РҚАО-ның ескертпесі!
Осы қаулы 2014 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.
«2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Зейнетақы төлемдерін алушыларға, оның ішінде әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берілген қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар адамдарға уәкілетті ұйымнан төленетін 2014 жылғы 1 сәуірге дейін тағайындалған зейнетақы төлемдерінің мөлшерін 2014 жылғы 1 сәуірден бастап алатын зейнетақы төлемдері мөлшерінің 4,59 пайызына арттыру жүргізілсін.
2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов