамада техникалық ерекшеліктің орнына белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама қамтылуы тиіс.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2014 жылғы 21 мамырдағы
№ 521 қаулысына     
2-қосымша        

Ережеге  
5-1-қосымша

Көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы
үлгілік шарт

      _____________ (орналасқан жері) көрсетілетін қызметтерді
мемлекеттік сатып алу туралы _____ жылғы «__» _________ үлгілік шарт
      Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын ______________________
                                    (Тапсырыс берушінің толық атауы)
атынан ___________________________________________________________,
       (уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
бір тараптан және бұдан әрі Өнім беруші деп аталатын,
________________________________________________________ атынан
   (өнім беруші конкурс жеңімпазының толық атауы)
__________________________________________ негізінде әрекет ететін
           (Жарғы, Ереже және т.с.с.)
__________________________________________________________________
      (уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)

екінші тараптан, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның (бұдан әрі –
Заң) және ___ жылғы «__» _______ өткен _____________ мемлекеттік
сатып алу (конкурс, баға ұсыныстары, бір көзден алу тәсілімен)
қорытындыларының негізінде осы Мемлекеттік сатып алу туралы шартты
(бұдан әрі – Шарт) жасасты және төмендегілер туралы келісімге келді:
      1. Өнім беруші Тапсырыс берушіге мөлшері (соманы цифрмен және
жазбаша көрсету) сомаға (бұдан әрі – Шарттың бағасы) қызметтерді
көрсетуге міндеттенеді.
      Бұл ретте, ҚҚС сомасы (соманы цифрмен және жазбаша көрсету),
акциз сомасы (соманы цифрмен және жазбаша көрсету) құрайды.
      2. Осы Шартта төменде тізбеленген ұғымдардың мынадай мағынасы
болады:
      1) Шарт – Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де
нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Тапсырыс беруші мен Өнім
берушінің арасында жасалған, жазбаша нысанда тіркелген, оған қоса
берілетін барлық қосымшаларымен және толықтыруларымен бірге,
сондай-ақ шартта оған сілтеме берілген бүкіл құжаттамамен бірге
тараптар қол қойған азаматтық-құқықтық акт;
      2) Шарттың бағасы – Өнім берушіге Шарт шеңберінде өзінің
шарттық міндеттемелерін толық орындағаны үшін Тапсырыс беруші төлеуі
тиіс сома;
      3) Көрсетілетін қызметтер – Тапсырыс берушінің талаптарын
қанағаттандыруға бағытталған, заттық нәтижесі жоқ қызмет;
      4) Тапсырыс беруші – мемлекеттік органдар, мемлекеттік
мекемелер, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) елу
және одан астам пайызы мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар,
заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар;
      5) Өнім беруші – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке
тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарымен өзгеше
белгіленсе, мемлекеттік мекемелер), Тапсырыс берушімен жасалған
мемлекеттік сатып алу туралы шартта оның контрагенті ретінде әрекет
ететін заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум).
      2. Төменде тізбеленген құжаттар мен онда айтылған талаптар осы
Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып табылады, атап
айтқанда:
      1) осы Шарт;
      2) сатып алынатын көрсетілетін қызметтер тізбесі;
      3) техникалық ерекшелік;
      4) Шарттың орындалуын қамтамасыз ету.
      4. Өнім беруші Шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде
осы Ереженің 158-тармағында көрсетілген жағдайларда және мөлшерде
Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізеді.
      Өнiм берушi Шарттың орындалуын қамтамасыз етудiң мынадай
түрлерiнiң бiрiн:
      1) Тапсырыс берушінің банктік шотына не мемлекеттік органдар
және мемлекеттік мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшін
Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа
енгізілетін кепілді ақшалай жарнаны;
      2) банктік кепілдікті таңдауға құқылы.
      5. Өнім берушінің Шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға
дейін үшінші бір тұлғалардың енгізілген кепілдікті ақшалай жарнаға
толығымен не бір бөлігінде талап ету құқықтарының туындауына әкеп
соқтыратын іс-қимылдар жасауына жол берілмейді. Тапсырыс берушінің
Өнім беруші енгізген кепілді ақшалай жарнаны Заңда көзделмеген
мақсаттарға пайдалануына жол берілмейді.
      6. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер және жедел
басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындармен бір қаржы жылынан
асатын мерзімге мемлекеттік сатып алу туралы шарт мынадай:
      1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері мен басқа да әскери
құралымдарының жеке құрамының тамақтануын ұйымдастыру жөніндегі
көрсетілетін қызметтерді. Мұндай мемлекеттік сатып алу туралы шарттың
қолданылу мерзімі үш жылдан аспауы тиіс;
      2) көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының
заңдарында белгіленген жағдайларда бір қаржы жылынан асатын мерзімге
сатып алған жағдайда жасалады.
      Бұл ретте, қолданылу мерзімі бір қаржы жылынан асатын
мемлекеттік сатып алу туралы мұндай шарттарды жоғарыда көзделген
жағдайларда, бәсекелестік негізде өткізілген мемлекеттік сатып алу
қорытындылары бойынша айқындалған өнім берушілермен жасасуға ғана
рұқсат етіледі.
      7. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар,
сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) елу және одан
астам пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес
заңды тұлғалар көрсетілген тұлғалардың басқару органы немесе жоғарғы
органы бекіткен даму жоспарында (бизнес-жоспарда) оларды аяқтау
мерзімі келесі (кейінгі) қаржы жылына (жылдарына) белгіленген
іс-шараларды орындау үшін қажетті тауарларды, көрсетілетін
қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы ұзақ мерзімді шарт жасасуы
мүмкін.
      8. Жылдық қаржылық есептілік аудиті бойынша мемлекеттік сатып
алу туралы шарт үш жылдан аспайтын мерзімге жасалуы мүмкін.
      9. Өнім беруші қызметті көрсетуге, Тапсырыс беруші көрсетілетін
қызметтердің саны мен сапасын Өнім берушінің конкурстық өтінімі мен
Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Тапсырыс берушінің конкурстық
құжаттамасына сәйкес қабылдап алуға және ақысын төлеуге міндеттенеді.
      Ақы төлеу нысаны
      ____________________________________________________________
             (аудару, қолма-қол есеп айырысу және т.б.):
      10. Төлемдердің мерзімі_____________________________________
      (мысалы: межеленген пункттегі қызметтерді көрсеткеннен кейін %
немесе алдын ала төлем және т.б.).
      11. Ақы төлеу алдындағы қажетті құжаттар:____________________
       (шот-фактура немесе қабылдап алу-беру актісі немесе т.с.с.).
      Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт Заңда көзделген жағдайларда
мемлекеттік сатып алу туралы шартқа өзгерiстер енгiзу шартын көздеуi
тиiс.
      Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасына не жасалған
шартқа өткізілген мемлекеттік сатып алу шарттарының мазмұнын өзгертуі
мүмкін өзгерістер және (немесе) Заңның 39-бабының 1 және 
2-тармақтарында көзделмеген негiздер бойынша өнiм берушi таңдау үшiн
негiз болған ұсыныстарды енгiзуге жол берiлмейдi.
      12. Осы Шарт шеңберінде көрсетілетін қызметтер техникалық
ерекшелікте көрсетілген стандарттарға сәйкес немесе олардан жоғары
болуы тиіс.
      13. Өнім беруші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша
келісімінсіз Шарттың немесе оның қандай да бар ережелерінің,
сондай-ақ техникалық құжаттаманың, жоспарлардың, сызбалардың,
моделдердің, үлгілердің мазмұнын немесе осы Шартты орындау үшін Өнім
беруші тартқан персоналды қоспағанда, Тапсырыс беруші немесе оның
атынан басқа тұлғалар ұсынған ақпаратты ешкімге жария етпеуі тиіс.
      Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия түрде және шарттық
міндеттемелерді орындауға қажетті шамада ұсынылуы тиіс;
      14. Өнім беруші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша
келісімінсіз жоғарыда көрсетілген құжаттардың немесе ақпараттың
қандай да біреуін Шартты іске асыру мақсатынан басқа мақсатта
пайдаланбауы тиіс.
      15. Жоғарыда көрсетілгеннің бір де бір тармағы Өнім берушіні
осы Шарт бойынша кепілдіктерден немесе басқа да міндеттемелерден
босатпайды.
      16. Осы Шарт шеңберінде Өнім беруші конкурстық құжаттамада
көрсетілген қызметтерді көрсетуі тиіс.
      17. Тапсырыс берушінің Шартта көрсеткен бағалары Өнім беруші
өзінің конкурстық өтінімінде көрсеткен бағаларға сәйкес келуі тиіс.
      18. Екі тарап та қол қойған жазбаша өзгерістерді қоспағанда,
Шарттың құжаттарына (сызбалар, жобалар немесе техникалық
ерекшеліктер, түсіру, орау әдісі, жеткізу орны немесе өнім беруші
ұсынатын қызметтер және т.б.) ешқандай ауытқуларға немесе оларды
өзгертуге жол берілмейді.
      19. Егер кез келген өзгеріс Шарт бойынша Өнім берушінің қызмет
көрсетуі үшін қажетті құнын немесе мерзімін азайтуға әкеп соқтыратын
болса, онда Шарттың бағасы тиісінше түзетіледі, ал Шартқа тиісті
өзгерістер енгізіледі.
      Осы баптың шеңберінде түзету жүргізуге Өнім берушінің барлық
сұрау салулары Тапсырыс берушіден өзгерістер туралы өкімді Өнім
беруші алған күннен бастап 30 (отыз) күн ішінде берілуі тиіс.
      20. Өнім беруші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша
келісімінсіз осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін не толығымен, не
ішінара ешкімге бермеуі тиіс.
      21. Егер бұл конкурстық өтінімнің құжаттарында айтылған болса,
Өнім беруші Тапсырыс берушіге осы Шарт шеңберінде жасалған барлық
қосалқы мердігерлік шарттардың көшірмелерін беруі тиіс.
      Қосалқы мердігерлердің болуы Өнім берушіні Шарт бойынша
материалдық немесе басқа да жауапкершіліктен босатпайды.
      22. Қызметтерді көрсетуді Өнім беруші кестеге сәйкес жүзеге
асыруы тиіс.
      Бұл ретте, мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қызмет
көрсетудің ең аз мерзімі күнтізбелік он бес күннен кем болмауы тиіс.
      23. Өнім беруші тарапынан қызмет көрсетуді орындаудың
кешіктірілуі оған жүктелетін мынадай санкцияларға:
      Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді ұстап қала отырып, Тапсырыс
берушінің Шартты бұзуына не уақтылы жеткізілмегені үшін тұрақсыздық
айыбын төлеуге әкеп соқтыруы мүмкін.
      24. Форс-мажорлық жағдайларды қоспағанда, Өнім берушінің
тарапынан Шарт бойынша қызметтерді көрсету бойынша міндеттемелерді
орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, Тапсырыс беруші
өзінің басқа құқықтарына залал келтірмей Шарттың шеңберінде мерзімі
кешіктірілген әр күн үшін өнім беруші міндеттемені орындамаған
жағдайда шарттың сомасынан 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын
(айыппұл, өсімақы) өндіреді немесе мерзімі кешіктірілген әр күн үшін
тиісінше орындалмаған міндеттеменің сомасына 0,1 % мөлшерінде
тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) өндіріп алады.
      25. Шарт талаптарын бұзғаны үшін қандай да бір санкцияларға
зиян келтірместен, Тапсырыс беруші Өнім берушіге міндеттемелерін
орындамағаны туралы жазбаша хабарлама жібере отырып:
      а) егер Өнім беруші көрсетілетін қызметтерді Шартта көзделген
мерзімде немесе Тапсырыс беруші берген Шарттың ұзартылған кезеңі
ішінде көрсете алмаса;
      б) егер Өнім беруші Шарт бойынша өзінің қандай да бір басқа
міндеттемелерін орындай алмаса осы Шартты бұза алады.
      26. Егер Шартты орындау бойынша кідіріс форс-мажорлық
мән-жайлардың салдары болса, Өнім беруші Шарттың орындалуын өз
қамтамасыз етуінен айырылмайды және тұрақсыздық айыбын төлеу үшін
немесе Шарттың талаптарын орындамау себебінен оны бұзу үшін жауапты
болмайды.
      27. Осы Шарттың мақсаттары үшін «форс-мажор» Өнім берушінің
тарапынан бақылауға бағынбайтын, Өнім берушінің қателігіне немесе
ұқыпсыздығына байланысты емес және тосын сипатқа ие оқиғаны
білдіреді.
      Мұндай оқиғалар мыналарды қамтуы мүмкін, бірақ соғыс
іс-қимылдары, табиғи немесе дүлей апат, індет, тауарларды жеткізуге
қойылатын карантин мен эмбарго сияқты іс-қимылдармен шектелмейді.
      28. Форс-мажорлық мән-жайлар туындаған кезде кезінде Өнім
беруші мұндай жағдайлар мен олардың себептері туралы Тапсырыс
берушіге дереу жазбаша хабарлама жіберуі тиіс.
      Егер Тапсырыс берушіден өзге жазбаша нұсқаулықтар келіп
түспесе, Өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттемелерін қаншалықты
орынды болса мүмкіндігінше орындауды жалғастырады және Шартты
орындаудың форс-мажорлық мән-жайларға байланысты емес, баламалы
әдістерін іздейді.
      29. Егер Өнім беруші банкрот немесе төлеуге қабілетсіз болған
жағдайда, Тапсырыс беруші кез келген уақытта Өнім берушіге тиісті
жазбаша хабарлама жібере отырып, біржақты тәртіппен Шартты бұза
алады.
      Бұл жағдайда бұзу дереу жүзеге асырылады және Шарттың бұзылуы
залал келтірмесе немесе іс-қимылдары жасауға немесе Тапсырыс берушіге
қойылған немесе кейіннен қойылатын санкцияларды қолдануға қандай да
бір құқықтарды қозғамаса, Тапсырыс берушінің Өнім берушіге қатысты
ешқандай қаржылық жауапкершілігі болмайды.
      30. Тапсырыс берушi Өнім берушіге тиiстi жазбаша хабарлама
жiбере отырып, Заңның 5-бабының 10-тармағына сәйкес Шартты одан әрi
орындаудың орынсыздығына байланысты оны кез келген уақытта бұза
алады.
      Хабарламада Шартты бұзудың себебi көрсетiлуі, жойылған шарттық
міндеттемелердің көлемi, сондай-ақ Шартты бұзудың күшiне енетiн күнi
жазылуы тиіс.
      31. Шарт жоғарыда көрсетілген мән-жайлар негiзiнде жойылған
кезде, Өнім беруші Шарттың бұзылуына байланысты, бұзылған күндегі iс
жүзiндегi шығындары үшiн ғана төлемақыны талап етуге құқылы.
      32. Заңның 6-бабында көзделген шектеулердің бұзылуы, сондай-ақ
мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Өнім берушіге Заңда көзделмеген
жәрдемді көрсеткені анықталған жағдайда, Мемлекеттік сатып алу туралы
шарт кез келген кезеңде бұзылуы мүмкін.
      Өнім берушінің осы негіздер бойынша Шарттың бұзылуына
байланысты шығындары үшiн ғана төлемақы талап етуге құқығы жоқ.
      33. Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша немесе оған
байланысты барлық даулар мен келіспеушіліктерді тікелей келіссөздер
жүргізу барысында шешу үшін барлық күштерін салуға тиіс.
      34. Егер осындай келіссөздер басталғаннан кейін 21 (жиырма бір)
күн ішінде Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша дауды шеше
алмаса, тараптардың кез келгені осы мәселенің Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес шешілуін талап ете алады.
      35. Мемлекеттік сатып алу туралы шартта Қазақстан Республикасы
салық заңнамасының, Кеден одағының кедендік заңнамасының және
(немесе) Қазақстан Республикасы кедендік заңнамасының талаптарына
сәйкес қосылған құнға салынатын салықтар мен акциздердің төленуі
туралы талаптар қамтылуы тиіс.
