Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердi ажырату және бюджетаралық қатынастарды жетiлдiру тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 147 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 7, 74-құжат);
2) «Нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу жөніндегі тұжырымдама туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 1297 қаулысы.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов