"Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк құрылыс инспекторларын аттестаттау қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 22 мамырдағы № 437 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 411 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 542 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.04.2015 № 180 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға алимент ұсталатын жалақының және (немесе) өзге де кіріс түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 622 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 50, 667-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға алимент ұсталатын жалақы және (немесе) өзге де кіріс түрлерінің тізбесінде:
      1-тармақтың 14) тармақшасындағы «қосымшаақыдан жүргізіледі.» деген сөздер «қосымшаақыдан;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
      «15) жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы берілген кезде қызметкерлерге төленетін сауықтыруға арналған жәрдемақыдан жүргізіледі.»;
      2-тармақта:
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) мертіккен жағдайда төленетiн бiр жолғы өтемақыны, зиянды немесе қысылтаяң жағдайлардағы жұмыс үшiн өтемақы төлемдерiн, сондай-ақ табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар салдарын жою кезiнде экологиялық әсерден зардап шеккендерге төленетін ақшалай соманы қоспағанда, ақшалай өтемақылардың барлық түрінен;»;
      6) тармақшадағы «(стипендиясынан) жүргізіледі.» деген сөздер «(стипендиясынан);» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      «7) жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы берілген кездегі сауықтыруға арналған жәрдемақыдан жүргізіледі.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов