Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.09.2014 № 1011 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1538 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 79, 1049-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі туралы ережеде:
16-тармақ мынадай мазмұндағы 71), 72), 73), 74) тармақшалармен толықтырылсын:
«71) реттелетін саладағы мәселелер бойынша халық арасында түсіндіру жұмысын ұйымдастыру;
72) реттелетін салада мемлекеттік жоспарлау жүйесін әзірлеу;
73) мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бөлімшелердің мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі органдармен өзара байланыста жұмыс істеуін ұйымдастыру;
74) мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі органдармен өзара байланыста мемлекеттік құпияларды қорғау жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу.»;
21-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметіне басшылықты жүзеге асыру, оның ішінде басшыларды және олардың орынбасарларын тағайындау және босату;».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов