Теміржол көлігінің жүктерді тасымалдау жөнінде көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифтердің деңгейін өзгерту бойынша теміржол көлігі ұйымдарының әрекеті арқылы өздерінің бұзылған құқықтары мен мүдделерін қорғау туралы тұтынушылардың арыздарын Еуразиялық

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 22 сәуірдегі № 387 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Теміржол көлігінің жүктерді тасымалдау жөнінде көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифтердің деңгейін өзгерту бойынша теміржол көлігі ұйымдарының әрекеті арқылы өздерінің бұзылған құқықтары мен мүдделерін қорғау туралы тұтынушылардың арыздарын Еуразиялық экономикалық комиссияның қарау қағидалары туралы келісім жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаевқа Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Теміржол көлігінің жүктерді тасымалдау жөнінде көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифтердің деңгейін өзгерту бойынша теміржол көлігі ұйымдарының әрекеті арқылы өздерінің бұзылған құқықтары мен мүдделерін қорғау туралы тұтынушылардың арыздарын Еуразиялық экономикалық комиссияның қарау қағидалары туралы келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Теміржол көлігінің жүктерді тасымалдау жөнінде көрсетілетін
қызметтеріне арналған тарифтердің деңгейін өзгерту бойынша
теміржол көлігі ұйымдарының әрекеті арқылы өздерінің бұзылған
құқықтары мен мүдделерін қорғау туралы тұтынушылардың арыздарын
Еуразиялық экономикалық комиссияның қарау қағидалары туралы
КЕЛІСІМ

      Бұдан әрі Тараптар аталатын Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ресей Федерациясының Үкіметі
      1995 жылғы 20 қаңтардағы Кеден одағы туралы келісімді, 1999 жылғы 26 ақпандағы Кеден одағы және Бірыңғай экономикалық кеңістік туралы шартты, 2011 жылғы 18 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссия туралы шартты және 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, теміржол көлігі көрсететін қызметтерге қолжетімділікті реттеу туралы келісімді негізге ала отырып, өзара тиімді экономикалық қатынастарды одан әрі дамытуға жәрдемдесе отырып,
      Тараптар мемлекеттерінің нақты тауар өндірушілері үшін артықшылық жасауға жол берілмейтінін және жүктерді тасымалдауға тарифтер деңгейін өзгерту жөніндегі теміржол көлігі ұйымдарының іс-әрекетімен бұзылған тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау қажеттігін мойындай отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде теміржол көлігі ұйымдары, тұтынушылар, атқарушы билік органдары (мемлекеттік басқару органдары) Тараптар мемлекеттерінің мемлекеттік басқару органдары арасындағы қатынасқа теміржол көлігі ұйымдарының Тараптар мемлекеттерінің уәкілетті органдары белгілеген және/немесе өз мемлекетінің заңнамасына сәйкес келіскен баға шектері шеңберінде жүктерді тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерге тарифтер деңгейін өзгерту бөлігінде осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын Еуразиялық экономикалық комиссияның теміржол көлігі ұйымдарының жүктерді тасымалдау бойынша тарифтердің деңгейін өзгерту жөніндегі іс-әрекетімен тұтынушылар құқықтары мен мүдделерінің бұзылуы туралы олардың арыздарын қарау қағидалары қолданылады.

2-бап

      Осы Келісімге Тараптар өзгерістер мен толықтырулар енгізуі мүмкін, олар жеке хаттамалармен ресімделеді.

3-бап

      Тараптар арасындағы осы Келісімді түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты даулар мүдделі Тараптардың консультациялары мен келіссөздері арқылы шешіледі. Консультациялар мен келіссөздер жүргізу туралы даудың бір тарапынан даудың екінші тарапына жіберілген ресми жазбаша өтініші келіп түскен күнінен бастап 2 айдың ішінде келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, даудың кез келген тарапы дауды Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Сотының қарауына беруге құқылы.
      Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Сотына жүгінген Тарап өтініш түскен күннен бастап 30 күннен кешіктірілмейтін мерзімде бұл туралы басқа да мүдделі Тараптарға хабарлауға тиіс.

4-бап

      Осы Келісім Тараптар мемлекеттерінің осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы депозитарий алған күннен бастап күшіне енеді.
      ___________ жылы Мәскеу қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды.
      Осы Келісімнің төлнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады, ол оның депозитарийі бола отырып, әрбір Тарапқа оның куәландырылған көшірмесін жібереді.

      Беларусь Республикасының
         Үкіметі үшін

      Қазақстан Республикасының
          Үкіметі үшін

      Ресей Федерациясының
        Үкіметі үшін

Теміржол көлігінің жүктерді тасымалдау  
жөнінде көрсетілетін қызметтеріне арналған
тарифтердің деңгейін өзгерту бойынша теміржол
көлігі ұйымдарының әрекеті арқылы өздерінің
бұзылған құқықтары мен мүдделерін қорғау туралы
тұтынушылардың арыздарын Еуразиялық экономикалық
комиссияның қарау қағидалары туралы   
келісімге қосымша            

Теміржол көлігінің жүктерді тасымалдау жөнінде көрсетілетін
қызметтеріне арналған тарифтердің деңгейін өзгерту бойынша
теміржол көлігі ұйымдарының әрекеті арқылы өздерінің бұзылған
құқықтары мен мүдделерін қорғау туралы тұтынушылардың арыздарын
Еуразиялық экономикалық комиссияның қарау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Теміржол көлігінің жүктерді тасымалдау жөнінде көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифтердің деңгейін өзгерту бойынша теміржол көлігі ұйымдарының әрекеті арқылы өздерінің бұзылған құқықтары мен мүдделерін қорғау туралы тұтынушылардың арыздарын Еуразиялық экономикалық комиссияның қарау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, теміржол көлігі көрсететін қызметтерге қолжетімділікті реттеу туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 6-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленді.
      2. Осы Қағидалар Бірыңғай экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттердің аумағында қолданылады және тұтынушылар, теміржол көлігі ұйымдары және Тараптар мемлекеттерінің атқарушы билік органдары (мемлекеттік басқару органдары) арасында олардың әрқайсысының уәкілетті органдары өз мемлекетінің заңнамасына сәйкес белгілеген және/немесе келіскен баға шектері шеңберінде жүктерді тасымалдау бойынша теміржол көлігі көрсететін қызметтерге теміржол көлігі ұйымдарының тарифтердің деңгейін өзгерту жөніндегі іс-әрекетімен тұтынушылардың өздерінің бұзылған құқықтары мен мүдделерін қорғау туралы арыздарын беру және олардың қаралу процесіндегі қатынасқа қолданылады.
      3. Осы Қағидалар Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының (бұдан әрі – ЕЭК алқасы) әрқайсысы уәкілетті органдардың өз мемлекетінің заңнамасына сәйкес олардың белгілеген және/немесе келіскен баға шектері шеңберінде жүктерді тасымалдау бойынша теміржол көлігі ұйымдарының теміржол көлігі көрсететін қызметтерге тарифтер деңгейін өзгерту жөніндегі іс-әрекетімен тұтынушылардың өздерінің бұзылған құқықтары мен мүдделерін қорғау туралы арыздарын қарау тәртібі мен мерзімдерін регламенттейді.

2. Терминдер мен ұғымдар

      4. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін терминдер мен ұғымдар мынадай мағыналарда пайдаланылады:
      1) мемлекеттік органдар – құзыретіне теміржол көлігін дамыту, экономикалық даму мәселелері кіретін, Тарап мемлекеттерінің атқарушы билік органдары (мемлекеттік басқару органдары);
      2)  арыз – тұтынушының өзінің бұзылған құқықтары мен мүдделерін қорғау туралы ұлттық монополияға қарсы органның атына тұтынушының орналасқан (тұратын) жері бойынша жіберген ресми жазбаша өтініші;
      3) ұлттық монополияға қарсы орган – құзыретіне монополияға қарсы (бәсекелес) саясатты іске асыру кіретін, бәсекеге қарсы іс-әрекеттерге тыйым салудың және жосықсыз бәсекеге тыйым салудың сақталуына, экономикалық шоғырландыруға бақылау жасау жөніндегі өкілеттіктер, сондай-ақ бәсекелестік (монополияға қарсы) заңнаманы бұзушылықтың алдын алу, анықтау, көрсетілген бұзушылықтарды тоқтату және мұндай бұзушылықтар үшін жауапқа тарту жөніндегі өкілеттіктер берілген Тарап мемлекеттерінің атқарушы билік органы (мемлекеттік басқару органы);
      4) уәкілетті органдар – құзыретіне бағаны (тарифтік) реттеу және/немесе баға шектерін белгілеу (келісу) мәселелері кіретін Тараптар мемлекеттерінің атқарушы билік органдары (мемлекеттік басқару органдары).
      5. Осы Қағидаларда пайдаланылатын терминдер мен ұғымдар Келісімде, сондай-ақ 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiн реттеудiң бiрыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келiсiмде және 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Бәсекелестіктің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімде айқындалған мағыналарда түсініледі.

