"Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 мамырдағы № 458 қаулысы

      1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабының 2-тармағына және 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жаңа бастамалар бойынша, оның ішінде бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 34 (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылғы 27 ақпанда № 7441 тіркелді) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Бюджет саясаты департаменті (В.Р. Хисматулин) осы бұйрықтың көшірмесін бір апталық мерзімде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр                                     Е. Досаев