Салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 409 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 542 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 16.07.2015 № 542 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабының 20) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2014 жылғы 28 сәуірдегі
№ 409 қаулысымен   
бекітілген       

Салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің
мониторингін жүргізу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылыс және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 19-бабының 20) тармақшасына сәйкес әзірленді және салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу тәртібін айқындайды.
      2. Салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін:
      1) облыстың ведомстволық бағынысты аумағында жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында облыстардың әкімдіктері;
      2) ведомстволық бағынысты аумақта белгіленген шекара шегінде жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылыс және құрылыс қызметі саласында республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдіктері;
      3) ведомстволық бағынысты аумақта белгіленген шекара шегінде жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында халқының саны жүз мыңнан асатын облыстық маңызы бар қалалардың әкімдіктері;
      4) ведомстволық бағынысты аумақта белгіленген шекара шегінде жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында халқының саны жүз мыңға дейінгі облыстық маңызы бар қалалардың әкімдіктері;
      5) ведомстволық бағынысты аумағында жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында аудандардың әкімдіктері;
      6) мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы жүргізеді.

2. Салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен
кешендердің мониторингін жүргізу тәртібі

      3. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың) әкімдіктері сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында:
      1) жерге тиісті құқық беру туралы берілген шешімдер негізінде салынуы белгіленген объектілер мен кешендер туралы;
      2) бюджет қаражаты есебінен салынып жатқан объектінің тапсырыс берушісі ұсынған деректер негізінде салынып жатқан объектілер мен кешендердің мониторингін жүзеге асырады.
      4. Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы:
      1) құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізе бастағаны туралы қабылданған хабарламалар негізінде салынуы белгіленген объектілер мен кешендер туралы;
      2) бақылау және қадағалау жүргізу қорытындылары бойынша алынған деректер негізінде салынып жатқан объектілер мен кешендер мониторингін жүзеге асырады.
      5. Салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингі тұрақты негізде жүргізіледі.
      6. Салынуы белгіленген объектілер мен кешендер туралы мониторинг мынадай деректер негізінде қалыптастырылады (жүргізіледі):
      1) объектінің және кешеннің атауы мен мекенжайы;
      2) объекті мен кешенің тапсырыс берушісінің (меншік иесінің) толық атауы (заңды тұлға үшін) немесе тегі, аты, әкесінің аты (жеке тұлға үшін);
      3) объекті мен кешен құрылысына арналған жер учаскесіне тиісті құқық беру туралы жергілікті атқарушы органның шешімі;
      4) объекті мен кешен құрылысына арналған жер учаскесінің нысаналы мақсаты.
      7. Салынып жатқан объектілер мен кешендер туралы мониторинг мынадай деректер негізінде қалыптастырылады (жүргізіледі):
      1) объектінің және кешеннің атауы мен мекенжайы;
      2) объекті мен кешеннің тапсырыс берушісінің (меншік иесінің) толық атауы (заңды тұлға үшін) немесе тегі, аты, әкесінің аты (жеке тұлға үшін);
      3) бас мердігердің (мердігердің) толық атауы;
      4) техникалық қадағалауды жүзеге асыратын адамның тегі, аты, әкесінің аты;
      5) объекті мен кешен құрылысының басталуы;
      6) объекті мен кешен құрылысының нормативтік мерзімі;
      7) объекті мен кешеннің жай-күйі туралы ақпарат, ол орындалатын құрылыс жұмыстарының түрлерін қамтиды.

3. Салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен
кешендердің мониторингі бойынша ақпарат беру тәртібі

      8. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың) әкімдіктері сәулет, қала құрылыс және құрылыс қызметі саласында сәулет, қала құрылыс және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне:
      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес әр айдың 5-күніне салынуы белгіленген объектілер мен кешендер туралы ақпаратты;
      2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тоқсан сайын 5-күніне салынып жатқан объектілер мен кешендер туралы ақпаратты жібереді.
      Егер келешекте объектілер мен кешендер құрылыс жоспарлауда болмаған жағдайда, салынуы белгіленген объектілер мен кешендер туралы ақпарат осы тармақта көрсетілген мерзімде берілмейді.
      9. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері айдың 10-күніне қарай сәулет, қала құрылыс және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға мониторинг бойынша жиынтық ақпарат береді.
      8. Сәулет, қала құрылыс және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингінің www.minregion.gov.kz ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етеді.

Салынып жатқан (салынуы белгіленген)
объектілер мен кешендердің мониторингін
жүргізу қағидаларына      
1-қосымша           

_______________ облысы бойынша
салынуы белгіленген объектілер мен кешендер туралы
20__ жылғы _____ арналған мониторингі

№ р/с

Объект (атауы мен мекенжайы)

Тапсырыс беруші

Жергілікті атқарушы органның жер учаскесіне тиісті құқық беру туралы шешімі

Жер учаскесінің нысаналы мақсаты

Ескертпе

1

2

3

4

5

6













Салынып жатқан (салынуы белгіленген)
объектілер мен кешендердің мониторингін
жүргізу қағидаларына      
2-қосымша           

_____________ облысы бойынша
салынып жатқан объектілер мен кешендердің
20___ жылғы _______ арналған мониторингі

№ р/ с

Объекті (атауы мен мекенжайы)

Тапсырыс беруші

Бас мердігер (мердігер)

Техникалық қадағалау

Құрылыстың басталуы

Құрылыстың нормативтік мерзімі

Объектінің және кешеннің жай-күйі туралы ақпарат

1

2

3

4

5

6

7

8