3. Арыздарды қарау туралы өтініштерді жіберу тәртібі

      6. Тұтынушы аумағында өзі орналасқан (тұратын) Тарап мемлекетінің заңнамасында белгіленген тәртіппен өзінің бұзылған құқықтары мен мүдделерін қорғау туралы ұлттық монополияға қарсы органның атына орналасқан (тұратын) жері бойынша өтінішпен жүгінеді.
      Егер тұтынушы іс-әрекетіне шағымданған теміржол көлігі ұйымы тұтынушы орналасқан (тұратын) жерде орналасқан жағдайда, тұтынушының арызын ұлттық монополияға қарсы орган өз мемлекетінің заңнамасына сәйкес қарайды.
      Тұтынушының арызында көрсетілген талаптардың негізділігі расталған жағдайда, тұтынушының құқықтары мен мүдделерін бұзуға жол берген теміржол көлігі ұйымына қатысты шаралар аумағында тұтынушы орналасқан (тұратын) Тарап мемлекетінің заңнамасына сәйкес қолданылады.
      7. Егер тұтынушы өзі орналасқан (тұратын) жерден басқа жерде орналасқан теміржол көлігі ұйымының іс-әрекетіне арыз берген жағдайда, ұлттық монополияға қарсы орган арызда көрсетілген талаптардың негізділігін айқындағаннан және мойындағаннан кейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей ЕЭК алқасына тексеру жүргізу туралы өтініш жібереді, бұл туралы ЕЭК алқасына өтініш жіберген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде тұтынушыға және аумағында бұзушылыққа жол берген теміржол көлігі ұйымы орналасқан Тарап мемлекетінің ұлттық монополияға қарсы органына хабарлайды.
      Ұлттық монополияға қарсы орган жіберген өтінішке арызды жан-жақты қарау үшін қажетті материалдар топтамасы (бұдан әрі – материалдар) қоса беріледі, ол:
      1) тұтынушының өтінішін;
      2) ұлттық монополияға қарсы органның тұтынушы талаптарының негізділігін мойындау туралы қорытындысын;
      3) қаралатын мәселе бойынша тергеу барысы баяндалған қорытындыға түсіндірме жазбаны;
      4) теміржол көлігі ұйымының өзінің құқықтары мен мүдделерін бұзғанын растайтын, тұтынушы табыс еткен материалдарды;
      5) тұтынушының құқықтары мен мүдделерінің бұзылуына жүргізілген тексеру материалдарының (дәлелдемелерінің) көшірмелерін;
      6) Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде қолданыста болатын, қаралатын мәселе бойынша шешімдердің (құжаттардың) тізбесін;
      7) ұлттық монополияға қарсы органның пікірі бойынша тұтынушының арызын жан-жақты қарау үшін қажетті өзге де материалдарды қамтиды.
      8. Осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген материалдар ЕЭК алқасына орыс тілінде табыс етіледі. Өзге тілде жасалып, материалдарға қоса берілетін құжаттар белгіленген тәртіппен расталған, орыс тіліне аударылған мәтінімен қоса берілуге тиіс.
      9. Материалдар түпнұсқа данада немесе тиісінше расталған оның көшірмелері беріледі.
      Құжат көшірмесінің түпнұсқаға сәйкестігін растаған кезде «ДҰРЫС» деген растайтын жазу, көшірмені растаған адам лауазымының атауы, расталған күні, расталған парақтар саны, жеке қолтаңбасы, қолтаңба шифрының анықталымы (аты-жөні, тегі) жазылады.
      Материалдар ішіне салынғандардың тізімдемесі жасалып, почта жөнелтілімімен немесе қолма-қол жіберіледі.
      Материалдарды алған кезде ЕЭК алқасы 5 (бес) жұмыс күні ішінде оның жинақтылығын және осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес ресімделуін тексереді.
      Осы Қағидалардың 7-тармағының 1) – 5) тармақшаларында көзделген ұсынылған материалдардың толық еместігі немесе салыным тізімдемесіне сәйкес келмеуі анықталған жағдайда, ЕЭК алқасы қайтару себебін көрсете отырып, материалдарды ұлттық монополияға қарсы органға қайтарады.
      Ұлттық монополияға қарсы орган қайтарылған материалдарды алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде анықталған ескертулерді жоюға және ЕЭК алқасына қарауға материалдарды қайта жіберуге міндетті.

