"Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 623 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 сәуірдегі № 353 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1086 қаулысымен

      "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне әртүрлi заңнамалық актiлердiң құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететiн нормаларды жою мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шiлдедегi Конституциялық Заңына сәйкес Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әкімдіктің 2011 жылғы 16 ақпандағы № 86 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-179 болып тіркелген, 2011 жылғы 17 ақпанда "Лисаковская новь" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулының мемлекеттік тілдегі қосымшасында:
      "селосы" деген сөз "ауылы" деген сөзбен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің орынбасары М.К. Жұрқабаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 М. Жүндібаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      Лисаков қалалық сайлау
      комиссиясының төрайымы
      ____________ Е. Бурдыка