      36. Мемлекеттiк сатып алу туралы шартты Қазақстан
Республикасының резидентi емеспен жасасқан жағдайда, мемлекеттiк
сатып алу туралы шартты Қазақстан Республикасы заңнамасының
талаптарын ескере отырып, ол ұсынған нысанда ресiмдеуге жол берiледi.
      37. Шарт қазақ және/немесе орыс тiлдерiнде жасалады. Шартты
төрелiкте қарау қажет болған жағдайда, Шарттың қазақ және/немесе орыс
тiлдерiндегi данасы қаралады. Шартқа қатысты барлық хат алмасу немесе
тараптар алмасатын басқа құжаттама осы талаптарға сәйкес болуы тиiс.
      38. Шарт Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалуы
тиiс.
      39. Шартқа сәйкес тараптардың бiрi екiншi тарапқа жiберетiн кез
келген хабарлама кейiннен түпнұсқасын бере отырып, хат, жеделхат,
телекс немесе факс түрiнде жiберiледi.
      40. Хабарлама жеткiзiлгеннен кейiн немесе күшiне ену
көрсетiлген күнi (егер хабарламада көрсетiлсе) күшiне енедi, ол бұл
күндердiң қайсысы кеш болатынына байланысты болады.
      41. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес төленуге тиiс.
      42. Өнiм берушi Шарттың орындалуын қамтамасыз етудi конкурстық
құжаттамада көзделген нысанда, көлемде және шарттарда енгiзуге
мiндеттi.
      43. Осы Шартта Тапсырыс берушi мен Өнiм берушi белгiленген
тәртiппен келiсiлген өзге де айыппұл санкциялары не Қазақстан
Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де талаптар көзделуi
мүмкiн.
      44. Осы Шарт Тапсырыс берушi оны Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлiгiнiң аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде (мемлекеттiк
органдар мен мемлекеттiк мекемелер үшiн) тiркеуден өткiзгеннен кейiн
және Өнiм берушi осы Ереженiң 156-тармағында көрсетiлген жағдайларда
Шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзгеннен кейiн күшiне енедi.
      45. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелерi:

Тараптардың деректемелері

Тапсырыс беруші:                     Өнім беруші:
<Тапсырыс берушінің толық атауы>     <Өнім берушінің толық атауы>
<Тапсырыс берушінің толық заңды      <Өнім берушінің толық заңды
мекенжайы>                           мекенжайы>
Тапсырыс берушінің БСН <БСН>         Өнім берушінің «БСН/ЖСН/ТЕН»
Тапсырыс берушінің БСН <БСН>         Өнім берушінің БСН>БСН
Тапсырыс берушінің ЖСК <ЖСК>         Өнім берушінің ЖСК> ЖСК
<Банктің атауы>                      <Банктің атауы>
Тел.: <Тапсырыс берушінің телефоны>  Тел.: <Өнім берушінің телефоны>
<Тапсырыс берушінің лауазымы>        <Өнім берушінің лауазымы>
<Тапсырыс берушінің Т.А.Ә.>          <Өнім берушінің Т.А.Ә.>

      Аумақтық қазынашылық органында тіркелген күні (мемлекеттік
органдар мен мемлекеттік мекемелер үшін):_____________________
      Осы Мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарт Тапсырыс берушінің
тауарларды/көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге
асыру процесінде Тапсырыс беруші мен Өнім беруші арасында туындайтын
құқықтық қатынастарды реттейді.
      Осы Шартты пайдалана отырып, Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып
алу қорытындылары негізінде тауарларды/көрсетілетін қызметтерді
мемлекеттік сатып алу туралы шарттың түпкілікті жобасын әзірлеуі
тиіс.
      Бұл ретте, осы Шартқа енгізілетін кез келген өзгерістер мен
толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына, соның ішінде
мемлекеттік сатып алу жөніндегі заңнамасына, тапсырыс берушінің
конкурстық құжаттамасына, Өнім берушінің конкурстық өтініміне және
Конкурс қорытындылары туралы хаттамаға сәйкес болуы тиіс. Осы Шартта
курсивпен бөліп көрсетілген түсіндірулерді Тапсырыс беруші толтыруы
тиіс.