4. Арыздарды қарау және олар бойынша шешім қабылдау тәртібі

      10. Ұлттық монополияға қарсы орган өтінішінің негізінде ЕЭК алқасының тұтынушының арызын қарау мерзімі ЕЭК алқасының ұлттық монополияға қарсы органнан материалдарды алған күнінен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күннен аспайтын мерзімді құрайды.
      Қажет болған жағдайда, материалдарды толық және жан-жақты зерттеу үшін Тараптар мемлекеттерінің мамандарын тарта отырып, жұмыс кеңестері өткізілуі мүмкін. Мұндай жағдайда ЕЭК алқасының арызды қарау мерзімі күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге ұзартылады. Бұл ретте ЕЭК алқасының арызды қарауының жалпы мерзімі ұлттық монополияға қарсы органнан материалдарды алған күннен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспауға тиіс.
      ЕЭК алқасы ұлттық монополияға қарсы органға, уәкілетті органдарға, мемлекеттік органдарға, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерінің шаруашылық жүргізуші субъектілеріне тергеу жүргізу үшін қажетті ақпаратты беру туралы сұрау салуды жіберуге құқылы. Қажет болған жағдайда, ЕЭК алқасы Тараптар мемлекеттері атқарушы билігінің өзге органдарына сұрау салуға құқылы. ЕЭК алқасы сұратқан ақпарат сұрау салу алынған кезден бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жіберілуге тиіс.
      11. ЕЭК алқасы ұлттық монополияға қарсы органның өтініші негізінде тұтынушының арызын қарау барысында ЕЭК алқасы бекітетін тексеру жүргізу тәртібіне сәйкес тергеу жүргізеді.
      12. Ұлттық монополияға қарсы органның өтініші негізінде тұтынушының арызын қарау қорытындылары бойынша ЕЭК шешімін Алқа 2011 жылғы 18 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссия туралы шартта (бұдан әрі – ЕЭК туралы шарт) және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2011 жылғы 18 қарашадағы № 1 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның жұмыс регламентінде (бұдан әрі – ЕЭК-тің жұмыс регламенті) белгіленген тәртіппен қабылдайды.
      13. Ұлттық монополияға қарсы органның өтініші негізінде тұтынушының арызын қарау қорытындылары бойынша ЕЭК алқасы мына шешімдердің бірін қабылдайды:
      теміржол көлігі ұйымының уәкілетті органдар бекіткен әдіснамаға сәйкес белгіленген баға шектері шеңберінде теміржол көлігінің жүктерді тасымалдау бойынша көрсететін қызметтеріне тарифтер деңгейін өзгерту жөніндегі шешімін тоқтата тұру;
      теміржол көлігі ұйымының уәкілетті органдар бекіткен әдіснамаға сәйкес белгіленген баға шектері шеңберінде теміржол көлігінің жүктерді тасымалдау бойынша көрсететін қызметтеріне тарифтер деңгейін өзгерту жөніндегі шешімінің күшін жою;
      уәкілетті органдар бекіткен әдіснаманың анықталған, Келісімдер ережелеріне сәйкессіздігін жою;
      теміржол көлігі ұйымының шешімін өзгеріссіз қалдыру.

5. ЕЭК алқасының шешімін орындау

      14. Арызды (ұсынысты) қарау қорытындылары бойынша қабылданған ЕЭК алқасының шешімі теміржол көлігі ұйымдарының, мемлекеттік және уәкілетті органдардың орындауы үшін міндетті болып табылады.
      15. ЕЭК алқасының шешімі міндетті түрде жариялануға жатады және ЕЭК туралы шартта және ЕЭК-тің жұмыс регламентінде белгіленген тәртіппен күшіне енеді.

6. ЕЭК алқасы қабылдаған шешімдерге шағымдану

      16. Тараптар ЕЭК туралы шартта белгіленген тәртіппен ұлттық монополияға қарсы органның өтініші негізінде тұтынушының арызын қарау қорытындылары бойынша қабылдаған ЕЭК алқасы шешімінің күшін жою немесе оны өзгерту туралы ұсыныстар енгізуге құқылы.